Аңсарым, аспаннан түс бері,
Мен жүрген шаһарға жақында.
..Қуаты басымдар күштеді,
Тағдырым алып жүр тақымға..
Сенделтіп.. сең соғып жүргенін,
Көкірек көзі бар көрмеді.
Сезімім сүйретіп сүлдерін,
Күндерім өте ме өлмелі?!
Көргеннің болар ма барі ұмыт,
..Мақұлық миықтан қарады..
Тірлікте тынысым тарылып,
Кеудемде күн сөніп барады.
Жалғанды барамын жақтырмай,
Әзірге серік қой жаныма ар.
Қабаған иттерге қаптырмай,
Кешікпей тезірек тауып ал..
Арысым – армансын ұғынғам,
Айналам көк мұздақ аппақ қар..
Мендегі жүрекке тығылған,
Кішкене жылуды сақтап қал.
Әдемі әлемді бар қылып,
Есердің есінде қалып кет.
Жанымды жанына жар қылып,
Ақ көйлек кигізіп алып кет
Мен сендікпін…
Өлеңді жазған: Салтанат Смағұлова
Сурет: www.diary.ru
Салтанат, өлеңің тамаша екен!
«Жанымды жанына жар кылып, Ак койлек кигізіп алып кет»… Қандай керемет!
«Ақ көйлек кигізіп алып кет»
Қандай тамаша? Не деген ой? жарайсың! себебі, өте әдемі өлеңің!!!
оте керемет
мен сендiкпiн… Оленiн оте асерлi, сезiмтал жазылган
Бiлдiрген пiкiрлерiнiзге коп рахмет!
тамаша..!!! Бірақ аспандағы жұлдызға қол соза бермей айналаңдағы, жердегі, қасыңдағы біздерге көз қырыңды салсаң қабаған иттердің арасында иесіне адал иттер де бар екенін көрер едің ғой….. түс аспаннан