Бұл тортты көпшілікке жасаған дұрыс. Себебі, торт көлемі үлкен болып шығады. Шамамен 20 адамға жетіп қалады.
Құрамы
Бисквит:
Жұмыртқа – 16 дана;
Қант – 4 стақан;
Какао – 1 стақан;
Ұн – 5 стақан;
Қамыр қопсытқыш – 4 дана;
Ванилин – 4 дана;
Сүт – 500 мл;
Кремі:
Сары май немесе кремге арналған крем-суфле маргарині – 800 гр;
Жұмыртқа – 8 дана;
Қант – 16 ас қасық;
Сүт – 16 ас қасық;
Ванилин;
Әсемдеу үшін 100 гр шоколад керек.
Алдымен ақ түсті бисквитті дайындап алуымыз қажет. Ол үшін 4 жұмыртқаның ақуызын миксермен араластырамыз (миксер таза, құрғақ болуы тиіс),
көпіртіп, қою кремге ұқсағанша араластыра береміз.
Жұмыртқаның сарысына қант қосып,
араластырамыз.
Төменде суреттегідей түсі ағарғанша араластырамыз.
Оны алдын ала араластырып алған жұмыртқаның ақуызына құямыз.
Ақырын ғана, баяу қимылмен астынан үстіне қарай араластырамыз.
Жақсылап араластырып болғаннан кейін
елеуіштен өткізген 1,5 стақан ұн, ванилин мен қамыр қопсытқышты салып,
ақырын, баяу қимылмен тағы да астынан үстіне қарай араластырамыз.
Қамырымызды табаға саламыз. Астына пергамент немесе фольга төсеу керек , олар болмаса, майлағанымыз жөн болады.
180 груадуста, беті қызарғанша пісіреміз.
Ақ түсті бисквитті дайындап алған соң қара түсті бисквитті дайындауға көшеміз. Ақ бисквиттегідей 4 ақуызды миксермен араластырамыз,
әппақ, қою крем секілді болғанша араластырамыз.
Ақуызынан бөлінген жұмыртқаның сарысына қант қосып,
араластырамыз.
Түсі ағарғаннан кейін алдын ала араластырып алған ақуызға құямыз.
Екеуін ақырындап араластырамыз.
Үстіне 1 стақан ұн,
0,5 стақан какоа саламыз да, араластырамыз.
Оны табаға салып, 180 градуста пісіреміз.
Бисквит 4 дана болады: 2 ақ, 2 қара.
Крем дайындауға көшейік.
Сүтке қант қосып, оны отқа қоямыз.
Басқа бір ыдысқа жұмыртқаларды жарып,
араластырып дайындап қоямыз.
Оттағы сүт пен қант қайнағанша араластырып тұрамыз.
Ол қайнағанна кейін жұмыртқаны аздап құйып тұрып, тез араластырамыз, әйтпесе, жұмыртқа пісіп қалады.
Үзбей араластыра беру керек.
Қоюланғанда отты өшіріп, салқындағанша күтеміз.
рахмет..адемы екен.,байкап коремын!
Жумысы коп екен
Молодец! Жасаган адамга. Нагыз енбек
Тортты бүгін ақ жасап көремін адемі екен
оте керемет торт екен!алайда мен туснбедим,фольгага болек болек кесип орналастырдынызба
осындай духовкада онай писиретин тагамдарды кобирек жассаныздар. кунделикти самса чебуреки творгпен фаршпен жасалатын тамактарды жарияласа екен
шетине шоколад жабыстамыз депти.ондай орнектелген шоколадты кайдан алган? Тусинбедим. Немесе калай жасаганын жазбай ма?…. Кызык
шоколадты ерітіп морозильникке салып коясыз деп анык жазылган гой, дурыстап окымайсыз ба. Тек жумысы коп уакытты алады
оте тамаша екен
маган унады
Ote keremet unadi enbekti aitsaiw rahmet tysinikti kilip jazipsiz
супе торт жумысы киын екен.
Мен тусынбедым сыздын бисквиттерыныз котерылып шыкканба
ote keremet jasalgan ademi eken mindetti turde jasaimin
Бул торт оте тамаша бiрак киын екен 2-3сагат кететiн шыгар.Бiрак мен таттi пiсiргендi унатамын.
Бисквитке 500мл.сут деп жазыпты оны бисквитке косадыма? Коспаларды араластырып болгансон косадыма?
Өте керемет 🤘