Құрсақтағы тәрбие

Баланы анасының құрсағында жатқанда-ақ тәрбиелеу керек деген қағида қазір кеңінен таралып кетті. Мұны біреулер құптаса, біреулер жоққа шығарады. Әлі дүниеге келмеген бөбекпен сөйлесуге, оны тәрбиелеуге бола ма, оны қалай дұрыс жасаған дұрыс, соған үңіліп көрейікші.

Егер құрсақтағы балаңыздың интеллектін, ақылын, дарынын туылмай жатып дамытам деп ойласаңыз, қателесесіз, ондай ойдың бәрін бастан шығарыңыз. Ол мүмкін емес. Сіз бұл мерзімде тек баланың эмоциялық сезімталдығын ғана арттыра аласыз. Яғни, сезім мүшелерін жаттықтырасыз.

Егер құрсақтағы бала оған айтқан сөздерді түсінеді десеңіз, оның мүмкіндіктерін асыра бағалап жібгеніңіз. Ол не айтып жатқаныңызды түсіну үшін алдымен сөз мағынасын біліп алу керек (өзіңізді аудармашысыз өзгетілді адамдардың арасында елестетіп көріңіз). Сондықтан іштегі балаңыз сіз оқып берген «Мақта қыз туралы ертегінің» сюжетін түсінеді деп ойламаңыз: ол мақтаның не екенін, қыздың кім екенін білмейді, түсінбейді.
Алайда, бала сіз ертегі оқып жатқандағы, сөйлегендегі дауыс ырғағын, құбылмалылығын, интонацияны сезінеді, діріл деңгейінде сезеді. Ол діріл жағымды болса, бала рахаттанады.

1455898_621753791219592_173997644_n

Егер құрсақтағы тәрбие «музыка тыңдау», «поэзия оқу», «қарынды сипау» сияқты істерден тұратын болса, бұл әрекетте де нәтиже мардымсыз болады. Анасының ішінде жатқан сәби бәрін эмоциямен қабылдайтынын айттық, сіз сезінбей, сылдыратып оқып берген өлең балаға еш әсер етпейді. Анасының көңіл-күйі жақсы ма — іштегі бала да көңілді. Анасы мұңайды ма — баласы да мұңаяды. Сондықтан әр әрекетіңізді «сәннен қалмау» үшін емес, «шын жүректен» атқарыңыз, нәтиже де керемет болады.
Тіпті, балаға арнайы ештеңе оқмай-ақ, айтпай-ақ, анасы үнемі керемет көңіл-күйде, мейірімділікте жүрсе, соның өзі балаға керемет әсер етеді.

Жоғарыда жазылғандарды оқып алып, аяғы ауыр аналарға өмірінен жағымсыз эмоцияларды толықтай алып тастауға да болмайды. Баланы стрестен мүлде аластатып тастамау керек.
Баланың алғашқы эмоциялық күйлері анасынан беріледі дедік, сондықтан ол көңіл-күйдің барлық тұстарын көру керек: жылауды да, ашулануды да, уайымды да, тек мөлшерімен. Туылғаннан кейін кездесетін стрестерге солай дайындау керек баланы.

Айнұр Әтенова
Шымкент қаласы, №5 бөбекжайының тәрбиешісі

Аязда көлігіңіз оталмай қалса…

Көлігіңізді арнайы тұраққа кіргізіп қоюды ұмытып кеттіңіз делік. Таңертең жұмысқа барарда машинаңыз оталмайды. Не істеу керек?

Айқаракөз ұсынатын бірнеше кеңесті орындап көріңіз, көмегі тиіп қалар.

Көлігіңіз оталмай қалса:
—  аккумуляторды қыздырып көріңіз: алыс жарықты қосып-өшіру, музыка тыңдау, яғни, аккумуляторға күш түсіру;
— көлікті тұтандыру кезінде бірнеше секунд күте тұрыңыз, бұл уақытта бензонасосқа бензин тартылады;
— ажырату педалін басыңыз;
— көлікті оталдырып көріңіз;
— стартерді, ең ұзақ дегенде, он секундқа қосыңыз. Әйтпесе, жанып кетуі мүмкін;
— егер көлік қозғалтқышы бәрібір іске қосылмаса, газ педалін басып, 1-4 пункттерді қайталап көріңіз.

kak-zavesti-mashinu-zimoy

Егер стартер айналмаса:
— басқа көліктен «тұтандырып» көріңіз;
— итеріп оталдыруға тырысыңыз;
— аккумуляторды зарядтаңыз немесе тіпті ауыстырыңыз.

zamok

Машинаның есігі аяздан ашылмай қалса:
әлсіздеу аязда алақаныңызды құлыпқа жақындатып, деміңізбен жылытыңыз;
— көлік кілтін оттыққа (зажигалка) қыздырып, құлыпқа салып, ақырындап айналдырыңыз;
орташа аязда үйге кіріңіз де, су қайнатып, құлыпқа қайнаған ыстық су шашыңыз;
өте күшті аязда еріткіш-брелок немесе арнайы аэрозоль қолданыңыз;
— шприц арқылы құлыпқа медициналық спирт құйыңыз.

Уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады! 🙂

Жігіттің үйленгенін қалай анықтауға болады?

Сымбатты жігітпен танысып, ол сізге ұнап қалды ма? Қолында неке жүзігі жоқ екен деп, оны бойдақтар қатарына қосуға асықпаңыз. Көп еркектер неке сақинасын таққанды ұнатпайды. Бірден үйленген-үйленбегенін сұрай кету де ыңғайсыз. Алданғыңыз келмейді. Сондықтан мына белгілерге назар аудара жүріңіз.

Жігіттің бойдақ екеніне күмән келтіріп жатсаңыз, оның қылықтарына, өзін ұстауына назар аударыңыз. Бет-әлпетінің, қолының қимылдары да өтірік айтып жатқанынан белгі беруі мүмкін.

Төмендегі белгілер жігіттің бойынан табылып жатса, үйленгенін сізден жасырып тұр:

Жасырын белгілер

Бір орында отыра алмай, үстінің шаңын қақыштап, беті мен шашын түрткілеп, қолындағысымен ойнап, қолын ысқылай беріп, ернін тістеп не қайта-қайта темекі шеге берсе, ішінде жасырғаны бар.

Телефонына келген қоңырауларға жауап бермей, ұялы телефонын сөндіріп тастап, сіздің сұрақтарыңызға жалтақтап жауап берсе, әйелі қоңырау шалып қалмасын деп сақтануда.

Егер ол абдыраған түрмен әр бес минут сайын «жұмыс бабымен» біреуге қоңырау шалу үшін не жауап беру үшін шығып кете берсе, әйеліне «есеп беру» үстінде.

Жан-жағындағы адамдарға қарағыштап не біреудің көзінше өзін сізден алшақтау ұстаса, таныстары көріп қалмасын дегені.

Үйленген, бірақ, неке сақинасын тақпайтын еркектер үнемі бейсаналы түрде оң қолын сол қолымен жасырып жүреді.

Үнемі демалыс күндері шаруасы көп болғандықтан тек жұмыс күндері ғана кездесетін болсаңыздар, аңқау болмаңыз, демалыста серіңіз отбасынан босай алмайды.

verigheta-mi-a-trebuit-mie

Айқын белгілер 

Мәдени-романтикалық бағдарламаны ұсынады: саябаққа, кафе-ресторан, кино сияқты ғашықтарға арналған орындарға шақырады. Өйткені, отбасында өзіне сондай жылы қатынас, сыпайылық, сезімталдық жетіспейді.

«Сен — өмір бойы мен іздеген әйелсің», «Сені тапқаным қандай бақыт!», «Біз бұрыннан таныс сияқтымыз» және т.с.с. тәтті сөздермен шын ықыласын білдірген болады, оған қоса, өзі сол сөзге сене бастайды.

Еркектер сезімнің сөзбен емес, көздің «сөзімен» — көзқарас, мимика, ыммен жеткенін жақсы көреді. Сондықтан, олар көзіңізге бар ықыласын сала қарайды. Жиі, ұзақ қарайды. Әсіресе, сізден біраз нәрсені жасыратын жігіттер сіздің көзіңізге көбірек «үңіледі». Сендіргісі келеді.

Екеуіңізге ортақ жоспар құрады, бірақ тым жақын күндерге ғана. Алайда, үнемі уәдесін қандай да бір себептерге байланысты орындай алмай қала береді. 

Қамқорлық танытып, үй шаруасына ебі бар екенін көрсетеді. Сізбен бірге тамақ әзірлеп, кір жаюға көмектеседі, ұзақ уақыт дүкен аралайды. Ол өзінің бар істі дұрыс атқаратынын өзіне дәлелдегісі келеді.

Үйінде әйелі «қолынан түк келмейтінін» айтып, миын ашытқан болса, сізді әр ісіне рахмет айтып, бетінен сүйетін мейірімді фея көреді.

21874_original

Суреттер интернеттен алынды.