Көзіңіз сарғайып бара ма?


Көзіңіз сарғайып бара ма?  
Адамның көзі – ішкі жан-дүниесінің айнасы. Күнделікті күйбең тіршіліктің көңіл-күйімізге әсерін көзден-ақ байқауға болады. Шаршау, зиянды әдеттер және ашулану көздің ағына сұрлау не сарғыш рең беріп, бұлыңғыр етіп көрсетеді. Ал оны тез жазып алуға болады. Ол үшін ең алдымен қандай тағамдармен тамақтанып жүргеніңізді байқаңыз. Тым ащы және майлы тағамдар көздің ағын сарғайтады. Ал С дәрумені бар көкөністер мен жемістер, керісінше, көздің ағын айқындай түседі.

Егер сіз темекі мен алкогольге әуес болсаңыз, тек көзіңізге ғана емес, бетіңізге, бүкіл ағзаңызды «сарғайтып» аласыз. Сондықтан зиянды әдеттерден арылуға тырысыңыз.

Көзіңіз талып, шаршағанда арнайы көзге арналған тамшыларды (арнайы сұйық дәрілерді) үнемі пайдаланып жүріңіз. Көзіңіздің құрғап кетуіне жол бермеңіз, көзге жаттығулар жасауды ұмытпаңыз. Кітап оқыған сәтте де жарықтың дұрыс түсуін қадағалаңыз.

Мұндайда түймедақ (ромашка) тұнбасынан компресс жасау да өте тиімді. Ол үшін түймедақты ыдысқа салып, үстінен қайнаған су құйыңыз. Бетін жауып, суығанша күтіңіз. Тұнба дайын болғанда дәкені батырып, көзіңізге 20 минут қойып, жата тұрыңыз.

Әрине ұйқының қануы да көзге ғана емес, өзіңізге, көңіл-күйіңіз бен ісіңіздің сәтті болуына да әсер етеді. Ұйқыңыз қанық болсын.

allfor-lady.ru

Сурет: elegantwoman.ru

 

1 thought on “Көзіңіз сарғайып бара ма?”

  1. Көзімнің ағы сарғыш тартып түрушы еді. ол енді кетпейтін шығар деп ойлайтынмын. мен кішкентайымнан аз ұйықтаймын. содан пайда болды деп ойлаймын. Рахмет саған Айқаракөз!

    Жауап беру

Leave a Comment