Мен сендікпін…

Мен сендікпін...

Аңсарым, аспаннан түс бері,
Мен жүрген шаһарға жақында.
..Қуаты басымдар күштеді,
Тағдырым алып жүр тақымға..

Сенделтіп.. сең соғып жүргенін,
Көкірек көзі бар көрмеді.
Сезімім сүйретіп сүлдерін,
Күндерім өте ме өлмелі?!

Көргеннің болар ма барі ұмыт,
..Мақұлық миықтан қарады..
Тірлікте тынысым тарылып,
Кеудемде күн сөніп барады.

Жалғанды барамын жақтырмай,
Әзірге серік қой жаныма ар.
Қабаған иттерге қаптырмай,
Кешікпей тезірек тауып ал..

Арысым – армансын ұғынғам,
Айналам көк мұздақ аппақ қар..
Мендегі жүрекке тығылған,
Кішкене жылуды сақтап қал.

Әдемі әлемді бар қылып,
Есердің есінде қалып кет.
Жанымды жанына жар қылып,
Ақ көйлек кигізіп алып кет
Мен сендікпін…

Өлеңді жазған: Салтанат Смағұлова

Сурет: www.diary.ru

 

7 thoughts on “Мен сендікпін…”

  1. «Ақ көйлек кигізіп алып кет»
    Қандай тамаша? Не деген ой? жарайсың! себебі, өте әдемі өлеңің!!!

    Жауап беру
    • тамаша..!!! Бірақ аспандағы жұлдызға қол соза бермей айналаңдағы, жердегі, қасыңдағы біздерге көз қырыңды салсаң қабаған иттердің арасында иесіне адал иттер де бар екенін көрер едің ғой….. түс аспаннан

      Жауап беру

Leave a Comment