Күз. Демек, гардеробымыздың басты киімі тренч болмақ. Тренч – қайырма жағалы, белдігі бар, екі жағына қаусырмалы плащ. Бұл киім барлық киіммен жараса беретін әмбебап және ешқашан сәннен қалған емес. Тренч сіздің гардеробыңызда бар да болар, жоқ болса, қазір нағыз мезгілі.
Тернч барлық киіммен жараса бере ме?
Бұл сұраққа «Ия» деп, сеніммен жауап беруге болады. Тренчті тек мүсініңізге қарай тігілген үлгісін таңдасаңыз жетіп жатыр.
Мысалы, үлкен бөксеңізді жасырғыңыз келсе, бөксеңізден сәл ғана төмен, еш бүрмесіз тіке тігілген үлгідегі тренчті таңдаңыз.
Ал егер қыпша беліңіз бен аяғыңыздың формасын алға тартқыңыз келсе, етегі кең болып келген, ұзындығы тізеге дейінгі тренчті таңдаңыз. Бұл классикалық модель шалбардан гөрі көйлекпен, белдемшемен әдемі жарасады. Бірақ, көйлектің етегі тренчтен асып кетпесін.
Сонымен қатар қысқа тренчті қысқа белдемшемен киюге болады, әрине тым ашық болып кетпесе.
Образ: нәзіктік пен кербездік
Нәзік образды қаласаңыз, тренчті жеңіл мойынорамал не шарф, қалпақ, клатч немесе кішкентай сөмке сияқты аксессуарлармен киіңіз.
Ал егер романтикалық образға жақын болсаңыз, 50-жылдардағы көйлектердің силуэтін беретін тренчті таңдаңыз. Ол үлгінің белден төмен қарай етегі кеңейе түсіп, ұзындығы тізеге дейін болады және артық аксессуарларды қажет етпейді.
Іскерлік стиль: тренчті жұмысқа немен кию керек?
Тренч – күз мезгілінде іскерлік киімдерге дәл келетін киім. Оны белдемшелі костюммен де, шалбарлы костюммен де кие беруге әбден болады. Тек тренч үлгілері сай болып, белдемше ұзындығы асып кетпесе болғаны. Жалпы етегінің ұзындығы тізеден 5-10 см түсіп тұратын тренчтер шалбармен де, кеңсеге киюге арналған көйлекпен де сәйкес келе беретінін атап өткіміз келеді.
Тренч жағасының ішінен киген костюм жағасы көрініп қалады десеңіз, мойныңызға шарф не мойынорамал байлап, байланға ұшын тренчтің іщіне кіргізіп қойыңыз. Дегенмен, кеңсеге ең қолайлы нұсқасы – ішінен водолазка кию, оған шарф тақпасаңыз да болады.
Casual стиліндегі тренч
Тренч негізінде сasual стиліндегі серуендік образда киінуге де болады. Бұл стилге сұр, сарғыш сияқты ашық түстер таңдалса, тіптен жақсы.
Тренчті тар балақты джинспен немесе леггинспен, сонымен қатар, белдемше және қалың түрлі-түсті шұлықдамбалмен (колготки) киюге болады. Аяқ киімнің биік өкшелі не жайтабаны да жараса береді.
Тренчті барлық киімдермен киюге болатын болса да, тек бір ғана аяқ киіммен ешқашан киюге болмайды, ол – кроссовка.
Тренчті туникамен де, жейдемен де, водолазкамен де кие беріңіз. Тек мойыны салбырап тұратын жағалы свитермен кимегеніңіз жөн, ол мойынды тым қысқа қылып көрсетеді.
Суреттер: ya-modnaya.ru
Оте жаксы жазылган макала. Коп жагдайда кузги тренчти жагдайларга карай немен уйлестирип киюди билмей киналып калатынымыз жасырын емес.
тренчті классикаменен киген дурыс деп ойлаймын. өз басым солай киінемін.
ол спорттық киіммен мүлдем үйлеспейді, биік өкшелі аяқкиіммен киген сәнді турад,ол ешкашан сән үлгісінен қалмайды деп есептеймін……………
иа оте жаксы жазылган ! жаз келе жатыр жаздык кимдер туралыда жазсаныздар болар еди!
ал менин ойымша тренч балагы тар джынсымен(сигареткамен) оте жаксы уйлесетiн сиякты. Жанеде платформалы биiк окшедегi туфли. Арi сандi шарш артыктык етпес едi)