Жұлдызнама

Ақпарат үшін www.tuszhoru.kz сайтқа рахмет айтамыз. 

Сипаттамасы қызықтыратын жұлдызнама белгісін таңдаңыз:
Тоқты Торпақ Егіздер Шаян Арыстан Бикеш Таразы Сарышаян Мерген Тауешкі Суқұйғыш Балық

Жұлдызнама Тоқты (21.03. – 20.04.)

Бұл белгіде туылған адамдар сырт көзге достыққа өте бейім, бауырмал көрінеді. Кез келген әділетсіздікте бар ынты-шынтысымен шындықты іздеп, бар білгенімен бөлісіп, қызу талқылаудың көркін келтіруі мүмкін. Тоқтылар өз ойын үнемі тіке айтады. Өз қажеттілігін бірінші орынға қояды және ойының бәрі сол көздегені болады, ол кезде айналасындағыларды мүлде ойламайды. Өзінің біреуге ыңғайсыз жағдай туғызып, ренжітіп алатыны жайлы ойламайды, оны сезінбейді де. Ол бөтен ойсыз, табиғатына тән болғандықтан, Тоқтыларға ренжудің де қажеті жоқ. Бұл адамдарда қаталдық деген мүлде болмайды. Айналасында болып жатқан құбылыстың бәріне шын жүрегімен сенеді, өз жағдайын да жасырып қалмайды. Шағымданғанды жаны сүйеді. Өз ісінде ешқашан жоспар құрып, стратегия жасамай, мақсатына тіке бет алады. Бұл белгіде туылған адамдар көз жасын ешкімге көрсетпеуге тырысады. Қызметтік саласында көп табыстарға қол жеткізеді. Тоқтылардан шыдам мен әдептілікті аз көресіз, тіпті мүлде шыдамсыз десе де болады. Салмақты болуға тырысқанмен, жас кезінде ол мүмкін болмайды. Ашықтық пен адалдығы сияқты жақсы қасиеттерін алға тартқанмен, тұрақтылық және жауапкершілік қасиеттерінің кемшілігі көзге ұрып тұрады. Тіс ауруынан қатты қорқады, тіс дәрігеріне бас сұқпай өтуге дайын. Тоқтылардың басым бөлігі толық боп келеді. Айтарлықтай ауру болмаса, өздерін жағымсыз сезініп тұрғанның өзінде жатып, демала қоймайды. Ауруының көбісі шыдамсыздығынан болады. Тоқтыларға әр іске шыдамдылық танытып, сақтаққа бейімделу керек. Өзінен басқа ешкім істі тиянақты атқара алмайтынына сенімді белгі.  Сондықтан үнемі жүйкесі жұқарып жүреді. Еріншек емес. Қолы ашық, жүзі жылып тұрады. Мақтаншақтығы бар, ақша мен атақ тұрса, атақты таңдайды. Кекетіп сөйлегеніне ренжісіп қалсаңыз да, Тоқты тез ұмытады. Өз кінәсін сезінсе, тіпті дұшпанынан кешірім сұрай алады. Өтірікті сирек айтады, өсек-әңгімеге жақын емес. Жеңілістен қашады, үнемі жеңіске жеткісі келеді. Ешқашан оңай олжаны күтіп, қол қусырып отырмайды. Өзі жайлы, өзінің қиыншылығы жайлы көп айтқанды ұнатады. Тоқтылар сенгіш болғандықтан адамдардан көп көңілі қалады. Екінші жартысын бақытты ете алады.

 

Жұлдызнама Торпақ (21.04. – 20.05.)

Бір топ адамның арасынан көп сөйлемейтін адам көрсеңіз, ол – Торпақ. Онымен жақын араласпайынша, сөзге шорқақ адам деп ойлауыңыз мүмкін. Өте салмақты, көп нәрсеге былқ ете қоймайды. Сирек ашуланады, өзіне ешкімнің жөнсіз жанасқанын қаламайды. Қазбалай берсеңіз, тым қатты ашулануы мүмкін. Ашуланғанда, жолына кезіккенді қиратуы мүмкін. Бір жақсысы, бұл – өте сирек болатын жайт. Өте тартымды болады. Сүйгенін қызғанып, артынан аңду дегенді білмейді. Торпақ қонаққа барғаннан гөрі, дастарханға барын қойып, қонақ күткенді қалайды. Танымалдылыққа ұмтылмайды. Махаббатта да, достықта да арақатынасты үзбей, әр қадамды қалай жасау керектігін жетік біледі. Өте тұрақты. Құбылысты сол қалпы қабылдауға дайын. Үй шаруашылығына өте бейім, өз үйін, таныс ортасын қатты жақсы көреді. Үнемі өзінің жеке үйі болғанын армандайды. Табиғатқа өте жақын, жасыл желек, гүл атаулыны өте жақсы көреді. Қала сыртына таза ауа жұту үшін ғана баруға ерінбейді. Денсаулығы мықты, ауыра қалған жағдайда сырқатынан баяу айығады. Оптимизмнің аздығынан да зардап шегеді. Өздерін қатал және өте шыдамды деп ойлайды. Шындығында да өте қатал және тік. Олар жылдар бойы физикалық та, психологиялық та ауыр жүктерді алып жүре алады, ешкімге шығымданбайды да, ешкімді кінәламайды да. Торпақтарда сәтсіздіктер орын алған сайын одан өту үшін күш жинай түседі. Армандарына аз қадамнан болса да, жол салады. Болашағын нық қалайды.

 

Жұлдызнама Егіздер (21.05. – 21.06.)

Бұл белгідегі адамда екі түрлі бейне бар, мінезі ауыспалы. Олар киімді тез ауыстырады, жұмысын да, тұратын жерін де, тіпті өз шешімін де. Үнемі жүгіріп, шауып жүреді. Кітапты оқуы да қызық, соңғы бетінен бастап оқуы да мүмкін. Егіздер пікірталасты тартысты өткізе алады. Көбісі тез сөйлейтін болғандықтан, нашар тыңдаушы. Кертартпа адамдарға шыдамсыз, жүйкесі тез сыр береді. Бірақ, достыққа бейім. Шапшаң қимылдайды. Оларды ештеңемен таң қалдыра алмайсыз, кез келген жағдайдан «құрғақ» шығады. Бәрін тез ойлайды, әзілге бай, басқа белгілерден ақылдырақ.

Егіздер ғашық болса, ғашығын түрлі қылықтарымен таң қалдыруы мүмкін. Олардың уақтылы бір іс атқаруы сирек, үнемі кешігіп жүреді. Өз өмірі жайлы айтқанды ұнатпайды. Бірнеше тіл білуге бейімділігі басым. Өз пікірін тез өзгертеді, ол сырт көзге өтіріктей көрінуі мүмкін. Көп ысырап жасайды. Ұйқысы тым сергек, сондықтан толық демала алмайды. Бұл жүйкесінің тез қозуына әкелуі мүмкін.

Іштей идеал болуға ұмтылады. Өмірдің мағынасын түсінуге тырысады. Үнемі ақша, атақ, байлық, махаббат жетіспей жүреді. Өзі қай жерде жоқ, сол жер керемет боп көрінеді, өзіне таныс емес жерлерді іздейді. Егіздер өзінен басқа ешкімге сенбейді.

 

Жұлдызнама Шаян (22.06. – 22.07.)

Шаяндардың күлкісі әдемі болады. Кез келген кештің көркін келтіруі мүмкін, өте көңілді адам. Өзі әзілдей алмаса, басқаның әзіліне күле алады. Шаяннан асқан әзілсүйгіш болуы мүмкін емес. Бұл белгіде туылған адамдардың салмақты мінезі де бар. Бұлар танымалдыққа ұмтыла бермейді, бірақ оларға өте керек. Олар іштей басқалардың өзіне көңіл бөлгенін қалайды. Шаяндардың  көңіл-күйі керемет болып жүрсе де, өте уайымшыл. Депрессияға бір түссе, барынша беріліп кетеді. Өз уайымын әзілімен білдіртпеуге тырысады, күндіз де, түнде де бір нәрседен қауіптеніп жүреді.

Пессимизм үнемі қасында болады, ол кез келген жоспарын бұзуы мүмкін. Болмашыға жылай салмайды, жүрегіне қатты соққы болған нәрседен ғана көзіне жас алуы мүмкін. Шаяндардың көңіл-күйі бірден түсіп кетсе, оның себебін білу мүмкін емес. Өйткені, олар мазасызданса, үнсіздігімен, ештеңені ашып айтпауымен алаңдатады. Кек қайтаруды біледі, бірақ өте ақырын және құпия түрде. Үнемі үрей мен өзіне деген сенімсіздігі жалғыздыққа алып келуі ықтимал. Сезімге берік.

Өзінің болсын, басқаның болсын өмірінің өрнектерінен сабақ алып жүреді. Патриот келеді. Бұл жандар сіздің құпияларыңызды сенімді сақтап, қайғыңызға ортақтаса алғанмен, өз сезімін жеткізе алмайды. Шаяндар өз өмірі туралы сөз еткенді қаламайды.

Мақсат еткен нәрсесіне қол жеткізбей қоймайды, ол барлығы болуы мүмкін, қызмет, сүйіктісі, не үй керегі. Өз «құрбанын» сақтықпен аңдып, әлсіз тұсында шабуылға шығады. Өзінің қалауына басқа біреудің ұмтылғанын көрсе ғана әрекет етеді. Жүрегі тым жұмсақ, жараланғыш. Біреуге көмектесер алдында «көмек қолын ұсынар басқа біреу табылып қалмас па екен» деген оймен көмек көрсетеді. Тұңғиыққа батып бара жатқаныңызда ғана көмекке келеді. Бірақ, бұл – оның эгоисттігі емес, сақтығы. Үнемі өз ісіне есеп беріп отырады.

Шаяндар өз үйін өте жақсы көреді, оған үлкен құрметпен қарайды. Олар өздерін ешқашан қауіпсіз сезіне алмайды. Үнемі бір нәрсе жетпей тұрады – махаббат болсын, ақша болсын, атақ болсын… оның үнемі уайымшылдығы ауруға ұласуы мүмкін. Аурудан құтқаратын жол – оптимистік пен көтеріңкі көңіл-күй. Бұлар сияқты өз ауруын өзі тауып, өз ауруын өзі жазатын белгі жоқ. Шаяндар ақша жинағанды жақсы көреді, тамақтың қалдығын да тастатпайды, тастамайды. Ыдысыңызға салып берген тамағын өзіңіз тауысу керексіз.

 

Жұлдызнама Арыстан (23.07. – 23.08.)

Арыстан – аң патшасы болса, бұл белгіде туылған адамдар басқалардың үстінен үстемдік еткенді ұнатады. Айбатына мінбей тұрып, енді ашулана бергенде аулақ кеткеніңіз дұрыс. Қараңғылық пен мұңаюды ұнатпайды. Достарын, жанұясын басқаруға ұмтылады. Өз пікірі мен өз құқығын алға тартып, қорғай бастаса, үндемей қоя салған дұрыс. Бірақ, уақыт өткен сайын жұмсара түсетін Арыстандар бар. Жоғары, тік ұстаған басын ешқашан имейді. Қауіп төне қалса, қалай да құтылып шығады. Топ ішінде көзге түседі, өзіне назар аудартқанға құмар. Кеңес беріп, кімнің қайда кіммен тұратынын талқылағанлды жаны сүйеді. Жақсы ұйымдастырушы, керемет басшы бола алады. Арыстандардың арасында сүр бойдақтарын кездестіру қиын, үнемі сезімге беріліп, ғашық боп жүреді. Бірақ, өркөкіректігінің арқасында неке жиі сәтсіз болады. Кешірімшіл. Арыстан әйелдер де, еркектер де өзіне біреудің арқа сүйегенін қалайды, көмектескенді ұнатады. Алайда, сол туралы шағым түсіргенді де жақсы көреді, оған аса назар аудармаған дұрыс.

Ақшаны үнемдеп ұстай алмайды. Сән-салтанатты өмірге құштар. Қыдыру мен бір сәттік ләззатқа бар ақшасын шаша  салуы мүмкін. Қанша шағым түсіріп жатса да, өмір сүруге бейімділігі өте жоғары. Барлық Арыстандар өсек-аяңға құмар. Айналасында не болып жатқанның бәрінен хабардар болып отыру керек. Табиғатынан мақсатқа ұмтыла біледі, бет алған жолынан қайтару қиын. Кейде еріншектік жетектеп, жәй жата беруі де мүмкін. Бір жұмыс істесе, төңкеріп тастайды, демалса, құмары қанғанша демалады. Өте адал дос, шыншыл,әрі өте қауіпті дұшпан.

 

Жұлдызнама Бикеш (24.08. – 23.09)

Бұл белгіде туылғандардың көбі сүр бойдақ пен отырып қалған қыз болуы мүмкін. Ішінде екі рет неке қиятындары да көп кездеседі. Өте тыныш адамдар, шулы ортаны жақтырмайды, одан бөлектеніп жүреді. Адал және шыншыл адамдар, өтірікті аздап айтатын қасиеті де табылады. Барлық істе белсенді, сергек. Бикештердің әдеті мен үйреніп қалған істерінен арыла алмайды. Сын айтқанды ұнатады, аргументтері өте мол болады. Ісі де, заттары да тиянақты. Өте байқағыш. Қонаққа барғанда үй иесіне көмектесіп, ыдыс-аяқ жуып тұрып, диваныңыздың жапқышы жыртық екенін байқап қоюы мүмкін. Бірақ, өз кемшіліктеріне келгенде соқыр. Өзі басқалардан байқағандарын өзінен таппайды, өзіне еш шаң жұқтырмайды. Олар бір орында ештеңе істеместен ұзақ отыра алмайды. Махаббат пен ақшаға келгенде сараңдау. Біреудің өзіне қызмет еткенін қаламайды, сонымен қатар біреуге міндетті болғысы келмейді. Олар жалқауларды, кешіккенді ұнатпайды. Адамдардың бойынан шыншылдығын, үнемдігін, тапқырлығын, нақтылығын бағалайды. Ашық-шашық киініп, лас жүруді ұнатпайды. Дені өте сау, алайда жұмысына беріліп кетуінің арқасында жүйкесіне күш түсіріп алуы мүмкін. Басқа белгілерге қарағанда өз тағдырын бір жолға нық түсіріп, өзіне не керегін анықтай алатын ерекше белгі.

 

Жұлдызнама Таразы (27.09. – 23.10.)

Бұл белгіде туылған жандар өте мейірімді, бірақ, түнеріп кетуі де мүмкін. Өзіне бұйрық бергенді ұнатпайды. Өте интеллектуалды, сонымен қатар өте аңғал. Өзі сағаттар бойы қалай сөйлесе, солай сағаттар бойы тыңдай алады. Өте белсенді болғанмен, асығыс шешім қабылдауы мүмкін емес. Барлық істі тең ұстап тұрғанды қалайды. Бір көргенде сізді керемет әсерде қалдырғанмен, ол депрессияда болуы мүмкін, сыртқа білдірте бермейді. Үнемі көңіл-күйі ауысып отырады. Бір шешім қабылдау керек болса, таңдау жасауы өте қиын. Ұзақ сөйлеп, ұйып тыңдай алады, ұрысқандарды достастырып, сізбен қызу пікірталас жүргізе алады.

Таразы бір ішсе, тоқтамай кетуі мүмкін. Махаббатта та солай, ғашық болса, көзсіз ғашық болады. Бұл белгі «жалқау Таразы» деген атпен де белгілі. Өте тиянақты және қарқынды жұмыс істеп жүріп, кенеттен тоқтап қалады, ол уақытта жалқаулығының кезеңі басталады. Бұл оған табиғатынан тән. Біраз кідіріс жасаған уақытында күш жинап, өздігінен қайта шабыттанбаса, бір істі істету мүмкін емес. Күш жинап болып, жұмысына қарқынмен қайта кіріседі. Эмоцияның адамы. Қуанышқа да, қайғыға да өзінің жеке басына қатысты жағдайлар алып келеді. Бұл белгінің адамдарына ең қауіптісі – кез келген нәрсені теріс пайдалану. Таразылардың мінезі мейірімділік, нәзіктік, адалдық, дәлелдеу, жеңілгенін мойындамау, философиялық логика мен бір шешімге келе алмаудан тұрады. Бір шешімді ұзақ және жан-жақты қарауы күткен адамның ашуын шақыруы мүмкін. Ешқашан асығыс шешім қабылдамайды, ал қабылдаған шешімі соңғы және нақты болады. Жұмысына өте ұқыпты, жауапкершілігі мол, бір жасаған нәрсесін қайта жасамау үшін асқан тиянақтылықпен істейді. Кітап оқығанды жаны сүйеді. Дыбыс пен түстердің үйлесімін қалайды, поэзияға жақын. Таразылардың ісі кері тартып жатса, оптимистік көзқарасы байбаламға ұласады, ал ісі алға басып жатса, барынша жайнайды. Күз мезгілінің белгісі деп бекер айтылмаған, қыс тым суық, жаз тым ыстық болып, күз салқындығы ортада тұратын сияқты әр істе теңдікті іздейді. Тез жалыққыш, не қалайтынын кейде өзі түсінбей қалуы мүмкін. Бұл белгісіз қызық сезім барлық Таразыларға тән.

 

Жұлдызнама Сарышаян (24.10. – 22.11.)

Сарышаян шақса, «өлтіріп жіберуі» мүмкін, қатты мінезді адам. Сарышаян өз мінезін мұқият қадағалай алады. Көзі гипнозға толы сияқты, оның бір қарағана көзінің тұңғиығына батып кетуіңіз мүмкін. Өзінің бағасын біледі және өзі туралы жоғары ойын ешқашан өзгертпейді, бір сөзбен айтқанда, ішкі ЭГОсы мықты. Біреудің масқарасын шығарып, жер қылуы тез, жақсы пікірді де тез айтқанмен, сізге ешқандай әсер етпеуі мүмкін. Өзінің кемшіліктері туралы біреуден естігенді мүлде қаламайды, өйткені, өзі туралы өте жақсы біледі. Сарышаяндар сырт көзге өте аңқау, өте жұмсақ адам боп көрінгенмен, сізді астыртын билеп алғысы келеді. Олардан ешқашан кеңес не пікірін сұрамаңыз, өйткені, таза шындықты есітіп, көңіліңіз түсіп қалуы мүмкін. Ешқашан өтірік айтып, мәймөңкелемейді, сізге жағымды нәрсе айтса, шын жүректен айтқаны. Сарышаяндар тек өзінің қамын ойлағанмен, жақындарына сөзбен де, іспен де көмек бере алады. Оларда шынайы дос та, тісін қайраған дұшпан да кездеседі. Бірақ, дұшпандарының өзі құрмет көрсетіп, жақсы пікір айтуы мүмкін. Сарышаяндар сирек қорқып, қауіпті сирек сезінеді. Адал дос бола алады. Достық үшін кез келген қиындықты жеңе алады. Өзіне жасалған жақсылықты, сыйлықты ұмытпайды, сондай-ақ біреудің тарапынан болған реніш пен сатқандықты ешқашан ұмытпайды. Кек алуды жоспарлап жүріп, орындамай қалуы жиі болады. Мақсат еткен нәрсесінің бәрі де қолынан келеді.

 

Жұлдызнама Мерген (23.11. – 21.12)

Мергендер – өте ашық, бауырмал жандар. Бойында зұлымдық та, жаман қасиеттер сирек кездесетіндіктен ренжіп, өкпелей алмайсыз. Оның әдепсіз, жөнсіз мінез-құлқының астында көбіне мол ақыл мен қатаң ұстанымдар жатады. Өздерінің дипломатиялық адамдар екеніне Мергендердің өздері таң қалады. Олар әр ісін адал, еш арамдықсыз жасайды. 6 жасар бала секілді өте шыншыл келеді. Үнемі қозғалыста болады, жануарларды, жылдамдықты, спортты жақсы көреді.

Мергендер тәуекелшіл келеді. Көп сөйлейді. Үнемі өзін бақытты сезініп, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Айналасын жағымсыз адамдар қоршаса, көңіл-күйі түсіп кетуі мүмкін. Күресе алады, сол үшін біреуден көмек те сұрамайды. Барлық Мергендер өзін қорғай алады. Жауапкершілікті сезінсе де, арқалағысы келмейді. Кешесінен бүгіні, бүгінінен ертеңі керемет боп өтеді деген қағиданы ұстанған, өмірге көзқарасы оң. Тез ғашық болып, тез айнып қалады. Отбасын құруға келгенде өте ұзақ ойланып, шешім қабылдауы қиынға соғады.  

Бір жаман қасиеті бар – көп ішеді, көп жейді, тіпті салынып ішіп кетуі де мүмкін. Ақылының өткірлігі сарказм мен құпия сақтай алмаушылыққа әкелуі мүмкін. Мергендер кез келген оқиғадан тез арыла алады. Қолы ашық, әйел Мергендер жетімдерді, қаңғып жүрген үй жануарын асырап алуға бейім болады. Есте сақтау қабілеті де өте ерекше, мерзімдерді, майда-шүйдені мықтап есте сақтайды, сонымен қатар өзінің пальтосын қайда қойғанын ұмытуы да мүмкін. Заттарын көп жоғалтады. Мергеннің табиғаты – қолы ашық, көңілді идеалист.

 

Жұлдызнама Тауешкі (24.11. – 20.01.)

Бұл белгіден туылғандарды түсіну өте қиын. Олар тек алға қарай жылжып, өзінің жетістігіне марқайып отыратындардың қатарынан табылады. Үнемі тек қана алға. Адамдардың назарын өзіне аударту үшін арнайы еш тәсілді қолданбайды, баста байқамауыңыз да мүмкін. Тауешкілермен күресіп, пайда таппайсыз, олар бәрібір өз дегеніне жетеді. Табыс, құрмет, билік – олар үшін сүйікті нәрселер. Ойламаған жерден сын айта салуы мүмкін. Көбіне өзіне қажетсіз дұшпан пайда болмасын деп барын салады, тіпті сіздікі дұрыс болмаса да, келісе салуы мүмкін. Қызғаншақтық, құмарлық, жалқаулық, немқұрайдылықтан өзі емес, басқалар зардап шексе деп ойлайды. Ондай адамдарға аянышпен бір қарап, ары қарай өз мақсатына жол тартып кете береді. Романтиканы жақсы көргенімен, оған барынша берілгісі келмейді. Халық алдында ұрысып не құшақтасып тұра алмайды. Өзінің ата-бабасын идеал көріп, оларға келер ұятты ойлайды. Үлкенді құрметтеу – табиғатына тән қылық. Қоғамда көзге түспеген адамға ғашық болуы екіталай. Көп дайындықтан өтпей, неке құруы да қиын. Туғандарын өте жақсы көреді, оларға бауырмал. Есеппен жүретін, салқын адамдар деп ойлауыңыз мүмкін, негізінде олар өте сақтықпен, бәрін ақылмен жасайды. Бір қарағанда нәзік, жасқаншақ, кішкене қырсықтау, еш зияны жоқ адамды елестетуі мүмкін. Тіпті ең сенімді адам деп қабылдауыңыз мүмкін. Алайда, олар сіздің әлсіз тұстарыңыз бен құпияларыңызды біліп алып, оларды өз пайдасына жұмсайтынын есте сақтаңыз.

 

Жұлдызнама Суқұйғыш (21.01. – 20.02.)

Адамдар кемпірқосақты жақсы көретін болса, Суқұйғыштар өте жақсы көреді. Өмірі де түрлі түсті. Реалист, ертеңгі күніне барынша сене біледі. Негізінде өте салмақты, мейірімді жандар, кейде қоғамдық пікірірлерге араласып, өзінің әдеттен тыс қылықтарымен есте қалуға ұмтылады. Ойламаған жерден оқыс қылықтар көрсетіп, таң қалдыруы мүмкін. Олар аңқау да емес, тым ақылды да емес. Негізгі қасиеті – құпияны білуге ұмтылу. Еркіндікті сүйетін Суқұйғыш көңілді, күлкілі бола алады, жасқаншақ та, нәзік те бола алады. Үнемі топтың ортасында жүруге ұмтылады. Достары көп болғанмен көбіне жалғыздықтан қайғырып отыруы әбден мүмкін. Қандай күйде болса да, еш белгіге ұқсамайтын көрегендігін сақтап қалады. Таныстары мен достарының басында болған жағдайларды қадағалап, қорытынды шығарып отырады. Сізге ойламаған жерден тосын сұрақтар қоюы мүмкін, егер оған қызықсыз боп бара жатсаңыз, қызық болатын басқа нысан іздейді. Достықтағы тұрақтылығына қарамай, Суқұйғышта дос көп болмайды. Ол санға емес, сапаға назар аударады. Бұл белгідегі жандарға бір рет қызық болмай қалсаңыз, олардың қайта бұрыып қарауы екіталай. Ал шын мәнінде қызық болсаңыз, ештеңеге қарамай сіздің қасыңыздан табылады. Оларда ашуланған адамды сабырға келтіретін, жылаған адамды не баланы жұбата алатын ерекше қасиет бар. Өзін жалғыз сезінген кездері жиі және ұзақ болады, ол кездері жалғыз қалдырған дұрыс. Бір іске келісім жасарда ешкім ешкімге қарыз, міндетті болмай, ортақ мәмілеге келгенді қалайды. Ешкіммен айтысып, күресуге бара бермейді. Ол әлсіздігінен емес, дау-дамайды жаны сүймейтінінен. Ұзақ пікір таластырмай-ақ сізбен келісе салуы мүмкін. Сізге бір нәрсені істегелі жатқанын ескертпей-ақ, орындай салуы мүмкін, ол қажет деп тапқанын солай жасайды. Өтірік пен алдауды жек көреді. Қарыз беру мен алуға да дәл солай көзқараста. Егер де қарыз ала қалсаңыз, уақтылы қайтару керексіз, өзі де солай.

 

Жұлдызнама Балықтар (21.02. – 20.03.)

Билік жүргізе білмейді, бірақ арасында шығармашылық пен әртіс адамдар өте көп. Басқа адамдарды басқару мен билікке мүлде ұмтылмайды. Ақшаға да кетәрі емес, бірақ басқабелгілерге қарағанда, Балықтар ақшаның уақытша екеніне сенеді. Олар бай болғысы келмейді, бірақ байлар сияқты өмір сүргісі келеді. Өздері түскен күймен күресуге шамалары жетпейді. Өмірдің қалай ағып жатқаныны бәрібір өзіне ешкім тиіспесе болды. Өзі туралы сырт көздің пікірі де маңызды емес. Жалпы көп құбылыстарға немқұрайдылықпен қарайды. Алайда, Балықтардың мінезі бар. Оны өзінен шығарып, ашуландырса, айналасындағылардың бәрін жайпауы мүмкін. Балықтар «өмір керемет» деген қағидамен өмір сүргісі келеді. Адамдардың жаман жақтары бар екенін білгенімен көз жұма қарайды. Өзінің арманы мен қиялына кіріп алып, соның ішінде өмір сүргенді ұнатады, тіпті ол армандарын іске асыруға талпынбайды. Өмірден соққы алып, сәтсіздікке ұшыраған кезде олардан құтылуға тырысудың орнына, ғажайыпты күтіп, жалған үмітпен жүре береді. Балықтар өзіне айтылған сынды көтере алмайды. Есте сақтау қабілеті өте күшті.он екінші, соңғы белгі болғандықтан барлық белгілердің кейбір қасиеттері кездеседі. Өзіне арнайы көңіл бөлмейді, барлық уақытын достары мен туыстарына көмектесуге жібереді. Аяушылық сезімі жақсы дамыған, әлсіздер мен ауруларға көмек беруге ұмтылады. Көмектесу – басты қасиеті. «Ия, жоқ» деген нақты жауаптардан гөрі «мүмкін» деген сөзді көп қолданады. Балықтардың мінезін нақты суреттеп беру қиын.

Ақпарат үшін www.tuszhoru.kz сайтқа рахмет айтамыз.

Суреттер: astrohit.com

Тағамдар

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.


*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.

*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.

*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.

*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.

Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.

*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.

*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.

*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

Әр түрлі

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.

*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.

*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.

*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.

*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.

*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.

*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.

*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.

*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.

*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.

*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.

*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.

*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.

*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.

*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.

*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.

*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.

*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.

*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.

*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.

*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.

*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.

*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.

*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.

*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.

*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.

*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.

*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.

*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.

*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.

*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.

*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.

*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.

*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.

*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.

*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.

*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.

*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.

*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.

*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.

*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.

*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.

*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.

*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.

*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезіге

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row]

Түрлі-түсті

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.

*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.

*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.

*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.

* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.

*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

Құстар

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.

*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.

*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.

*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.

*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.

*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.

*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.

*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.

*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.

*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.

*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.

*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.

*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.

*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.

*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.

*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

Төрт түлік

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.

*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.

*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.

*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.

*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.

*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.

*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.

* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.

* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.

*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.

*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.

*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.

*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

Аңдар

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.

*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.

*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.

* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.

*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.

*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,

*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.

*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.

* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.

*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.

*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.

*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.

*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.