Көлігіңізді арнайы тұраққа кіргізіп қоюды ұмытып кеттіңіз делік. Таңертең жұмысқа барарда машинаңыз оталмайды. Не істеу керек?
Айқаракөз ұсынатын бірнеше кеңесті орындап көріңіз, көмегі тиіп қалар.
Көлігіңіз оталмай қалса:
— аккумуляторды қыздырып көріңіз: алыс жарықты қосып-өшіру, музыка тыңдау, яғни, аккумуляторға күш түсіру;
— көлікті тұтандыру кезінде бірнеше секунд күте тұрыңыз, бұл уақытта бензонасосқа бензин тартылады;
— ажырату педалін басыңыз;
— көлікті оталдырып көріңіз;
— стартерді, ең ұзақ дегенде, он секундқа қосыңыз. Әйтпесе, жанып кетуі мүмкін;
— егер көлік қозғалтқышы бәрібір іске қосылмаса, газ педалін басып, 1-4 пункттерді қайталап көріңіз.
Егер стартер айналмаса:
— басқа көліктен «тұтандырып» көріңіз;
— итеріп оталдыруға тырысыңыз;
— аккумуляторды зарядтаңыз немесе тіпті ауыстырыңыз.
Машинаның есігі аяздан ашылмай қалса:
— әлсіздеу аязда алақаныңызды құлыпқа жақындатып, деміңізбен жылытыңыз;
— көлік кілтін оттыққа (зажигалка) қыздырып, құлыпқа салып, ақырындап айналдырыңыз;
— орташа аязда үйге кіріңіз де, су қайнатып, құлыпқа қайнаған ыстық су шашыңыз;
— өте күшті аязда еріткіш-брелок немесе арнайы аэрозоль қолданыңыз;
— шприц арқылы құлыпқа медициналық спирт құйыңыз.
Уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады! 🙂