Қызбен ең алғашқы кездесуде не істеуге болмайды?

Қазір интернетте фотосы ұнаған қызбен танысып, сөйлесіп, «əбден жақынырақ таныдым-ау» дегеннен кейін ғана кездесуді ойлайтын заман ғой. Солай онлайнда танысқан қызбен оффлайнда кездесуге барар болсаңыз, төмендегі пункттерді есте сақтауға тырысыңыз. Ең алғашқы кездесуден алған əсер ары қарай қатынастың жалғасу-жалғаспауына тікелей əсер етеді. Барынша жақсы көрінсеңіз — ары қарай бəрі жақсы боп кетуі мүмкін. Ал, ұнамсыз көрінсеңіз — қыздар көбіне екінші шанс бере бермейді.

1.Алғашқы кездесуге ешқашан жуынбай, дұрыс киінбей, олпы-солпы барушы болмаңыз. Керісінше, бар жақсыңызды киіп, иіссуді сеуіп барыңыз. Спорт киімдерін кимеуге тырысыңыз. Костюм-шалбармен, галстукпен келсеңіз, қыздың сізге деген қызығушылығы артады. Өйткені,қыздарға іскер, табысты көрінетін жігіттер ұнайды).

2. Кездесуге белгілеген уақытты қайта-қайта ауыстырып немесе қыздан «ұмытпадың ба, дайынсың ба» деп сұрай бермеңіз. Өзіңіз де кездесуге кешікпеңіз. Ерте келген болсаңыз, уақытты күтіңіз. «Пунктуальный» көрініңіз.

3. Кездесу кезінде ешқандай жеке шаруаларыңызға, жеке қоңырауларға жауап бермеңіз. Бəрін алдын ала тындырып келу керек. Қыз күтіп қалмасын. «5 ммнут күте тұршы» деп, бір жерде сағаттап отырып қалмаңыз.

4. Өзіңіз туралы көп айта бермеңіз. Қыз өзіне қызық болған нəрсені сұрап алады. Одан да қыз көп нəрсе сұрап, сол туралы көп айтыңыз, бар назар аруда болу керек. Қыздар «вниманиені» жақсы көреді жəне соған алданып қалады).

5. Достар, кластас, группалас, көрші, туыс сияқты тар шеңберде айтылатын жаргон, приколдарыңызды алғашқы кездесуде айтпай қоя тұрыңыз. Қыз түсінбей қалса, «қуа ма» деуі мүмкін).

6. Кездесуді бірден паркте не пабта, барда белгілеңіз. Далада құр сенделіп не машинаңызда отырып қайтатын кездесу көп қызға ұнамайды. Сізді «жмот» деп кетуі мүмкін). Алғашқы кездесуде киноға бармаған абзал — əңгімелесесіздер ме, кино көресіздер ме?)

7. 1 тал болса да, гүл алып келсеңіз, қыз ерекше мəз болады. Немесе кішкентай шоколад ала келіңіз. Бастысы — назар.
Шынымен ұнатып, көңіліңіз ауған қыз болса, осы жазылғандарды орындап көріңізші — нəтижесін байқарсыз.

Жігіттердің қызбен танысқанда алғаш назар аударатын 10 пункті

Жігіттер қызбен танысқанда алғаш назар аударатын 10 пункт

Көшеде кетіп бара жатып, такси ішінде, қоғамдық көліктер ішінде, мерекелік жиындарда, ресторанда жігіт пен қыз кездейсоқ танысып жатады. Алғаш таныстықта жігіттің бар назарын өзіңізге аударғыңыз келе ме? Ендеше біз жүргізген сауалнама қорытындысына назар аударыңыз.

Сонымен жігіттер қызбен танысқанда алғаш назар аударатын 10 пункт:

1. Сыртқы келбет

Әрине жігіттер бірінші қыздың сыртқы келбетіне назар аударады. Оның ішінде:

—         Түрі (Бұл жағдайда бетіңіздегі тонна-тонна бояу сізге көмегін тигізе алмайды. Өйткені, жігіттер қыздың бетінен асқан сұлулықты іздемейді. Оларға қыздың сүйкімді, тартымды болғаны маңызды, оның ішінде көз бен жымиыстың рөлі басым)

—         Дене пропорциясы (Ия, бойыңыз ұзын немесе 90-60-90 болудың қажеті жоқ. Дененің бен бойыңыз бір-біріне сай болса, жетіп жатыр)

—         Шашы (Жігіттердің басым бөлігіне шашы ұзын қыздар ұнайды. Жәй ұзын болып қана қоймай, жібектей жалтырап, сіздің ажарыңызды аша түсуі керек. Ал, кей жігіттер бұйра шашты қыздарға ынтық.)

2. Тіл табыса алуы

Түріңіз бен мүсініңіз сұлу болмасын, шашыңыз да тақыр болсын, жігітпен тез тіл табысып, араласып кете алсаңыз, үнсіз тұрған сылқымдардан оза аласыз). Ол үшін:

—         Әзіл. Әзілді орынды жерде айта да білу керек және қабылдай да білу керек. Оны жігіттер жоғары бағалайды.

—         Қарапайымдылық. Өзіңізді жігіт алдында ақылды сөздермен көрсетіп, ұпай жинаймын деп ойлаудың қажеті жоқ. Ол кері әсерін береді.

—         Мөлшер. Тым көп сөйлеп кеткен қыздан жігіт тұра қашады. Сонымен қатар үнемі үнсіз қалуға да болмайды.

—         Көпшіліктің алдында өзін сенімді ұстай білу. Бұл көпшілік ішінде орын алған таныстыққа қатысты. Айналадағы адамдардан қысылып, сасқалақтап, өз ойын жеткізе алмай, дал болатын қызға жігіт мысқылмен қарап кетуі мүмкін. Бойыңызды тік, сөзіңізді нық етіңіз.

—         Сөз мәнері. Паразит сөздерді көп қолданатын қыздардың сөзі мағынасын жоғалтытын сияқты. Сондықтан одан тез арада арылыңыз. Ал, қыздың боқтағанына жігіттер үзілді-кесілді қарсы.

3. Киімі

Жігіттер үшін қыздың үстіндегі киімі қай бутиктен, қаншаға алынғаны, қай брендтікі екені маңызды емес. Жігіттерге маңыздысы — үстіндегі киімнің таза, жарасымды, қонымды болғаны. Әрине талғаммен, стилмен киіну де өте маңызды.

4. Қызығушылығы

Ән айту, би билеу, жүгіру, киім тігу, мысық асырау – жігіттерге маңыздысы бұл емес. Маңыздысы – өз өміріңіздің болуы, қызығушылығыңыз артқан сүйікті ісіңіздің болуы. Оның сізге не үшін керек екенін білу, ол туралы қызықты қылып, ашық айту.

5. Хабардар болуы

Қыздың кино әлемінде болсын, техника саласы болсын, соңғы жаңалықтардан хабардар болғаны жөн. Бұл – киноны жібермей, көруі керек деген емес, ол туралы ақпараттарға 2-3 минутын бөлсе болғаны. Әңгімеге арқау бола алатын әдеби кітаптарды да оқығаны жөн.

6. Түсінігі

Кейбір сөздерді өмірінде естіп көрмегендей шошып, жабайылық көрсетудің қажеті жоқ. Жігіттер аспанда қалықтап, арманымен өмір сүретін қияли қыздарды бағалай бермейді, реалист болу керек.

Сонымен қатар, балабақша ойынын ойнау да артық. Танысып, таныстықты ары қарай жалғастырғыңыз келсе, тағы да кездескіңіз келсе, ары-бері тартқыламай, телефон нөміріңізді қалдырыңыз. Ал, ештеңенің жалғаспағанын қаласаңыз, оны да ашық айтыңыз.

7. Жағдайы

Әрине өз нанын өзі тауып жей алатын, қызметі бар қыздарға кім қызықпасын?! Алайда, кей жігіттер қызметі бар, қолында қымбат ұялы телефоны бар, тіпті астында көлігі бар қыздарға көп мойын созады.

8. Сыпайылығы, жұмсақтығы

Адам мінезін, адамгершілігін  алғаш танысқаннан аңғара қою мүмкін емес. Тек дауысы, сөз мәнері арқылы бір жылылықты не керісінше дөрекілікті аңғаруға болады. Қыз неғұрлым сыпайы, сыңғырлы, жұмсақ дауыспен сөйлессе, жігіт ынтыға түсуі мүмкін.

9.  Жаман әдеттері

Темекі шегетін қызды жігіттердің бәрі дерлік, ұнатпайды. Сондықтан қызбен танысқанда онымен өткен бірнеше уақытта (жағдайға байланысты) темекі шегетін-шекпейтінін, ішімдікке қатынасын байқап қалуға тырысады.

10. Мақсаты

Бұл жерде сөз жігіттің мақсаты туралы. Жігіт қызбен түрлі мақсатта танысуы мүмкін: болашақ жарын іздеп, көңіл көтеретін жеңілтек қызды іздеуі де мүмкін. Қызды жігіттің көздегенімен сай келетін-келмейтін нысан ретінде бақылауы мүмкін.

Интернетпен танысқыштарға 15 кеңес


Қазіргі уақытта интернеттің қол жетімділігі оңайлаған сайын өз жартыларын әлемдік торда іздеушілер де күрт өсті. Ізденіс кезінде қателіктерге ұрынбау үшін мынадай бір кеңестерді ұстанған жөн дейді мамандар.

Анкета.
• Бір сурет бірнеше сөздің орнына көп нәрсе айтады. Анкетаға ескі суреттеріңді қоймауға тырыс, сонымен қатар құжаттарға түскендей сұсты суреттерді де қойма. Жайдары күліп түскен суретің ұтымды болып табылады.
• Анкетаң мен таңдаған лақап атың бір-біріне сәйкес болуы керек. Кіммен танысқың келеді, осыны біраз саралап алған жөн. Соған байланысты анкетаны да толтыру керек.
• Анкетаны толтырғанда шынайы бол. Өзіңді асыра мақтаудан сақ бол (мысалы, сырт пішінім керемет, IQ одан да керемет деген сияқты)
• Жаңашылдық таныт. «Мен кітап оқығанды және музыка тыңдағанды жақсы көремін» деген сияқты қатып қалған стереотиптерден бас тартуға тырыс. Қосымша жазатын, шеңберден тыс әрекеттер жасайтын адамдар әркез қызық.
• Ең алдымен суретті құрбыңа көрсет. Егер ол, сен өмірде де осындайсын десе, суретті анкетаға салып, жарияла. Енді хаттар күт!

Хат алмасу.
• Әңгімелесу барысында жағымды тақырыптарды қозғауға тырыс, өзіңнің басыңнан өткен қызықты жәйттерді де қосып отыр. Ешуақытта өзіңнің келеңсіз оқиғаларыңды немесе жолың болмай жүрген айтып, шағымданба. Сонымен қатар өзіңнің туылғаннан бастап, осы уақытқа дейінгі өміріңді баяндап отырма.
• Оның тұлғасына қызығушылық таныт. Суретін көргендегі ойыңа қандай сұрақтар келді, соларды сұра. Мысалы, «Мынау өздеріңнің иттерің бе?» деген сияқты.
• Ортақ заттар тап. Ортақ қызығушылықтар, пікір, құмарлық, сәйкесінше ортақ сүйкімсіз заттарды талқылаудан жақындастыратын ештеме жоқ.
• Абай бол! Ешуақытта танымайтын адамға аты-жөніңді, телефоныңды, мекен-жайыңды айтпа. E-mail жібергенде де осы анықтамаларды жасыруға тырыс.
• Уақытты ілгерілетпе. Кездесу үшін біраз уақыт бір-бірлеріңді тану керек. Егер ол көп тығылатын болса, және сенің сұрақтарыңа жауаптан қашса, интернетте тек түнде ғана отыратын болса, әсіресе сақ болған жөн.

Алғашқы кездесу.
• Қауіпсіздік үшін бейтарап аймақта кездесуге келіс. Қоғамдық жер болғаны дұрыс, мысалы кофейня.
• Қарапайым, табиғи қалпыңнан тайма. Ашық киім, не ашық макияж сен жайлы теріс көзқарас қалыптастыру мүмкін.
• Бірінші кездесуге кешкі ас емес, тек бір шыны кофе ішуге келісіңдер. Бұл сені ештемеге міндеттемейді, және де кездескен адамың ұнамай қалса да онымен қоштасу оңайға соғады.
• Құрбыңа қайда және кіммен баратыныңды айтып қой. Кездесу барысында сенің халіңді біліп, сұрап қойсын.
• Сөйлесуде ашық бол. Оның сені жақын білуіне мүмкіндік бер. Ал егер басынан ештеме шықпайтынына көзің жетсе әңгімені созбай, ары қарай қатынасты үзген дұрыс.