Көктем келіп, күннің жылынғаны көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, кейбір аруларымызға жағымсыз әсер берері анық. Оның бір айғағы – беттегі секпілдің көбейіп кетуі.
Секпілден арылудың бірнеше жолдары бар және оның әркімге әсері әр түрлі. Секпіл бетте тым көбейіп кетпес үшін алдын ала емдік шаралар жасағаныңыз дұрыс.
Ол үшін:
– Көшеге шығар алдында күн сәулесінен қорғайтын максималды әсері бар кремдер жағып жүріңіз;
– Бетіңіздің біраз бөлігін жауып тұратын күн көзінен сақтайтын көзілдірік пен қалпақ (шляпа) киіп жүріңіз;
– Егер күн тым ыстық болса, кеш түскенше ғимарат ішінен мүмкіндігінше шықпауға тырысыңыз;
– Бетіңізге күн көзінен сақтайтын кремнен бөлек тоналды крем немесе опа жағып жүріңіз;
– Күнделікті тамақтану рационыңызға С және РР витаминдері мол тағамдар қосыңыз. Әсіресе жеміс, көкөністі көбірек жеуге тырысыңыз.
Бетіңіздегі секпілдер көбейіп, қарайып үлгерсе:
1) Беттің терісін ағартуға арналған косметикалық құралдар – акрем, гельдерді қолдыныңыз;
2) С витамині көп жеміс, көкөністермен (лимон, құлпынай, қарақат) күнде қоректеніңіз;
3) Теріні ағартатын қоспалары ақжелкек (хрен), ақжелкен (петрушка), қияр, лимон шырыны) бар маскалар жасап, бетіңізге жағып жүріңіз.
Бетіңізге маска жаққаннан кейін күн көзінің теріңізге тікелей түсуінен сақтаныңыз. Теріні ағартатын маскалардың барлығы да 2-3 аптада нәтижесін береді.
beautydream.ru
Сурет: lady-flower.net