Бетперде

Бетперде

Кешір мені…
Жайлар тағы қынжылтты есімдегі.
Есімдегі елестен аласұрған,
Айрылғандай күй кештім жанашырдан.
Жанашыр жан..
Сен бе едің сүйген мені?
Сезіміңе сыңар боп күй мендегі…
Күймең мені ап кетті арманға аппақ,
Кете бардым кіршіксіз Ардан да аттап.
Ардан да аттап,
…періште ем бейкүнә мен…
Билеп алды еркімді сиқыр әлем…
Сиқыр әлем көзбояу екендігін,
Бетперденді шешкенде бекер білдім..
Бекер күлдім…
Жаным қан жылап іштен,
Жауымды да таңданттым бұл әдіспен.
Тұрады үстем шаттықтан неге мұңым?
Сетінеген сезімнің себебі кім?
Сенерім кім?
Жаным-сыз, тұманды-іргем,
Көзім ағып түскенше жылармын мен…
Жылармын Мен, күрсінтіп Ар батпаны,
Ажал келіп қапқанша Жан қақпаны…
Ойыныңа кіргізіп сен біреуді,
Қойынына енерсің алдап тағы….

Бетперде

Өлеңді жазған: Жұлдыз Қазихан

Суреттер: mynov.ru

15 комментариев к “Бетперде”

  1. арманга еріп, биреуге сеніп,сонында конили калган талай кыздын тагдыры оленмен тамаша орилген екен. окиништи…

  2. керемет поэзия, оқығанда — еріксіз көңіліңде әуен ойнатады екен!!!

  3. поэзия әдемі, бірақ өмірі өкінішті екен!
    Кете бардым кіршіксіз Ардан да аттап.
    Ардан да аттап,
    …періште ем бейкүнә мен…
    Билеп алды еркімді сиқыр әлем…
    Сиқыр әлем көзбояу екендігін,
    Бетперденді шешкенде бекер білдім… Адамның жанын ауыртады…

  4. Қыздар, сол үшін шымылдық дегенді ақтайық, әйтпесе осылай өлең жазып, өкініп қаламыз.

  5. ия, жүректен шыққасын журетерге жетуде. Егіліп, сетінеп, сөгіліп жазған өлең.
    Ойыныңа кіргізіп сен біреуді.
    Қойынына кірерсің алдап тағы.
    Сан соғып, қан жылап жазған бойжеткендердің осындай жүрекжарды жырлары талайларды ойландырар!

  6. Рахмет достар, кобисиннин пикирлеринизге карап мен туралы жансак ойда калгандарынызды сездим, бирак бул менин басымнан откен окига емес, тек акынжанды ару ретинде когамда орын алган осындай керегарлыкка коз жумып карай алмадым. егер сиздер осы жайды менин басымнан отти деп есептесениздер, онда мен дал осы куйди шынайы суреттей алганым ушин гана куанамын. окинишке карай кориктилеримиздин шынайы сезимине анайы жауап кататын бориктилеримиз азаймай отырганы рас

Оставьте комментарий