АЙҚАРАКӨЗ ЖАУАП БЕРЕДІ немесе КЛИМАКС

Сәлем, Айқаракөз!

Менің жасым 39-да. Төсек қатынасында болған жоқпын, әлі қызбын. Соңғы екі айда менің етеккірім келмей жүр. Менде климакс басталғаны ма? Мен енді бала туа алмаймын ба? (Айжан)

 

Жоғары дәрежелі гинеколог-дәрігер Айгүл Мейрамқызы жауап береді.

 

АЙҚАРАКӨЗ ЖАУАП БЕРЕДІ немесе КЛИМАКСКлимакс – ерлерде де, әйелдерде болатын құбылыс. Әйелдерде болатын климакс (менопауза)  – әйел ағзасындағы зат алмасулар мен кейбір мүше қызметтерінің өзгеруіне алып келетін жыныстық гормондар синтезінің тез арада құлдырауы. Әйелдерде қалыпты климакс 50 жастан асқан соң басталады. Бұл кезде етеккір келуін тоқтатады, бала көтеру мүмкіндігі шектеледі. Климакстың негізгі белгілері: тершеңдік, әлсіздік, бас ауруы, дененің лезде ысып, лезде сууы, қалтырау, ашушаңдық, ұйқышылдық, шыдамсыздық, ұмытшақтық, депрессия, қан қысымының артуы (гипертония),жүректің тарсылдауы.

Климакс басталған әйел еш кедергісіз жыныстық қатынасқа түсе береді және бұрынғыдай тояттау (оргазм) сезімін де алады. Тіптен климакс басталғанда әйелдің төсек қатынасындағы белсенділігі артуы мүмкін: «екіқабат болып қаламын» деген қорқыныш миынан біржола жоғалады.

Климакстың ерте келуі әйелдерде 37 жастан басталады. Бұл – бүгінгі таңда жиі кездесіп жүрген жағдай. Климакстың ерте басталуының бірнеше себептері бар :

–         гормонды дәрі-дәрмектерді көп қолдану;

–         ішкі секреция бездерінің бұзылуы;

–         гинекологиялық аурулар;

–         онкологиялық аурулар;

–         иммунитеттің тым төмендеп кетуі.

Айжан, сіздің етеккіріңіздің кешігуіне басқа да себептер әсер етуі мүмкін. Етеккірдің кешігу себептерін «Етеккірім неге кешікті?» атты жазбадан оқи аласыз. Әрине қорқынышыңыз орынды. Сондықтан гинекологқа қаралып, гормоныңызды тексертіңіз. Бәрінің анық қанығына жетіп, көз жеткізбейінше, асығыс шешім қабылдауды әдетке айналдырмаңыз. Жас ұлғайған сайын бала көтеру мүмкіндігі азаятынын ескеріңіз.

Сурет: anionzdorove.ru

9 thoughts on “АЙҚАРАКӨЗ ЖАУАП БЕРЕДІ немесе КЛИМАКС”

  1. Салеметсізбе! менін жасым 21. осыдан екі жыл бұрын аборт жасатқанмын, жігітімнін жағдайы болмай. Қазір етеккірім бұрынғыдай төрт күн емес екі күндей келіп жүр. Жгітіммен қазіргі кезде жыныстық қатынаста сақтанбаймыз. Бірақкөтере алмай жүрмін. Алдағы уақытта көтеріп кетуім мүмкін бе? Жауап берсеңіз екен деймін! Алдын ала рахмет!

    Жауап беру
  2. Менің жасым 44 те, етеккірім ай сайын тұрақты келеді, бірақ 1 жыл уақыт ішінде денсаулығым нашарлап, қан қысымым жиі көтеріледі (тұрақсыз)журегім қысылады, басым айналып, аяқ-қолдарым,буындарым босап әлсіреп жатып қаламын, гинеколог дәрігер маған климактический период деп диагноз қойды бұл мүмкін бе?

    Жауап беру
  3. менің етек кірім токтап калды 6 ай болды жасым 21 бірде кызбын не шара колдансам болады

    Жауап беру
  4. Менің еттекірім келеді.Бірақ келерде ішім қатты ауырады 1 күн тұра алмай жатам. Және еттекірім мен қоса ұйып қалған қан ба алде кішкене ет сияқты бірдеме келеді№ Ол не?

    Жауап беру
  5. менин денсаулыгым аландатады себеби менин жыныс мушемнин иши кызады онын себебин билмеймин калай емделуге болады бул климакс болуы мумкинба даригер комектесинишы

    Жауап беру
  6. Сәлеметсізбе, жасым 46да, етеккірім уакытылы келеді, бірак осы жаздан бері басым қатты ауырады, жүрегім айниды, бір ысып, бір суынып мазам қашады, бұл неден болуы мүмкін және қандай дәрі ішемін?

    Жауап беру
  7. Жасым 48 де, климакс басталғанына екі жылдай боп қалды, басым жиі аурады, буындарым аурады, денем ысып- суып отырады
    Нақты қандай таблетка ішуге кеңес бересіздер?

    Жауап беру

Leave a Comment