Құрсақтой, шілдехана, бесіктой, қырқынан шығару, тұсаукесер деген сияқты бала өміріне қатысты тойлардың маңызы мен ерекшелігі жайлы сайттың «Дәстүрдің озығы бар…» бөлімінде айтып өттік. «Енді ұл баланың өміріндегі үлкен бір белес – сүндет жайлы, сүндеттой жайлы не білеміз, бүгінде сүндеттой қалай жасалып жүр» – осы жайлы сөз қозғамақпыз. Сонымен…
Сүндеттойдың ерекшелігі
Қазақ – титімдей жақсылығын жария етіп, қуанышын елге жайып жүретін, әрбір қуанышында шашуын шашып, тойлап жүретін халық әрі қашанда бір-біріне көңіл сыйлап, жақсылық тілеп жүреді. Қазақ халқының жан-жаққа ат шаптырып, хабар беріп жасайтын атаулы тойларының бірі – сүндеттой. Сүндеттойға бүкіл ағайын-туған, нағашы-жиен, жекжат-жұрағат, дос-жаранның барлығы шақырылады. Бұрынырақта нағашы жұртына, құдаларға, ағайындарға, достарға дегендей, әрқайсысына арналып жеке үй тігілетін болған. Қонақтарды күтетін адамдар да белгіленетін. Осы күні ат шаптырылған, бәйге ұйымдастырылған, жамбы атқан, палуан күрестірген, теңге алған. Балаға арналатындықтан тай жарыс, құнан жарыс өткізілген. Баланы сүндетке отырғызып, қуанышын елмен бөлісу ата-ананың парызы болып есептеледі. Ал сүндеттой жасау – көзі тірі ата-әженің парызы, яғни ата-әже «немеремді сүндеттеп жатырмын» деп осы тойды өз аттарынан жасайды.
Ашамайлы атқа міндің,
Мұсылмандық таққа міндің,
Сүндетке отырғаның – иманды болғаның.
Тойын тойлап, думанды болғаның, – деп баланың көңілін өсіріп, дәрежесін көтеріп бағады.
Тілек сайтынан
Баланың өзі де кішкентайынан той-томалақты көріп өскендіктен, өзінің де сондай бір белестен өтетінін білгендіктен бұған психологиялық тұрғыдан дайын болады. Сонда да атасы мен әжесі ұл баланы «сен азамат боласың, жігіт боласың» деп құлағына сіңіріп өсірген. Әр жерде әртүрлі, тіпті өрескелдеу айтып жүргендер бар, бірақ бұрынырақта текті ата-әжелер балаға сүндеттеуді «сен сұлуланасың» деп жеткізген екен.
Кез келген ұл баланың арманы – жігіт болу, азамат болу, сол себепті ол да іштей бұл күнді күтеді, асығады. Осы күні балаға бастан-аяқ жаңа киім кидіреді. Екі иығына үкі қадайтын болған. Содан кейін өзінің ашамайлы бәсірелі тайына мінгізген, ал оның атына қоржын салған. Қасына сәнді киінген 1-2 бозбаланы ілестіріп, ағайын-туғанға тойдың қуанышын жеткізуге жіберетін болған.
Сүндеттойдың басқа тойлардан ерекшелігі
Тойға сүндеттелетін баланың өзі шақыратындығында. Тіпті жолаушы барып та шақырып келген. Себебі біреу арқылы айта салғанға «пәленше келіп айтып кетті», «біреуден айтып жіберіпті» деп шақырылған жақ кәдімгідей ренжіп қалған. Өйткені бұл – баланың есейгендігінің белгісі. Өз тойына шақырып келген балаға барған жерінде шашу шашады. Атының жалына орамал, шүберек байлап, қоржынына тәтті салған. Сыйлығын беріп жіберген. Ол бала ауылына келгенде «бізді де осы күнге жеткізсін» деген ниетпен елдің салған шашуынан барлығы бөлісіп алады екен.
Ал тойға келген туған-туыстар, жекжат-жұрағаттар балаға міндетті түрде сый алып келген. Тіпті кейбір туыстары бала тойға шақырып барған кезде-ақ атаған малын жетектетіп жіберген. Қазақта бала үшін нағашы жұртының орны бөлек. Баланың нағашы жұртынан, бір жерде – «қырық серкеш», енді бірі – «қырық шұбар тай» дейді, яғни жиеннің нағашысынан алатын үлесі болады. Нағашы жұрты жиенінің сүндетке отыруына орай, ертеңгі күні төлі өсетіндей етіп, осы үлестің бір бөлігін – малын айдап келген. Оны өздеріне міндет әрі үлкен дәреже санаған.
Баланың, анығы ер-азаматтың ауқатты болуы осылай өзіне тиесілі жеке мал басының жиналуынан басталады. Бала ержеткенше осы малының басы көбейіп, өсе береді, оған тиіспеген. Ол кездегі байлар мен кедейлерді салыстыруға болмас, бірақ кедейдің баласына да «көңілі ортайып қалмасын», «еңсесі түспесін, өзгелерден өзін қор санамасын» деп бәсіресін беріп, сыйлықтарын берген.
Шамалары келгенше алдына мал салған. Өйткені қазақтар біріне-бірі қолғабыс жасаған, соны мәртебе санаған. Қалай болғанда да, бала сүндеттойында үлкен сыйға, құрметке ие болған. Кейде баланы сүндеттеп қойып, тойын ыңғайлы кезге қалдырады. Біз кіші немеремізді сүндетке отырғызғанымызбен, бүкіл қазақ халқы атап өткелі отырған атаның мерейтойына байланысты сүндеттойын әлі жасамадық. Атаның тойымен қабаттастырғымыз келмеді, әр тойды жеке өткізгенге не жетсін…
Сүннет деген не? Алдымен осыған тоқтала кетейік
Сүннет деген Пайғамбарымыз с.а.у жасаған амалдары жүріп өткен өмір жолын сүннет дейміз.Сүннеттің түрлері көп солардың бірі өздерің айтып отырған сүндетке отырғызу, кесумен мұсылман болмайды еврейлерде кеседі ол тазалық тырнақ алу сүннет қолтық түгін тазалау сүннет кіндік асты түгін қыру сүннет неге соларға да той жасамаймыз өзі сүннет деп ата ана той жасауы парыз дейміз мұны қалай түсінеміз парыз деген Алладан келген әмір намаз оқу парыз ораза ұстау парыз 85 гр алтының болса зекет беру парыз бай болсаң қажылыққа бару парыз керек болса үйлену парыз емес ол сүннет.Мен жаңа дін алып келуші емеспін ҚМБД рұқсат еткен Ханафи мазһабы бойынша яғни ата бабам ұстап келген дін бойынша тек 70 жыл бойы жойылуға әзер қалған дінді қайта жаңғырттым.
Сіздерге кеңесім діни мамандардан кеңес алып жазсаңыздар
ляғеп кеттің ғой, мухтасардан үзінді келтірем деп =))
соңғыдан алдынғы сөйлемің де сендіре алмады. соңғы сөйлемің болмаса. не ғо, астында сілтеме тұр, мақала айқаракөздікі емес. сосын, мақаланы соңына дейін оқу керек, адекват пікір жазу үшін. сау-саламат бол, бырат!
Баурым, сен алдында пікір жазушы баланың сөздері ақиқат сөздер! Ақиқат тарату олда мұсылманың міндеті! Қәзір мұсылмандар шынымен де көніл бөлетін маңызды нәрселеді тастап, қатты маңызды емес нәрселермен араласып кетті! лАғЫп кеткендердеп соларды айт!
МашаЛлах! Өте дұрыс!
Жалпы, бұл кезінде кейбір елдерде гигиена сақтау мүмкіндігі бола бермегеннен қалыптасқан болуы керек. Табиғатта адам жаратылысында еш нәрсе, айталық, аппендикс т.б. артық етіп жаратылмаған дейді бүгінгі заманда. Тек гигиенаны сақтау қажеттігін алға тартады. Осы жағынан алсақ, сүндетке отырғызу, бәлкім, артықтау болар?…
Кайдагыны айтпандар, сундетке отыру – тазалыктын нак озі! мусылманның мерейі! сундеттелген еркектің мүшесі – кір жинамайды, инфекция конбайды!
))))))) жөн жауап екен…
Мұсылман деген бауырым біріншіден еврейлер яғни яхудилер олар мұсылман емес. Олар ислам дінін қабылдамағандардың бірі. Ал сүндетке отырғызу мұсылман болудың алғы шарты. Еврейді он жерден кессең де мұсылмандардың қатарына кірмейді.
сундетке отыргызу ар мусылман ата-ананын миндети меннин жолдасым орыс халкына жакындау 3 ербалам бар 2 улымды сундетке ата-ажеи отыргызды кенже баламды акеси сундетке отыргызуга карсы болды тындамай сундеке отыргызып едим балам дурыс сундетке отыргызылмай бурик болып калды кайтадан сундетке отыргызуга болама
Христиандар баска дин устаушылар сундетке отыргызылмайды, сонда олар таза емес пе? Инфекция бола ма оларда? Болмайтын секилди.. Нагыз далелдемеши кылып жазып берулеринизди сураймын, сундетке неге отыргызады?
Баламды сүндетке отыргызганыма 1 айдан асты, терісі кызарып iсIнiп тур. Кашан кайтуы мүмкін. Әлде, асқынып турма
менин жасым зз те мени кишкентаиымда шала кескен екен каита кестиртуге болама жылдам жауап тосам