Бүгінгі қыздарға кесте тіктіріп, шұлық тоқыта алмаймыз. Өздеріне ұнаған матадан «қалаған үлгіде көйлек тігіп ал» деп мәжбүрлеу де мүмкін емес. Барлығы сатылады. Барлығы дайын. Өз басым күні бүгінге дейін шаршаған сәтте бір мезгіл кесте тіккенді жақсы көрем. Кестенің өрнегіне қарағанда адам бөтен ой ойламайды. Ойыңнан өрнек салып отырғанда тек соның әдемі болып шығуына көңіл бөлесің. Есіме түскен мына оқиғаны айта кетейін. 1974 жылы атаның туған күніне арнап әдемі екі жастыққап кестеледім. Әлі күнге дейін сақтаулы. Ата жастыққапты көргенде: «Мені ұзататын қыз құсап… Мынауың не?» – деді ашуланып. «Ата, кешіріңіз, мен мұны өз қолыммен сізге арнап тіктім», – дедім мен. Сонда барып атаның жүзі жылыды, әйтпесе лақтырып жіберер ме еді… «Қарай гөр, тура машинамен тіккендей», – деп еді сонда өз қолыммен тіккен еңбегімді бағалап. Қолдан істелген нәрсе бөлек болады. Бертінде екі немереме арнайы төркөрпе жасадым. Оны ана жер, мына жерден теберікке бергеннен жиналған маталардан құрадым. Ондай теберікке берілген бір жапырақ матаны біреуге бере алмайсың, қалай болса солай тастауға болмайды, мейілінше қажетке жаратқан жақсы. Төркөрпені тігіп жатқанымды көргенде «жұмыс істемегендіктен ерігіп тігесің ғой, әйтпесе бұл күнде не керектің бәрі дүкенде толып тұр» дегендер де болды. Өкініштісі, менің мұны мүлде басқа мақсатпен тіккенімді олар түсінбеді. Біріншіден, бұл – талай үлкен кісілердің теберігі, Құран оқылған жерден келген қыжымдар, пүліштер. Екіншіден, мен соны өз қолыммен тігіп отырмын. Ертеңгі күні мен өмірден өткен кезде Анарым (келіні) әжелерінің немерелеріне өз қолымен тіккенін айтып, мұны келіндеріне табыстайды. Қазақтың кез келген қолөнері атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа осылай жеткен жоқ па?! Өзіміздің қолөнерімізді осылай дамытып, түрлендіріп мұра етіп қалдырмадық па?! Әңгімемізді кішкентай қыздың жетіге толғанда құлағын тесіп, үлкен өмірге бағыттайтынымыздан бастадық. Өз басым, ылғый да жастардан бір нәрсені талап етуден бұрын оларға үлкендердің алдымен өздері үйретуі керек екенін, көрсетуі керек екенін айтып келем… Ал бұдан шығатын қорытынды – қыз тәрбиелі болса, келін өнегелі болады. Келін өнегелі болса, ана парасатты болады. Ана парасатты болса, әже данышпан болады. Өмір осылай жалғасады.
Зейнеп АХМЕТОВА
Сурет: shttuchka.ru
Колмен бирденелер тикен жаксы арине.мектеп окып жургенде адеми адеми кестелер тигетинмин,жаксы шыкандарын мектепке алып калган.аиелдер меирамында анама кесте тигип силаитынмын.ал казир умытып бара жатырмын коптен колыма алгасын.ал енемнин мамасы сыилап берип кеткен кол машинасын казир маган аманат етип берди.казир жаилап тигип уиренип жатыр.тигу билген озимизге жаксыго
Ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан осындай асыл мұраларымызды жастарға КӨП насиxаттау керек !
Мені енем «мәмбет» келін дейді. Осындай тебергілерді жинап кұрақ көрпе құраймын, ет салған табақты алдынан сәлем салып аламын, сәлем саламын. Түк ұнамаймын. Өзі сияқты боянып, алпыстан асса да шашын қиып жүргім келеді, оған күйеуім рұқсат бермейді. Үйдегі басқа келіндер де мені менсінбейді, ауылбай дейді. Төсек орнымнан келген көрпелерді жаңартып, жүнін түткенім үшін әбден мазақ болдым. За то, келіндерінің ішінде менің ғана жоғары білімім бар, мен ғана мемлекеттік қызметте істеймін. Қалғаны оқымаған!Менің үйіме туыстар көп келеді, өзінің бірге туған бауырлары ол кісіні көөөөп ұрсады! Жолдасымның достары мені мақтағанда күйеуімінің танауы желбіреп-ақ кетеді енді.
Оте керемет!!!Онериниз болганы жаксы гой,озгелердин созин кайтпексиз бастысы жарыныздын калауы болса болды емес пе!!!Сизге кызыгып-ак отырмын,Алла жануянызды жамандыктан сактагай, ал сиз ешкашан озгенин созине ман бермей жан калауынызбен омир суриниз,Санек женгей!!!