Қазіргі көзмоншақтар қолдан жасалған

Әсілі бала қолды-аяққа тұрмай шырылдап жылағанда «тіл тиді ме екен…» деп жатамыз. Кішкентай баланың өңіріне «көз өтпесін» деп көзмоншақ қадап қоятынымыз бар. Жалпы, тіл-көз деген не? Көзмоншақ қайдан шыққан? Айдар мен тұлым деген не? Кекіл жайлы не білеміз?

Қазіргі көзмоншақтар қолдан жасалған 

Көзмоншақ тіл-көзден сақтайды

Қазақ халқы – ежелден ерекше балажан халық. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деп, дүниесі түгел, қызығы мол базар секілді, балалы үйдің шаттық қуанышы да, байлығы да бала екенін меңзейді. «Артымда тұяғым қалсын, шырағым сөнбесін, түтінім түтеп, әулетім жалғассын» деп армандайды. Қазақтағы өте ауыр сөз – «қубас» атану. Сондықтан төрт құбыласын түгендейтін ұрпақтың өмірге келуін құдайдан құлшынып тілеген. Баласы қанша болса да көп көрмеген. «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деп әр бала өз несібесімен келетінін айтады. Шындығында да солай, Жаратқан иеміз ешкімді үлессіз қалдырмайды. Ырымшыл халқымыз тіпті балаларының санын бадырайтып айтпаған. Біреу сұрай қалса, «4-5 жаман қара бар ғой» деп сырғыта салған. Сұраған кісі де ары қарай қазбаламайды екен. Ұрпағының көбеюіне, өсіп-өніп жетілуіне зор мән бергендіктен болар, балаға қатысты ырым-тыйым, дәстүрлер де жетерлік. Кейбіреулерін ғана атап айтсақ, кішкентай балаға тіл-көз тимесін, сұқ өтпесін, назар түспесін деп олардың баскиіміне үкі, жыланның қураған басын, көзмоншақ қадап, тұмар тағып қоятын болған. Көпшілік бар жерге апарғанда маңдайына күйе жағады. Балаға үкі тағу бүгінде жоқ деуге болады. Ал көзмоншақты қадап жүргендерді жиі кездестіреміз. Алайда қазіргі көзмоншақтардың бәрі қолдан жасалған. Дегенмен ақ ниет, ізгі тілекпен қолданса, оның да септігі бар. Ал шынайы көзмоншақ деген кез келген жерде жататын, оңай табылатын зат емес. Оны дария мен өзен-көлдердің жаға-жиегінен іздейді. Толқын ұрып шайып, жып-жылтыр болған кішкентай домалақ қарасұр немесе қара тастың бірнеше жерінде ақ дақтары болады. Мұндай тас адам көзінің ағы мен қарасының нышанындай болғандықтан былайғы тастардан өзгешеленіп, тылсымдау көрінеді екен. Сол ерекше тасты зергерлер шеберлікпен әдемілеп теседі де, ұл балалардың баскиіміне немесе киімінің өңіріне қадап қояды. Ал қыздардың көзмоншағын көбінесе күміске бекітіп, бұралмалы бау жасап сәндейтін болған.

Қазіргі көзмоншақтар қолдан жасалған

Жас балаларға қатысты «көз тию», «тіл тию», «сұқ өту», «аш кіру» деген сөздер негізсіз шықпаған. Әр адамның бойында әртүрлі деңгейде биоөріс, көзінде от болады. Қазіргі тілмен айтсақ, энергия, аура бар. Адамдар сәбиге ешқандай жамандық ойламаса да, көзіндегі назар күші балаға беріліп, кішкентай бала  оны көтере алмай, ауырып қалады. Қызуы көтеріледі, іші өтеді, құсады, жылап жүдей береді дегендей, балаға ауырлық түседі. Тәжірибелі әжелер мұндайда не болғанын бірден түсініп, баланы таза сумен ұшықтайды, тұзбен аштайды, адыраспан мен арша түтіндетіп аластайды. Қазір осындай ем-домды халық емшілері қайта жаңғыртып қолданып жүр. Бір таңғаларлығы, осындай ырымдардан кейін бала бірден жеңілденеді, Әжелеріміз немерелерінің маңдайына күйені де білгендіктен жаққан. Өйткені адамның көзі бірден балаға емес, маңдайындағы күйеге түседі де, көз өту қаупі әлсірейді. Үлкен аталар мен әжелер сәбиге өте еміреніп қарауға тыйым салған. Өздері немерелерін қанша елжіреп жақсы көрсе де, «ой, жаман, сұрың бар болсын…» деп еркелетіп жатады. Алты алаштың ардақтысы болған менің қайын атамның көзінің отты әрі жанарының тым өткір болғанын жұрт біледі, аңыз етіп айтады. Атам марқұм ешқашан балаларды сүймейтін, көзіне тура қарамайтын. Өте бір еркелеткенде «жақсы бала екен ғой өзі, адам бол» деп арқасынан қағып не басынан сипайтын. Тіпті өзінің жалғыз немересі Ержанды сүйген емес, тек маңдайынан иіскеп, бауырына қысып қана қоятын. Бұл атаның жас балаларды ұнатпағандығынан немесе қаталдығынан емес, «ауыртып алармын, зияным тимесін» деген аталық парасаты екен. Әлі күнге дейін ел ішінде үлкен кісілердің балалардың қолынан сүйіп, маңдайын иіскеп өз көңіл-ниетін білдіру сақталған. Осы күні кішкентай балаларын көтеріп базар аралап жүрген жас келіндерді көргенде жүрегім сыздап кетеді. Олар тым болмаса сақтану шарасын, ырымын жасамай, бейқам жүреді. Әсіресе Алматының «барахолкасы» мен көк базарында кім жоқ дейсіз?! Ондай жерлерде алуан ниетті, сан түрлі мінез-құлықты, неше түрлі биоөрісті пенделер бар емес пе?! Адамдар көп жиналған жерге баламен барғанда немесе базар аралағанда балаңыз ешқашан баскиімсіз жүрмегені дұрыс. Содан кейін жоғарыдағыдай орындарға барып келген соң, шаршады деп ұйықтата салмай, міндетті түрде суға түсіріп, жуындырып алған жөн. Әртүрлі себептермен шомылдыру мүмкіндігі болмаса, тым құрығанда беті-қолын жуыңыз. «Таза болсаң судай бол, бәрін жуып кетірген» деп халқымыз тегін айтпаған. Тіршіліктің төрт негізінің (ауа, су, от, топырақ) бірі саналатын судың қасиетін тәптіштеп айтпасақ та түсінікті…

 Зейнеп АХМЕТОВА

Суреттер: Интернеттен алынды

17 thoughts on “Қазіргі көзмоншақтар қолдан жасалған”

  1. Ешқандай моншақтар ешқандай жамандықтан еш уақытта сақтай алмайды. Жамандықтан сақтану, көз тию және т.б. сақтану үшін қол жайып тек Алладан ғана көмек сұрау керек. Құранның 112, 113, 114 сүрелерін оқып Алладан ғана көмек сұрайық. Алладан басқадан көмек сұрау Аллаға серік қосушылық, ал серік қосқанды Алла еш уақытта кешірмейді. Сол сияқты қайдағы бір ағаш немесе жанды да жансыз бейнелер ешкімге көмектесе алмайды. Оларда ондай құдырет қайдан болсын.ол ағаштарды да басқаны да жаратқан Алла!

    Жауап беру
  2. Гүл, бұл жерде қазақтың салтына қатысты әңгіме айтылып тұр. Сенің пікіріңді Алланы танып-білген бабаларымыз «Құдайсыз қурай да сынбайды» деп бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеген. Сондықтан салт-дәстүрге қатысты дүниеге дінді тықпалаудың түкке қажеті жоқ. Алдымен – ұлттың ұлттық құндылығы, сосын – дін. Сондықтан бірін-бірімен араластырып, оқырманды шатыстырудың түкке қажеті жоқ деп ойлаймын…

    Жауап беру
  3. Негізі бурыныракта омірден откен ата-бабаларымызды дінсіз, санасыз отті деп айталмасымыз анык деп ойлаймын! Осы моншакты, т,б таккан да бірінші айткан создері БІССІМІЛЛА болган, сосын менін колым емес періштенін колы, Кудай озін шипасын бер деп жасаган! Арине Алладан баска танір жок екендігі акикат! Казакта болган ырым-тиымдардын кобісі пайдалы екенін де айта кеткен жон болар!

    Жауап беру
  4. Гул дурыс айтады, исламда дуалау жане коз, тiл тию дгн бар нарсе, бирак буган карсы окитын арнайы дугасы и фалаh, нас сурелери бар. Сондыктан ырымнында жаксы жаманы бар. Мынандай Алла алдында кеширилмейтин кунага апаратын ырымдарды тастау керек.

    Жауап беру
    • Салт-дәстүр мен діни түсінікті шатыстыратын адамдарға мұны түсіндіру қиын. Сондықтан өз отыңның басында ырым-танымнан аулақ болып, жалпы тұтас бір халықтың әдет-ғұрыпына «тиіспей-ақ» қой, жарай ма? )))))

      Жауап беру
  5. Казак халкы Ислам динименен жетилип келе жаткан ел бурыннан-ак. Ал коз моншак деген тылсым кушке ие зат емес жане ол биреуди сактайды немесе,Алла тагалага серик косу дегенди билдирмейди, ата- бабамыз адеми,ашекей буйым менен коз моншакты журттын назары баланын суйкимдилигине емес бир караганда сол буйымдарга туссин деген ниетпен таккан, ал турки тектес халыктардын тарихында болган «дастурге» дин аркылы «жалган жала» жауып,каралаудын тукке кажети жок деп ойлаймын.Макала оте тусиникти тилмен жазылган гой,сондыктан Аллага карсы шыгу,серик косу деп «айкайлаудын» кажети жок,бари де адами пигыл, тусиник- пайым,ниет аркылы болатын нарселер.Козмоншак таксак, калтамызга тас салып журсек, мени аман алып калады не болмаса омирим осы тастар аркылы шешиледи деп ойлаудан гори тил-коз осы заттарга тисин деген оймен таккан бек дурыс болар еди,ага-апкелер!!!!

    Жауап беру
  6. шынымды айтсам, мен бұған сенемін, себебі, кішкентай кезімде маған тіл көз көп өтетін де, ал мамам тағып қойған көз моншағым байлаған жерінен түсініксіз шешіліп шашылып қала беретін… ал намаз оқитын апам, мені көрген сайын қиып тастайтын, қайдағы бір жіп пен тас сені қайдан қорғайды деп. әркімнің өз пікірі бар.

    Жауап беру
  7. Салеметсiздерме. Аллага серiк косу деген бiр баска, ол деген путка табынып, путтан тiлегендердi айткан. Мысалы таска сиынып, перзент сурап, немесе армандарын тiлегендердi, немесе мына тумардын аркасында жолым болады, омирим узарады деген ойлар Аллага серiк косу деп осыны айтады. Сактансан сактаймын деген созде бар. Ягни куйе жагу, укi тагу дурыс. Себебi козi бар адамдардын назары бiрiншi сол укi немесе коз моншакка туседи. Сол себепти таккан. Сол укиге карап ешкiм сиынып жаткан жок. Бурынгы ата бабаларымыздын барi осыны колданган. Сонда оларды дiнсiз дей алмаймыз.

    Жауап беру
  8. Қазақ халқының Батыр ұлдарының бірі- Бауыржан атамыздың келіні болу бақытына ие болған Зейнеп апайдың мақаласы тәрбиелік, танымдық жағынан өте дұрыс жазылған.
    Нәрестесіне көз моншақ тақпайтын аналар жоқ шығар. Бойжеткен қызына
    басына үкілі бөрік, неше түрлі моншақтардан тізілген жәкет пен бүрмелі көйлек кигізген ата-бабаларымыз да өсіп келе жатқан жеткіншегін тіл-көз, сұқтан сақтаған.

    Жауап беру
  9. Мақаланы толығымен қолдаймын! Лайым осындай көреген, дана аналарымыздың қатары көбейгей! Көрген-білгенін айтып, кейінгі ұрпаққа өсиет етіп қалдырып жатырған мұндай кісілердің айтқанына қарсы шығып, өзіміздің нақты көзіміз жетпейтін, толық байыбына барып біле бермейтін дүниелермен дәлелдеуге тырысқанша, бірнәрселер алып, соны ары қарай зерттегенге не жетсін?! Әрине, барлық жер бетіндегі бүкіл жаратылысты жаратқан бір Алла. ғана. Жаңағы жоғарыда айтылған теңіз жағасынан табылатын ерекше тастарды да, тіл-көз тиюден қорғану үшін түсірілген аяттарды да. Менің ойымша, көз моншақтар болсын, аяттар болсын бұлар – Алла жіьерген қорғанудың тәсілдері! Қай әдіспен, қалай қорғансаң да әйтеуір әрекет етіп, ниеттену! Ал күйе жағуды әдемілеп, қазақша, түсінікті тілмен «Адамның назарын, көздің энергиясын алғашқы аудартатын құрал» деп жазған ғой??! Осы нәрсені тереңінен ұғынып, басымыз жетпесе көреген бұрынғы ата-әжелеріміздің жасағандарын зерттеп, байыбына барып алған соң ғана өз пікірімізді айтып, жастарға пікірлеріңізді жарияласаңыздар дұрыс болар еді, қанша жұрттың санасын уламай. Онсыз да қазір неше түрлі діннің атын жамылып /әсіресе өз салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды теріске шығарып/, халқымызды небір нәрселермен үркітіп жатырғандар да жеткілікті ғой! Қалай болғанда да ата-бабаларымыз ешқашан да теріс, бұрыс нәрселерді жасап, оны өз ұрпағына қалдырмаған шығар??! Не қазіргі технлология мен әртүрлі ағымдардың дамыған заманында біз ғана білімді болып, олар білімсіз болып еріккенне қалдырған болса, қазіргідей саналы да, мықты ұрпақ дамымас еді ғой?!! Әр адамның пікірі, жалпы әр адамның өзінің маңызды екенін ескерсек, өз пікірімізге, айналамызға тарататын сөз, өсиетімізге абай болсақ екен. Қоғам адамнан тұрады ғой. Сол себепті әрбіріміздің пікіріміз маңызды, себебі біраз адамға ықпал етеміз. /қай салада, қай тақырыпта болмасын/ Не болса да ұлттың рухын төмендетпейтін, өз халқымызды жік-жік етіп бөлмейтін, жастардың өресін өсіретін, жер бетіндегі әрбір халыққа тек жақсылық, бірлік сыйлайтындай, көңілдерін тыныштандырып, өздерінің терең тұңғиықтарын түсініп, сол үшін Жаратқанына ризашылығын білдіруді есінен шығармайтындай пікірлер таратып, ең бастысы өзіміз үлгі бола білсек екен деген кішкене тілегім бар. Меніңше, дін деген, сенім деген осы секілді.

    Жауап беру
  10. мумкин зейнеп апай бир елдин дана келини болар.бауыржандай атанын келини де ести болмак керек.бирак ол кисинин де билмеген бир токсан тогызы бар шыгар.сол кателигинин бири осы макала.егер ол киси диннен хабары болса коз моншактында кесирин билуи керек еди. периштенин коздин бейнесинен коркатыны, коз моншакта Аллах тааллага серик косу емеспе….аш баледен,каш бале демекши озин билсен болды жонине отыр демексинго.дегенмен билгенинди де болиспеуде куна!

    Жауап беру
  11. коз моншак деген ол кудайга серик косу деген соз! ол дегенимиз оте ауыр куна!кудай серик косу дегенимиз ол гадалка,бал аштыру, баксыга бару ,мандайга куйе жагу ! курметти жамагат ондай усак туйекке сенбениздер тек кана бир АЛЛАга сенеик!

    Жауап беру
  12. Е адамдар, Аллах ка серик косу ол аруактарга сыйыну, тас мусинге сыйыну, турли аталарга сыйыну деген соз, ашып айтайык оны мойындайык, ал куйе жагып кою, немесе козге тусетин бир тас моншактарды байлау, кекил кою, кызыл жип байлау ол Аллага серик косу деп тусинбейк акымактарым, ол коз назарын аударту, ал моншак таккан, куйе жаккан адамдар куйе,моншак мени коргайды деп тусинбесин, иа ол тек кана коз энергиясына кедерги, олар тек сактану, иа сени Аллах кана коргайды, сен тек сактана бил, жане сактан

    Жауап беру
  13. Кеш жарык, Казак ели.Бизди жараткан ием Алла тагала екени баршага акикат.Ал аршамен аластау немесе бети колды сумен жуу деген сиякты казактын ырымдары ертеден урпактан урпакка жалгасып келе жатыр.Ал суды- тил козден сактау дугасымен,»Ал-Фатиха» суресимен т.б дугалармен окып»Гусыл «куйыну деген куранда да кездеседи.Сактанганды аллада сактайды.
    Арбир ауру да, жаман энергияда ар адамнын пейилине байланысты,Улкенди сыйлап,отирик осектен аулак болсаныз,Алла тагаладан бала-шаганыздын амандыгын тилеп журсениз,содан аскан ем болмас.

    б
    .

    Жауап беру
  14. Казирги имамдар осыган карсы шыгып отыргандар,тек акшаны ойлайды Алланы емес..бари бизнесмен шетинен,карсы шыгып отыргандарын карашы..ата бабанды ултымызды сыйлап уйрендер черттар, барлык жастарды улап битти терис диндеримен…ораза устап дәл биткен куни арак ишип,талайын кордик кой..оразаны мода ушин устагандар..Ең басты Алла журектеринизде болсын!

    Жауап беру

Leave a Comment