ҚАТЕ ҚИЫЛҒАН НЕКЕ: БІЗ НЕГЕ БАСҚА ЖҰПТЫ ТАҢДАЙМЫЗ

қате

Біздерге жан жақты жарасымды қатынаста барлығы да жеп жеңіл болуы керек сияқты болып көрінеді. Жұбайлар бірін бірі емеурінен танып түсінісіп, талғамдары мен көзқарастары бір біріне сай келуі керек деп есептейміз. Махаббат туралы бұндай романтикалық көзқарастың апарар жері – айырылысу. Тағы да қандай қателесулер қатынастың үзілуіне әкеліп соқтыруы мүмкін, некенің бақытты болуы үшін ең мәні үлкен не нәрсе болып табылады? Осы туралы философ Ален де Боттон әңгімелейді.

Қателесіп некелесу – біздің басымызға тууы мүмкін ең қорқынышты оқиға. Біз оған ұрынбау ұшін бар күшімізді саламыз. Десек те біздер әртүрлі себептермен оған ұрынуға мәжбүр боламыз

Біреумен жақындасарда мені түсінбей қалуы мүмкін – ау деген қорқынышты күдік – сол себептердің бірі. Біздер тек сырымызды онша жақсы білмейтіндер үшін ғана жөнді адам болып көрінетініміз рас. Біздің қоғамнан гөрі өзін саналырақ санайтын, данарақ қоғамда алғашқы кездесудегі әдеттегі сауал – «Сен қаншалықты дәрежеде ауышсың (психсың) ?» – деген сөз болуы керек. Мүмкін сіз ашулануға бейім, өз пікіріңізбен келіспеген адамға Везувий жанартауындай лақ етіп атылып, тып типыл етуге дайын тұратын жасырын дүлей мінездің иесі шығарсыз. Әлде сіз төсек қатынасында қысылғыш, немесе өзіңізді біреу қорлаған жағдайда үндемей қалуыңыз қиынға түсетін адам шығарсыз. Ешкімнің де төрт құыласы түгел болып тұрмайды.Барлық мәселе біздің үйленбей тұрып өзіміздің кемшіліктеріміз бен олқы жақтарымызды зерттеп, зерделей алмауымызда. Өзіміздің кемшіліктеріміз ашылған сайын біздер жұбымызды кінәлаймыз да, онан соң кемшіліктер туралы да, жұбымыз туралы да, ешнәрсе болмағандай, оп оңай ұмытып кете береміз.

Ал, достарымыз ше, деп сұрарсыз сіз, егер бірнәрсе олай болмаған жағдайда олар айтады ғой. Олар біздің сауатымызды көтеріп, жұбымызды қала берді өзімізді өзіміз тануымыз үшін, өз көзімізді өзімізге ашып беру сияқты ауыр жұмысты атқаруға міндетті емес. Көп жағдайда олар ренжітіп алудан қорқып, шындықты айтпайды.

Бұл жағынан алып қарағанда біздің жұптарымыздың да бізден асып тұрғаны шамалы. Олардың бойында да өздері жасырып жүрген, немесе өздері де біле бермейтін кемшіліктері жетіп артылады. Алғаш танысқанымызда біздер бір біріміз туралы білуге талпынамыз, қандай адам, немен өмір сүреді, деген сияқты жайларды ұғуға талпынуымыз заңды. Ата-анасымен танысамыз, отбасылық альбомдағы суреттерді көреміз, олардың университеттерде бірге оқыйтын достарымен араласамыз. Осы әрекеттердің барлығы мектептегі үйге берілген тапсырманы оындауды еске салады. Бірақ олай емес.

Шын мәнінде біз түк те біле алмаймыз, немесе тіпті аз білеміз. Сондықтан да некеге тұру, екі әріптес те қолдағы бар мүмкіндіктарін тәуекел етіп бәске тігетін құмар ойыншыға ұқсап кетеді де, барлығы жақсы болатындығына сенді. Солай жасай отырып, өздерінің кім екендіктерін, әріптестерінің қандай адам екендіктерін, олар кім бола алар еді деген сауалдардың жауабын екеуі де білмейді.

НЕКЕЛЕСУ НЕҒҰРЛЫМ ТЕЗ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛСА, ӘРІПТЕСТЕР ӨЗДЕРІН СОҒҰРЛЫМ ҚАУІПСІЗ СЕЗІНЕДІ. ОЙЛАНБАСТАН ЖӘНЕ АСЫҒЫС НЕКЕЛЕСУ БҮКІЛ ҚАТЕЛІКТЕРДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН АҚТАП ШЫҒУҒА ЖОЛ АШАДЫ

Бұрынғы кезде адамдар әртүрлі себептермен үйленген; екі үйдін жер бөліктері қатар орналасқан, ұл әкесі отбасының гүлденген бизнесі, ата-бабадан келе жатқан салтанатты сарайы бар, қыз әкесі – қалалық соттың судьясы, жастардың ата-аналары Қасиетті кітапты түсінуде ниеттес, деген с сияқты. Бұндай некелерде бірге жүріп жалғыздықты сезіну, көзге шөп салу, зорлық-зомбылық, жабық тұрған есік сыртынан айқай меен боздап жылаған дауыстардың естіліп жатуы заңды болатын. Бүгін біздер махаббатқа сйеніп үйленеиіз. Некедегі басты нәрсе – екеуі де жан түкпірінде осы қадамдарының дұрыс жасалғандығына сенімді.Екеуінің арасын теңдесі жоқ құштарлық байланыстырып тұр.Некелесу неғұрлым тез жүзеге асырылса, өріптестер өздерін соғұрлым қауіпсіз сезінеді. Ойланбастан және асығыс некелесу бүкіл қателіктерді психологиялық жағынан ақтап алуға жол ашады.

Біз өзімізді бақыт іздеушілерміз деп есептесек те, бұл жай ғана мәселе емес. Біздің шын мәнінде іздеп жүргеніміз – біздің бақытты болу туралы жоспарымызға игі өзгеріс енгізе алатын басқа бір адаммен байланыс.

Біз ересек жастағы қатынасымызға өзімізге бала күннен етене жақын таныс сезімді қайтарып әкелуге тырысуымызбен тағы да қателікке ұрынамыз. Біз бала күнгі махаббатымызды деструктивті эмоциялармен, бұрмаламай, тіке жеткізетінбіз. Ата-анамызды қызғану. Біздерді жалғыз қалдырып кеткендегі қорқыныш пен көз жасы. Ашуланып тұрған ереесек адамға көмектесуге тырысу. Ата-ана қолдауының жетіспеуі. Өз ашуыңнан өзіңнің қорқуың.

Осының барлығы жиналып келіп, біздің кейбір жар болуға үміткерлерден, олардың жаман болғандығынан емес, олардың әсіре турашыл, мінездері әсіре салмақты, есейген, адамды түсінуге талпынып түсіне алатын, кез келген істе сенімді болғандығы үшін, бас тартуымызға итермелейді. Бұндай адамдар біздің жүрегімізді лүп еткізе алмайды. Біздер бұлармен тағдырымызды байланыстыра алмаймыз, себеебі біздің ұғымымызда «сүйікті болу» «бақытты болу» деген ұғыммен ұштаса бермейді.

Біздің қателік жіберуіміздің тағы бір себебі – жалғыздық . Жалғыз өмір сүру жалықтырып жіберген жан жар таңдауда дұрыс шешім қабылдай алуы қиын. Жар таңдауда жаңылмас үшін жалғыздық жүктейтін қиындықтың бар ауыртпалығын арқалауға дайын болардай мойынсұну керек. Олай жасамаған жағдайда біз алғашқы кездескен адамның мойынына асыла кетіп, өзімізді бақытсыз некеге кіріптар етуіміз мүмкін.

Әдетте біз тұрақтылық пен жайлылықтың жанға жылу сыйлайтын сезіміне орану үшін үйленеміз. Неке біздің алғашқы күндердееен алған әсерлерімізді ұзарта түсердей көрінеді. Сол әсерлердің мерзімін тұрақты, үзілмейтін ету үшін некеге тұрамыз. Бірақ алғашқы кездесу мен некелік байланыстың арасында екеуін біріктіретін байланыс жоқ екендігін ұға алмаймыз. Шын мәнінде қалай болады? Неке, немесе үйлену бізді жауапкершіліктердің барлығы араласып, шатасып кеткен жаңа биіктікке көтереді; құштарлықты буындырып өлтіретін ипотекалық несие, күнделікті қарбалас және балаларға қамқорлық сыяқты қашып құтыла

алмастай қамалға қамайды. Бұл жердегі жалғыз, мәні аса жоғары (ингредиент) қоспа – сіздің қосағыңыз. Бүкіл шөлмектегі құнды сусынның бір қоспаның дұрыс болмауы салдарынан іске аспай қалуы да мүмкін ғой.

Бұдан шығар жол бар ма? Жақсы жаңалық: егер біз өзіміз іздеген адамымызды жолықтыра алмағандығымызды мойындай алсақ, жоғарыда айтылған бар мәселе мәнін жояды. Бірақ сіздің талабыңызға сай келіп, барлық тілектеріңіз бен қажеттіліктеріңізді мүлтіксіз орындауға дайын тұратын басқа адам, басқа жерден табылады деген үмітті малданып ажырасуға болмайды.

Бізге романтикалық көзқарастан ажырап мыфна мәселелерді мойындауымыз керек: барлық адамдарда ашу болады, олар бізді ренжітіп, тіпті өздерінен үміт үздіріп жіберуі мүмкін. Біздің әрқайсымыз соларға ұқсап, жаман ойымыз болмаса да олардың істегеніндей әбестікке жол беруіміз мүмкін. Кемшіліксіз пенде жоқ. Бірақ осы айтқанымыз ажырасуға негіз бола алмайды. Өмірлік серік таңдағанда,жұбымызбен жан жақты жарасымды сәйкестік бере алатын некеге барар жолда, біз онымен бірге тататын бір пұт тұзымыздың дәмі қандай болатынын болжай алмаймыз.

КӨҢІЛДЕГІДЕЙ ӘРІПТЕС ДЕГЕНІМІЗ, БАРЛЫҚ ТАЛҒАМЫ МЕН ТАЛАБЫ СІЗДІКІМЕН БІРДЕЙ БОЛЫП КЕЛЕТІН ЕМЕС, СІЗБЕН ПІКІРЛЕСЕ ОТЫРЫП КЕЛІСІМГЕ КЕЛЕ АЛАТЫН ӘРІПТЕС

Осылай деп қорытындылайтын «пессимизм» философиясы көптеген реніштерден қорғап, «мүмкін бұл маған лайық адам емес шығар?» деген күдіктеен құтқарады. Мінсіз адам іздеп әуре болмай, онша жаман емес адам іздеуге тырысыңыз.Бұлай істеу ағаттық болып көрінуі де мүмкін, бірақ осы «пессимизм» біздің романтикалық мәдениетіміз некеге артатын ауыр салмақтан құтқаратын бірден бір жол. Егер некедегі әріптесіміз бізді

жалғыздықтан құтқара алмаса, бұл оған қарсы қойылатын кінәрат емес және байланысты үзуге желеу де бола алмайды.

Көңілдегідей әріптес дегеніміз, барлық талғамы мен талабы сіздікімен бірдей болып келетін емес (өмірде ондайлар болмайды), сізбен пікірлесе отырып келісімге келе алатын әріптес. Жар таңдағанда, ертегілерде ғана кездесетін ешбір кемшіліксіз, бірінің жетпейтін жағын біреуі толтырып тұратын, қыялдағы елесті емес, осындай адамды іздеу керек. Кез келген келіспеушілікті тез, әрі дау- дамайсыз шеше алу қабілеті тек қана «онша жаман емес адамның» қолынан келеді. Сыйысымдылық – бұл сідердің өзара қатынастағы қол жеткізген биігіңіз, қорытындыңыз. Сыйысымдылық қатынас басталар кезде болмады деп, оны іздеу орынсыз.

Біздер үшін романтизм философиясы өте тиімсіз.Бұл ашушаң әрі қатыгез философия. Осы философия үшін некедегі көп мәселе бізге естен тандырарлық және тұрпайы болып көрінеді. Сол үшін де біздер барлығы кинодағыдай жанға жайлы бола алмады деп, біздің некедегі одағымыз, өзінің кем кетігімен және кедір бұдырымен –қателік болып шықты, оны үзуіміз керек деп шешеміз.

Одан гөрі, бойындағы бар кемшіліктерімен, «ол адам емес», «дұрыс адам емес», сіз ұнататын рок музыкаға емес, поп музыканы сүйетін адаммен бірге тұруға алдын ала әзірленгеніміз дұрыс болып шықпай ма? Олай жасағанда сіз бүкіл проблемаларға қарапайым көзқараспен – түсіністікпен, юмормен қарай алар едіңіз. Сонда сізді «некем ойдағыдай болмады-ау» деген ой мазаламайтын болады.

Жауынгер ме ғалым ба

Гендердің түңіліс пен торығуға (стресске) ұстамдылық қасиетіне байланысы қандай

Егер сіз кез келген торығу мен түңіліс бақайынан да келмейтін генетикалық «мықты» болып тумасаңыз, жолым болмады деп есептейсіз бе? Өзіңіздің генетикалық ыңғайлылығыңызды білу және оның осал жақтарын мықтай түсу үшін не істеуге болады? Осы сауалдарға генетик Валерий Ильинский жауап береді.

Генетикалық тестілеу біздің қандай аурумен ауырып қалуымыз мүмкін екендігін, өмір сүрудің қандай жолын таңдауымыз керек екендігін, спорттың қай түрімен айналысу жинақы жүруімізге тезірек ықпал жасайтындығын айтып бере алады. Genotek медицина-генетикалық орталығының зерттеушілері өзздерінің 2500 тексерілушілерінің ДНК тестілерінің нәтижелерімен таныса отырып, олардың арасынан 76 пайызының бойында торығу мен түңіліске тұрақтылық (шыдамдылық) гендері бар екендігін анықтаған. Ал қалған 24 пайызының бойында дәл сол гендердің, түңіліс пен торығуға тұрақтылықты әлсіретуге ықпал жасайтын, мутацияға ұшыраған түлері бар екендігін көрген.

Бұдан қандай қорытынды шығарып, нәтижелерімен не істеуге болады?

Psychologies: 24% – бұл аз көрсеткіш емес, әрбір төртіншісі деген сөз. Бұндай ерекшелік адамдар өміріне қандай әсер етеді?

Валерий Ильинский: Біздер айтып отырған СОМТ гені мыйдағы жүйкелік импульстердің берілуіне жауапкер. Нақтылап айтсақ- белгілі бір ферменттің көмегімен дофаминнің, адреналиннің және норадреналин сыяқты нейромедиаторлардың деңгейін реттеп отырады. Ал енді, кейбір адамдарда осы ферменттің белсенділігін 40 пайызға төмендететін мутация табылып отыр. Бұл олардың

мыйлары жағымсыз, келеңсіз стимулдарға қаттырақ әсерленеді: ондай адамдар тереңірек сезінгіш, ұялшақ, қәуіп-қатерден аулақ жүреді, дау жанжалға жақындамайды деген сөз.

Бұл өмір сүруге кедергі келтіретін «ақау» деп айтсақ бола ма?

Мен олай деп айтпас едім.Жай ғана, қысылтяң шақтарда олардың сабыр сақтап, өзін өзі ұстауы қыйынырақ болады. Есесіне бейбіт жағдайда, олардың оқуда, әлеуметтік бейімделуге икемділік жағынан көптеген артықшылықтары бар.

Нақтырақ айтсақ?

Олардың есте сақтау қабілеттері жақсы, оқуға деген қабілеттілігі жоғары.Жалпы СОМТ гендерінің нұсқалары бойынша адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады: шартты түрде «жауынгерлер», бұлар оқуға икемсіз, есесіне көп қорқа бермейді, ауыртпалықты жақсы көтереді, екіншілері күйзеліске шыдамсыз болып келетін «ғалымдар», олар тыныштық жағдайда дұрыстап ой қорыта алады және мәселені шешуде тапқырлық таныта алады.

Не десек те, күйзеліс пен торығуға төзімділік мәндірек болып шығатын тәрізді. Кез келген бос орынға қызметке орналасқысы келген үміткерге қойылатын талаптарды талдап қарасақ – күйзеліс пен торығуға төзімді болу талабы алдымен айтылады.

Солай екені рас, бірақ қатаң талаптармен жүргізілген келіссөздерде, тез әрі шұғыл шешім қабылдау керек кезде және бастығының қоятын талабын тұрақты түрде сезіну барысында генетикалық «ғалымның» жұмыста жүйкелік тоқырауға көбірек ұшырайтынын естен шығармауымыз керек. Есесіне олар жаңаны тез игеріп үйреніп ала алады, клиенттер мен әріптестердің көңіл күйін бірден сезініп, келіспеушілік туындаған жағдайда екі жаққа да ыңғайлы шешім ұсына алады.

Айталық, менен геннің белгілі бір нұсқасы табылған жағдайда, әрмен қарай не болады? Егер мен «ғалым» болып шықсам, авиадиспетчер болып жұмыс істеуіме болмай ма?

Адам СОМТ генінің кез келген нұсқасымен әуе диспетчері қызметін атқара алады. Тек «жауынгерлерге» жадысын дамытып жақсартуға талпыну, ал «ғалымға» күйзеліс пен торығуға төзімділік қасиетін ұштай түсу керек. Сондықтан да гендерді негізге ала отырып, мамандыққа бейімдеу ісін таза күйінде жүзеге асыру мүмкін емес, бұған қоса адамға алған тәрбиесі, ұстанатын күн тәртібі, ішкен асы, өмір сүру салты, өткеннен жинаған тәжірибесі көп ықпал етеді.

Олай болса, өзіңнің күйзеліс пен торығуға ыңғайланып жаратылған, генетикалық дәрежеде бекітілген сезіну бағдарламаңды білудің қажеті бар ма? Бұлай жасау адамдарды тежеуге әкеліп: олардың жауапкершіліктен, үлкен әрекеттер жасаудан, кез келген ауыртпалықтан қашқақтауына әкеліп соқтырмай ма?

Біздерде ата-аналар өздерінің балаларына арнап жасататын «Таланттылық және спорт» деп аталатын ДНК тест бар. Осы тестте біз СОМТ генін де қоса зерттейміз. Себебі СОМТ гендерінің ерекшеліктеріне әсер етіп ықпал жасау, әсіресе балалық шақта нәтижелі болып шығады. Өзіңіз, немесе психологтың көмегімен баланы қысылтаяң сәттерде дұрыс шешім табуға, өзі жасайтын әрекеттерді дәл анықтауына, жүйкелік жабырқауды жою тәсілдерін игеруге үйретуге болады.

Осы тәсілдерді үйрену пайдалы екендігін ересектердің өздері де мойындайды. Торығу мен түңіліс генетикалық ерекшеліктеріне кері әсерін тигізетіндігіне көздері жеткен кейбіреулеру өздерінің үйреніскен сүйікті жұмыстарын ауыстырған кездері де болды. Ал кейбіреулер, керісінше, осы мәселеге тұңғыш рет көңіл бөліп түңіліс пен торығудан шығу жолдарын игеріп,нәтжесінде өз өмірінің сапасын жақсартып, жұмыс істеу қабілетін көтерді.

Стресске реакция мәселесіне мән бере қарауды үйренген адамдар өздерін бақыттырақ сезінуге мүмкіндік алады.

Тәрбие, мәдениет, ортаға салыстырғанда, генетиканың психологиялық тұрақтылыққа әсер жасауы қандай дәрежеде?

Адам геномында жиырма мыңға тарта гендер бар болса, ал психика ондаған аспектілер мен мінездерден құралады. Сондықтан өлшеуге болатын нақты, атап айтсақ жұмыстағы ресми және ресми емес лидерлік ролі сыяқты, салыстыруға болатын параметрлер алынады.

2006 жылдың мәліметтері бойынша бұл мінез 30% дейін генетикалық жолмен берілетіндігі дәлелденген.Түңіліске тұрақтылыққа гендердің тікелей әсері туралы СОМТдан басқа жеткілікті көлемде жыйнақталған деректер жоқ: бұл іске басқа гендер де үлесс қосады, олардың өзара байланысы әлі зерттеліну үстінде.

Анықтама

Ген дегеніміз ағзадағы белокті кодтап (кодировать) басқа да қызметтер атқаратын ДНК ның белгілі бөлігі.Бір геннің бірнеше нұсқада кездесуі жиі болады. Бұндай жағдайда олардың жұмыстары да әртүрлі. Мысалы ұйқы безіндегі инсулиннің бөлінуіне әсер ететін генді алайық. Оның бір нұсқасы бұзылса, глюкозаны сіңіріп бұлшықеттерге бауырға нәр берудің орнына ұйқы безінің жасушалары істен шығып инсулин бөліну мүмкін болмайды. Геннің бұл нұсқасы қантты шыжың мен диабеттің алғашқы түрінің дамуына әкеліп соқтырады.

«Спортпен айналысу үшін ерік күші қажет»

Сіз спортзалға жазылдыңыз, бір ай өткен соң жаттығуларға қатынаспауды бастадыңыз, екі ай өткенде әрмен қарай айналысуды тоқтаттыңыз. Таныс жағдай ғой? Жақындарың мен достарыңыз сізге: «Сенде ерік күші жетіспейді»,- дейді.

Мүмкін дейік. Бірақ психологтар спорттағы осы

қарамақайшылықтардан басқа себептер көреді.

Ресейліктердің басым көпшілігі спортпен айналысады. «ВЦИОМ Спутниктің» жүргізген бүкілресейлік сауалнамасының анықтауы барысында денсаулығы жарамды ерлер мен әйелдердің арасында спортпен айналысатындардың саны (2015) соңғы екі жылда 61%дан 76% ға жеткен. Ал, 18-24 жастағылардың арасында 97%. Әр күз сайын біздер денемізді жинақыландырып, сергек жүруге дағдыланамыз деген сеніммен, салауатты өмір салтын ұстанамыз деген оймен спорт алаңдарына, фитнес -клубтарға қайта келеміз. Біз көңіл қойсақ, барлығы да қолымыздан келетіндігіне сенімдіміз.

Өкінішуе орай, көбіміздің игі о-ниетіміз қазан айына жетпей-ақ сарқыла бастайды. Тіпті, спортпен айналысудың аса қажет екендігін сезіне тұрып, өзімізді спортпен айналысуға мәжбүрлеуге шамамыз келмегені ме, сонда? Бұның себебін М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу университеті психология факультетінің аға ғылыми қызметкері, IntuEat интуитивті тамақтану орталығының психотерапевті Ангелина Чекалина:- «Уәждеменің (мотивация) жетіспеуінен ,- деп түсіндіреді. – Егер сізге айналадағыларға сіздің тұлғаңыздың ұнауы, немесе салмақ тастауыңыз мәндірек болса, сіз спортпен сыртқы түріңізді өзгерту үшін ғана айналысқан болсаңыз қызығушылығыңыз біртіндеп азайып кетеді. Ал енді мақсатыңыз денсаулықты жақсарту, көңілкүйіңіздің көтеріңкі жүруіне бағытталса, онда сспортпен айналысуды жалғастыру жеңілге түсседі.

Мәселе біздің психикамыз үшін айналысатын ісіміздің пайдалы екендігін түсініп қана қою жеткіліксіз екендігінде. Өзіңіз таңдап

алған дене тәрбиесімен, ол жүгіру, айкидо немесе, жаттығу залындағы тренажерлар болсын олардан сіздің өзіңізге ұнайтын бір ерекшелік табуыңыз керек,- дейді эксперт,-ола болмаған жағдайда

жанға рахаттану сезімін оятатын нейромедиатор болып табылатын дофамин бөлініп шықпай қалады. Бұлай болуы спортпен айналысу қызықтырып тұрса да, оның қажеттілігі онша болмағандағыдай, біздің спортпен ұзақ уақыт айналысуымызға тежеу салады».

ЕҢ БАСТЫСЫ- СПОРТТЫҢ ДЕНЕГЕ ДЕ ПСИХОЛОГИЯҒА ДА ҚАНАҒАТТАНУ СЕЗІМІН БЕРЕ АЛАТЫН ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН КЕЛТІРМЕЙТІН ТҮРІН ТАҢДАП АЛУ

Ал қажет ету мен алға қойған мақсат сай келмеген жағдайда жанға рахат сезімін силай алатын виброплатформа мен топ болып айналысатын су аэробикасының да кестелері ұмыт қала береді…

Бұндай тұзаққа түсіп қалмаудың амалы қандай? Ең бастысы өзіңнің ішкі дауысыңа сүйене отырып, өзіңе түсетін спорт ауыртпалығын есептеп, жаныңа да тәніңе де рахаттану сезімін бере алатын, денсаулығыңа зиян келтірмейтін спорт түрін таңдап алу. Бір сөзбен айтатын болсақ үәждемеміз нақтырақ болуы керек, «менің салмақ тастауым керек» дегеннен гөрі «менің көбірек қыймылдауым керек, маған билеу, велосипед педалін айналдыру ұнайды» деге н үәждеменің көмегі үлкен болмақ.

Егер сізге жүректі жетілдіру жаттығуларын жасауға кеңес берілсе, оларды жасауға көңіліңіз соқпайтын болса, Еркіңізбен күш жұмсауды өзіңізге жасалынатын зорлыққа айналдырудың қажеті бар ма ? – деп сұрайды А.Чекалина.- Жүрек еттерін жетілдіріп, жеңіл тыныстауды қалпына келтіру үшін спорттық жүріс, немесе, жүзумен айналысу жеткілікті болып шығады емес пе?».

СІЗДІҢ БАРЫНША АУЛАҚ ЖҮРУІҢІЗ КЕРЕК БОЛАТЫН АДАМДАРДЫҢ 5 ТҮРІ

Кейбір адамдармен кездесіп араласу ашу келу, түңілу, мұңаю сыяқты жарамсыз эмоциялар тудырып, көңілді көншітпей, бір нәрсе істеуге деген талпынысыңды тежеп тастайды. Бұлай болуы сздің «кесепатты» адамға жолыққандығыңыздың анық белгісі. Ондайларды қазақ «усойқы» десе орыс ағайындар «токсичная личность» дейді тікесінен. Психиатр Ральф Райбек осындай адамдардың 5түрін атап көрсетіп, олармен араласпай, барынша аулақ жүруге кеңес береді.

Кездейсоқ кездескен адамның немесе, өзіңнің әріптестеріңнің де «усойқы» болып шығуы бек мүмкін.Төменде аталынып отырған сипаттардың біреуіне өзіңнің туыстарыңның бірі, іскерлікпен бірге айналысып жүрген әріптесің, немесе жақын досыңның да кіріп кетуі мүмкін. Әрине, бұндай адаммен бірден қатынаспай қою қыйын, десе де өзіңіздің амандығыңыз үшін ол адаммен қатынас жасауды барынша азайтып, жоққа жақындатуыңыз қажет-ақ.

1.Сыншы

Ол барлық әрекеттерден, шешімдерден қателік көріп, мінез-құлқыңды, адамдар арасында өзіңді ұстауыңды, киім кию мәнеріңді сынаудан әсте жалықпайды. Оны тыңдай берсең, өзіңнің, тіпті біп нәрсені де дұрыс ітей алатындығыңа шүбәң келеді. Оның қасында өзіңді түкке алғысыз, әншейін табиғат жарата салған бір қателіктей сезіне бастайсың. Қалай талпынсаңыз да бітірген ісіңіз мандымығандай болып көрінеді де тұрады. Ал, сыншы болса тек ұрыса береді, жаны ашып кеңес бермейді.

Айталық, сіз онымен келісілген кездесуге 15 минут кешігіп қалсаңыз, ол кешіккен себебіңізді сұраудың орынына бас салып: «Сен уәделескен кезде кешікпей келуді білмейтін босбелбеусің! Осыңның арқасында істеген шаруаң шатқаяқтап, кері кетеді»,-деп дүрсе қоя береді. Әңгімені неге кешіккен себебіңнен, телефонмен хабарласпағаныңды сұраудан,бастайтың, жақсы досыңнан сыншының айырмасы да осы әрекетінде. Егер кешігу сіздің

үйреншікті әдетіңіз болса, қалжыңға сүйеп ескертіп, немесе бұдан былай кешікпеудің жолын жылы рәуішпен түсіндіру достың ісі. Ал, сыншыға бұның керегі жоқ. Сізге көмектесудің орнына сізді жер ғып жаншып төмендетіп, осының арқасында өз беделін өсірдім деп ойлау сыншының әдеті. Ескеретін бір жай, сыншы адамның әрекетін емес өзін сынауға бейім тұрады. Балаларына «Сен мынандай жаман қылық істедің»- деудің орнына,-« Сен жаман қызсың» немесе,- «Сен жаман ұлсың» ,- деп айтуға бейім тұратын ата-аналар көбіне сыншының әдетін қайталағандықтарын ұға бермейді.

2. Бәсең агрессор.

Бұл адам сізді немесе сіздің әрекеттеріңізді жақтырмаған жағдайда ашық айтпай, ымбалап, немесе үндемей қою, тағы басқа белгілер беру арқылы өз пікірін білгізуге тырысады. Ол өзінің айтқысы келгенін, сенің ісіңе көңілі толиағанын ешуақытта ашық айтпайды. Сіз өзіңіз түсініп, барлығың өзіңіз түетуіңіз керек деп есептейді. Сауал қойсаңыз ол жұмбақтап, «Өзің көрмей тұрсың ба?» және «Ал сен өзің қалай ойлайсың?», -деп жауап береді. Немесе қағажу көрген жандай күмілжіп: «Бәрі дұрыс, мен ренжімеймін ғой»,-деп жауап береді.

Сөйте тұра агрессор бәріне сен кінәлідей, ара қатынасты жақындатпай өзін ерек ұстайды. Ондай адаммен бірге жүру, жұмыртқа қабыршақтарының үстімен сықырлатып сындырып алмай жүрумен бірдей. Аяғыңызды қалай ептеп аттасаңыз да жұмыртқа қабыршақтарын үгітпей аттап баса алмайсыз.

Сіз ол әйелдің, немесе еркектің не үшін ренжіп, неге дал болып жүргенін анықтай алмастай тұйық шеңберге қамалғандай күй кешетін боласыз. Бәсең агрессордың ойын ұғамын деп жүріп, сіздің жарты өміріңіз өтіп кетуі мүмкін. Бұл сізге қажет пе?

3.Нарцисс

Бұл адам әр кезде де өзіне көңіл бөлгізіп,ел ортасында жүруді қалайды.Ол барлық мәселе туралы бәрін біледі, барлық істе де оған тең келетін ешкім жоқ екендігін үнемі,минут сайын қайталап айтып жүруден қысылмайды. Сіз дің өзіңіз ақылына іссі сай іскер адам болсаңыз да оның қассында қай кезде де екінші қатарда жүруге тиісті боласыз. Ойланып көріңізші, ол сізге керек пе?

Нарцисс қай кезде де айналасындағыларға жоғарыдан төмен қарайды. Сіз онымен жарысып көруіңізге де болады. Бірақ бұл әрекетіңізден түк те шықпайды. Ол өзінің эмоциясын ауыздықтай алмай, өзін өзі төменшіктеп бағалаудан бас алатын ашуы мен ызасын, айналадағыларды жек көруін лақ еткізіп төге салады. Бұл сәтте нарцисстер айналасындағыларды айпып жойпып жұтып жіберуге өзір тұрады.

4. Тас қамал

Бұл адам өзін сіздің досыңызбын деп атай алады. Бірақ мәселе туындай қалса, оның шын сезініп ауыртпалықты бірге көтерісе қоюы мүмкін емес. Ол тікесінен қойылған сауалдарға тура жауап беруден тайсақтай беретіндіктен, сіз, өзіңізге өзіңіз онымен жақын қатынаста болуға лайқты емесс сыяқты көрінетін боласыз.

Ол өзімен араласуға мүмкіндік бермей ғана қоймай, сізді өзіне жақындатпай, ашу-ызаңызды келтіреді. Бұл тәсіл саяси салғыласуларда тиімді болғанымен, достық қарым қатынаста тіпті орынсыз болып шығады. «Тас қамалдың» бұл әрекеті бәсең агрессордың қылықтарын еске түсіреді, айырмашылығы ол сізге ашып ешнәрсе айтпайды. Ол тіпті, бір нәрсе айту қажет деп есептемейді де.

5. Әлеуметтік ортаға қарсы тұлға

Бұндай адамның әрекетінен социопаттың (агрессия мен әрекетіне жауап бере алмаушылық) және жындысүрей психопадтың (басқаның басындағы қиыншылықты ұғына алмау, басқаны өз

пайдасы үшін пайдаланып кету, ашкөздік, қомағайлық, кекшілдік) белгілерін анық байқауға болады. Әлеуметтік ортаға қарсы тұлға (ассоциалный) сол сәтті пайдаланып, өз мақсатына жету үшін басқа адамдардың эмоциясымен ойнай отырып, басқарып кетуге тырысатын психологиялық хамельон деп атаса да болатын тұлға.

Бұндай адам өзінің тұзақтарын шеберлікпен құратыны соншалық, айналасындағылар оның жаман ниеті бар екендігінен де хабарсыз болады. Бұған қоса көпшілік оны жақын досымыз, ойын-тойдың, жиынның гүлі деп санайды. Бірақ, айналасындағылардың сеніміне кіріп алған соң ол, айналасы өз мақсатына пайдалана бастайды. Бұндай жыртқыштық әрекетке қарсы тұру өте қиын болады. Әбден кеш болып, шара қолдануға мүмкіндік болмай кеткенше, айналасындағылар, кез келген дәлелдің өзін жоққа шығарып, ондай адамның жаманшылыққа баруы мүмкін екендігіне сенбейді.

Жоғарыда айтылғандардан өз қасыңызда жүргендердің кейбіреулерін таныдыңыз ба? Танысаңыз, қашып құтылыңыз. Ал егер қасыңыздағылардың барлығы да соларға ұқсайтын болса, олар сіздің қасыңызда неге жүр, сіз оларды қандай қасиетіңізбен қасыңызда ұстап жүрсіз деген мәселе төңірегінде ойланатын кезіңіз келді деп есептеңіз.

ЖҰБАЙЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТЫ ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕЙТІН 7 ҚАТЕЛІК

Ерлі-зайыптылар арасындағы қатынасты жиі бұзатын не нәрсе? Әр жұптың араздастыратын өз себебі және өз түсінбеушіліктері болады деген уәж логикаға сыяды. Бірақ эксперттер қатынастардың ұзақтығы мен ерекшеліктеріне қарамастан қақтығыстарға алып келетін жалпыға бірдей жеті себептің бар екендігін бөліп айтады.

Ажырасып кетуге жақын қалған жүздеген жұптар араға араздық түсірген мәселенің бастауын, тығырықтан шығу, некені бұзбай аман алып қалудың жолдарын сұрап сексологтарға, психологтарға және психотерапевтерге күнбе күн хабарласып жатады. Бір

қызығы: олардың әрқайсысы өздерінің бірге өткізетін өмірін қалай өткізу керектігі туралы нақты жауап алғысы келеді. Оның себебі, бір жағынан алдында бағдардың жоқтығы болса, екіші жағынан өзара қатынастағы жауапкешілікті барынша азайтуға тырысудан.

Бірге өмір кешіп жүріп, жауапкершіліктен қашқақтаудан басқа тағы қандай кедергілерге тап келуге болады?

1. Тұтасқан бітеқайнасқандық (симбиоз)

Қаншама парадокс болса да ең осал одақ – бастапқыда бітеқайнасып кеткендей болып көрінетін, жұптардың бір біріне: көңілдес те, дос та, туыс та, бала да бола алардай жақындасып кеткен одағы.

Олар сызат түспестей бірлігіне араласып, өзгеріс енгізердей бір нәрсе пайда болған күнге дейін елсіз аралда жалғыз қалған жандардай күн кешеді. Бұл балның дүниеге келуі болуы да (бұған дейін бірі үшін бірі күн кешіп жүрген екі адамның өмірін үш адамға қалай лайықтауға болады?), жұбайлардың біреуінің ойында қызғылықты жобаның пісіп жетілуі, көп жағдайда жұбайлардың біреуінің «қажып кеттім-ау» деген ойға бекінуі де болуы мүмкін. Бұл әріптестердің біреуінің көңілі қалып, екішісінің жолым болмады деген ойға бекінуі- тығырықтың бастауы. Көп жағдайда бұндай жұптар бір бірінен бейбіт жолмен қол үзбейді.

2.Ерекшеліктерді мойындаудан бас тарту

Сүйіктің сенің көшірмең емес деген ұғым теориялық тұрғыда мойындалса да, өмірде басқаша қабылданады. Небір үлкен жанжалдар, біз ескере бермейтін, немесе мойындағымыз келмейтін ұсақ-түйектен басталады. Әріптесіміздің біз қуанғанға қуанып, ренжіген жағдайымызға бірге ренжімегендігін біздер қабылдай алмаймыз. Бұлай болуы біздерді басында таңдандырып жүрсе, бара бара ашуымызды қайнататын түбінде оған деген көңілімізді суытатын жағдайға әкеледі. «Ерім өзінің сезімі жайлы маған айтпайды», «Әйелім осы әлетке жету үшін менің арқа етім-арша,

борбай етім-борша болып жүргендігін түсінбейді», «Әйелім менің қауышқым келгенде секстен бас тартады» деген сыяқты уәждер, терапиялық сеанстарда айтылатын ерлі -зайыптылардың бір біріне артатын кіәларының бір парасы осылар.Түптеп келгенде осылардың барлығы ері мен әйелінің бірінен бірінің айырмашылығын мойындағысы келмеу ғана, бұлай ету оладың бірлескен өмірін майдан алаңына немесе, бітіспес соттасуға айналдырып жібереді.

3.Сөйлесіп пікірлесудің жетіспеуі

Жұбайлар бір бірімен сөйлесіп пікірлесудің бірін бірі түсініп ұғынысуға үйренуге жол ашатындығын естерінен жиі шығарып алады. Қасыңдағы адамның ойындағысы мен нені қажетсінетіндігін қалай білесің? Бірлескен жоспарды қалай құрасың? Тек қана сөйлесу арқылы. Олай істемеген жағдайда біз қасымыздағы адамның, тіпті біз ойлап елестеткендей жан емес екендігіне ерте ме кеш пе біздің көзіміз жете бастайды. Бұған қоса пікірлесудің аздығы түсніспестікке алып келеді. «Не деп жауап беретіндігін біліп тұрсам, оған бірнәрсе айтудың қажеті бар ма?» Бірін бірі білетіндігіне сенімді жұбайлар өзара сөйлесудің қажеті шамалы деп есептейді. Олар бір біріне кінә таға жүріп, бірігіп өмір сүрудің орнына қатар өмір кеше береді.

4. «Емдегіш» жұп

Бұл жұптардың өз арасында өздері де байқай бермейтін және көлденең көзге көрінбейтін, бір біріне тәуелді болу туралы шарт жасасып қойылғандай: жетекші әріптес сыңарын торығудан, ішімдіктен, кәсібі жолыболмаушылықтан емдеп жазуға міндеттенгендей. Өзіне «құтқарушының» ролін арқалаған әріптес өзінің орнытолмастығын, қажеттігін сезінгісі келеді. Өстіп билікжүргізушілікке ұмтылыстың негізінде дүниеге келген қатынастың бетпердесі әрдәйім сорайып көрініп тұрады. Көбіне «емделуші» айығып, «емдеушінің» де, өзі басынан кешкен

қыйындықтардың куәсінің де оған қажеттілігі жоғалатын кез келеді. Немесе ол өзін тәуелділікке ыңғайлаған осы бір байланыстың өзіне еркіндік берудің орнына, бағындырып бара жатқандығын сезінетін кез келеді. Оссының негізінде бейбіт жолмен шешілуі мүмкін болмайтын «бунт» қарсылық басталады.

5. Белгілі жоспардың болмауы

Алға жылжу үшін ерлі-зайыптылар жоспарлар жасаулары керек. Бірақ алғашқы күндердің көңілді көкке ұшырар эйфориялары жас жұбайларды ертеңге жоспар жасамай-ақ, «бүгігі күннің қуанышымен күн көре беруге болады» деген сенімге әкеледі. Нәтижесінде, құштарлықтың қуанышы ептеп басылар кез таянғанда болашақ деген ұғымның орыны қаңырап бос тұрады. Бірге кешкен өмір жаңа құлшыныстар туғызып, қанағаттанғандық сезім сыйлай алмай қалады. Бас қосып жағдайды талдап өздері күткен игілік туралы сөйлесудің орнына, жбайлар томаға тұйық күй кешіп, әр кім өз ісімен болып кетеді, бар көңілін жұмыс істеге жұмылдырады.

Кезі келгенде жұбайлардың біреуі өзімен өзі, жалғыз өсіп келе жатқандығын түсінеді де, байланысты үзу туралы шешім қабылдайды. Немесе шешімнің кең тараған түрі: екеуі де «бірге жүріп, жалғыз өмір сүруге» мойынсұнып, ешнәрсені өзгертпестен тірліктерін жалғастыра береді.

6.Өзгерістерді қабылдамау

Уақыт өткен сайын адамдрдың дене құрылысы ғана емес психологиясы да өзгерістерге ұшырап отырады. Тіпті одақтары берік жұптардың өзі жұбайларының бойындағы өзгерістерді ескеріп, оларға бейімделіп отырмаса, белгілі бір уақыттан кейін тығырыққа тіррелуі мүмкін.

Өзгерістер ешқашан қолмен қойғандай болып бір сәтте өтпейтін болғандықтан әріптесіңнің бойынан бірден байқаудың өзі мүмкін емес. Оған қоса өз әріптесің басқа адамдар сияқты, ешқашан

өзгермейді, менің жұбым бұрын қандай болса, өзгерген жоқ баяғы қалпында деген сенімнен айығудың өзі қиын. Біздер өзіміздің жоспарларымыз бен алданыш армандарымыздан ешқашан арыла алмағанымыз сыяқты, жұбымыздың бойындағы өзгерістерді де қабылдай алмаймыз.

7.Жалқаулық пен фатальизм

«Біз бір бірімізді сүйеміз сондықтан бәрі жақсы болуы тиіс», «Егер бір нәрсе ойлағыдай болмай қалса, онда сезімнің шын махаббат болмай шыққаны», «Егер біздер төсек ләззәтін бөлісе алмасақ, онда біздер бірге өмір сүру үшін жаралмағанбыз». Көп адамдар жұбайлық өмір алғашқы сәттен сәтті жүруге тиісті деп есептейді де, аздаған кикілжіңнен кеін ақ «бизге бірге болу жазылмаған» деп шыға келеді. Ғашық болып жүрген кездегі арманында қалыптастырған тұлғаның бейнесі олардың жасына сай қалыптасқан қатынас кезеңін қабылдай алмайды, бұл кезде құштарлық әлсізденіп бұрынғыдан да ересек сезімге айналады.

Бұндай жұптар нәтиженің қол ма қол шығуына үйренген, жұбайлық қатынастың бір тұрінен екінші тұріне ауыспай- ақ ,көкейіне оралған тілекті қолма қол жүзеге асыру үшін «бәрін бірден» алуға тырысады.

Сендер үшеу болдыңдар.

Көптеген жұптар бала туа салысымен,сыйқыршының қимылдатқан таяқшасының әсеріндей, бар мәселе шешіліп орнына келе салады деп есептейді.Керісінше,бұл шарадағы суды шайқаған соңғы тамшыдай,өзі титықтап тұрған мәселені шиеленістіре түседі. Бұрын сөйлесіп пікірлесу аз ба еді? Одан да азая түседі. Жігі білінбес гармония ма? Бала оның бытшытын шығарады,осыған байланысты жұптардың біреуінің көңілінде оның сүйікті адамының жұрегіндегі бұның «орнын» басқа біреу ұрлап алғандай күй кешеді. Болашаққа деген бірлескен жоспар жоқ па еді? Бала ата-анасының біреуінің мақсатының орталағына айналып,екіншісі «түксіз» қалады.

***

Бір бірімен пікірлесудің жетіспеуі,біріне бірі билік жүргізуге талас, бірлескен жоспардың болмауы сықты тығырық тұзағынан құтылудың бірден бір тәсілі – өзіңді өзің тану жолына түсу. Бұл үшін эксперттің көмегіне жүгіну, немесе өз әрекеттеріңді көкей көзінен өткізіп талдау қажет. Бұл туралы сексолог және психотерапевт Массимо Шер: «Мен біздің әрқайсымызға психотерапевтің көмегі қажет дееген ойдан аулақпын, әрине, – дейді түсіндіргенде,- Дегенмен өз әрекетіңе сырт көзбен қараудың алар орны үлкен. Бұлай жасау ара қатынасқа, ата-аналар, немесе бұрынғы «махабаттардың» іздерінің елесітернен, басқаша көзбен қарап құтылу ақылы, жаңаша қарауға мүмкіндік ашады.»

Шындығында тұзақтан құтылудың бірден бір – олардың бар екенін білгендіктен, оған түспей айналып өту.

ӘРБІР АТА-АНА БІЛУГЕ ТИІСТІ 5 ЗЕРТТЕУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Біздер балаларға дұрыс тәрбие беріп жүрміз бе? Егер өзіміз түнде ұйықтамайтын «жапалақ» мінез болсақ, баланы ұйықтауға ерте жатқызғанымыз дұрыс па? Біз ата-аналарға пайдасы тиер деген бірнеше зерттеулердуі таңдап алдық.

Ата-аналар баламызға дұрыс тәрбие беріп жүрміз бе деген сауалға жауап табу үшін, маман педагогтар мен әрнәрсені шалып сөлей білетін демагогтар жазған әдебиеттер дәриясының толқынына тұншығардай болып жүргені жасырын емес. Бұл шығармалардың ең басты кемшілігі қазіргі зерттеулерді негізге алудың орнына, педагогиканың атам заманғы тозығы жетіп, тоз-тозы шыққан принциптеріне сүйеніп жазылғандығында. Біз бала тәрбиесіндегі

психологтрдың мақұлдаған немесе, жоққа шығарған прициптері труралы 5 жариялынымды таңдап алдық.

1.Жақсы ата-ана болу пайдалы.

2013 жылғы зерттеулердің қорытындысы балаларына көп уақыт бөліп, оларды шын мәнінде жақсы көріп жиі әңгімелесетін ата-аналар, жанды жағадан алатын ашушаң ана мен, өз тірлігін ғана күйттеп қалған, бала тәрбиесі, жалпы бала туралы теледидардағы жарнама үзілісі кезінде ғана есіне алатын сатқын әкелерге қарағанда әлдеқайда бақыттырақ сезінетіндігін дәлелдеді.

Бір қызығы, сүйікті баласы туа салысымен ата-анаға берілетін осы бір бақыттың бал шелегі тұңғыиық түпсіз: тіпті баласына қамқорлықты үзбей жасау үшін айналасындағылардың күлкісіне қалып, күніне он рет қоңырау шалып жүретіндердің өзі де анау дейтіндей күлкілі емес екен. Олардың өмірден алатын рахаты, бала дегенде безбүйректеніп, балаға деген махаббатқа сараңдау келетін ата-анаға қарағанда әлдеқайда тереңірек болады.

«Айналасындағы адамдарға неғұрлым көбірек қамқорлық көрсетіп көңіл бөлетін адам, өмірдің мәнін де соғұрлым терең түсініп сезінеді,- деген қорытынды жасайды, – әлеуметтік психолог, зерттеудің авторлары. – Бұл тұрғыдан алып қарағанда балаларының игілігіне көп көңіл бөліп, күш жұмсаған ата-ана неғұрлым балажан болса, бақытты соғұрлым тереңірек, молырақ сезінеді.»

C.Ashton-James, K.Kushlev,E.Dunn ….

2.Қатал ата-ана өз баласына зиян келтіреді

Балаға көрсетілген өрескелдік оп оңай сот араласатын оқиға болып шығатын АҚШ тың өзінде, ата-аналардың 90 пайызы ең болмады дегенде бір рет баласын тілдеу арқылы, келемеждеп, тіпті күш қолданып, «түзегендігі» анықталған. Әйтсе де қатал тәртіп балаға өте зиян.

КӨПТЕГЕН АТА-АНАЛАР БАЛАЛАР ӨСІП, ТҮСІНГЕН СОҢ ОЛАДЫҢ ӨЗДЕРІНЕ ДЕГЕН ҚАТАЛДЫҒЫН ЖАҚСЫ

КӨРГЕНДІКТЕН ЖАСАДЫ ДЕП ҰҒАДЫ ДЕГЕН ОЙДЫ ҰСТАНАДЫ, БІРАҚ ТІПТІ ОЛАЙ ЕМЕС

967 американдық отбасы қатынасқан зерттеуде қатал тәртіп болашақта өкінішке ұрындыратын нәтижелерге әкелетіндігі дәлелденген. Егер сіз 13 жасар жасөспірімге сабағыңды оқы, немесе, көшеге қаңғыма деп айғайлап, ол тыңдап айтқаныңызды орындатуыңыз мүмкін. Алайда ол жуырдағы жылдарда ата-анасы темірдей тәртіп орнатуға тырыспаған өзінің қатарластарына қарағанда әлдеқайда қатал басбұзар болып шығуы әбден мүмкін.

«Қатал тәртіп баланың алдағы өміріне із қалдырмайды деп ұғу түбегейлі қате. Көптеген ата-аналар балалар өсіп түсінген соң олардың өздеріне деген қаталдығын жақсы көргендіктен жасады деп ұғады деген ойды ұстанады, бірақ тіпті олай емес. Алайда ата-ананың қандай махаббаты болмасын баланың қатал тәртіптің арқасында қалыптасқан мінез құлқын өзгерте алмайды»,-деп есептейді зерттеу авторлары.

M.Wand, S.Kenni

3.Қалыптасқан күн тәртібі баланың ақыл-ойының дамуына оңды ықпал жасайды

Ал баланы ұйықтауға ұақтылы жатқызу ата-ананың қаталдықтан ойлап тапқан амалы емес, өмір үшін аса мәнді қажеттілік: дұрыс ұйымдастырылған гррафик бала мыйының кемелдене дамуына әсер етеді.

Психологтар 3жас пен 7жас аралығындағы 11 мың баланы бақылап зерттеудің нәтижесінде тәуліктік режімнің бала мыйының когнитивтік қызметін қалыптастыруға әсері үлкен екендігін анықтаған.Ата -аналары түн ауғанша бетінен қақпай төсекте ойнақтаған 3 жастан асқан сәбилердің кітап оқуға, есепке, тіпті әдеттегі қимыл қозғалысқа икмеділігі көп төмен болатыны дәлелденді. Бұл заңдылық баланың жынысына қарамай,бірдей

болып шыққан. Зерттушілер 3жас бала мыйының дұрыс қалыптасуында үлкен роль ойнайтын кезең болғандықтан, баланы мүмкіндігінше белгілі күн тәртібіне ертерек үйретуге кеңес береді.

4. Баламен бірге өлең айту – қатынасты қалыптастырудың ең жақсы тәсілі.

Әкесі мен анасының баласы айтып отырған өлеңіне қосылып айтуы балаларға өте ұнайды. Психологтардың анықтауынша, бұл әншейін көңіл көтеретін ермек қана емес, ата-анасы осылай өлең айтуды жақсы көретін ұлдар мен қыздар өздерін, ата-аналары бұлай жасамайтын басқа балаларға қарағанда бақыттырақ сезінеді екен. Бұған қоса хормен өлең айту баланы үй жұмысына баулуға көмектеседі.

Топ болып бірге жасалған ырғақты қыймыл – өлең айту,билеу тағы басқа сол сыяқты әрекеттер адамдарды бір бімен жақындастыру үшін жасалатын көптеген жол-жоралғы рәсімдердің негізінде жатқандығын еске салудың артықшылығы жоқ. Бұндай рәсімдер тек қана ерте тарих халықтарында ғана емес, осы заманымызда да жиі жасалынады, мысалы әнұранды хормен айту.

A.Golovan et al. …

Әкесін баласынан алшақтатқан ана өз психикасына зардап шектіреді

5 жасқа дейінгі балалары бар 180 әйелмен сауалнама жүргізген психологтар олардың бойындағы депрессияның негізінде бала тәрбиесіне әкесін араластырмай, алшақтатуға тырықандығы жатқандығын анықтаған.

БАЛА СНАСЫНА «САҒАН ТЕК АНАШЫҢ ҒАНА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЙДЫ» ДЕГЕН НАНЫМДЫ СІҢІРУГЕ ТЫРЫСАТЫН АНАЛАР ДЕПРЕССИЯҒА ЖИІРЕК ҰШЫРАЙДЫ ЕКЕН

Әкелер тәрбие процессіне аналармен тең атсалысуға құқылы, бала әкесінің тілін алып, оны жақсы көріп өсуі керек деп есептейтін аналардың депрессияға бейімдік дәрежесі өте төмен болып шыққан. Ал бала санасына «саған тек, анашың ғана қамқорлық жасайды» деген нанымды сіңіруге тырысатын аналар депрессияға жиірек ұшырайды екен.

Өзін баланың жолына арнаймын деген ниетінің арқасында, түйсігі өзі үшін өмір сүруден алшақтатып, ерімен арасындағы қатынасын суытып алудың негізінде де осы идея жатқан сыяқты, осының салдарынан отбасылық гармония жарасымдылығын жоғалып, ерлі-зайыптылар бойында стресстің әсерін көтеріп жібереді. Балаға қамқорлық жасау, біз жоғарыда айтқанымыздай, балаға ғана емес, сіздердің де психикаларыңызға игі әсерін тигізеді. Десекте,қамқорлық жасауды өзімді баланың жолына пида етіп жүрмін деген ұғымға айналдырудың түбі жақсылыққа әкелмейді.

БАҚЫТ ТУРАЛЫ ЖЕТІ ДЕРЕК (ШЫНДЫҚ)

Сіз үшін өмірдегі ең бастысы не? Көп адамдар осы тақілеттес сауалға сыйлвсу, денсаулық, қызықты жұмыс, көңілді жылылыққа бөлейтін үй, бос уақытыңның жеткілікті болуы деген сыяқты жауаптар береді. Әрине, солардың барлығы да бақытты болғысы келеді. Психотерапевт Рейчель Финци бақыт және бақытты адамдар туралы қызықты деректерімен бөліседі.

Көп жылғы зерттеу жұмыстарым мен психотерапевтік қызметтегі тәжірибемнің арқасында мен біздерді ненің бақытты ететіндігін және бақытты адамдардың өздерін қалай ұстайтындығына анықтап көз жеткіздім. Мен жыйнаған деректер сіздің көңіліңізге оптимизим ұялатып, бүгіннің өзінде сіздің бақытқа жетер жолдағы алғашқы қадамдарыңызды жасауға жетелейді деп сенмін.

1.Бақытты жандар эмоцияның барлық қырларын сынап сезіне алады

Әрбір секундта бақытты болуға тырысуды бүкіл мәтінді бас әріптермен теру немесе, өлеңді барқырап бар даусыңмен айтумен салыстыруға болады, бұндай әрекеттерде мән жоқ, әрі адамды мезі етеді.Өмір көптеген қыйындықтар мен ссынақтардан тұратындықтан, шынайы тірліктен байланысын үзіп алғандар ғана тұрақты түрде көтеріңкі көңілмен жайраңдап жүре алады.

Мысалы сіз қайғы кешіп отырғанда досыңыз келіп, сіздің қыйналысыңызға жанашырлық білгізудің орнына, көңіліңді көтер десе, сіз оны түйсіксіз деп санар едіңіз. Ал өзіңізге өзіңіз осындай болып көрінгіңіз келе ме?

Егер біз аяғымызға нық тұрып, бүгінгі күнде өмір сүріп және айналамыз бен ішкі дүниемізде болып жатқан өзгерістерді анық сезіне алатын болсақ, біздің көңіл күйіміз дәл сол сәтке сай дәрежеде болады. Бақытты адамдар айналада болып жатқан жағдайларға тез бейімделе алады, және жағдайдың өзгеруін қолма қол сезініп, сәтке сай әрекет жасай алады. Олар кейкейде көңілі құлазығаны, ызаланғаны, қорыққандығы үшін өздерін өздері жазғырмайды.

2. Бақытты болу үшін, сезімдеріңізді тәптіштеп жазып үйрену керек

Тіпті сізді қобалжытқан мәселе, оқиғаны еске алу сізді тітіркендіретін болса да, қағазға түскен соң ол іске жазғырып емес, қызығып қарайтыныңыз хақ.

Мысалы бір нәсеге ызаңыз келе бастағанын сезсеңіз, «ыза болуға тура келгендіктн, сол жайға ызаланып отырмын»,- деудің орнына, сол сәттегі көңілкүйіңізді жазып шыгуға тырысыңыз. Бұлай жасау бізді «ішкі бақылаушының» орнына жылжытып, не істеп не

қойғаныңды білгізбейтін, артынан сол істеген ісің үшін өкінішке ұрындыратын эмоциядан алыстата түседі.

3. Біздің әрқайсымыз бақытты әртүрлі бейнелеп,елестетеміз

Өзіңізді басқалармен салыстырмауға тырысыңыз. Сіз өзіңіздің күлегеш досыңызға ұқсап ән айтып, сақ-сақ күле алмайтын болғандықтан, өзіңізді бақытсызбын деп өзіңіз сендіргенге дейін, бақытсыбын деп сезінуге болмайды. Көптеген аламдар өмірге разы, бірақ онысын жариялап жатпайды. Бастысы өзіңді жақсы түсініп, өзіңе қандай нәрсе қуаныш сыйлай алатындығын білу.

4. «Жоғалтып алуды» елестету, өзіңді ойлағаныңнан гөрі бақыттырақ сезінуге мүмкіндік береді

Біздер өміріміздегі барлық игіліктер мен жақсылықтарды солай болуы керек деп қабылдауға бейімбіз. Өзіңіз үшін орыны толмайтын біреуден немесе, бір нәрседен айырылып қалғандығыңызды елестетіңізші. Әңгіме жұбайыңыз жайлы, немесе бір үй жануары, тіпті бір елеусіз зат шоколадыңызды жғалтып алу туралы. Жоғалтқаныңызсыз өз өміріңізді бүге-шігесіне дейін елесстетіп көріңіз. Бұл жаттығу сізге қолда барыңызды барынша бағалап, қадіріне жетуді үйретүге көмектеседі.

5. Ақшаны басқалар үшін жұмсай алсақ, біз өзімізді бақыттрақ сезінеміз

Бір зерттеудің қорытындысы бойынша, жылдық табыстарына алған бонустарын өздеріне емес, басқа біреулердің игілігіне (оның ішінде қайырымдылыққа) жұсаған қызметкерлер, ақшаны өздерінің игілігіне ұстаған қызметкерлерге қарағанда өздерін бақыттырақ сезінетіндігі дәлелденген. Екінші зерттеудін аясында зерттелушілердін бір тобына 5 доллардан, екіші тобына 20 доллардан таратып, 5 доллардан алғандарға ақшаны өздері устауына, 20 доллар алғандарға басқа жандардың игілігіне

жұмсауға тапсырма беріледі. Эксперимент аяқталған кезде ақшаны басқаларға жұмсаған топтың мүшелері алғашқыларға салыстырғанда өздерін бақыттырақ сезінгені анықталған.

БАҚЫТ ДЕГЕНІМІЗ – БІЗДІҢ ӨМІРМЕН ҚАТЫНАСЫМЫЗ, АЛ КЕЗ КЕЛГЕН ҚАТЫНАС КӨП КӨҢІЛ БӨЛУДІ, ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

Біз айналадағыларымызға қолдағы барды бөлісе білсек, әсіресе басқаларға көмектесу туралы шешімді өзіміз қабылдаған болсақ, олармен қатынас орнатсақ, істеген әрекетімізден шыққан нәтижені көзбен көру мүмкіндігіне ие боламыз. Мысалы сіз қайырымдылық қоры арқылы бір жетімге силық берген болсаңыз, бұған қоса осы баламен хат арқылы хабарласып тұруды ретке келтірсеңіз сіз істеген сауапты істің мәні өсе түседі.

6. Бақытты болу әрекетте жатыр

Нейробиолог Ричард Дэвидсон, бақыт пен игіліктің кілті – ситуацияға көзқарасты өзгерту үшін саналы түрде белсенді әрекет жасауға шешім қабылдай білуде деп тұжырымдайды. Бақытқа қол жеткізу үшін, жаманшылықты көбірек ойлауға бейім келетін біздің табиғи болмысымызды есептей отырып, (біз қуаныш силайтын құбылыстардан гөрі, болып қалуы мүмкін деген қауіп қатерді көбірек күтуге бейім тұрамыз) саналы түрде еңбектенуіміз қажет.

Мүмкін бақыт деген ұғымды өз өзінен келетін табиғи құбылыс деп қарамай, оны жаттығу арқылы қол жеткізуге болатын әдет деп қабылдауымыз қажет шығар. Солай еткенде біз пайдалы әдеттерімізді дамыта түсуге және өзімізді бақыттырақ әрі бай қуатты сезінуімізге мүмкіндік берудің техникасын (тәсілін) игерген болар едік. Бақыт дегеніміз – біздің өмірмен қатынасымыз, ал кез келген қатынас көп көңіл бөлуді, қамқорлы жасауды талап етеді.

7. Бақыттың «базалық деңгейін» өзгертуге болады.

Кез келген аса күрделі позитивтік немесе, негативтік өзгерістерден кейін біраз уақыт өткен соң, біз өзімізге үйреншікті болып кеткен бақыт деңгейіне қайтадан түсеміз. Өзіміздің осы бір ерекшелігімізді білмегендіктен, біз басымызға түскен ауыртпалықтың себебін айналадағылардан, немесе сол кезде орын алған жағдайлардан іздейміз, нәтижесінде жұбымыздан ажырасамыз, жұмыстан кетеміз, оқуды тастаймыз., немесе сол кезде орын алған жағдайлардан іздейміз, нәтижесінде жұбымыздан ажырасамыз, жұмыстан кетеміз, оқуды тастаймыз., немесе сол кезде орын алған жағдайлардан іздейміз, нәтижесінде жұбымыздан ажырасамыз, жұмыстан кетеміз, оқуды тастаймыз. Осының барлығының орнына біз әріптестерімізбен қатынасымызды жақсартуға көбірек көңіл бөліп, істеп жүрген жұмысымызға бұрынғыдан гөрі жауаптылықпен қарап, білім алуға деген әрекетімізді түбегейлі жетілдіруге күш салғанымыз дұрыс болар еді.

Әрине, бұл әрекетіміздің барлығы, біз о баста жарымызды, жұмысымызды және алар білімімізді таңдауда қателеспеген болсақ, оның үстіне, түрткі боларлық жаңа бір дерек келіп түспесе, жүзеге асар еді.

Кез келген сәтте, егер сіз өзіңіздің эмоциональдық жағдайыңызға көңіліңіз толмайтындығын сезінсеңіз, жоғарыда айтылған пікірлердің негізінде өз бақытыңыздың «базалық деңгейін» өзгертуіңізге болады.

ҚАМҚОРЛЫҚ ҚҰТҚАРМАЙТЫН ҚАМҚОРШЫЛДЫҚҚА АЙНАЛҒАН КЕЗДЕ

Қамқорлық пен қамқоршылдық жиі шатастырылады. Біздер жақындарымыздың көңілін тапқандығымызды қамқорлық деп санаймыз да, олар біздің көмегімізден бас тартып ренжіген кезде, оларды ұға алмай дал боламыз. Қамқорлық пен қамқоршылдықты

қалай ажыратуға болады? Қамқорлықты қалай дұрыс жасауға болады? Деген мәсселені психотерапевт

Марина Дьячкова түсіндіреді.

НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАР

*Адамға қамқоршылдық көрсеткен кезде оны дәрменсіз санағандықтан, оның орнына шешім қабылдай береміз. Ал қамқорлық көрсеткенде оның әрекетке қабілеттілігін мойындаймыз.

*Әсіре қамқоршылдық көрсету адамның өз қажеттілігін анықтай алу қабілетінен алыстатып жіберетіндіктен өсуі мен дамуына кедергі кетіреді.

* Әдетте әсіреқамқорлықтың астарында, кезінде алынған психологиялық жарақаттар, бақылау мүмкіндігіне ие болу және өз өмірін мәндірек сезінуге талпыныс жатады.

Қамқорлық пен қамқоршылдықтын арасындағы айырым шекарасы өте жұқа болғанымен отбасылық психотерапевт Марина Дьячкова ол айырымды анықтай біледі. «Қамқоршылдық «дәрменсіздік» деген сөзбен тікелей байланысты. Біз көңілімізді өзіне өзі қамқорлық жасауға шамасы келмегендерге бөлеміз: кішкентай сәбиге, қартайған немесе қыймылдауға қауқары жетпейтін адамдарға»,-дейді ол түсіндіргенде. Бұл жағдайда қамқоршыл өзі қорымалдайтын адамның орнына шешім қабылдай береді.

Ал қамқорлық болса біздің өзімізбен тең, ешкімнің көмегінсіз өзін өзі күте, баға алатын адамға жасалынады, қамқорлықтың негізінде қолда барыңды өзіңмен «дәрежесі тең» адаммен бөлісу жатады. Біз қамқорлық көрсететін адам дәрменсіз, осал емес, біздің көмегімізге зәрулігі жоқ, тек оған деген біздің қамқорлығымыз оны қуантады.

Қамқорлық бала мен ата-ана және әріптестік қатынас арасында да кездесе береді, осылардың арасында қамқоршылдыққа орын табыла ма? Осыны талдап көрелік.

«Анашым, менің қарным ашты ма, жоқ әлде тоңдым ба?»

Ата-ана мен баланың арасындағы қамқорлық пен қамқоршылдық –базистік ұғымдар, бірақ бала есейіп өскен сайын олардың көлемдерінің қатынасы өзгерее береді. Жаңа туған бала абсолютті түрде дәрменсіз, өзі тамақтана алмайды, өзіне өзі қамқорлық жасай алмайды. Ата-анасы оның қажетілігін дер кезінде сезініп, қамтамасыз етеді. Бұлай жасау орынымен іске асқан әрекет және өзін ақтайтын қамқоршылдық болып табылады. Бала есейіп өсскен сайын анасы оған өз қажеттілігін өзі орындау жолдарын үйрете бастайды: қарны ашқандығын білгізу, қасықты ұстай білу, алманы жуу, өзімен өзі айналысып отыру деген сияқты. Бұл әрекеттердің барлығы қамқорлықтың көріністері болып табылады.

Бала өсіп есейген сайын оның қажеттілігі де күрделене бастайды: элементарлы физиологиялық қажеттіліктерге эмоционалдық қажеттіліктер қосылады. Бала бірнәрсеге ренжісе немесе бірнәседен шошыса, оны тыныштандырып, жұбату қажет. Бұндайда ересек адам баланың жағымсыз сезімін «өзіне» алып алмауы басты назарда болуы керек («Ит үріп қорқытты ма? Ертең бұл саябаққа бармаймыз!»), деудің орнына ұлың немесе қызың қобалжыған кезде қасында болу қажет. Мысалы баланың қолынан ұстап тұрып тұмылдырық кигізілген итті сипап көруге көндіру керек. Бұлай жасағанда біз баланың қауіпсз жағдайда қауіппен кездесуіне мүмкіндік береміз. Осы тәсілмен біз баланы үлкеннің көмегі арқылы әртүрлі жағдайлардағы болып қалуы мүмкін эмоциялық күйлерін жеңе білуге үйретеміз. Ата-ана балаға өзінің қажеттіліктерін айыра білуді үйретеді, соның арқасында бала дамып өседі. Бұл қамқорлық қатынастың нақты көрінісі.

«Кезі келгенде баланың зияны жоқ тежеулерді (фрустрация) бастан кешуі қажет, – деп түсіндіреді Марина Дьячкова. – Бұл кезде бала өзіне қажет деген заттардың барлығы өз бойынан табылып, оның қолына оп оңай түсе бермейтіндігін түсінеді. Кейбір затты өзі істеуі керектігі, немесе басқадан көмек сұрау керектігін ұғынады.

Өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз еткен сайын, бала іштей өзгерістерге түсе бастайды, яғни, дамиды.»

Әсіре «қамқоршылдықшы» аналардан: «біздер ұйықтап тұрдық», «біз емтихан тапсырдық», «біз институтқа түстік» деген сияқты сөздерді жиі естуімізге тура келеді.

Ересектер баланың айтқанын екі етпей орындауға тырысу арқылы зыянсыз тежелуге деген мүмкіндігінен айырады. Нәтижесінде бала өзінің қажеттіліктерін айыра алу және оларды дұрыс қамтамасыз ету жолдарын табуға талпынудан ада болады. Осыдан келіп психологтар әсіре қамқоршылдық деп атайтын, «Анашым, менің қарным ашты ма?», «Жоқ Яша, сен тоңып кеттің!»-делінетін Одессалық анегдоттағы диалогтың кейіпкерлерін анық байқауға болады.

«Баланың қарыны ашып үлгермегендігіне қармастан анасы оны тамақтандырады, – дейді М.Дьячкова түсіндіргенде. – Анасы алдын алып мәселені шешіп қоятындықтан, бала ешқашан қарны ашқандығын сезініп үлгермейді. Әсіреқамқоршылдық дегеніміз –қамқорлық деген ұғымды барынша теріс түсініп, баланы кез келген жайсыздықтан (дискомфорт) сақтап қалуға орынсыз тырысу.Бұлай жасаған ана баланың дамуға деген құқын алып алады, баланың бірнәрсені өзгертуге, бірнәрсені бастап жасауға деген талпынысын түбегейлі жояды.»

Осындай отбасында өскен бала, өзіне не қажет екендігін, қалай қарай қозғалуы керек екендігін білмейтін болады. Әсіре «қамқоршылдықшы» аналардан: «біздер ұйықтап тұрдық», «біз емтихан тапсырдық», «біз институтқа түстік» деген сөздерді жиі естуімізге тура келеді. Бұлай ететіндер баланың бойынан тұлғаны емес, тек әрекетті ғана көреді, баланы ылғый да айналақтап жүру үшін жаратылған бір зат, тіршілік иесі деп қарайды. «Мен оған

бүкіл өмірімді арнадым», – деген сөзді әсіре қамқоршыл аналардың ауызынан жиі естуге болады. Бұл сөзден бала ана өмірінің мәніне айналғанын көуге болады, ал баланың өзінде мән жоқ, себебі оны ересектер алып қойған».

«Не жасасаң да, мен қызғанбайтындай етіп жасашы»

Үлкендер арасындағы қатынаста қамқорлық әріптестің қажеттілігін, «өтінуі бойынша», қажет етуі бойынша қанағаттандыруда анық көрінеді, себебі біздің балалардан айырмашылығымыз өзімізге қажеттілігіміз туралы айтып бере аламыз.

«Айталық мен өзімді мойындап, маған көңіл бөліуін қажетсіндім дейік, – дейді М.Дьячкова,- мен бұл жайлы әріптесіме айтамын, бұл менің әріптесім менің қажеттілігімді менің ойымдағыдай етіп жүзеге асыруға міндетті деген сөз емес. Егер мен әріптесімнен нақты бір әрекетті жүзеге асыруды: «бір миллион алқызыл раушан гүлін», немесе «гәуһар көзді жүзік» сыйлауын тлап етер болсам,- бұл дабыл қағарлық белгі болып табылады. Немесе маған не керек екендігін оның өзі біліп қыймылдауын күту, ең қиын шаруа. Немеесе әріптесімді қызғана тұра, одан мен қызғанатындай себеп берме деп талап ету.Ол не істеуі керек? Өзінің кісі қызығарлық қасиетін жасыруы керек пе? Ал маған ол қызғануға себеп беріп тұрған болып көрінсе ше ? Осы әрекетіммен мен әріптесіме: «Менің қолымнан келмеді, сен байқап көрші» дегенді айтқан болып шықпаймын ба? Олай болса мен өз әлсіздігімді мойындап, дәрменсіздіктен өзіме қамқоршылдық көрсетуді қажетсініп тұрған болып шықпаймын ба? Бұлай жасау біздерді ата-ана мен баланың арасында болатын, есейген әріптестердің біреуі сүйенішке зәрулік позициясын таңдайтын (инфантильді) қатынастың жазықтығына алып шығады.

Осындай, қамқорлықтың мәнін керісінше түсініп қабылдау ұғымы бүгінгі күні кеңінен таралып кеткен.

Әсіре қамқоршылдықтың артында не тұр?

Әсіреқамқоршылдық –тереңде жатқан мәселелер туралы ескерту беретін белгі ғана. Оның сыртында не жатуы мүмкін?

1. Жан ауырту, тағы да жан ауырту. Әріптестер жиі-жиі өзара тиімді, өз қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін,қажеттілігін келісе отырып алмастыру арқылы келісім шарттар жасасады. «Сен пұл тауып, менің қауіпсіз күн кешуіме жағдай жасайсың, мен белсенді түрде сенің қолыңнан іс келетін артықшылықтарың туралы елге таратамын». Осы жерде тағы да бір рет адамға тек қана әрекет деп қараудың мысалын келтіруге болады. Бұндай одақты жаны қатты жәбірленген адамдар құрады. Жұптардың осындай күйі айтарлықтай тұрақты болады. «Менің сол жақ аяғым, сенің оң аяғың жоқ. Біз бірігеміз, енді біз –екі аяғы бар сау адамбыз». Әріптесіңнің бір аяғы жоқ екендігін байқамау –өте ыңғайлы бартер, -деп қорытындылайды М. Дьячкова, – Ересектер арасында, әріптесіңнің бойындағы кешілікті өзі байқауына мүмкіндік бермейтін, қамқоршылдықтың аса бұзылған түрі жиі ұшырасады. Мысалы мен ерімнің маскүнем екендігін өзі түсінуіне мүмкіндік бермеймін: «Жо жоқ, бұл жұмыстағы жайсыздықтар ғана» немесе «Мен сені ренжітіп қойғандықтан, сен ішуге мәжбүр болдың», мен екінші бір адамды өз қателігін өзі түсініп, өмірін өзгертіп, түзелуге бет қоюдан қамқоршылдығымның арқасында, қақпақылдап бұрып аламын. Себебі ол өмірін өзгерте қалса, менің де өзгеруіме тура келеді ғой».

Ерте ме кеш пе адам өз кемшілігін өзі байқап, өз бетінше, немесе психлогтің көмегімен өзін өзі емдеуді бастауы мүмкін. Ал бәз біреулер әтеуір жалғыз қалмас үшін, «аяқсыз-ақ» ұзақ уақыт күн кеше беруі мүмкін.

КЕЙ КЕЗДЕ ЕРЕСЕК АДАМ ӨЗІНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕМЕЙ, ӨЗ ЕРКІМЕН ЕРІК КҮШІ ЖОҚ, ҰЯЛШАҚ, ӘЛСІЗ АДАМНЫҢ РОЛІН ОЙНАУҒА КЕЛІСІМ БЕРЕДІ

2.Бақылау және сенбеушілік. Әсіре қамқоршылдықтың астарында тұрған негізгі мақсат –басқаның қажеттілігін, ойындағы арманын, қыялдауын бақылауда ұстау. Әдеттегі қалыпты қатынаста (ата-ана мен баланың, немесе екі ересек адамның арасындағы) бұлай етудің мүмкіндігі жоқ, олай жасаудың қажеті де жоқ. Ал егер қатынастың дені дұрыс болмаса ше? Онда қамқоршылдық жасаушы әріптестің шекарасын бұзып; әріптестің жазысқан хаттарын оқып, телефонын тексереді. Бұндай әдет тек әйел мен еркектің арасындағы қатынаста ғана емес, ересек балалар мен ата-аналары арасындағы қатынастарда да болады.

3. Өмірді мәндірек етуге талпыну. Кейбір аналар балаларын ғана емес, немерелерінің ата-аналарын ысырып тастап немесе, алмастыруға тырысып, немерелерді де бақылауда ұстауға күш салатындығы кездеседі. Осы тәсілмен өздерінің әлі де қажет екендіктерін көрсетіп, өмірлерін мәндірек жасауға күш салады.Кей кезде ересек адам өзіне жауапкершілік жүктемей, өз еркімен ерік күші жоқ, ұялшақ, әлсіз, «адасып жүрген» адамның ролін ойнауға келісім береді. Нақты мысал: баласы – наркоман және оның анасы. Анасы оның улы дәрмек алу үшін кірген қарыздарын төлейді, жұмыстан қалған күндері үшін бастығының алдында оны ақтап алады. Осынысы үшін өзіннің қажеттілігін сезінеді, өз өмірі өзіне мәндірек көрінеді.

Қамқорлықты дұрыс жасауды қалай үйренуге болады?

Бала мен ата-ана арасындағы қатынаста қамқоршылдықтан дәл сәтінде тыйылудың мәні зор. «Мен ана ретінде баланың өзінее өзі қамқорлық жасай алатын дәрежеге жеткенін дәл анықтай аламын, – деп түсіндіреді М.Дьячкова – Бір кезде оның өз қолын өзі жуып, өзі ойыншық таңдап алуға, балалар алаңында ойнап жүріп өзін ренжіткен баламен өзі есеп айырысуға шамасы келетін сәт туады. Осы сәттен бастап оның өзін өзі алып жүруге құқығын мойындап, өз қолынан келмейтін шаруаларда ғана менен көмек сұрауға

мүмкіндік беремін. Мен осы сәттен бастап қамқоршылдықты қамқорлыққа алмастырамын.»

Ал енді дәрменсіз адаммен не істеуге болады? Мысалы әжетханаға бару, баспалдақпен көтерілу сыяқты кейбір өрекетті адам өзі жасай алмайды. Бірақ оның өзіне өзі ермек тауып, іспен айналысуға мүмкіндігі бар. Бұл арада «1+1» фильміндегі айтылған жайды мысалға келтіруге болады. Сюжет бойынша аяқ-қолынан кем болып қалған бизнесменге күтуші болып, бұрын қылмысы үшін істі болған қара түсті жігіт жалданады. «Күтуші» кейбір әрекеттерді орындауды өз мойнына алса да, көп істе қамқорлығындағы адамды өзімен теңдей көріп, оның өзіне жүктейді. Себебі күтуші жігіт бизнесменнің аяқ-қолы тартылып мертіккенімен ол жеке адам ретінде мертікпегендігін жақсы түсінеді». Жақындарымызға қатынас жасау кезінде біздердің осы жайды есімізден шығармағандығымыз дұрыс болар еді.

Жігітті қалай таңдау керек. Қыздарға арналған 6 кеңес.

Жігітті қалай таңдау керек. Қыздарға арналған 6 кеңес.

Махаббат деген керемет, бірақ жігітті ақыл оймен таңдау керек.

[ot-video type=»youtube» url=»https://www.youtube.com/watch?v=1Bi4HuFh29M»]

Қызбен ең алғашқы кездесуде не істеуге болмайды?

Қазір интернетте фотосы ұнаған қызбен танысып, сөйлесіп, «əбден жақынырақ таныдым-ау» дегеннен кейін ғана кездесуді ойлайтын заман ғой. Солай онлайнда танысқан қызбен оффлайнда кездесуге барар болсаңыз, төмендегі пункттерді есте сақтауға тырысыңыз. Ең алғашқы кездесуден алған əсер ары қарай қатынастың жалғасу-жалғаспауына тікелей əсер етеді. Барынша жақсы көрінсеңіз – ары қарай бəрі жақсы боп кетуі мүмкін. Ал, ұнамсыз көрінсеңіз – қыздар көбіне екінші шанс бере бермейді.

1.Алғашқы кездесуге ешқашан жуынбай, дұрыс киінбей, олпы-солпы барушы болмаңыз. Керісінше, бар жақсыңызды киіп, иіссуді сеуіп барыңыз. Спорт киімдерін кимеуге тырысыңыз. Костюм-шалбармен, галстукпен келсеңіз, қыздың сізге деген қызығушылығы артады. Өйткені,қыздарға іскер, табысты көрінетін жігіттер ұнайды).

2. Кездесуге белгілеген уақытты қайта-қайта ауыстырып немесе қыздан «ұмытпадың ба, дайынсың ба» деп сұрай бермеңіз. Өзіңіз де кездесуге кешікпеңіз. Ерте келген болсаңыз, уақытты күтіңіз. «Пунктуальный» көрініңіз.

3. Кездесу кезінде ешқандай жеке шаруаларыңызға, жеке қоңырауларға жауап бермеңіз. Бəрін алдын ала тындырып келу керек. Қыз күтіп қалмасын. «5 ммнут күте тұршы» деп, бір жерде сағаттап отырып қалмаңыз.

4. Өзіңіз туралы көп айта бермеңіз. Қыз өзіне қызық болған нəрсені сұрап алады. Одан да қыз көп нəрсе сұрап, сол туралы көп айтыңыз, бар назар аруда болу керек. Қыздар «вниманиені» жақсы көреді жəне соған алданып қалады).

5. Достар, кластас, группалас, көрші, туыс сияқты тар шеңберде айтылатын жаргон, приколдарыңызды алғашқы кездесуде айтпай қоя тұрыңыз. Қыз түсінбей қалса, «қуа ма» деуі мүмкін).

6. Кездесуді бірден паркте не пабта, барда белгілеңіз. Далада құр сенделіп не машинаңызда отырып қайтатын кездесу көп қызға ұнамайды. Сізді «жмот» деп кетуі мүмкін). Алғашқы кездесуде киноға бармаған абзал – əңгімелесесіздер ме, кино көресіздер ме?)

7. 1 тал болса да, гүл алып келсеңіз, қыз ерекше мəз болады. Немесе кішкентай шоколад ала келіңіз. Бастысы – назар.
Шынымен ұнатып, көңіліңіз ауған қыз болса, осы жазылғандарды орындап көріңізші – нəтижесін байқарсыз.

Қазақстан аруына 1 млн теңге сыйақы беріледі

“Мисс Қазақстан” ұлттық байқауының дирекциясы ресми misskazakhstan.kz сайтын іске қосқаннан кейін өтінімнің бұрын-соңды болмаған рекордтық санын алды. Республикамыздың 300-ден аса аруы бақтарын сынап көруді ұйғарып, сайтқа тіркеліпті.

UNI2013_PS_0414

Қазірше көшті Қарағандының арулары бастап келе жатыр. Екінші орын Оңтүстік астанамыз – Алматы аруларының еншісінде, тіркелген бойжеткендердің саны жағынан үшінші орынды Семей мен Астана бөлісіп отыр. Ұйымдастырушылар бұл тізімнің осымен аяқталмайтындығына кәміл сенеді, өйткені тіркеу 2014 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Байқау тарихында “Мисс Қазақстан”-ды өткізу ережелеріне алғаш рет өзгерістер енгізілгендігін естеріңізге сала кетейік. Бұдан былай кез келген өңірдің әрбір аруы «Мисс Қазақстан» байқауының ресми сайтына (http://misskazakhstan.kz/) өтінім бере алады. Тіркелгеннен кейін бірнеше күннің ішінде көрсеткен электрондық поштаңызға кастинге шақыру келеді. 1-30 қазан аралығында бүкіл Қазақстан бойынша өңірлік кастингтер өткізіледі. Әр қалада іріктеуді өткізу күндері мен мезгілі туралы барлық ақпарат ресми сайтта жарияланады. 5-14 қараша аралығында онлайн дауыс беру өткізіледі, оның нәтижелері бойынша бес ару “Мисс Қазақстан”-ның финалына өтеді.

UNI2013_PS_6023

Ең басты жаңалықтардың бірі  еліміздің бірінші аруын таңдау болмақ. Он жеті жыл бойы еліміздің лайықты бойжеткенін таңдау тек әділ-қазыларға байланысты болып келді, енді ұйымдастырушылар “Мисс Қазақстан”-ды таңдау құзіретін халқымызға тапсыруды ұйғарыпты. Финал барысында шоу-бизнестің жас әртістері Марат Оралғазин, Әли Оқапов, Луина, тележүргізуші Салтанат Бекжігітова және олимпиада жеңімпазы Илья Ильиннен тұратын байқаудың әділ-қазылары қатысушылардың үздік үштігін таңдайды. Әрі қарай тікелей эфирден ХАЛЫҚТЫҢ онлайн және sms-дауыс беруі басталады. Шешуші сөз халықтың еншісінде. “Мисс Қазақстан”-ды таңдаудың ашықтығы үшін әділ-қазылардың дауыс беру хаттамасы, онлайн және sms-дауыс беру хаттамалары 29 қарашада байқаудың ашық сайтында жарияланады. Бұл үлгі жыл сайын қайталанатын болады, көрем деушілер дауыс берудің барлық кезеңдерін тамашалай алады.

UNI2013_PS_1726

Сондай-ақ жеңімпазға тәж, іс-шараға демеуші болғандардың атынан ұсынылатын жүлде және орасан зор «МИСС ӘЛЕМ» сұлулық байқауына берілетін жолдамадан басқа,  «Мисс Қазақстан» байқауының тарихында алғаш рет 1 000 000  теңге көлемінде ақшалай жүлде белгіленді.

UNI2013_PS_4449

Визажист: «Боянған әйел мұрнын кере жүреді»

Ибрагимова Айгүл Тохташқызы, визажист

 

– Сіз қазір 7 арнада визажист боп қызмет атқарасыз. Әу бастан осы саланы көздеген ба едіңіз?
– Мен әу баста шаштараз едім. Шаш қиюды 11 жаста бастадым деп айта алмаймын, бірақ, осы жасымда алғаш рет шаш қиғанмын. Інімді түрсишең далаға отырғызып қойып, шашын алғанымнан басталған. Үйде дәу қара қайшы болатын, онымен мата да, жіп те кеседі, мен сонымен шаш қиятынмын. Солай-солай үйдегі анамның, әкемнің, інілерімнің бастарын «жаңартып» тұратын болдым.
Кейін есейгенде шашатараздың оқуын оқимын дедім, үйдегілер жібергісі келмеді. «Ой, не бар, ешқашан өспейсің, бір креслоны айналып тұра бересің ба,керек емес,» – деп, мені бұғалтырдың оқуына жібергісі келді. Ал, менің ол оқуға барғым келмеді. Неге екенін, әйтеуір тартпады. Халықпен араласқан, сөйлескен ұнайтын, «шаштараз қылмасаңдар, товаровед болам,» – дедім. Мектепті 90 жылы бітірдім, ол кезде товароведтің қолы көзір еді ғой. Қазір колледж дейді ғой, сол кезде техникум еді, сонда товароведтің оқуын оқыдым. Сол салада жұмыс істедім.

– Товароведтен қалай визажистке айналып шыға келдіңіз?
– Қазіргі 7 арна ЭраТВ кезінде 2005 жылы жұмысқа тұрғам. Арасында Қазақстан телеарнасында жұмыс істедім, көптеген концерттерге, бағдарламаларға барып жүрдім. Кейін 7 арна болған кезде қайта шақырды бізді. Бұрын бірге істес болған таныс қыз-жігіттер болған соң қайта келдім.

DSC_0049

– Сонда қызметке орналасып алып барып, тәжірбие жинақтадыңыз, иә?
– 2005 жылы ЭраТВда конкурс боп жатыр екен. Жұмысқа орналасқысы келген қыздар журналистерді бояндырады да, оны тексеріп, «сізге хабарласамыз» деп шығарып салып жатты. Мен де біреуді бояндырып, жұмысымды көрсеттім. «Сізге хабарласамыз» деместен, «ертең жұмысқа келіңіз,» деп бірден айтты. Жұмысым ұнап қалса керек, оның үстіне сол кезде арнаға визажист өте қажет болып жатқан екен. Сонда сағат таңғы бесте басталатын бағдарлама болды, соған жұмысқа шығатын болдым. Алғашында қобалжу болды, кейін бойың да үйренеді, қолың да жаттығады. Тәжірбиемен келді бәрі.

– Сонша жылдық тәжірбиемен әлі телеарнада жұмыс істеп жүрсіз. Сіздің орныңызда басқа біреу болса, ендігісі жеке бизнесін бастап кетер еді…
– Жұлдыздармен жұмыс істеген ұнайды. Аты жақсы телеарнада жұмыс істейді деген. Табысың да тұрақты. Түбегейлі жеке кәсіпке кетсең, адамдар той-томалақ болмаса, күнде макияж істеме бермейді – табысың да бұлыңғыр болады. Ал, телеарнада күніне 4-5 адамға макияж, гримін жасап, қолымды жаттықтырамын, өзіме жақсы. Бұл жұмысымда тек үйрене беру керекпін, үйрене беру керекпін. Өзіме ұнайды, сондықтан теле арнадан шыққым келмейді.
Ал, жеке бизнеске келсек, кішігірім шаштараз ашып алғанбыз күйеуім екеуміз. Күйеуім де шаштараз, ерлердің шашын алады. Екеумізді табыстырған осы жұмыс негізі. Мен телеарнадан тыс уақытымда сонда боламын. Макияж жасатушылардан гөрі маған шашын түзетуге келетін қыздар көп. Интернет деген жақсы болды, жақында ғана Инстаграмға тіркелдім, клиенттерім сол арқылы да көбейетін шығар.

– Жұлдыздармен жұмыс істеген ұнайды дейсіз. Ең алғаш бояндырған жұлдыз кім еді?
– Роза Рымбаева. Сол телеарнаға алғаш қабылданған кез еді. Қобалжып, жүгіріп, шалынып жүріп бояндырдым. Шағым болған жоқ.

DSC_0034

– Саясаткерлер, шоу-бизнес өкілдерінің жеке визажисті болады. Жұмысыңызды ұнатып қалып, жеке визажисті болуға ұсыныстар болмады ма?
– Болды. Той-томалаққа, концертіне бояндырып беремін көп жұлдызды. Екі күн жұмыстамын, екі күн демалыстамын, графигіме қарай туралаймын көп тапсырыстарды. Жұмысыма кедергі келтірмейді.

– Мысалы, тікелей эфирге шыққалы тұрған журналисті 2-3 сағаттап бояндырдыңыз делік. Ол макияж журналистке ұнамай қалды. Не істейсіз ?
– Жағадан жұмысқа тұрған кезде мұндай оқиғалар болды ғой. Сонда ерте келіп алатынмын жұмысқа, түсірілім басталудан 2-3 сағат бұрын бояндырып алатынмын. Сосын ұнамағанын түзейтінмін, қайта бояйтынмын. Сосын қыздарға «ешқашан телевидение саласында жұмыс істемегенімді, енді үйреніп жүргенімді, қателіктерімді көрсетуін» айтатынмын. Олар түсіністікпен қарады. Қазір әбден жаттықтым ғой, ондай тосын оқиғалар болмайды.

– Діни бағдарламаның жүргізушілерін де бояндырасыз ба?
– Беті жылтырап көрінбес үшін опа ғана жағамыз, болды.

– Макияждың өзі фотосессия, телевидение, видео-съемкаға арналған деп бөлінеді. Айырмашылықтарын айтыңызшы.
– Жарықтарына байланысты. Фотоға түсіргенде бір ғана бағыттағы камерамен жұмыс істесе, бағдарлама түсірілімінде жан-жақтан бірнеше камера болады. Жарық та көп болған соң беттегі макияжлы жеп қояды. Камераның бір құдыреті сол – түзу бетті қисық, қисық бетті түзу қылып шығарады.

– Телеарна визажисті болғанның бір жақсысы жеке косметикаңызға ақша құртпайсыз, бояудың бәрі тегін шығар, иә?
– Жоооқ, косметика тегін болсын-болмасын кез келген визажисте ауру болады: бояу-сояуды ала бересің, ала бересің. Бір нәрсе алуға дүкенге кетіп бара жатасың, косметика сататын бутиктің қасынан өтіп кете салу жоқ. Қалай кіріп, бірдеңе алып шыққаныңды білмей қаласың. Артынан ішің ашып отырады.

– Макияж әйелдің түрін өзгертіп қана қоймай, мінезіне де ықпалын тигізе ма?
– Макияж әйелдің түрін өте қатты өзгертеді, ал, өзіне сенімділік береді. Мысалы, тойға боянып барған әйел мен боянбай барған әйелді сыртынан бақылаңызшы: боянып барған әйелдің жүзі жарқын, мұрнын кере жүреді.

10411410_678774058837723_289856405782081646_n

– Make-up үшін ең басты назар аударатын не: көз, беттің тоны, ерін?
– Менің назар аударатыным – бетті «тональный» кремнің дұрыс жауып, румянаның дұрыс жағылуы. Өкініштісі, қазір көп қыздар румянаны дұрыс жаға алмайды, тіпті жақпайды да. Көзді баттастырып бояғанда, ерінге де қанық түс жағады. Макияжы маскаға ұқсап шыға келеді.

– «Тональный» кремді жаққан соң опа жақпаймыз көбіне. Ол керек пе?
– Әрине, жағу керек. Макияждың соңында «тональный» кремнің үстінен жағу керек. Опа кремнің майын алып, құрғатады. Ал, «тональный» кремнің бетіне румяна жақсаң, жағал-жағал боп қалады.

DSC_0028

– Бетті бояудың реті бар, бірақ, оны көп қыздар біле бермейді. Үйде боянғанда көзіне сүрме (тушь) жағып алып, артынан бояуын жағып жатады.
– Дұрыс емес. Алдымен, бетке «тональный» кремді жағады. Сосын жоғарыдан төмен қарай: қас, көз, мұрын, сосын ерін. Сүрмені (тушь) жағып алып, түстінен көздің қабағын боясаң, ол кірпікке түседі де, сүрме жаққан-жақпағаның көрінбей қалады. Сүрме (тушь) соңында жағылу керек көзге. Опа (пудра) жағылған соң румяна. Румяна бетті сопайтып, формасын келтіріп алу үшін және беттегі бояудың мойын түсімен астасып кетуі үшін жағылады. Мысалы, бетіне жарық түскенде бояуы маска сияқты боп көрінетіндер бар. Ол румяна жақпағаннан.

– Көшеде көрген қыздардың макияжына назар аударып, кәсіби тұрғыдан бағалап жатасыз ба?
– Әрине қараймын. Тіпті, тоқтатып алып, қателіктерін айтқым кеп кетеді. Бірақ, сөз естіп қалғым келмейді. Көбісі, күндіз жұмысқа бара жатқан әйел кешкі макияжды жағып алады, дұрыс емес. Мезгілмен бояну керек.
Егер бет әдемі боялып тұрса, киімнің кем-кетіктерін жауып кетеді. Ал, егер қымбет, керемет киініп, бетіңдегі бояу нашар болса, бүкіл образың құриды.

– Макияж теріні қартайтады, бұзады деп жатады…
– Зияны бар. Бірақ, үнемі боянып жүрген әйел косметиканы жуып-шайып, тазалап, сосын түрлі кремдер, лосьондар жағып, барынша күтім жасайды. Ал, боянбайтын әйелдер бетін жуа салып, жүре береді. Бояусыз-ақ, теріге күннен, ауадан, шаң-топырақтан, экологиядан зиян келеді. Енді қараңыз, үнемі күтіммен жүретін әйелдің беті құри ма мұндайда, әлде бетін сумен шая салып жүретін әйелде ме? Сапалы бояуларды алу керек, зияны аз болады.

– Телеарнадағы журналистерден бөлек, жігіттер макияж жасата ма?
– Анда-санда өз тойына, қандай бір түсірілімге не Love Story түсіруге бара жатқан жігіттер беттеріндегі безеулерін жасыру үшін макияж жасатып жатады.

– Қазір визажист жігіттер өте көп. Құрбыларымнан «әйел визажисттен гөрі ер визажист жақсы бояндырады, ұқыпты,» деген сөздерді көп естимін. Рас па?
– Визажист жігіттер, бәрі емес, жұмсақ болады. Бұл – олардың ориентациясы өзгереді деген сөз емес. Жәй ғана бояндырған ұнайды. Әйелден гөрі еркектің жақсы бояндыруы жынысына емес, тәжірбиесіне байланысты. Ал, жігіттер жақсы бояндырады дегенге сенетіндердің мәселесі басқада. Біз бояндырғанда мақтау айтамыз, комплимент айтамыз. Сол комплиментті еркек айтса – әйелге майдай жағады, қуанады, қабылдау басқа болады. Ал, әйел мақтай берсе: – «е, сорлы, мынау ақша істегісі келіп, клиентін көбейткісі келіп, өтірік мақтап жатыр,» – деп ойлайды. Сондықтан мен көп мақтамауға тырысамын. Егер жұмысым ұнаса, ол қайтып келеді маған.

– Оқып отырған қыздарға қажетті ақпарат болсын, make-up пен шаш қию құнын айтыңызшы.
– Макияж 7 мыңнан басталады. Мереке кездерінде барлық жерде баға көтеріледі, менде де. Ал, шаш қию қымбат емес: 1500-3000 теңге арасы. 3000 алмаймын да көбіне.

– Сізге шаш қидыртқысы келген қыз-жігіттер қай мекен-жайға барсын?
– Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 28 үй.

– Сұхбаттасқаныңызға рахмет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

Әдемі шаш қыстырғыш жасау жолы

Біз бүгін әдемі шаш қыстырғыш жасаймыз. Бұл шаш қыстырғыштың сатылатын түрі көп болғанмен талғамға, киімге сәйкестентіріп тігіп алған өте тиімді.

aynaline.kz сайтынан алынды

Бізге қайшы, ине-жіп, шаш қыстырғыш темір (ескіріп қалған шаш қыстырғыштың темірін алсаңыз да болады), сол шаш қыстырғыш темір көлемін сәйкес кесілген 3 бөлік сопақ мата, түрлі түсті моншақтар және 30 см лента керек.

1

 

3 бөлік сопақ матаның екеуін аламыз да, жиегіне лентаны желбезектеп тігеміз.  Бір мата қалу керек.

2

Матаның шетіне лента айналдыра тігілген соң суреттегідей дүние шығу керек.

3

Оның бетіне үшінші матаны қаптаймыз. Матаның тысын сыртына қаратып, әдемілер тігіп шығамыз. Екі жағы да бірдей болу керек.

4

Матаның үстіне түрлі түсті моншақты әдемілеп, үйлесіммен тігіп шығамыз.

5

Енді дайын болған моншақ тігілген матаны шаш қыстырғыш темірдің үстіне қондырамыз.

6

Шаш қыстырғыш темірдің екі жағында тесік болады. Сол арқылы матаны суреттегідей қылып тігіп шығамыз. Жіпті бірнеше рет қайталап өткізу керек, сенімді болу үшін.

7

8

Вуа ля! Әдемі шаш қыстырғыш дайын:

9

 

Көктемде көтеріңкі көңіл-күймен жүреміз, ол көзде, езуде ғана емес, киімде, аксессуарларда да білініп тұру керек. Мынадай түрлі түсті шаш қыстырғыш нағыз көктемде тағуға арналған.
Қолыңыздан келеді!

 

Беліңіз неге ауырады?

Беліңіз ауырып, мазаңызды ала берсе, қорықпаңыз, бес адамның төртеуі белінің ауырғанына шағымданады. Демек, сіздегі жағдай аса қауіпті емес. Бел ауруы туындайтын себептерді іздеп көрелік.

Монитор алдында көп уақытыңыз өтеді

Адам тәуліктегі уақытың, орта есеппен, 9 сағатын компьютер алдында бүкірейіп, еңкейіп өткізеді екен. Заманауи гаджеттар көбейіп, адамдармен хабар алмасу тым жеңілдеген сайын арқадағы, иық пен мойындағы аурулар да қаптап барады. Жұмыс арасында үзіліс жасап, мойын бұлшықеттеріне жаттығу жасап тұру өте маңызды. Ең қарапайым жаттығу – басты күніне 5 реттен артқа-алға, екі жанға бұрып отыру.

боль-в-спине-у-девушки-симптомы-радикулита

Сонымен қатар, ұзақ уақыт отыру адамның омыртқасына тұрғандағыдан да, жүргендегіден де көп зиян келтіреді. Жұмыс орныңызда монитор көздің деңгейінде орналасуын, шынтақ пен тізе 90 градуста бүгіліп тұрғанын, табанның еденде нық жатуын қадағалаңыз.

Етбетіңізбен ұйықтайсыз

Етбетінен ұйықтау буын мен бұлшықетке күш түсірсе, шалқайып не бір жанымен жатып ұйықтау омыртқаға күш түсірмейді. Егер басқаша қалыпта көз іле алмайтын болсаңыз, омыртқа мен бұлшықетке түсетін қысымды азайту үшін жамбас тұсыңызға жастық қойып ұйықтаңыз. Тіпті, төсегіңіздің қатты не тым жұмсақ болуынан да беліңіз ауырады.

Темекі шегесіз 

Темекі – жүрек пен өкпенің ғана жауы емес. басқаларға қарағанда шылымға құмартқандардың омыртқасы тез зақымданады. Никотин омыртқаға қанның баруын баяулатып, оның жарақат алып қалу қаупін өсіреді. Сондай-ақ, темекі адам ағзасындағы кальцийді өзіне сіңіріп алады да, сүйектердің жағдайы нашарлай бастайды. Темекіні тастайтын уақытыңыз болған жоқ па? 🙂

image-1577

Көңіл-күйіңіз құбылмалы

Адам ауырса, оның психологиялық денінде де өзгерістер байқалады. Ғалымдардың айтуынша, арқасы, белі ауыратын адамдар жабырқау жүреді екен. Терең депрессияға түскен адамның белі, тіпті мойыны да ауыратын көрінеді. Адамда стресс болса, арқаның бұлшықеттері жиырылып, тартылып қалады. Бел ауруынан құтылу үшін, алдымен, депрессиядан құтылу керек. Йога, фитнес, би сабақтарына барып, екеуінен де арылуыңызға болады.

Сіз – сәннің құлысыз

Биік өкшелі аяқкиімдердің денсаулыққа зиян екені даусыз, тым жайпақ табанды аяқ киімдер де денсаулыққа жақсылық әкелмейді. Сүйретпелер мен сандалдар табанды ыңғайсыз ұстап тұрады да, соңында табан, тізе, бел ауыратын болады. Мұның бір шешімін табуға болады: бірде кроссовкалар, бірде сандалдар, бірде биік өкшелі аяқ киімдер киіңіз. Аяқ киіміңіз өте жайлы болу керек және бір ғана аяқ киімді күні бойы киіп жүрмеу керексіз. Айтпақшы, белдің ауыруына иыққа асып алатын сөмкелер де себепкер. Оны үнемі бір иыққа салып жүретін болсаңыз, тіпті қауіпті. Сондықтан бауы жалпақ сөмкені таңдаңыз және оны екі иығыңызға алма-кезек асыныңыз. Сөмкеңіздің салмағы өз салмағыңыздың 10 пайызынан көп болмау керек.

Woman's Back

Асыра әлпештеп жібересіз

Бел ауырса, адамның бәрі жатып қалуға құмар. Адам жатқанда омыртқаның бел тұсына түсетін күш азаяды. Бірақ, екі күннен артық жатқан адамның беліңіздегі ауруды одан сайын күшейе түседі. Жаяу көп жүріп, жүзумен айналыссаңыз, белдегі ауру жеңілдеп, қан айналымы жақсарады, тез жазылуға сеп болады. Йогаға барып, буындар мен бұлшықеттерді созып, жаттықтырса, белдегі аурудың кетуі жылдам.

 

Жанар – жүкті әйелдерге арналған кітаптың авторы

Жанар – Көбекбайдың ерке немересі, Нұрлан мен Бақытгүлдің  тұңғыш қызы, Сыр елінің тумасы. Бір ұл, бір қыздың әпкесі. Орта мектепті Қызылорда қаласындағы Қазақ Түрік лицейінде тәмамдаған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің журналистика мамандығына түсіп, бір жылдан соң «уақытымды бекер кетірмейін» деп, оқудан шығып, арман қуып Астанаға келген. Мұндай шешім қабылдауына бірнеше себеп бар.  Біріншісі, 18 жасында үлкен журналистикаға алғаш қадам жасап, оқу орынына түскенде облыстық телеарнаның «дәмін татып қалған» студент еді. Екінші себеп, өкінішке қарай журналистерді оқытатын ЖОО-дағы базаның жоқтығы. Арнайы құрал-жабдықтардың, қарапайым диктафондардың жоқтығы. Астанаға келіп, қара шаңырақ Қазақ радиосына ресми қабылданғаннан соң, осындағы Еуразия Гуманитарлық институтында оқуын сырттай жалғастырып, аяқтаған.

Астанаға келгеніне биыл 7 жыл болады. Астанада отбасын құрған. Республикалық радиода да, телеарнада да, газет-журналдарда да қызмет атқарған. Бүгінде егіз қызын бағып, үйде отыр. Қызылорда өңірінің келіні.

1377524_1382319515341267_1961803337_n

1. «Әйел бақыты» атты күнделік-кітабыңызды әу бастан жоспарладыңыз ба? Әлде кейіннен туған идея ма?

Мен, жаңаны білуге құмар жанмын. Жүктілік кезінде де бойымдағы өзгерістер, бөпенің апта сайынғы дамуы, не ішіп, не жеуге болатындығы, жалпы дүниеге дені сау ұрпақ алып келу үшін қалай күтіну қажеттігі мені қатты қызықтырды. Содан ғаламторды шарлап, кітап дүкендерін аралап кеттім. Сенесіздер ме, сонда қазақ тілінде бірде –бір кітап таппай, қарапайым ақпараттың өзін «жарық күнде шаммен жүріп» әзер табатынмын. Бұл жайт мені қатты ренжітті. «Ана мен бала өлімі көбейіп кетті, кемтар балалар жиі туылатын болды» деп жар саламыз, міне оның басты себебі. Жүктілік кезіндегі күтімге, арнайы медициналық кеңестерге қатысты бірде-бір қазақ тілінде әдебиет жоқ. Орыс тілін жіті білмейтін әйел сонда не істемек?! Салдарымен емес, себебімен күресу қажет. Осылайша, кітап жазу – қажеттіліктен туындаған дүние болды.

2. Аяғы ауыр әйелдің көңіл-күйі құбылмалы болады деп жатады. Сіздің көңіл-күйде болып жатқан өзгерістерді, оның ер мен әйелдің түсініспеушілігіне ұласып кеткен тұстарын да толықтай жаздыңыз ба кітабыңызға, әлде кейбір отбасылық сырларды жасырып қалдыңыз ба?

Жасырған тұстарым аз болды-ау. Тіпті, жоқ десем де болады. Кітаптың алғашқы «мен болашақ анамын» атты бөлімінде «менің бойымдағы өзгерістер» деген айдар бар. Міне, сонда жүктілік кезіндегі өзіме қатысты барлық  қызығы мен шыжығы толы ақпараттарды оқырман оқи алады.  Онда Сіз айтып өткен жүкті келіншектің құбылмалы міңезі де, мені мазалаған токсикозда, үнемі жолдасымның ілтипатына деген мұқтаждық, егіз қызға пана болған ішімнің геометриялық прогрессиямен өсуі сынды біршама өмірімдегі қызықты дүниелерді ұсындым.

cc602adb2ce7a89645a5b44c50edf87c

3. Кітап қанша тиражбен шықты? Күнделік-кітапты жарыққа шығаруда қандай қиыншылықтар кездесті, демеуші табу қиынға соқпады ма?

Кітаптың алғашқы таралымы 1000 дана. Алғашқы деп отырғаным,  мақсатым – осы кітаптың тиражын көбейтіп, алыс ауыл-аймақтарға жеткізу. Себебі, менің басты оқырманым, қазақ тілді әйелдер аудиториясы сонда. Осы сұхбатты пайдалана отыра кітапты еліміздің  түкпір-түкпіріне жеткізуге демеуші боламын деген жандарды, қазақ тілдің жанашырларын  бірге жұмыс жасауға шақырамын. Ал, демеуші табу жағына келсек, менің жолым болды. Кезінде марқұм Әзілхан Нұршайықовтан сұхбат алғанда «інім Нұртай кітабымды шығарып берген, соған рахмет» деп айтқаны бар және парламенттің трибунасынан тіл, демография, әйел мәселесін бірден-бір жиі қозғайтын депутаттардың бірі болғандықтан Нұртай Сабильянов ағамызға өтініш айтып бардым. Көп балалы әке бұл кітаптың қажеттілігін бірден түсінді және маған сеніп демеуші болатынын айтты. Осылайша Нұртай  аға баспаға кеткен шығынды толықтай төлеп берді.

4. Кітап жазу, оны басып шығаруыңызға жарыңыздың көзқарасы қалай болды?

Оң көзқараста. Жүктіліктің басында сол қазақ тілінде кітап таппай ашуланып, ренішімді білдіріп «осы кітапты өзім жазып шықпасам» деген сөздің шықпасы бар ма, бірдегеннен қолдай кетті. «Жаз, шығар, сенің қолыңнан келеді» деген сөздері мені қанаттандыра түсті. Және кітап жазу барысында менің редактором болды десем де артық айтпағаным. Әрбір аптаны, бөлімді жазып болғаннан соң, мен оны жолдасыма оқытып отырдым. Күйеуім оның қаншалықты халыққа түсінікті, қарапайым тілмен жазылғаның «бақылаушы» болды. Себебі, алдында айтып өткенімдей менің басты оқырманың ауылдағы сиыр сауып, ата-енесінің жағдайын жасап жүрген қазақтың келіндері. Оларға қиын медициналық термин, қызыл сөз, әдемі сөз орамдары қажет емес. Бастысы – ақпараттың жеңіл әрі түсінікті жазылуы.

 5. Бала дүниеге келгенге дейінгі күнделігіңіздің нәтижесі көптеген келіншектердің нағыз досына айналары сөзсіз. Енді бала дүниеге келгеннен кейінгі кезеңде де күнделік жазып жүрсіз бе?

Осы жерде мен айта өтейінші. Бұл кітап – менің күнделігім емес. Ия, түрткі болған, негіз болған күнделік. Бірақ, жаза келе бұл кәдімгі барша жүкті әйелге қажет төрт бөлімнен тұратын толыққанды кітап болып шықты. Сол себепті, кітаптан тек менің бойымнан өткергенді ғана оқимыз деп шатастырып алмаңыздар. Ал, атауына келсек, ия бұл – жүкті әйелге арналған күнделік. Себебі, «мен болашақ анамын» атты кітаптың алғашқы бөлімінде жүктіліктің 40 аптасы толық сипатталады. Әр аптада ана мен баланың қосқан салмағынан бастап, ана бойындағы өзгерістер, баланың дамуы және сол аптаға ана мен әкеге кеңестермен қатар, апта соңында «жеке күнделік» деген атаумен әрбір оқырманға өзінің жүктілік кезінде ерекше сәттерін жазып, естелік етіп қалдыруға мүмкіндік бердім. Осыдан кітаптың атауы да туындайды: «Ана бақыты немесе жүкті әйелге арналған күнделік» деген.  Ал, сұрағыңызға келсем, қос сәбиімді өмірге алып келгеннен кейінде мен күнделік жазуды жалғастырдым. Және оның бір сыпырасын сіздер кітаптың үшінші бөлімінен оқи аласыздар. Ол бөлім толықтай егіздерге қатысты. Олардың  түр-сипаты, мінез-құлқы, тәрбиесі дегендей. Және әрине практик ананың, яғни менің бастан өткергенім де жазылған.

d460bd87db7d30eef69d1efd9f1904fe

6. Отбасыңызға келейікші. Егіз баланы өсіру қиын емес пе? Сіздің тұңғыштарыңыз ғой?

Ия, тұңғыш қыздарымыз. Есімдері Зере мен Адия. Алла тағаламның ең қымбат сыйы маған жасаған. Әрбір арайлап атқан таңмен бірге олардың да қылықтары, сөздері, нық қадамдары көбейіп келеді. Осыдан артық бақыт жоқ шығар бұл жалғанда. Қос сәбиді бір балаға қарағанда бағу басында қиында шығар, бірақ өсе келе екеуі біріне бірі серік болады екен. Және бауырмалдықтары мықты. Тіпті, қарап отырып қызығып кетесің. Бірінің қолына тағам берсең, екіншісінде бар ма деп қарайды. Болмаса, барып міндетті түрде бөліседі, кейде тіпті барлығын бере салады. Алла тағалам осы бақытымды артық көрмесін, отбасымның, ата-анамның, жақындарымның амандығын берсін деп тілеймін бастысы.

7. Бала бағу, кітап шығару, жұмыс істеу, отағасын күту, ас дайындау… Осылай жалғасып кете беретін әйел жұмыстарына қалай үлгересіз?

Маған ең жиі қойылатын сұрақ. Бірақ, күніңді дұрыс жоспарлай білсең, барлығына үлгеруге болады. Мен көптеген декреттегі әйелдер сынды теледидардағы сериалдарды тізіп көріп, телефонмен сағаттап сөйлесіп, ішім пысқан емес. Өзіме өте талапшыл жанмын. Және рухани азықтанып тұрмасам, алдыма мақсат қойып, соған ұмтылмасам депрессияға түсіп кететін адаммын. Күнде кешкілік ертеңгі бітіретін жұмыстарымды дәптеріме тізіп аламын. Және ол тізімнің барлығында кешкілік  «+»  белгі тұру керек. Және бір айта кететінім, отағасы да келіншегіне бар жағдайын  жасау қажет. Әйел тамақты қалай жеткізем, ақшаны қалай табамын деп миын ашытпау керек. Әйел бұл – үйдің берекесін келтіретін, тапқанды дұрыс жарататын, балаларын дені сау, ақылды, әдемі етіп өсіріп, кешке жолдасын күліп қарсы алып, әрдайым айналасын көркімен, ақылымен тәнті ететін жан. Осыны есте сақтаңыздар! Және балаларымның күтімінде үлкен көмегін беріп, перзентханадан шыққан күннен жанымызда жүрген қайын енемнің еңбегін де айта кетейін. Жалпы, қыздарымды ел болып өсірдік. Менің анам, бауырларым сенбі, жексенбі келіп бақса, қалған аптаның бес күнінде түн ұйқымызды төрт бөліп, мен, енем, жолдасым қарадық.

1624424_1423182607921624_1697436879_n

8. Кітаптарыңыз қай қалаларда, қай дүкендерде сатылып жатыр? бағасы қолжетімді ме?

Кітап Алматы және Астана қалаларындағы Меломан дүкенінде сатылады. Өзге өңірлердегі оқырмандар интернет дүкен арқылы ала алады. 5-10 күнде жеткізіп береді.   Бағасы қолжетімді деп ойлаймын. Себебі, бұл коммерциялық жоба емес. Дүкенде құны 990 теңге, ал интернет – дүкеннен 870 теңгеге ала аласыздар.

Сұхбатыңызға көп рахмет! Оқырмандарыңыз көбейе берсін!

Сүйіктімізге сыйлық жасайық!

Егер сіз сыйлықтар үшін идеялар іздесеңіз – осы сайтқа өтіңіз Сыйлық.kz

Ғашығыңызға ерекше сыйлық жасағыңыз келеді. Бірақ, дәл қандай сыйлық таңдарыңызды білмей дал болудасыз. Ендеше мына хендмейдтердің бірін жасап көріңіз. Оңай әрі ерекше. Сүйіктіңіз өз қолыңызбен, бар махаббатыңызды төге жасаған сыйлығыңызды тым қымбатқа бағалары сөзсіз.

1. Кофеден жасалған жүрек

1

2

3

4

5

6

11

22

33

44

55

66

 

 

 

2. Құлпынай мен раушаннан жасалған жүрек

1

2

3

4

5

6

7

8

 

3. Сезімге толы шоколад

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

4. Сәттерге толы жүрек

1

2

3

4

5

6

 

5. Романтика

1

2

3

4

5

 

6. Құттықтау қағазы 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

Суреттер интернеттен алынды.

Шашқа тағатын әшекей жасайық!

Әдемі көйлек, әдемі әшекей, әдемі шашқа тағатын бұйымдар қыздарды қашан да қызықтырып тұрады. Ал, өзің қызыққан дүниені әрқашан қалтаң көтере бермейді. Сондықтан ол әшекейді қолдан жасап алған тиімді. Әрі арзан, әрі эксклюзив.

Біз бүгін шашқа тағатын әдемі әшекей жасаймыз.
Ол үшін бізге қатты мата, ине-жіп, қайшы, бас өлшеміне қарай резіңке

1

және әр түрлі моншақтар қажет. Моншақтарды қалаңыздағы фурнитура дүкендерінен табуға болады.

2

Матаны 3 см болатындай қылып бүктейміз де, ол қалпынан тайып кетпес үшін шетін тігіп шығамыз. Матаның екі басына резіңкенің екі басын қосып тігеміз.

3

Мынадай созылмалы лента шығады. Басыңызға киіп көріп, дәл өлшемді алыңыз. Әйтпесе, кейін не үлкен, не қатты кіші боп қалады.

4

Матаның шетінен бастап, моншақтарды бір-бірлеп тігеміз. Фантазияңызға қарай әр түрлі тасты араластырып, не қандай да бір өрнекпен тігуге болады.

5

Асықпай, ұқыппен матаның үстіне моншақ тігіп шығамыз. Жіптің шетін жақсылап түйіндеңіз, кейін моншақтар шашылып қалып жүрмесін.

6

Дайын болған әдемі әшекейді шашыңыздың ұзындығы мен киіміңізге қарай түрліше тағуға болады.

7

Сәттілік!

 

aynaline.kz

Айжан – neke.kz жобасының авторы

Құрметті Айқаракөз оқырмандары! Біз «Табысты арулар» деп аталатын жаңа айтар аштық. Бұл айдарда өз еңбегімен, өз күш-жіберімен қандай да бір жетістікке жетіп, ерге бергісіз іс атқарып жүрген нәзік жандылардан алынған сұхбаттар жарияланатын болады.

Осы айдардың алғашқы кейіпкері – Айжан Құлмұханбетова.

Фото0051E001

Айжан – neke.kz  жобасының авторы.
Сұлу қыз Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шалкөде ауылында туып-өскен. Фрилансерлік қызмет істегенімен, көбіне өз сайтымен айналысады. Интернетке 2007 жылы келіп, 2008 жылдан бері блог жүргізуді бастап, Қазнетке өз үлесін қосып келеді. Тұрмыс құрмаған 🙂

1. Айжан, дәл осы  отау құру, отбасы болу сияқты тақырыпта сайт ашуыңа не түрткі болды?
Басында сайт ашу туралы ойламадым. Өзім танитын мықты блоггерлердің бәрі өз сайттарын ашып, іс жасап жатқан кезде өз тақырыбымды таппағаныма қиналатынмын. Фрилансерлік жұмысқа кіргесін «арнайы тақырыптық блог жүргіз» деген ұсыныс айтылды. Өзім білетін интернет, жарнама сияқты тақырыптарда жаза бастадым. Бірақ ол оқушыларға онша қызық болмағасын «Қалыңдық күнделігі» деген атпен блог бастадым. Дәл сол уақытта орысша үйлену-жарнама сайтына жұмысқа тұрған болатынмын. Өзімнің блогтарымның қаралауы 5000-нан асып кеткеннен кейін «неге осы тақырыпта сайт ашпасқа» деген ойға келдім. Солай сайт жасаушылармен келісіп, neke.kz дүниеге келді.

2. Сайтқа бөлінген қаржыны, оған күнделікті контент толтыруды, ақпаратпен бөлісуді қоспағанда, қабақ түйдрген қандай жағдайлар болды? Кедергілер кездесті ме?
Жұмысымнан кетуге тура келді, «бастығым менің идеямды ұрлап жүрсің» дегесін кетіп қалдым. Ол кісіге өз сайтымның мақсатының басқа екенін түсіндіре алмадым. Бірақ, қазір басқаша ойлаймын.

3. Күніне неше уақыт бөлесің сайтыңа?
Қазір үйден жұмыс істеп жүргесін 2-3 сағат қараймын, жан-жақты сайттармен салыстыру, аналитика, сараптау жұмыстарын жасап жүрмін. Жұмыс істеп жүрген кезде күніне  тек 1 сағат қана бөле алатынмын, кейде мүлде уақыт таба алмай қалатынмын.

4. Жұмысыңдағылар сайтың туралы біле ме? Олар қандай көзқараста?
Басында білмеген, бірақ, бастығым менің блоггер екенімді білетін. Ешқандай қарсылық білдірмеген, кейін сайт туралы білген кезде келіспеушіліктер пайда болды. Содан соң кетуге тура келді. Әрине жасырмаймын, үйлену, той жасау бизнесіндегі бірқатар нәрселерді сол жақтан үйрендім. Бірақ, ол жақтан контент алу, жұмыста өз сайтымда отыру болмаған.

5. Сайт арқылы екі жастың танысуына, табысуына көмек болатын жолды қолға алғың келмей ме?
Сайт арқылы екі жасты таныстыру бар, біраз адамдарды таныстырдым. Дегенмен, адамдардың көңілін табу қиын екенін біліп қалдым. Себебі, «маған мынандай адам керек» деп айтқандарына сай, келеді-ау деген адамдарды жіберсең, «ұнамай қалды» деген сөздерді естимін. Әзірге ешкімді қоса алмадым, бірақ, жастарды  қосу ойымнан әлі де бас тартпаймын.

6. Сайтыңды таныту үшін қандай жарнамалық әрекеттер жасадың?
Әзірге тек интернет қана. Әлеуметтік желілер мен SEO жұмыстарын жасауға тырысып жүрмін.

7. Айжанқыз, еңбегіңе мол табыс тілейміз! Неке.kz арқасында құрылған бақытты отбасылар көп болсын! 

Құрсақтағы тәрбие

Баланы анасының құрсағында жатқанда-ақ тәрбиелеу керек деген қағида қазір кеңінен таралып кетті. Мұны біреулер құптаса, біреулер жоққа шығарады. Әлі дүниеге келмеген бөбекпен сөйлесуге, оны тәрбиелеуге бола ма, оны қалай дұрыс жасаған дұрыс, соған үңіліп көрейікші.

Егер құрсақтағы балаңыздың интеллектін, ақылын, дарынын туылмай жатып дамытам деп ойласаңыз, қателесесіз, ондай ойдың бәрін бастан шығарыңыз. Ол мүмкін емес. Сіз бұл мерзімде тек баланың эмоциялық сезімталдығын ғана арттыра аласыз. Яғни, сезім мүшелерін жаттықтырасыз.

Егер құрсақтағы бала оған айтқан сөздерді түсінеді десеңіз, оның мүмкіндіктерін асыра бағалап жібгеніңіз. Ол не айтып жатқаныңызды түсіну үшін алдымен сөз мағынасын біліп алу керек (өзіңізді аудармашысыз өзгетілді адамдардың арасында елестетіп көріңіз). Сондықтан іштегі балаңыз сіз оқып берген «Мақта қыз туралы ертегінің» сюжетін түсінеді деп ойламаңыз: ол мақтаның не екенін, қыздың кім екенін білмейді, түсінбейді.
Алайда, бала сіз ертегі оқып жатқандағы, сөйлегендегі дауыс ырғағын, құбылмалылығын, интонацияны сезінеді, діріл деңгейінде сезеді. Ол діріл жағымды болса, бала рахаттанады.

1455898_621753791219592_173997644_n

Егер құрсақтағы тәрбие «музыка тыңдау», «поэзия оқу», «қарынды сипау» сияқты істерден тұратын болса, бұл әрекетте де нәтиже мардымсыз болады. Анасының ішінде жатқан сәби бәрін эмоциямен қабылдайтынын айттық, сіз сезінбей, сылдыратып оқып берген өлең балаға еш әсер етпейді. Анасының көңіл-күйі жақсы ма – іштегі бала да көңілді. Анасы мұңайды ма – баласы да мұңаяды. Сондықтан әр әрекетіңізді «сәннен қалмау» үшін емес, «шын жүректен» атқарыңыз, нәтиже де керемет болады.
Тіпті, балаға арнайы ештеңе оқмай-ақ, айтпай-ақ, анасы үнемі керемет көңіл-күйде, мейірімділікте жүрсе, соның өзі балаға керемет әсер етеді.

Жоғарыда жазылғандарды оқып алып, аяғы ауыр аналарға өмірінен жағымсыз эмоцияларды толықтай алып тастауға да болмайды. Баланы стрестен мүлде аластатып тастамау керек.
Баланың алғашқы эмоциялық күйлері анасынан беріледі дедік, сондықтан ол көңіл-күйдің барлық тұстарын көру керек: жылауды да, ашулануды да, уайымды да, тек мөлшерімен. Туылғаннан кейін кездесетін стрестерге солай дайындау керек баланы.

Айнұр Әтенова
Шымкент қаласы, №5 бөбекжайының тәрбиешісі

Аязда көлігіңіз оталмай қалса…

Көлігіңізді арнайы тұраққа кіргізіп қоюды ұмытып кеттіңіз делік. Таңертең жұмысқа барарда машинаңыз оталмайды. Не істеу керек?

Айқаракөз ұсынатын бірнеше кеңесті орындап көріңіз, көмегі тиіп қалар.

Көлігіңіз оталмай қалса:
–  аккумуляторды қыздырып көріңіз: алыс жарықты қосып-өшіру, музыка тыңдау, яғни, аккумуляторға күш түсіру;
– көлікті тұтандыру кезінде бірнеше секунд күте тұрыңыз, бұл уақытта бензонасосқа бензин тартылады;
– ажырату педалін басыңыз;
– көлікті оталдырып көріңіз;
– стартерді, ең ұзақ дегенде, он секундқа қосыңыз. Әйтпесе, жанып кетуі мүмкін;
– егер көлік қозғалтқышы бәрібір іске қосылмаса, газ педалін басып, 1-4 пункттерді қайталап көріңіз.

kak-zavesti-mashinu-zimoy

Егер стартер айналмаса:
– басқа көліктен «тұтандырып» көріңіз;
– итеріп оталдыруға тырысыңыз;
– аккумуляторды зарядтаңыз немесе тіпті ауыстырыңыз.

zamok

Машинаның есігі аяздан ашылмай қалса:
әлсіздеу аязда алақаныңызды құлыпқа жақындатып, деміңізбен жылытыңыз;
– көлік кілтін оттыққа (зажигалка) қыздырып, құлыпқа салып, ақырындап айналдырыңыз;
орташа аязда үйге кіріңіз де, су қайнатып, құлыпқа қайнаған ыстық су шашыңыз;
өте күшті аязда еріткіш-брелок немесе арнайы аэрозоль қолданыңыз;
– шприц арқылы құлыпқа медициналық спирт құйыңыз.

Уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады! 🙂