Әдемі шаш қыстырғыш жасау жолы

Біз бүгін әдемі шаш қыстырғыш жасаймыз. Бұл шаш қыстырғыштың сатылатын түрі көп болғанмен талғамға, киімге сәйкестентіріп тігіп алған өте тиімді.

aynaline.kz сайтынан алынды

Бізге қайшы, ине-жіп, шаш қыстырғыш темір (ескіріп қалған шаш қыстырғыштың темірін алсаңыз да болады), сол шаш қыстырғыш темір көлемін сәйкес кесілген 3 бөлік сопақ мата, түрлі түсті моншақтар және 30 см лента керек.

1

 

3 бөлік сопақ матаның екеуін аламыз да, жиегіне лентаны желбезектеп тігеміз.  Бір мата қалу керек.

2

Матаның шетіне лента айналдыра тігілген соң суреттегідей дүние шығу керек.

3

Оның бетіне үшінші матаны қаптаймыз. Матаның тысын сыртына қаратып, әдемілер тігіп шығамыз. Екі жағы да бірдей болу керек.

4

Матаның үстіне түрлі түсті моншақты әдемілеп, үйлесіммен тігіп шығамыз.

5

Енді дайын болған моншақ тігілген матаны шаш қыстырғыш темірдің үстіне қондырамыз.

6

Шаш қыстырғыш темірдің екі жағында тесік болады. Сол арқылы матаны суреттегідей қылып тігіп шығамыз. Жіпті бірнеше рет қайталап өткізу керек, сенімді болу үшін.

7

8

Вуа ля! Әдемі шаш қыстырғыш дайын:

9

 

Көктемде көтеріңкі көңіл-күймен жүреміз, ол көзде, езуде ғана емес, киімде, аксессуарларда да білініп тұру керек. Мынадай түрлі түсті шаш қыстырғыш нағыз көктемде тағуға арналған.
Қолыңыздан келеді!

 

Шашқа тағатын әшекей жасайық!

Әдемі көйлек, әдемі әшекей, әдемі шашқа тағатын бұйымдар қыздарды қашан да қызықтырып тұрады. Ал, өзің қызыққан дүниені әрқашан қалтаң көтере бермейді. Сондықтан ол әшекейді қолдан жасап алған тиімді. Әрі арзан, әрі эксклюзив.

Біз бүгін шашқа тағатын әдемі әшекей жасаймыз.
Ол үшін бізге қатты мата, ине-жіп, қайшы, бас өлшеміне қарай резіңке

1

және әр түрлі моншақтар қажет. Моншақтарды қалаңыздағы фурнитура дүкендерінен табуға болады.

2

Матаны 3 см болатындай қылып бүктейміз де, ол қалпынан тайып кетпес үшін шетін тігіп шығамыз. Матаның екі басына резіңкенің екі басын қосып тігеміз.

3

Мынадай созылмалы лента шығады. Басыңызға киіп көріп, дәл өлшемді алыңыз. Әйтпесе, кейін не үлкен, не қатты кіші боп қалады.

4

Матаның шетінен бастап, моншақтарды бір-бірлеп тігеміз. Фантазияңызға қарай әр түрлі тасты араластырып, не қандай да бір өрнекпен тігуге болады.

5

Асықпай, ұқыппен матаның үстіне моншақ тігіп шығамыз. Жіптің шетін жақсылап түйіндеңіз, кейін моншақтар шашылып қалып жүрмесін.

6

Дайын болған әдемі әшекейді шашыңыздың ұзындығы мен киіміңізге қарай түрліше тағуға болады.

7

Сәттілік!

 

aynaline.kz

Сусабынды қалай таңдайсыз?

Сусабынды қалай таңдайсыз?

Жібектей жұмсақ, толқындай тербетілген, жып-жылтыр, сау шашты қай қыз армандамасын?! Мұндай шашқа ие болу үшін арнайы күтім керек. Шаштың жылтырауы сусабынға да байланысты. Сусабынды қалай таңдау керек?

Дүкенге келіп, сөре толы түрлі-түрлі сусабындардың қайсысын таңдарымызды білмей қалатынымыз анық. Жарнамадан жиі көрсетіп, аты танысын ала саламыз.

Шындығында, шашыңызды қандай сусабынмен жусаңыз да, құрамында қандай дәрумендер бар, шашыңыздың кемшілігін түзейді ма, бәрібір шашқа әсері болмайды. Өйткені, шаш өлі жасушалардан тұрады. Оған қымбат маскалар мен майлар жағып, әуреге түссеңіз де, нәтиже болмауы мүмкін. Нағыз күтімді қажет ететін тірі жасушалар шаштың түбінде және бас терісінде. Сондықтан шаш күтімі – шаштың ұзына бойы мен ұшына назар аудару емес, бас терісін күту және дұрыс таңдалған сусабын екенін біле жүрейік.

Мамандар бас терісін үшке бөледі:

  1. Майлы тері;
  2. Құрғақ не сезімтал бас терісі;
  3. Қайызғақты.

Сусабынды бас терісінің түріне қарай таңдау керек. Ал теріге жүргізілетін емдік істер (шаштың түспеуін, тез өсуін, ұштанып кетпеуін қадағалау) арнайы құралдармен (маска, бальзам, кондиционер) жасалады. Сусабын – шашты тазартуға арналған құрал.

Майлы шаш не майлы бас терісі.

Егер шашыңыз жуғаннан кейін екі күн өтпей кірлеп, аптасына екі реттен көп жууға тура келетін болса, шашыңыз майлы түрге жатады. Бұл түрдегі шаш пен бас терісіне көлем беруге арналған, сезімтал теріге арналған және майлы шаштарға арналған сусабындар қолайлы. Шаштың бояуын сақтайтын, құнар беретін (питательные) сусабындар құрамы майлы болады да, шашыңыз одан сайын тез кірлейтін, жылтырамайтын болып қалады.

Құрғақ не сезімтал бас терісі.

Әрең дегенде таңдап алған сусабыныңыз басыңызды ашытып, қышытып, бөртіп жіберетін болса, бас теріңіз тым сезімтал не құрғақ болғаны. Терінің бұл түрі арнайы жұмсартатын, ақырын жууды, асқынтып жібермейтін құралдарды қажет етеді. Тек сезімтал теріге арналған сусабындармен жуу керек. Неғұрлым сенімді әрі сапалы брендті таңдаңыз.

Қайызғақ.

Бұл – көпті толғандыратын күрделі мәселе. Шашыңыз мейлі майлы болсын, құрғақ болсын, сусабынды дұрыс таңдамасаңыз, қайызғақ қаптап шыға келеді. Мұндағы басты қағида – бас терісінің түрін анықтап, тек соған сай келетін сусабынмен жуу, сонда қайызғақ болмайды. Ал егер басыңыздағы қайызғақ мүлде кетпей, уақыт өткен сайын көбейе берсе, айына бір рет бас терісіне пилинг не флюид жасатып жүріңіз. Әсемдік салондары мамандарының көмегіне жүгінесіз. Қайызғақты шашқа арналған арнайы сусабынды қолданып жүріңіз.

Сусабынның сапасын қалай анықтауға болады?

Сусабынды қалай таңдайсыз?  Сусабынның сапасын анықтау үшін төменде айтылғандарды ерінбей орындап шығыңыз:

  1. Стақанға не кесеге су құйыңыз.
  2. Суға бір қасық мөлшерінде сусабынды қосыңыз.
  3. Сусабын мен су тұнғанша, 10 минут күтіңіз.

10 минут өткен соң сусабын ірімшікке ұқсас тұнбаға айналса, сусабынды лақтырыңыз. Ол – сапасыз сусабын. Мәселе сапасында емес, құрамында натрий және аммоний сульфаты бар сусабынды қолданбаған жөн. 

Суреттер: blogerov.net

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ШАШ КҮТІМІ

Қыс мезгілі келісімен шашымыздың «ауа райы» да өзгере бастайды. Үйдегі, ғимарат ішіндегі жылу жүйесінен бөлінетін құрғақ ауа салдарынан шаш құрғайды, электрленеді, оған көшедегі аяз соққысы қосылады. Нәтижесінде майлы шаштар одан сайын майланып, құрғақ шаштар тіптен өңінен айрылады, ұштанады, көп түседі.
Қыстың қыңыр мінезді күнінде де шашыңыздың жібектей жұмсақ болып, жылтырап тұруын сақтаудың бірнеше амалдарын жадыңызда жаттай жүріңіз.

Read more