«Ауру – астан» деген сөз бар қазақта. Семіздіктің бірден бір себепкері де – тамақ.
Семіздіктен арылу үшін қандай айла тәсіл ойлап табылмады десеңізші… Бірақ, артық күш жұмсамай-ақ артық салмақтан оп-оңай арылудың жолы бар екен. Ол – аузыңды тию. Яғни, аз мөлшерде тамақтану.
Суреттегі Салтанат есімді ару 3 айда 19 килограмм тастаған. Спортпен айналысып, күні-түні жаттығу залынан шықпайтын жандардың өзі мұндай жетістікке жете бермейді. Салтанат, бар болғаны, күніне жиі, бірақ, аз мөлшерден тамақтанған.
Арықтағысы келген қыздарға Салтанаттан 10 кеңес жазып алдық.
1. Ешқашан аш жүруге және сағат алтындан кейін тамақ жемей қоюға болмайды.
2. Өзіңізді жақсы көріңіз. Мүсініңіздің сұлу болғанын қалайтын мотиватор (мысалы, сүйген адамыңыз не ғашық болу) тауып алыңыз. Егер психологиялық тұрғыдан арықтауға шешім қабылдасаңыз, қолыңыздан бәрі келеді.
3. Әр 4 сағат сайын күніне 800 ккал тамақ жеңіз.
4. Ұялы телефоныңызға калория есептейтін калькулятор орнатып алыңыз. Ондай қосымшаны интернеттен оңай табасыз. Бұл есептегіш күніне ішіп-жегеніңізді есептеп отыруға көмектеседі.
5. Кем дегенде 40 минут жаяу жүріңіз.
6. Тәттіні тыймасаңыз да, тежеңіз. Қант, бал (әсел), карамель жеуге болады.
7. Күніне кем дегенде 2 литр су ішіңіз.
8. Арықтау кезінде теріңізді күтіңіз, бұл өте маңызды.
9. Артық салмақтан арылу кезінде алкоголь ішуге мүлде болмайды. Өйткені, бауыр ағзадан майдың шығуым қамтамасыз етсе, алкоголь бауырдың жұмысын тежейді.
10. Өзіңізді, тәніңізді жақсы көріңіз, бұл – жаныңыздың мекені. Сіз жаныңызды көріксіз сауытта ұстағыңыз келмейтіні рас қой?!
Салтанаттың Фейзбуктағы парақшасы
Ақпарат www.aryktau.kz