Толық жандар өз мүсінін қалыпқа келтіру үшін белсендірілген көмірді бұрыннан пайдаланған екен. Кейін ұмыт қалған. Енді міне оның тұрмыста да, медицинада да пайдалы екенін сөз қылмақпыз.
Бұл дәрі қазіргі таңда асқазан ауруларына пайдалы әрі арықтауға көмектесетін қасиеті жағынан танымал болып тұр. Онымен токсикоз, гепатит, ұшыну, улану, ішек жолдарының бұзылуын емдейді. Сонымен қатар, басқа химиялық дәрілерге қарағанда оның құрамы экологиялық жағынан таза болып табылады.
Белсендірілген көмір арқылы арықтаудың сан алуан түрі бар. Біз сіздерге екі түрін ғана айтып өтпекпіз.
Біріншісі: белсендірілген көмірді аздан бастап, уақыт өткен сайын көбейтіп ішіп отыру керек. Ең көп дегенде – салмағыңыздың 10 килосына 1 таблеткадан ішесіз. Дәріні күнінен бір рет қана қабылдау керек, таңғы астың алдында ішсеңіз, тіптен жақсы.
Екінші әдіс: күніне 3 рет 3 дана дәріні тамақ алдында 1 сағат бұрын ішу қажет.
Дәрі қабылдау уақыты 10 күннен кем болмауы керек. Одан кейін үзіліс жасап, бір аптадан соң қайта жалғастыруға болады.
Белсендірілген көмір үгітілгіш келеді. Ол ағзадағы улы, қажетсіз заттарды, дәрі-дәрмек қалдықтарын, денедегі артық суды шығарып, қалыпты жұмыс жасауын реттейді.
Арықтауға тез көмектесетін белсендірілген көмірдің зиянды жақтары бар екенін де ескере кеткен жөн. Оны арықтататын құрал деп емес, ағзаны тазалағыш құрал деп қабылдаған дұрыс. Демек, ол денедегі қажетсіз заттармен қоса, пайдалы дәрумендер мен микроэлементтерді де шығарады деген сөз. Сондықтан ағзаны тазалау барысында қосымша дәрумендерді қоса қабылдаған абзал.
Тағы айта кететін жайт, белсендірілген көмір көп қолданғаннан кейін созылмалы іш қатудың себепкері де болады. Ол денедегі суды шығарса, ішек жолдары нәжісті баяу шығарады да, қиындықтар туады.
Белсендірілген көмірді артық салмақтан арылудың жолы деп түсінгеннен гөрі, арықтаудың басқа амалдарына қосымша ретінде пайдаланыңыз.
Қандай жағдай болмасын, көмір арқылы арықтауға шешім қабылдамай тұрып, дәрігерден кеңес алыңыз.
Суреттер: dieta-vot.ru