Қонақтарға жайған дастархан үстінде сүйкімді «пингвиндер» тұрса, бәрінің назарын аударары сөзсіз. Есте қалар тіскебасарды сіз де жасап көріңіз.
Қажет болар заттар:
– Зәйтүн;
– Сәбіз;
– Сұйық ірімшік (қаймақ та болады);
– Тіс тазартқыш.
1. Бізге үлкен және кіші зәйтүндер қажет. Үлкені пингвин кеудесіне, кішісі басын жасауға. Зәйтүндерді дәндерінен тазартып аламыз.
2. Тазартылған сәбізді дөңгелектеп кесеміз де (18 дана), дөңгелектің бір жерін үшбұрыштап тағы кесеміз. Бұлар пингвиннің аяғы болады. Кесіп алынған үшбұрыштарды да тастаманың, олар кішкене тұмсық жасауға керек.
3. Сұйық ірімшіктің кез келген түрін алыңыз.
4. Үлкен зәйтүннің бір жақ бетін ақырындап кесеміз. Зәйтүн қатты ашылыр кетпеуін қадағалау керек, әйтпесе ішіне салынған ірімшік түсіп қалады.
5. Кесілген үлкен зәйтүннің ішіне сұйық ірімшікті саламыз.
6. Ішіне ірімшік салынған үлкен зәйтүнді тіс тазартқыштың көмегімен сәбізге қатырамыз. Бір-бірінен ажырап кетеді деп, абыржымаған дұрыс. Сәбізге нықтап орнатылса болғаны.
7. Одан кейін кішкентай зәйтүнге саңылау қалдырамыз.
8. Сол саңылауларға сәбізден кесіп алған үшбұрыш бөліктерді саламыз. Тұмсық дайын.
9. Кішкентай зәйтүнді тіс тазартқышқа орнатамыз. Пингвин алдымызда.
10. Осындай пингвиндердің біраз данасын жасап алып, дастархан көркін келтіруге болады. Мысалы, ақ ірімшіктіен айсберг жасап, айналасына пингвиндер қойсақ, өте әдемі болады.
Астарыңыз дәмді болсын!