Бұл тағам түрі дәмді және өте тез жасалады. Әсіресе оразада сәресіге не ауыз ашар уақытқа туралап, лезде пісіре аласыз.
Құрамы:
200-250 гр.ірімшік (майлылығы 9-18%);
1 жұмыртқа;
3 ас қасық қант;
жарты шәй қасық қамыр қопсытқыш (разлыхлитель);
100 грамм ұн (қажет болса, аздап тағы қосыға болады);
бір шымшым тұз;
қуыру үшін өсімдік майы.
Ірімшік, қант, жұмыртқа үшеуін араластырамыз.
Қамыр қопсытқыш пен тұз қосамыз.Дайын болған қоспалардың үстінен ұнды ақырын сеуіп және араластыра отырып, қамыр илейміз. Ол қолға кішкене жабысып тұру керек.
Қамырды 4 бөлікке бөліп, әрқайсысын дөңгелектеп, қалыңдығы 3,5 см болатындай етіп созамыз. Оні кішкентай бөліктерге бөлеміз.
Қазанды отқа қойып, өсімдік майын қыздырамыз. Майдың мөлшері ішінде бауырсақтар жүзетіндей болу керек. Май қызды-ау дегенде қамырды салып, қызарғанша қуырамыз.
Үстінен қант ұнтағын сеуіп, ыстық күйінде де, салқын күйінде де дастарханға қоя аласыз.
Астарыңыз дәмді болсын!
Ірімшік дегенге ол қалай болар екен деп ойланып отырсам, суретте творог-сүзбе тұр ғой. Ірімшік-Сыр! жақсы мәзір екен. жасап көремін.
жасап кору керек екен, жылдам ари тез дайындалса
шын мәнінде де,, істеп көруге тұрарлық екен….
daiyndaly joly jaksy eken.magan osyndai tati,maiga pisiretin tamaktar unaidy.kuana kuana pisretin boldym.rahmet
істеп көру керек екен….. мәзір ұнады
Мен писиру жолдарын корып коз алдыма елестетып отырмын. Татты болатыны белгылы. Шаймен оте керемет
Мен карап отырып шикылей жеп койгым келып тур
осыны сырники деп атайды оте дамди болады
Копсыткыш дегенимиз не?
арасы піспей калмаса оте дәмді сырник
майонезбен дайындалатын салат түрлерін білетін болсаңыздар жазып жіберіңіздерші өтиніш