ҚАТЕ ҚИЫЛҒАН НЕКЕ: БІЗ НЕГЕ БАСҚА ЖҰПТЫ ТАҢДАЙМЫЗ

қате

Біздерге жан жақты жарасымды қатынаста барлығы да жеп жеңіл болуы керек сияқты болып көрінеді. Жұбайлар бірін бірі емеурінен танып түсінісіп, талғамдары мен көзқарастары бір біріне сай келуі керек деп есептейміз. Махаббат туралы бұндай романтикалық көзқарастың апарар жері – айырылысу. Тағы да қандай қателесулер қатынастың үзілуіне әкеліп соқтыруы мүмкін, некенің бақытты болуы үшін ең мәні үлкен не нәрсе болып табылады? Осы туралы философ Ален де Боттон әңгімелейді.

Қателесіп некелесу – біздің басымызға тууы мүмкін ең қорқынышты оқиға. Біз оған ұрынбау ұшін бар күшімізді саламыз. Десек те біздер әртүрлі себептермен оған ұрынуға мәжбүр боламыз

Біреумен жақындасарда мені түсінбей қалуы мүмкін – ау деген қорқынышты күдік – сол себептердің бірі. Біздер тек сырымызды онша жақсы білмейтіндер үшін ғана жөнді адам болып көрінетініміз рас. Біздің қоғамнан гөрі өзін саналырақ санайтын, данарақ қоғамда алғашқы кездесудегі әдеттегі сауал – «Сен қаншалықты дәрежеде ауышсың (психсың) ?» – деген сөз болуы керек. Мүмкін сіз ашулануға бейім, өз пікіріңізбен келіспеген адамға Везувий жанартауындай лақ етіп атылып, тып типыл етуге дайын тұратын жасырын дүлей мінездің иесі шығарсыз. Әлде сіз төсек қатынасында қысылғыш, немесе өзіңізді біреу қорлаған жағдайда үндемей қалуыңыз қиынға түсетін адам шығарсыз. Ешкімнің де төрт құыласы түгел болып тұрмайды.Барлық мәселе біздің үйленбей тұрып өзіміздің кемшіліктеріміз бен олқы жақтарымызды зерттеп, зерделей алмауымызда. Өзіміздің кемшіліктеріміз ашылған сайын біздер жұбымызды кінәлаймыз да, онан соң кемшіліктер туралы да, жұбымыз туралы да, ешнәрсе болмағандай, оп оңай ұмытып кете береміз.

Ал, достарымыз ше, деп сұрарсыз сіз, егер бірнәрсе олай болмаған жағдайда олар айтады ғой. Олар біздің сауатымызды көтеріп, жұбымызды қала берді өзімізді өзіміз тануымыз үшін, өз көзімізді өзімізге ашып беру сияқты ауыр жұмысты атқаруға міндетті емес. Көп жағдайда олар ренжітіп алудан қорқып, шындықты айтпайды.

Бұл жағынан алып қарағанда біздің жұптарымыздың да бізден асып тұрғаны шамалы. Олардың бойында да өздері жасырып жүрген, немесе өздері де біле бермейтін кемшіліктері жетіп артылады. Алғаш танысқанымызда біздер бір біріміз туралы білуге талпынамыз, қандай адам, немен өмір сүреді, деген сияқты жайларды ұғуға талпынуымыз заңды. Ата-анасымен танысамыз, отбасылық альбомдағы суреттерді көреміз, олардың университеттерде бірге оқыйтын достарымен араласамыз. Осы әрекеттердің барлығы мектептегі үйге берілген тапсырманы оындауды еске салады. Бірақ олай емес.

Шын мәнінде біз түк те біле алмаймыз, немесе тіпті аз білеміз. Сондықтан да некеге тұру, екі әріптес те қолдағы бар мүмкіндіктарін тәуекел етіп бәске тігетін құмар ойыншыға ұқсап кетеді де, барлығы жақсы болатындығына сенді. Солай жасай отырып, өздерінің кім екендіктерін, әріптестерінің қандай адам екендіктерін, олар кім бола алар еді деген сауалдардың жауабын екеуі де білмейді.

НЕКЕЛЕСУ НЕҒҰРЛЫМ ТЕЗ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛСА, ӘРІПТЕСТЕР ӨЗДЕРІН СОҒҰРЛЫМ ҚАУІПСІЗ СЕЗІНЕДІ. ОЙЛАНБАСТАН ЖӘНЕ АСЫҒЫС НЕКЕЛЕСУ БҮКІЛ ҚАТЕЛІКТЕРДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН АҚТАП ШЫҒУҒА ЖОЛ АШАДЫ

Бұрынғы кезде адамдар әртүрлі себептермен үйленген; екі үйдін жер бөліктері қатар орналасқан, ұл әкесі отбасының гүлденген бизнесі, ата-бабадан келе жатқан салтанатты сарайы бар, қыз әкесі – қалалық соттың судьясы, жастардың ата-аналары Қасиетті кітапты түсінуде ниеттес, деген с сияқты. Бұндай некелерде бірге жүріп жалғыздықты сезіну, көзге шөп салу, зорлық-зомбылық, жабық тұрған есік сыртынан айқай меен боздап жылаған дауыстардың естіліп жатуы заңды болатын. Бүгін біздер махаббатқа сйеніп үйленеиіз. Некедегі басты нәрсе – екеуі де жан түкпірінде осы қадамдарының дұрыс жасалғандығына сенімді.Екеуінің арасын теңдесі жоқ құштарлық байланыстырып тұр.Некелесу неғұрлым тез жүзеге асырылса, өріптестер өздерін соғұрлым қауіпсіз сезінеді. Ойланбастан және асығыс некелесу бүкіл қателіктерді психологиялық жағынан ақтап алуға жол ашады.

Біз өзімізді бақыт іздеушілерміз деп есептесек те, бұл жай ғана мәселе емес. Біздің шын мәнінде іздеп жүргеніміз – біздің бақытты болу туралы жоспарымызға игі өзгеріс енгізе алатын басқа бір адаммен байланыс.

Біз ересек жастағы қатынасымызға өзімізге бала күннен етене жақын таныс сезімді қайтарып әкелуге тырысуымызбен тағы да қателікке ұрынамыз. Біз бала күнгі махаббатымызды деструктивті эмоциялармен, бұрмаламай, тіке жеткізетінбіз. Ата-анамызды қызғану. Біздерді жалғыз қалдырып кеткендегі қорқыныш пен көз жасы. Ашуланып тұрған ереесек адамға көмектесуге тырысу. Ата-ана қолдауының жетіспеуі. Өз ашуыңнан өзіңнің қорқуың.

Осының барлығы жиналып келіп, біздің кейбір жар болуға үміткерлерден, олардың жаман болғандығынан емес, олардың әсіре турашыл, мінездері әсіре салмақты, есейген, адамды түсінуге талпынып түсіне алатын, кез келген істе сенімді болғандығы үшін, бас тартуымызға итермелейді. Бұндай адамдар біздің жүрегімізді лүп еткізе алмайды. Біздер бұлармен тағдырымызды байланыстыра алмаймыз, себеебі біздің ұғымымызда «сүйікті болу» «бақытты болу» деген ұғыммен ұштаса бермейді.

Біздің қателік жіберуіміздің тағы бір себебі – жалғыздық . Жалғыз өмір сүру жалықтырып жіберген жан жар таңдауда дұрыс шешім қабылдай алуы қиын. Жар таңдауда жаңылмас үшін жалғыздық жүктейтін қиындықтың бар ауыртпалығын арқалауға дайын болардай мойынсұну керек. Олай жасамаған жағдайда біз алғашқы кездескен адамның мойынына асыла кетіп, өзімізді бақытсыз некеге кіріптар етуіміз мүмкін.

Әдетте біз тұрақтылық пен жайлылықтың жанға жылу сыйлайтын сезіміне орану үшін үйленеміз. Неке біздің алғашқы күндердееен алған әсерлерімізді ұзарта түсердей көрінеді. Сол әсерлердің мерзімін тұрақты, үзілмейтін ету үшін некеге тұрамыз. Бірақ алғашқы кездесу мен некелік байланыстың арасында екеуін біріктіретін байланыс жоқ екендігін ұға алмаймыз. Шын мәнінде қалай болады? Неке, немесе үйлену бізді жауапкершіліктердің барлығы араласып, шатасып кеткен жаңа биіктікке көтереді; құштарлықты буындырып өлтіретін ипотекалық несие, күнделікті қарбалас және балаларға қамқорлық сыяқты қашып құтыла

алмастай қамалға қамайды. Бұл жердегі жалғыз, мәні аса жоғары (ингредиент) қоспа – сіздің қосағыңыз. Бүкіл шөлмектегі құнды сусынның бір қоспаның дұрыс болмауы салдарынан іске аспай қалуы да мүмкін ғой.

Бұдан шығар жол бар ма? Жақсы жаңалық: егер біз өзіміз іздеген адамымызды жолықтыра алмағандығымызды мойындай алсақ, жоғарыда айтылған бар мәселе мәнін жояды. Бірақ сіздің талабыңызға сай келіп, барлық тілектеріңіз бен қажеттіліктеріңізді мүлтіксіз орындауға дайын тұратын басқа адам, басқа жерден табылады деген үмітті малданып ажырасуға болмайды.

Бізге романтикалық көзқарастан ажырап мыфна мәселелерді мойындауымыз керек: барлық адамдарда ашу болады, олар бізді ренжітіп, тіпті өздерінен үміт үздіріп жіберуі мүмкін. Біздің әрқайсымыз соларға ұқсап, жаман ойымыз болмаса да олардың істегеніндей әбестікке жол беруіміз мүмкін. Кемшіліксіз пенде жоқ. Бірақ осы айтқанымыз ажырасуға негіз бола алмайды. Өмірлік серік таңдағанда,жұбымызбен жан жақты жарасымды сәйкестік бере алатын некеге барар жолда, біз онымен бірге тататын бір пұт тұзымыздың дәмі қандай болатынын болжай алмаймыз.

КӨҢІЛДЕГІДЕЙ ӘРІПТЕС ДЕГЕНІМІЗ, БАРЛЫҚ ТАЛҒАМЫ МЕН ТАЛАБЫ СІЗДІКІМЕН БІРДЕЙ БОЛЫП КЕЛЕТІН ЕМЕС, СІЗБЕН ПІКІРЛЕСЕ ОТЫРЫП КЕЛІСІМГЕ КЕЛЕ АЛАТЫН ӘРІПТЕС

Осылай деп қорытындылайтын «пессимизм» философиясы көптеген реніштерден қорғап, «мүмкін бұл маған лайық адам емес шығар?» деген күдіктеен құтқарады. Мінсіз адам іздеп әуре болмай, онша жаман емес адам іздеуге тырысыңыз.Бұлай істеу ағаттық болып көрінуі де мүмкін, бірақ осы «пессимизм» біздің романтикалық мәдениетіміз некеге артатын ауыр салмақтан құтқаратын бірден бір жол. Егер некедегі әріптесіміз бізді

жалғыздықтан құтқара алмаса, бұл оған қарсы қойылатын кінәрат емес және байланысты үзуге желеу де бола алмайды.

Көңілдегідей әріптес дегеніміз, барлық талғамы мен талабы сіздікімен бірдей болып келетін емес (өмірде ондайлар болмайды), сізбен пікірлесе отырып келісімге келе алатын әріптес. Жар таңдағанда, ертегілерде ғана кездесетін ешбір кемшіліксіз, бірінің жетпейтін жағын біреуі толтырып тұратын, қыялдағы елесті емес, осындай адамды іздеу керек. Кез келген келіспеушілікті тез, әрі дау- дамайсыз шеше алу қабілеті тек қана «онша жаман емес адамның» қолынан келеді. Сыйысымдылық – бұл сідердің өзара қатынастағы қол жеткізген биігіңіз, қорытындыңыз. Сыйысымдылық қатынас басталар кезде болмады деп, оны іздеу орынсыз.

Біздер үшін романтизм философиясы өте тиімсіз.Бұл ашушаң әрі қатыгез философия. Осы философия үшін некедегі көп мәселе бізге естен тандырарлық және тұрпайы болып көрінеді. Сол үшін де біздер барлығы кинодағыдай жанға жайлы бола алмады деп, біздің некедегі одағымыз, өзінің кем кетігімен және кедір бұдырымен –қателік болып шықты, оны үзуіміз керек деп шешеміз.

Одан гөрі, бойындағы бар кемшіліктерімен, «ол адам емес», «дұрыс адам емес», сіз ұнататын рок музыкаға емес, поп музыканы сүйетін адаммен бірге тұруға алдын ала әзірленгеніміз дұрыс болып шықпай ма? Олай жасағанда сіз бүкіл проблемаларға қарапайым көзқараспен – түсіністікпен, юмормен қарай алар едіңіз. Сонда сізді «некем ойдағыдай болмады-ау» деген ой мазаламайтын болады.

ЖҰБАЙЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТЫ ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕЙТІН 7 ҚАТЕЛІК

Ерлі-зайыптылар арасындағы қатынасты жиі бұзатын не нәрсе? Әр жұптың араздастыратын өз себебі және өз түсінбеушіліктері болады деген уәж логикаға сыяды. Бірақ эксперттер қатынастардың ұзақтығы мен ерекшеліктеріне қарамастан қақтығыстарға алып келетін жалпыға бірдей жеті себептің бар екендігін бөліп айтады.

Ажырасып кетуге жақын қалған жүздеген жұптар араға араздық түсірген мәселенің бастауын, тығырықтан шығу, некені бұзбай аман алып қалудың жолдарын сұрап сексологтарға, психологтарға және психотерапевтерге күнбе күн хабарласып жатады. Бір

қызығы: олардың әрқайсысы өздерінің бірге өткізетін өмірін қалай өткізу керектігі туралы нақты жауап алғысы келеді. Оның себебі, бір жағынан алдында бағдардың жоқтығы болса, екіші жағынан өзара қатынастағы жауапкешілікті барынша азайтуға тырысудан.

Бірге өмір кешіп жүріп, жауапкершіліктен қашқақтаудан басқа тағы қандай кедергілерге тап келуге болады?

1. Тұтасқан бітеқайнасқандық (симбиоз)

Қаншама парадокс болса да ең осал одақ – бастапқыда бітеқайнасып кеткендей болып көрінетін, жұптардың бір біріне: көңілдес те, дос та, туыс та, бала да бола алардай жақындасып кеткен одағы.

Олар сызат түспестей бірлігіне араласып, өзгеріс енгізердей бір нәрсе пайда болған күнге дейін елсіз аралда жалғыз қалған жандардай күн кешеді. Бұл балның дүниеге келуі болуы да (бұған дейін бірі үшін бірі күн кешіп жүрген екі адамның өмірін үш адамға қалай лайықтауға болады?), жұбайлардың біреуінің ойында қызғылықты жобаның пісіп жетілуі, көп жағдайда жұбайлардың біреуінің «қажып кеттім-ау» деген ойға бекінуі де болуы мүмкін. Бұл әріптестердің біреуінің көңілі қалып, екішісінің жолым болмады деген ойға бекінуі- тығырықтың бастауы. Көп жағдайда бұндай жұптар бір бірінен бейбіт жолмен қол үзбейді.

2.Ерекшеліктерді мойындаудан бас тарту

Сүйіктің сенің көшірмең емес деген ұғым теориялық тұрғыда мойындалса да, өмірде басқаша қабылданады. Небір үлкен жанжалдар, біз ескере бермейтін, немесе мойындағымыз келмейтін ұсақ-түйектен басталады. Әріптесіміздің біз қуанғанға қуанып, ренжіген жағдайымызға бірге ренжімегендігін біздер қабылдай алмаймыз. Бұлай болуы біздерді басында таңдандырып жүрсе, бара бара ашуымызды қайнататын түбінде оған деген көңілімізді суытатын жағдайға әкеледі. «Ерім өзінің сезімі жайлы маған айтпайды», «Әйелім осы әлетке жету үшін менің арқа етім-арша,

борбай етім-борша болып жүргендігін түсінбейді», «Әйелім менің қауышқым келгенде секстен бас тартады» деген сыяқты уәждер, терапиялық сеанстарда айтылатын ерлі -зайыптылардың бір біріне артатын кіәларының бір парасы осылар.Түптеп келгенде осылардың барлығы ері мен әйелінің бірінен бірінің айырмашылығын мойындағысы келмеу ғана, бұлай ету оладың бірлескен өмірін майдан алаңына немесе, бітіспес соттасуға айналдырып жібереді.

3.Сөйлесіп пікірлесудің жетіспеуі

Жұбайлар бір бірімен сөйлесіп пікірлесудің бірін бірі түсініп ұғынысуға үйренуге жол ашатындығын естерінен жиі шығарып алады. Қасыңдағы адамның ойындағысы мен нені қажетсінетіндігін қалай білесің? Бірлескен жоспарды қалай құрасың? Тек қана сөйлесу арқылы. Олай істемеген жағдайда біз қасымыздағы адамның, тіпті біз ойлап елестеткендей жан емес екендігіне ерте ме кеш пе біздің көзіміз жете бастайды. Бұған қоса пікірлесудің аздығы түсніспестікке алып келеді. «Не деп жауап беретіндігін біліп тұрсам, оған бірнәрсе айтудың қажеті бар ма?» Бірін бірі білетіндігіне сенімді жұбайлар өзара сөйлесудің қажеті шамалы деп есептейді. Олар бір біріне кінә таға жүріп, бірігіп өмір сүрудің орнына қатар өмір кеше береді.

4. «Емдегіш» жұп

Бұл жұптардың өз арасында өздері де байқай бермейтін және көлденең көзге көрінбейтін, бір біріне тәуелді болу туралы шарт жасасып қойылғандай: жетекші әріптес сыңарын торығудан, ішімдіктен, кәсібі жолыболмаушылықтан емдеп жазуға міндеттенгендей. Өзіне «құтқарушының» ролін арқалаған әріптес өзінің орнытолмастығын, қажеттігін сезінгісі келеді. Өстіп билікжүргізушілікке ұмтылыстың негізінде дүниеге келген қатынастың бетпердесі әрдәйім сорайып көрініп тұрады. Көбіне «емделуші» айығып, «емдеушінің» де, өзі басынан кешкен

қыйындықтардың куәсінің де оған қажеттілігі жоғалатын кез келеді. Немесе ол өзін тәуелділікке ыңғайлаған осы бір байланыстың өзіне еркіндік берудің орнына, бағындырып бара жатқандығын сезінетін кез келеді. Оссының негізінде бейбіт жолмен шешілуі мүмкін болмайтын «бунт» қарсылық басталады.

5. Белгілі жоспардың болмауы

Алға жылжу үшін ерлі-зайыптылар жоспарлар жасаулары керек. Бірақ алғашқы күндердің көңілді көкке ұшырар эйфориялары жас жұбайларды ертеңге жоспар жасамай-ақ, «бүгігі күннің қуанышымен күн көре беруге болады» деген сенімге әкеледі. Нәтижесінде, құштарлықтың қуанышы ептеп басылар кез таянғанда болашақ деген ұғымның орыны қаңырап бос тұрады. Бірге кешкен өмір жаңа құлшыныстар туғызып, қанағаттанғандық сезім сыйлай алмай қалады. Бас қосып жағдайды талдап өздері күткен игілік туралы сөйлесудің орнына, жбайлар томаға тұйық күй кешіп, әр кім өз ісімен болып кетеді, бар көңілін жұмыс істеге жұмылдырады.

Кезі келгенде жұбайлардың біреуі өзімен өзі, жалғыз өсіп келе жатқандығын түсінеді де, байланысты үзу туралы шешім қабылдайды. Немесе шешімнің кең тараған түрі: екеуі де «бірге жүріп, жалғыз өмір сүруге» мойынсұнып, ешнәрсені өзгертпестен тірліктерін жалғастыра береді.

6.Өзгерістерді қабылдамау

Уақыт өткен сайын адамдрдың дене құрылысы ғана емес психологиясы да өзгерістерге ұшырап отырады. Тіпті одақтары берік жұптардың өзі жұбайларының бойындағы өзгерістерді ескеріп, оларға бейімделіп отырмаса, белгілі бір уақыттан кейін тығырыққа тіррелуі мүмкін.

Өзгерістер ешқашан қолмен қойғандай болып бір сәтте өтпейтін болғандықтан әріптесіңнің бойынан бірден байқаудың өзі мүмкін емес. Оған қоса өз әріптесің басқа адамдар сияқты, ешқашан

өзгермейді, менің жұбым бұрын қандай болса, өзгерген жоқ баяғы қалпында деген сенімнен айығудың өзі қиын. Біздер өзіміздің жоспарларымыз бен алданыш армандарымыздан ешқашан арыла алмағанымыз сыяқты, жұбымыздың бойындағы өзгерістерді де қабылдай алмаймыз.

7.Жалқаулық пен фатальизм

«Біз бір бірімізді сүйеміз сондықтан бәрі жақсы болуы тиіс», «Егер бір нәрсе ойлағыдай болмай қалса, онда сезімнің шын махаббат болмай шыққаны», «Егер біздер төсек ләззәтін бөлісе алмасақ, онда біздер бірге өмір сүру үшін жаралмағанбыз». Көп адамдар жұбайлық өмір алғашқы сәттен сәтті жүруге тиісті деп есептейді де, аздаған кикілжіңнен кеін ақ «бизге бірге болу жазылмаған» деп шыға келеді. Ғашық болып жүрген кездегі арманында қалыптастырған тұлғаның бейнесі олардың жасына сай қалыптасқан қатынас кезеңін қабылдай алмайды, бұл кезде құштарлық әлсізденіп бұрынғыдан да ересек сезімге айналады.

Бұндай жұптар нәтиженің қол ма қол шығуына үйренген, жұбайлық қатынастың бір тұрінен екінші тұріне ауыспай- ақ ,көкейіне оралған тілекті қолма қол жүзеге асыру үшін «бәрін бірден» алуға тырысады.

Сендер үшеу болдыңдар.

Көптеген жұптар бала туа салысымен,сыйқыршының қимылдатқан таяқшасының әсеріндей, бар мәселе шешіліп орнына келе салады деп есептейді.Керісінше,бұл шарадағы суды шайқаған соңғы тамшыдай,өзі титықтап тұрған мәселені шиеленістіре түседі. Бұрын сөйлесіп пікірлесу аз ба еді? Одан да азая түседі. Жігі білінбес гармония ма? Бала оның бытшытын шығарады,осыған байланысты жұптардың біреуінің көңілінде оның сүйікті адамының жұрегіндегі бұның «орнын» басқа біреу ұрлап алғандай күй кешеді. Болашаққа деген бірлескен жоспар жоқ па еді? Бала ата-анасының біреуінің мақсатының орталағына айналып,екіншісі «түксіз» қалады.

***

Бір бірімен пікірлесудің жетіспеуі,біріне бірі билік жүргізуге талас, бірлескен жоспардың болмауы сықты тығырық тұзағынан құтылудың бірден бір тәсілі – өзіңді өзің тану жолына түсу. Бұл үшін эксперттің көмегіне жүгіну, немесе өз әрекеттеріңді көкей көзінен өткізіп талдау қажет. Бұл туралы сексолог және психотерапевт Массимо Шер: «Мен біздің әрқайсымызға психотерапевтің көмегі қажет дееген ойдан аулақпын, әрине, – дейді түсіндіргенде,- Дегенмен өз әрекетіңе сырт көзбен қараудың алар орны үлкен. Бұлай жасау ара қатынасқа, ата-аналар, немесе бұрынғы «махабаттардың» іздерінің елесітернен, басқаша көзбен қарап құтылу ақылы, жаңаша қарауға мүмкіндік ашады.»

Шындығында тұзақтан құтылудың бірден бір – олардың бар екенін білгендіктен, оған түспей айналып өту.

ӘРБІР АТА-АНА БІЛУГЕ ТИІСТІ 5 ЗЕРТТЕУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Біздер балаларға дұрыс тәрбие беріп жүрміз бе? Егер өзіміз түнде ұйықтамайтын «жапалақ» мінез болсақ, баланы ұйықтауға ерте жатқызғанымыз дұрыс па? Біз ата-аналарға пайдасы тиер деген бірнеше зерттеулердуі таңдап алдық.

Ата-аналар баламызға дұрыс тәрбие беріп жүрміз бе деген сауалға жауап табу үшін, маман педагогтар мен әрнәрсені шалып сөлей білетін демагогтар жазған әдебиеттер дәриясының толқынына тұншығардай болып жүргені жасырын емес. Бұл шығармалардың ең басты кемшілігі қазіргі зерттеулерді негізге алудың орнына, педагогиканың атам заманғы тозығы жетіп, тоз-тозы шыққан принциптеріне сүйеніп жазылғандығында. Біз бала тәрбиесіндегі

психологтрдың мақұлдаған немесе, жоққа шығарған прициптері труралы 5 жариялынымды таңдап алдық.

1.Жақсы ата-ана болу пайдалы.

2013 жылғы зерттеулердің қорытындысы балаларына көп уақыт бөліп, оларды шын мәнінде жақсы көріп жиі әңгімелесетін ата-аналар, жанды жағадан алатын ашушаң ана мен, өз тірлігін ғана күйттеп қалған, бала тәрбиесі, жалпы бала туралы теледидардағы жарнама үзілісі кезінде ғана есіне алатын сатқын әкелерге қарағанда әлдеқайда бақыттырақ сезінетіндігін дәлелдеді.

Бір қызығы, сүйікті баласы туа салысымен ата-анаға берілетін осы бір бақыттың бал шелегі тұңғыиық түпсіз: тіпті баласына қамқорлықты үзбей жасау үшін айналасындағылардың күлкісіне қалып, күніне он рет қоңырау шалып жүретіндердің өзі де анау дейтіндей күлкілі емес екен. Олардың өмірден алатын рахаты, бала дегенде безбүйректеніп, балаға деген махаббатқа сараңдау келетін ата-анаға қарағанда әлдеқайда тереңірек болады.

«Айналасындағы адамдарға неғұрлым көбірек қамқорлық көрсетіп көңіл бөлетін адам, өмірдің мәнін де соғұрлым терең түсініп сезінеді,- деген қорытынды жасайды, – әлеуметтік психолог, зерттеудің авторлары. – Бұл тұрғыдан алып қарағанда балаларының игілігіне көп көңіл бөліп, күш жұмсаған ата-ана неғұрлым балажан болса, бақытты соғұрлым тереңірек, молырақ сезінеді.»

C.Ashton-James, K.Kushlev,E.Dunn ….

2.Қатал ата-ана өз баласына зиян келтіреді

Балаға көрсетілген өрескелдік оп оңай сот араласатын оқиға болып шығатын АҚШ тың өзінде, ата-аналардың 90 пайызы ең болмады дегенде бір рет баласын тілдеу арқылы, келемеждеп, тіпті күш қолданып, «түзегендігі» анықталған. Әйтсе де қатал тәртіп балаға өте зиян.

КӨПТЕГЕН АТА-АНАЛАР БАЛАЛАР ӨСІП, ТҮСІНГЕН СОҢ ОЛАДЫҢ ӨЗДЕРІНЕ ДЕГЕН ҚАТАЛДЫҒЫН ЖАҚСЫ

КӨРГЕНДІКТЕН ЖАСАДЫ ДЕП ҰҒАДЫ ДЕГЕН ОЙДЫ ҰСТАНАДЫ, БІРАҚ ТІПТІ ОЛАЙ ЕМЕС

967 американдық отбасы қатынасқан зерттеуде қатал тәртіп болашақта өкінішке ұрындыратын нәтижелерге әкелетіндігі дәлелденген. Егер сіз 13 жасар жасөспірімге сабағыңды оқы, немесе, көшеге қаңғыма деп айғайлап, ол тыңдап айтқаныңызды орындатуыңыз мүмкін. Алайда ол жуырдағы жылдарда ата-анасы темірдей тәртіп орнатуға тырыспаған өзінің қатарластарына қарағанда әлдеқайда қатал басбұзар болып шығуы әбден мүмкін.

«Қатал тәртіп баланың алдағы өміріне із қалдырмайды деп ұғу түбегейлі қате. Көптеген ата-аналар балалар өсіп түсінген соң олардың өздеріне деген қаталдығын жақсы көргендіктен жасады деп ұғады деген ойды ұстанады, бірақ тіпті олай емес. Алайда ата-ананың қандай махаббаты болмасын баланың қатал тәртіптің арқасында қалыптасқан мінез құлқын өзгерте алмайды»,-деп есептейді зерттеу авторлары.

M.Wand, S.Kenni

3.Қалыптасқан күн тәртібі баланың ақыл-ойының дамуына оңды ықпал жасайды

Ал баланы ұйықтауға ұақтылы жатқызу ата-ананың қаталдықтан ойлап тапқан амалы емес, өмір үшін аса мәнді қажеттілік: дұрыс ұйымдастырылған гррафик бала мыйының кемелдене дамуына әсер етеді.

Психологтар 3жас пен 7жас аралығындағы 11 мың баланы бақылап зерттеудің нәтижесінде тәуліктік режімнің бала мыйының когнитивтік қызметін қалыптастыруға әсері үлкен екендігін анықтаған.Ата -аналары түн ауғанша бетінен қақпай төсекте ойнақтаған 3 жастан асқан сәбилердің кітап оқуға, есепке, тіпті әдеттегі қимыл қозғалысқа икмеділігі көп төмен болатыны дәлелденді. Бұл заңдылық баланың жынысына қарамай,бірдей

болып шыққан. Зерттушілер 3жас бала мыйының дұрыс қалыптасуында үлкен роль ойнайтын кезең болғандықтан, баланы мүмкіндігінше белгілі күн тәртібіне ертерек үйретуге кеңес береді.

4. Баламен бірге өлең айту – қатынасты қалыптастырудың ең жақсы тәсілі.

Әкесі мен анасының баласы айтып отырған өлеңіне қосылып айтуы балаларға өте ұнайды. Психологтардың анықтауынша, бұл әншейін көңіл көтеретін ермек қана емес, ата-анасы осылай өлең айтуды жақсы көретін ұлдар мен қыздар өздерін, ата-аналары бұлай жасамайтын басқа балаларға қарағанда бақыттырақ сезінеді екен. Бұған қоса хормен өлең айту баланы үй жұмысына баулуға көмектеседі.

Топ болып бірге жасалған ырғақты қыймыл – өлең айту,билеу тағы басқа сол сыяқты әрекеттер адамдарды бір бімен жақындастыру үшін жасалатын көптеген жол-жоралғы рәсімдердің негізінде жатқандығын еске салудың артықшылығы жоқ. Бұндай рәсімдер тек қана ерте тарих халықтарында ғана емес, осы заманымызда да жиі жасалынады, мысалы әнұранды хормен айту.

A.Golovan et al. …

Әкесін баласынан алшақтатқан ана өз психикасына зардап шектіреді

5 жасқа дейінгі балалары бар 180 әйелмен сауалнама жүргізген психологтар олардың бойындағы депрессияның негізінде бала тәрбиесіне әкесін араластырмай, алшақтатуға тырықандығы жатқандығын анықтаған.

БАЛА СНАСЫНА «САҒАН ТЕК АНАШЫҢ ҒАНА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЙДЫ» ДЕГЕН НАНЫМДЫ СІҢІРУГЕ ТЫРЫСАТЫН АНАЛАР ДЕПРЕССИЯҒА ЖИІРЕК ҰШЫРАЙДЫ ЕКЕН

Әкелер тәрбие процессіне аналармен тең атсалысуға құқылы, бала әкесінің тілін алып, оны жақсы көріп өсуі керек деп есептейтін аналардың депрессияға бейімдік дәрежесі өте төмен болып шыққан. Ал бала санасына «саған тек, анашың ғана қамқорлық жасайды» деген нанымды сіңіруге тырысатын аналар депрессияға жиірек ұшырайды екен.

Өзін баланың жолына арнаймын деген ниетінің арқасында, түйсігі өзі үшін өмір сүруден алшақтатып, ерімен арасындағы қатынасын суытып алудың негізінде де осы идея жатқан сыяқты, осының салдарынан отбасылық гармония жарасымдылығын жоғалып, ерлі-зайыптылар бойында стресстің әсерін көтеріп жібереді. Балаға қамқорлық жасау, біз жоғарыда айтқанымыздай, балаға ғана емес, сіздердің де психикаларыңызға игі әсерін тигізеді. Десекте,қамқорлық жасауды өзімді баланың жолына пида етіп жүрмін деген ұғымға айналдырудың түбі жақсылыққа әкелмейді.

ҚАМҚОРЛЫҚ ҚҰТҚАРМАЙТЫН ҚАМҚОРШЫЛДЫҚҚА АЙНАЛҒАН КЕЗДЕ

Қамқорлық пен қамқоршылдық жиі шатастырылады. Біздер жақындарымыздың көңілін тапқандығымызды қамқорлық деп санаймыз да, олар біздің көмегімізден бас тартып ренжіген кезде, оларды ұға алмай дал боламыз. Қамқорлық пен қамқоршылдықты

қалай ажыратуға болады? Қамқорлықты қалай дұрыс жасауға болады? Деген мәсселені психотерапевт

Марина Дьячкова түсіндіреді.

НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАР

*Адамға қамқоршылдық көрсеткен кезде оны дәрменсіз санағандықтан, оның орнына шешім қабылдай береміз. Ал қамқорлық көрсеткенде оның әрекетке қабілеттілігін мойындаймыз.

*Әсіре қамқоршылдық көрсету адамның өз қажеттілігін анықтай алу қабілетінен алыстатып жіберетіндіктен өсуі мен дамуына кедергі кетіреді.

* Әдетте әсіреқамқорлықтың астарында, кезінде алынған психологиялық жарақаттар, бақылау мүмкіндігіне ие болу және өз өмірін мәндірек сезінуге талпыныс жатады.

Қамқорлық пен қамқоршылдықтын арасындағы айырым шекарасы өте жұқа болғанымен отбасылық психотерапевт Марина Дьячкова ол айырымды анықтай біледі. «Қамқоршылдық «дәрменсіздік» деген сөзбен тікелей байланысты. Біз көңілімізді өзіне өзі қамқорлық жасауға шамасы келмегендерге бөлеміз: кішкентай сәбиге, қартайған немесе қыймылдауға қауқары жетпейтін адамдарға»,-дейді ол түсіндіргенде. Бұл жағдайда қамқоршыл өзі қорымалдайтын адамның орнына шешім қабылдай береді.

Ал қамқорлық болса біздің өзімізбен тең, ешкімнің көмегінсіз өзін өзі күте, баға алатын адамға жасалынады, қамқорлықтың негізінде қолда барыңды өзіңмен «дәрежесі тең» адаммен бөлісу жатады. Біз қамқорлық көрсететін адам дәрменсіз, осал емес, біздің көмегімізге зәрулігі жоқ, тек оған деген біздің қамқорлығымыз оны қуантады.

Қамқорлық бала мен ата-ана және әріптестік қатынас арасында да кездесе береді, осылардың арасында қамқоршылдыққа орын табыла ма? Осыны талдап көрелік.

«Анашым, менің қарным ашты ма, жоқ әлде тоңдым ба?»

Ата-ана мен баланың арасындағы қамқорлық пен қамқоршылдық –базистік ұғымдар, бірақ бала есейіп өскен сайын олардың көлемдерінің қатынасы өзгерее береді. Жаңа туған бала абсолютті түрде дәрменсіз, өзі тамақтана алмайды, өзіне өзі қамқорлық жасай алмайды. Ата-анасы оның қажетілігін дер кезінде сезініп, қамтамасыз етеді. Бұлай жасау орынымен іске асқан әрекет және өзін ақтайтын қамқоршылдық болып табылады. Бала есейіп өсскен сайын анасы оған өз қажеттілігін өзі орындау жолдарын үйрете бастайды: қарны ашқандығын білгізу, қасықты ұстай білу, алманы жуу, өзімен өзі айналысып отыру деген сияқты. Бұл әрекеттердің барлығы қамқорлықтың көріністері болып табылады.

Бала өсіп есейген сайын оның қажеттілігі де күрделене бастайды: элементарлы физиологиялық қажеттіліктерге эмоционалдық қажеттіліктер қосылады. Бала бірнәрсеге ренжісе немесе бірнәседен шошыса, оны тыныштандырып, жұбату қажет. Бұндайда ересек адам баланың жағымсыз сезімін «өзіне» алып алмауы басты назарда болуы керек («Ит үріп қорқытты ма? Ертең бұл саябаққа бармаймыз!»), деудің орнына ұлың немесе қызың қобалжыған кезде қасында болу қажет. Мысалы баланың қолынан ұстап тұрып тұмылдырық кигізілген итті сипап көруге көндіру керек. Бұлай жасағанда біз баланың қауіпсз жағдайда қауіппен кездесуіне мүмкіндік береміз. Осы тәсілмен біз баланы үлкеннің көмегі арқылы әртүрлі жағдайлардағы болып қалуы мүмкін эмоциялық күйлерін жеңе білуге үйретеміз. Ата-ана балаға өзінің қажеттіліктерін айыра білуді үйретеді, соның арқасында бала дамып өседі. Бұл қамқорлық қатынастың нақты көрінісі.

«Кезі келгенде баланың зияны жоқ тежеулерді (фрустрация) бастан кешуі қажет, – деп түсіндіреді Марина Дьячкова. – Бұл кезде бала өзіне қажет деген заттардың барлығы өз бойынан табылып, оның қолына оп оңай түсе бермейтіндігін түсінеді. Кейбір затты өзі істеуі керектігі, немесе басқадан көмек сұрау керектігін ұғынады.

Өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз еткен сайын, бала іштей өзгерістерге түсе бастайды, яғни, дамиды.»

Әсіре «қамқоршылдықшы» аналардан: «біздер ұйықтап тұрдық», «біз емтихан тапсырдық», «біз институтқа түстік» деген сияқты сөздерді жиі естуімізге тура келеді.

Ересектер баланың айтқанын екі етпей орындауға тырысу арқылы зыянсыз тежелуге деген мүмкіндігінен айырады. Нәтижесінде бала өзінің қажеттіліктерін айыра алу және оларды дұрыс қамтамасыз ету жолдарын табуға талпынудан ада болады. Осыдан келіп психологтар әсіре қамқоршылдық деп атайтын, «Анашым, менің қарным ашты ма?», «Жоқ Яша, сен тоңып кеттің!»-делінетін Одессалық анегдоттағы диалогтың кейіпкерлерін анық байқауға болады.

«Баланың қарыны ашып үлгермегендігіне қармастан анасы оны тамақтандырады, – дейді М.Дьячкова түсіндіргенде. – Анасы алдын алып мәселені шешіп қоятындықтан, бала ешқашан қарны ашқандығын сезініп үлгермейді. Әсіреқамқоршылдық дегеніміз –қамқорлық деген ұғымды барынша теріс түсініп, баланы кез келген жайсыздықтан (дискомфорт) сақтап қалуға орынсыз тырысу.Бұлай жасаған ана баланың дамуға деген құқын алып алады, баланың бірнәрсені өзгертуге, бірнәрсені бастап жасауға деген талпынысын түбегейлі жояды.»

Осындай отбасында өскен бала, өзіне не қажет екендігін, қалай қарай қозғалуы керек екендігін білмейтін болады. Әсіре «қамқоршылдықшы» аналардан: «біздер ұйықтап тұрдық», «біз емтихан тапсырдық», «біз институтқа түстік» деген сөздерді жиі естуімізге тура келеді. Бұлай ететіндер баланың бойынан тұлғаны емес, тек әрекетті ғана көреді, баланы ылғый да айналақтап жүру үшін жаратылған бір зат, тіршілік иесі деп қарайды. «Мен оған

бүкіл өмірімді арнадым», – деген сөзді әсіре қамқоршыл аналардың ауызынан жиі естуге болады. Бұл сөзден бала ана өмірінің мәніне айналғанын көуге болады, ал баланың өзінде мән жоқ, себебі оны ересектер алып қойған».

«Не жасасаң да, мен қызғанбайтындай етіп жасашы»

Үлкендер арасындағы қатынаста қамқорлық әріптестің қажеттілігін, «өтінуі бойынша», қажет етуі бойынша қанағаттандыруда анық көрінеді, себебі біздің балалардан айырмашылығымыз өзімізге қажеттілігіміз туралы айтып бере аламыз.

«Айталық мен өзімді мойындап, маған көңіл бөліуін қажетсіндім дейік, – дейді М.Дьячкова,- мен бұл жайлы әріптесіме айтамын, бұл менің әріптесім менің қажеттілігімді менің ойымдағыдай етіп жүзеге асыруға міндетті деген сөз емес. Егер мен әріптесімнен нақты бір әрекетті жүзеге асыруды: «бір миллион алқызыл раушан гүлін», немесе «гәуһар көзді жүзік» сыйлауын тлап етер болсам,- бұл дабыл қағарлық белгі болып табылады. Немесе маған не керек екендігін оның өзі біліп қыймылдауын күту, ең қиын шаруа. Немеесе әріптесімді қызғана тұра, одан мен қызғанатындай себеп берме деп талап ету.Ол не істеуі керек? Өзінің кісі қызығарлық қасиетін жасыруы керек пе? Ал маған ол қызғануға себеп беріп тұрған болып көрінсе ше ? Осы әрекетіммен мен әріптесіме: «Менің қолымнан келмеді, сен байқап көрші» дегенді айтқан болып шықпаймын ба? Олай болса мен өз әлсіздігімді мойындап, дәрменсіздіктен өзіме қамқоршылдық көрсетуді қажетсініп тұрған болып шықпаймын ба? Бұлай жасау біздерді ата-ана мен баланың арасында болатын, есейген әріптестердің біреуі сүйенішке зәрулік позициясын таңдайтын (инфантильді) қатынастың жазықтығына алып шығады.

Осындай, қамқорлықтың мәнін керісінше түсініп қабылдау ұғымы бүгінгі күні кеңінен таралып кеткен.

Әсіре қамқоршылдықтың артында не тұр?

Әсіреқамқоршылдық –тереңде жатқан мәселелер туралы ескерту беретін белгі ғана. Оның сыртында не жатуы мүмкін?

1. Жан ауырту, тағы да жан ауырту. Әріптестер жиі-жиі өзара тиімді, өз қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін,қажеттілігін келісе отырып алмастыру арқылы келісім шарттар жасасады. «Сен пұл тауып, менің қауіпсіз күн кешуіме жағдай жасайсың, мен белсенді түрде сенің қолыңнан іс келетін артықшылықтарың туралы елге таратамын». Осы жерде тағы да бір рет адамға тек қана әрекет деп қараудың мысалын келтіруге болады. Бұндай одақты жаны қатты жәбірленген адамдар құрады. Жұптардың осындай күйі айтарлықтай тұрақты болады. «Менің сол жақ аяғым, сенің оң аяғың жоқ. Біз бірігеміз, енді біз –екі аяғы бар сау адамбыз». Әріптесіңнің бір аяғы жоқ екендігін байқамау –өте ыңғайлы бартер, -деп қорытындылайды М. Дьячкова, – Ересектер арасында, әріптесіңнің бойындағы кешілікті өзі байқауына мүмкіндік бермейтін, қамқоршылдықтың аса бұзылған түрі жиі ұшырасады. Мысалы мен ерімнің маскүнем екендігін өзі түсінуіне мүмкіндік бермеймін: «Жо жоқ, бұл жұмыстағы жайсыздықтар ғана» немесе «Мен сені ренжітіп қойғандықтан, сен ішуге мәжбүр болдың», мен екінші бір адамды өз қателігін өзі түсініп, өмірін өзгертіп, түзелуге бет қоюдан қамқоршылдығымның арқасында, қақпақылдап бұрып аламын. Себебі ол өмірін өзгерте қалса, менің де өзгеруіме тура келеді ғой».

Ерте ме кеш пе адам өз кемшілігін өзі байқап, өз бетінше, немесе психлогтің көмегімен өзін өзі емдеуді бастауы мүмкін. Ал бәз біреулер әтеуір жалғыз қалмас үшін, «аяқсыз-ақ» ұзақ уақыт күн кеше беруі мүмкін.

КЕЙ КЕЗДЕ ЕРЕСЕК АДАМ ӨЗІНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕМЕЙ, ӨЗ ЕРКІМЕН ЕРІК КҮШІ ЖОҚ, ҰЯЛШАҚ, ӘЛСІЗ АДАМНЫҢ РОЛІН ОЙНАУҒА КЕЛІСІМ БЕРЕДІ

2.Бақылау және сенбеушілік. Әсіре қамқоршылдықтың астарында тұрған негізгі мақсат –басқаның қажеттілігін, ойындағы арманын, қыялдауын бақылауда ұстау. Әдеттегі қалыпты қатынаста (ата-ана мен баланың, немесе екі ересек адамның арасындағы) бұлай етудің мүмкіндігі жоқ, олай жасаудың қажеті де жоқ. Ал егер қатынастың дені дұрыс болмаса ше? Онда қамқоршылдық жасаушы әріптестің шекарасын бұзып; әріптестің жазысқан хаттарын оқып, телефонын тексереді. Бұндай әдет тек әйел мен еркектің арасындағы қатынаста ғана емес, ересек балалар мен ата-аналары арасындағы қатынастарда да болады.

3. Өмірді мәндірек етуге талпыну. Кейбір аналар балаларын ғана емес, немерелерінің ата-аналарын ысырып тастап немесе, алмастыруға тырысып, немерелерді де бақылауда ұстауға күш салатындығы кездеседі. Осы тәсілмен өздерінің әлі де қажет екендіктерін көрсетіп, өмірлерін мәндірек жасауға күш салады.Кей кезде ересек адам өзіне жауапкершілік жүктемей, өз еркімен ерік күші жоқ, ұялшақ, әлсіз, «адасып жүрген» адамның ролін ойнауға келісім береді. Нақты мысал: баласы – наркоман және оның анасы. Анасы оның улы дәрмек алу үшін кірген қарыздарын төлейді, жұмыстан қалған күндері үшін бастығының алдында оны ақтап алады. Осынысы үшін өзіннің қажеттілігін сезінеді, өз өмірі өзіне мәндірек көрінеді.

Қамқорлықты дұрыс жасауды қалай үйренуге болады?

Бала мен ата-ана арасындағы қатынаста қамқоршылдықтан дәл сәтінде тыйылудың мәні зор. «Мен ана ретінде баланың өзінее өзі қамқорлық жасай алатын дәрежеге жеткенін дәл анықтай аламын, – деп түсіндіреді М.Дьячкова – Бір кезде оның өз қолын өзі жуып, өзі ойыншық таңдап алуға, балалар алаңында ойнап жүріп өзін ренжіткен баламен өзі есеп айырысуға шамасы келетін сәт туады. Осы сәттен бастап оның өзін өзі алып жүруге құқығын мойындап, өз қолынан келмейтін шаруаларда ғана менен көмек сұрауға

мүмкіндік беремін. Мен осы сәттен бастап қамқоршылдықты қамқорлыққа алмастырамын.»

Ал енді дәрменсіз адаммен не істеуге болады? Мысалы әжетханаға бару, баспалдақпен көтерілу сыяқты кейбір өрекетті адам өзі жасай алмайды. Бірақ оның өзіне өзі ермек тауып, іспен айналысуға мүмкіндігі бар. Бұл арада «1+1» фильміндегі айтылған жайды мысалға келтіруге болады. Сюжет бойынша аяқ-қолынан кем болып қалған бизнесменге күтуші болып, бұрын қылмысы үшін істі болған қара түсті жігіт жалданады. «Күтуші» кейбір әрекеттерді орындауды өз мойнына алса да, көп істе қамқорлығындағы адамды өзімен теңдей көріп, оның өзіне жүктейді. Себебі күтуші жігіт бизнесменнің аяқ-қолы тартылып мертіккенімен ол жеке адам ретінде мертікпегендігін жақсы түсінеді». Жақындарымызға қатынас жасау кезінде біздердің осы жайды есімізден шығармағандығымыз дұрыс болар еді.

Бәйбіше боласың ба?

Соңғы кезде жұрт арасында, әсіресе әлеуметтік желілерде күйеуіне тоқал әпергіш келіншектер көбейіп кетті.  «Күйеуім алам десе, өзім таңдап жүріп әперемін» дейді. Тіпті тұрмысқа шықпаған жас қыздардың өзі «кейін жарыма тоқал алып беріп, бәйбіше боламын» деп мақтанышпен армандап отыратынды шығарды. Дұрыс қой, әрине. Бәйбіше болу деген – зор мәртебе, ұрпақтардың құрметі. Тек… Жанына балаған жары алдына келіп: «басқа әйелге көңілім кетті, соны алғым келеді. Ал сен балаларымның анасысың, сені де тастай алмаймын,» деген кезде іші қалай өртенетінін білмейді ғой олар әлі…

Бәйбіше боласың ба?

Бәйбіше деген атты ресми болсын, тек үшеуара құпия болсын, арқалағаннан кейін, ауыр күресті күндер басталады. Отбасылық бюджет уыстан сусып шығады. Бұл – бір. Екі үйі бар еркектің табысы екіге жарылатыны аян. Ал, жаңа түскен, уылжып, үлбіреп, отырған жас тоқалдың қылығы өтімді болса, таразы басы сол жаққа қарай жылжып кетеді.

«Күйеуім тоқал алған соң оны бұрынғыдай өз жағымда ұстаймын» деген бекер сөз. Ер адам тек сүйген әйелінің ғана ығына жығылады. Ал бірінші жарын шынымен сүйетін еркек басқа әйелге көз салмайды. Тоқал пайда болды ма – бәйбішеге деген махаббат сезімі суыды деген сөз.

Оның үстіне, еркектер сүйікті әйелінің баласына ғана еміренеді.  Өз баласының әкесіне қадірсіз бола бастағанына қарап отырғысы келетін әйел аз шығар.

Бәйбіше боласың ба?

Әрине, бәсекелестік деген жақсы. Өзіңе деген күтімді күшейтесің. Бірақ… оны жай ғана өзің үшін, сүйген жарың үшін емес, бақталастық, азаматыңның көңілін сәл де болса көбірек аудару үшін істеген…

Бәйбіше боласың ба?
Бәйбіше боласың ба?

«Ой, бір кездері қазақтар төрт әйелге дейін алған, анау мынау» дейді. Алған. Бірақ бізге жеткен кітаптарда бәрі жазылмаған ғой. Ол кітаптарда әр бәйбішенің өзін жұртта қалған жыртық кебістей сезініп, іші ит тартқандай әлем-тапырақ болатынын кім сипаттасын… әжелеріміз сауатсыз болған ғой. 

Белгісіз автор

Суреттер: Интернеттен алынды.

Ақ жейдедегі тердің дағын кетіру жолы

Ақ жейденің көбіне қолтық тұсында сары дақ қалады. Әрине тердің ізі. Ол дақты қолмен жусаңыз да, кір жуатын машинамен жусаңыз да, орны қалып қояды.

kak-effektivnee-otstirat-beluyu-rubashku

Сары дақты кетірудің жолы бар. Сізге керек бір-ақ нәрсе, ол – аспирин (ацетилсалициловая кислота).

Екі таблетка аспиринді ұқыппен майдалаңыз. Ыдысқа (үлкен ыдыс емес, шағын ыдыс таңдағаныңыз дұрыс, өйткені, жарты стақан суды таппай қалуыңыз мүмкін 🙂 ) майдаланған аспирин мен кір жуу ұнтағын салып, үстіне жарты стақан жылы су құйыңыз. Қоспаны жақсылап араластырып, ақ жейдеңіздің дақ тиген жерін сол қоспаға малып алып, ысқылаңыз.

Әбден ысқылап болғаннан кейін осы сұйықтық ішінде жейденің дақ тиген жерін  1-2 сағатқа қалдыра тұрыңыз. Уақыт өткен соң жейдені қарапайым кір жуу әдісімен жуып аласыз.

Ақ жейдедегі тердің дағын кетіру жолы

Нәтижесі сізді қуантады: дақтар «өзінен-өзі» жоқ боп кетеді :-).

Суреттер: Интернеттен алынды. 

Дүкен аралауда алданып жүрген жоқсыз ба?

Дүкен аралауда алданып жүрген жоқсыз ба?

Үлкен дүкен, супермаркет, гипермаркетке бара қалсаңыз, керек-жарақпен қоса, аса қажетті емес дүниелерді ала келесіз бе? Нәтижесінде босаған әмиян не сапасы күмән тудыратын азық түлікке тап боласыз.

«Сонша ақшаға не алдым?» деген сұрақ туындап, кассир ұсынған чекті мұқият қарап шықпас үшін дүкен аралауды қалай үнемді етуге болады? Біз ұсынар бірнеше ережені есте сақтай жүріңіз.

1. Үлкен дүкен желілерінде тауарларды өзіндік орналастыру тәртібі бар. Мұның бәрі сатып алушы көбірек ақша қалдырып кетуге бағытталғанын білесіз бе? Ең қажетті тауарлар, міндетті түрде дүкеннің ортасында не соңында тұрады. Бұл сіздің қажетті тауарды іздеп, дүкенді толық айналып шығуыңызға бағытталған. Ал, жол-жөнекей көзге түскен аса қажет емес тауарлардың арбаңызда жататыны белгілі.

Дүкен аралауда алданып жүрген жоқсыз ба?
2. Кассада кезекте тұрсаңыз, сырты көздің жауын алатын әдемі қораптармен қапталған майда-шүйдеге көзіңіз түседі. Әдетте мұндай тауарлар арбаңызға қалай сүңгіп кеткенін өзіңіз де байқамай қаласыз.
3. Дүкенге жаңа түскен тауарлар, ереже бойынша, сөренің арт жағында жатады. Ал қол жететін, алдыңға қатарда сақтау мерзімі аяқталуға жақын қалған тауарлар тұрады. Әрине ешкім де майда жазулы мәтіндерді мұқият оқып тұрмайды. Сондықтан тауар аларда сақтау мерзіміне көз қырын сала жүріңіз.
Дүкен аралауда алданып жүрген жоқсыз ба?
4. Үлкен дүкен желілерінде баға көрсеткіші уақтылы жаңартылмай қалған не адасып кеткен жағдайлар жиі болады. Алған затыңыздың бағасы кассаға барғанда сіз ойламаған бағадан жоғары боп шығуы да сол себепті болады. Мұндай жағдай орын алмас үшін штрих-код сәйкестігін тексеріңіз не арнайы қондырылған сканерлер арқылы тексеріп алуыңызға болады.
Дүкен аралауда алданып жүрген жоқсыз ба?
5. Көлемді тауар аларда мына бір қулыққа назар аударыңыз: дүкенге сүйрете кірген арбаңыз не себет толғанша, «алынатын зат қалып кетпеді ма екен» деген оймен дүкенді бірнеше рет айналасыз. Ол кезде көз тоймай, бірнеше артық заттарды алып шығуыңыз бек мүмкін. Аса қажетті тауарларға қосымш шығын жұмсамас үшін көлемі кішкентай арба не себетті таңдаңыз.
Дүкен аралауда алданып жүрген жоқсыз ба?
6. Көптеген дүкендердің ішіде дайын тағамдарды сататын не сол жерде пісіріп сататын бөлімдер бар. Олардың иісі мұрныңызды жарып, айналып өте алмай қаласыз. Сондықтан дүкенге аш баруға болмайды. Гипермаркетке келген аш адам мен тоқ адамның арасы мыңдаған теңгелермен өлшенеді.
7. Тағы бір «психологиялық» айла – 9 санымен аяқталатын баға көрсеткіштері. Мысалы, 149 теңгеден сатылатын мандарин 150 теңге тұратын мандариннен әлдеқайда арзан көрінеді. Демек, ұтымды, сатып алу керек! Адам психикасы солай және дүкен менеджерлері оны тиімді пайдалануда.
8. Бәріміз де жеңілдіктермен сатылып жатқан тауарларды алуға құмармыз. Бұл шынында да өте тиімді. Алайда, акция – алдамшы бағалар арқылы тұрып қалған, сұранысқа ие емес тауарларға сатып алушыларды тарту жолы екенін ұмытпаңыз.
Дүкен аралауда алданып жүрген жоқсыз ба?

Егер артық ақшаңыз шығындалмасын десеңіз, осы ережелерге назар аударыңыз және дүкенге аттанар алдын қажет заттардың тізімін құрып алыңыз. Алынатын заттың бағасын шамамен мөлшерлеп, соған сай ақшаны алып барыңыз, артығын үйде қалдырыңыз. Тағы бір мәселе, ақшаны банк карточкасы арқылы есеп айырысқаннан гөрі қолма-қол төлем жасаған сатып алушыға әлдеқайда тиімді. Көзіңізге көрінбей тұрған ақшаны шамадан тыс көп жұмсап жіберу ықтималдығы бар. 

Суреттер: Интернеттен алынды.

Шарап таңдай білесіз бе?

Жақсы таңдалған шарап – романтикалық кештің, мерекелік дастарханның сәні болмақ. Сіздерге шарап таңдаудағы мамандардың бірнеше кеңесін ұсынбақпыз. Шарап – ерекше сусын болғандықтан, оған әркім өзіндік талғаммен қарайды. Әрқашанда өзіңізге сай келетін шарапты таңдағаныңыз дұрыс. Таңдауда бірнеше ережені есте сақтасаңыз болғаны, сәтті таңдалған шарап дәмі ерекше әсер берері сөзсіз.

 Шарап таңдай білесіз бе?

Шарап таңдауда маңызды

Жақсы шарап таңдағыңыз келсе, құрамындағы спирт пайызына назар аударыңыз: 12,5% – бұл – пісіп-жетілген жүзімнен жасалған шарап белгісі.

Шарап таңдай білесіз бе?

Бағасына назар аударыңыз. Жақсы шараптың бәрі қымбат тұрады деген сөз емес. Кейбір елдерде 1 жылдан аспаған ақ шарап пен 2 жылдан аспаған қызыл шарапты анағұрлым арзан сатады. Сондықтан жаңа дайындалған шараптың шығарылу мерзімі ұзақ сақталған шараптан арзан болатынын ескеріңіз. Ал шарап ұзақ сақталған сайын дәмі арта түседі.

Жүзім сұрыпын байқаңыз. Шарап жүзімнің бір ғана сұрыпты түрінен немесе бірнеше сұрыпты түрін қосу арқылы жасалады. Қайсысын таңдайсыз – өз қалауыңыз. Алайда, екі түрін де татып көріп, бір-бірінен ажырата білгеніңіз артықтық етпейді. Жақсы шараптың заттаңбасында (этикетка) міндетті түрде сұрыптық құрамы көрсетіледі.

Шарапты супермаркеттен алғанша, арнайы шарап сататын дүкендерге барғаныңыз дұрыс. Ол жақтан анағұрлым сапалы шарап табасыз. Әрі ол дүкенде маманның кеңесіне жүгіне аласыз.

Шарап таңдай білесіз бе?

Шараптың дәмін қалай байқау керек?

Шарап сыртындағы заттаңбадан «шараптың гүлге ұқсас жағымды нәзік иісі бар» немесе «шарап ваниль және алхоры иісі аңқыған мақпал дәмді» деген сияқты сипаттамаларды оқимыз. Бірақ, шарап дәмін татқан соң күткен иіс пен дәм сезіле қоймайды. Оған себеп көп адамның шараптың дәмін тату ережелерін білмеуінде. Біз атап өтетін таңдау ережелерін есте сақтай жүрсеңіз, талғамыңызға сай шарап таңдауға тағы бір қадам болмақ:

1. Шарапқа анықтап қарау

Бокалға құйылған шарапты қолға алып, анықтап қараңыз. Ақ фонда жасауға кеңес береміз. Әрине, шарап саласында сарапшы емессіз, дегенмен, түсінің ашықтығы мен қоюлығын ажыратуға тырысып көріңіз.

Қолыңыздағы бокалды жәймен айналдырып көрсеңіз, шыны қабырғасында шараптың төмен қарай сырғығанын көресіз. Егер ол өте баяу ағып жатса – шарап құрамында қант көп және спирті де мол болғаны. Бұл – нағыз кемелденген шарап. Ал егер қозғағанда шарап тез ағып, сұйық болса – шарап жеңіл және спирті аз болғаны.

Шарап таңдай білесіз бе?

 

2. Иісін ажырату

Қолыңыздағы шарап құйылған бокалды тағы да айналдырып, мұрныңызға жақындатып, иіскеп көріңіз. Ненің иісін сезгеніңізді (заттаңбада жазылғаннан тыс) аңғарып көріңіз. Иісін ажырату қиынға түскен сайын шарап сапасы жақсы (құрамы бай) екенін білдіреді.

Егер иісі мүде ұнамаса, ол шарапты татып көрмегеніңіз жақсы. Өйткені, оның сапасы нашар болып қана қоймай, сіздің талғамыңызға мүлге келмеуі ықтимал.

Шарап таңдай білесіз бе?

 

3. Дәмін тату

Шараптан бір ұрттап, аузыңызда ұзақтау ұстай тұрыңыз. Одан кейін аузыңызды шараппен шайқағандай болып, дәмін ажыратып көрініз. Сонымен қатар шарап дәмін татып көрерде ерініңізді жиырып, түтік сияқты қылып ішіңіз. Заттаңбада жазылған сипаттамаға назар аудармастан, сусын құрамында ненің дәмі бар екенін аңғаруға тырысыңыз.

Шарапты ұрттағаннан кейін аузыңызда дәм қалып қояды. Ол ұзақтау тұрса, шарап сапалы, ал тез ғайып болса, басқа шарап таңдаңыз.

Шарап таңдай білесіз бе?

Шарап таңдаудағы сезімдеріңізді есте сақтап қалуға тырысыңыз. Ол келесі жолы шарап таңдауда көмек береді. 

Шарап таңдай білесіз бе?

Суреттер: Интернеттен алынды

Қауыннан тосап жасап көріңіз

Иісі аңқыған қауынның дәміне тек жазда ғана емес, қыста да тамсануға болады. Ол үшін уақытыңызды қиып, төмендегі тосапты жасап алсаңыз болғаны. Жазда жабылған банкілердің рахатын қыста көреріңіз анық. Бұл тосапты тәтті бәліш және құймақтың жанына қосып, қонағыңызға ұялмай ұсына аласыз.

Қауыннан тосап жасап көріңіз

Қажетті заттар:

-қауын – 1 кг;

-қант – 1,2 кг;

-су – жарты литр;

-ванилин – 5 гр;

-лимон қышқылы – 3 г.

Қауыннан тосап жасап көріңіз

1. Тосап дайындау үшін қатты пісіп кетпеген, қатқылдау қауынды таңдаңыз. Қауынның сыртын жуып, сүртіп, құрғатыңыз. Қауынды қабығы мен дәндерінен тазартып, шамамен 2-3 сантиметр болатындай төртбұрышты бөліктерге бөліп, тураңыз.

Қауыннан тосап жасап көріңіз

2. Көлемі екі литрлік кастрюлдің (қажетті мөлшерді таңдаңыз) жартысына су құйып, қайнатыңыз. Қайнаған суға туралған қауынды салып, 5-6 минут қайнатыңыз. Қайнаған соң қауынның үстінен мұздай су құйып, 3-4 минутқа қалдырыңыз. Одан кейін қауынды сүзіп алып, суын сорғытып қойыңыз.

Қауыннан тосап жасап көріңіз

3. Қауынның суы сорғып болғанша, сиропты дайындап алыңыз. Ыдысқа жарты литр су құйып, қайнатыңыз. Қайнап тұрған суға себелеп отырып, қант салыңыз. Үнемі араластырып отыруды ұмытпаңыз. Сиропты 10-15 минут қайнату керек.

Қауыннан тосап жасап көріңіз

4. Үлкенірек ыдысқа кеуіп қалды-ау деген қауын кесектерін салып, үстінен дайындап алған сироптың жартысын құйыңыз. Отты ақырын басып, араластыра отырып, 6-7 минут қайнату керек. Қайнап болғаннан кейін ыдысты оттан түсіріп, бетін қақпағымен жауып, 7-8 сағатқа қойып қойыңыз. Ол уақытта қауын қантты сіңіреді.

Қауыннан тосап жасап көріңіз

5. 7-8 сағат уақыт өткен соң кастрюлді тағы да бәсең отқа қойып, үстіне сироптың қалған жартысының жартысын құйыңыз. Қайнаған соң араластыра отырып, отта 9-10 минут ұстаңыз. Одан кейін тосапты оттан түсіріп, 9-10 сағатқа тұндырып қою керек.

Қауыннан тосап жасап көріңіз

6. Бәрі біткен соң тосапты тағы да баяу отқа қойып, қалған сироптың барлығын қосыңыз. Қоспа қайнаған соң ванилин мен лимон қышқылын қосып, тағы да 15-20 минут қайнатыңыз. Қауын кесектері езіліп, сұйық тосап болғаннан кейін стерилденген банкілерге құйып, жауып алыңыз. Қысқы бір тағам дайын.

 

Ірімшік бауырсағы – дәмді және тез

Бұл тағам түрі дәмді және өте тез жасалады. Әсіресе оразада сәресіге не ауыз ашар уақытқа туралап, лезде пісіре аласыз.

Құрамы:

200-250 гр.ірімшік (майлылығы 9-18%);

1 жұмыртқа;

3 ас қасық қант;

жарты шәй қасық қамыр қопсытқыш (разлыхлитель);

100 грамм ұн (қажет болса, аздап тағы қосыға болады);

бір шымшым тұз;

қуыру үшін өсімдік майы.

Ірімшік бауырсағы - дәмді және тез

Ірімшік, қант, жұмыртқа үшеуін араластырамыз.

Ірімшік бауырсағы - дәмді және тез

Қамыр қопсытқыш пен тұз қосамыз.Дайын болған қоспалардың үстінен ұнды ақырын сеуіп және араластыра отырып, қамыр илейміз. Ол қолға кішкене жабысып тұру керек.

Ірімшік бауырсағы - дәмді және тез

Қамырды 4 бөлікке бөліп, әрқайсысын дөңгелектеп, қалыңдығы 3,5 см болатындай етіп созамыз. Оні кішкентай бөліктерге бөлеміз.

Ірімшік бауырсағы - дәмді және тез

Қазанды отқа қойып, өсімдік майын қыздырамыз. Майдың мөлшері ішінде бауырсақтар жүзетіндей болу керек. Май қызды-ау дегенде қамырды салып, қызарғанша қуырамыз.

Ірімшік бауырсағы - дәмді және тез

Үстінен қант ұнтағын сеуіп, ыстық күйінде де, салқын күйінде де дастарханға қоя аласыз.

Ірімшік бауырсағы - дәмді және тез

Астарыңыз дәмді болсын!

«Пингвин» тіскебасарын қалай дайындауға болады?

"Пингвин" тіскебасарын қалай дайындауға болады?

Қонақтарға жайған дастархан үстінде сүйкімді «пингвиндер» тұрса, бәрінің назарын аударары сөзсіз. Есте қалар тіскебасарды сіз де жасап көріңіз. 

Қажет болар заттар: 

– Зәйтүн; 

– Сәбіз; 

– Сұйық ірімшік (қаймақ та болады); 

– Тіс тазартқыш. 

1. Бізге үлкен және кіші зәйтүндер қажет. Үлкені пингвин кеудесіне, кішісі басын жасауға. Зәйтүндерді дәндерінен тазартып аламыз.

"Пингвин" тіскебасарын қалай дайындауға болады?

2. Тазартылған сәбізді дөңгелектеп кесеміз де (18 дана),  дөңгелектің бір жерін үшбұрыштап тағы кесеміз. Бұлар пингвиннің аяғы болады. Кесіп алынған үшбұрыштарды да тастаманың, олар кішкене тұмсық жасауға керек. 

"Пингвин" тіскебасарын қалай дайындауға болады?

3. Сұйық ірімшіктің кез келген түрін алыңыз. 

"Пингвин" тіскебасарын қалай дайындауға болады?

4. Үлкен зәйтүннің бір жақ бетін ақырындап кесеміз. Зәйтүн қатты ашылыр кетпеуін қадағалау керек, әйтпесе ішіне салынған ірімшік түсіп қалады. 

"Пингвин" тіскебасарын қалай дайындауға болады?

5. Кесілген үлкен зәйтүннің ішіне сұйық ірімшікті саламыз. 

"Пингвин" тіскебасарын қалай дайындауға болады?

6. Ішіне ірімшік салынған үлкен зәйтүнді тіс тазартқыштың көмегімен сәбізге қатырамыз. Бір-бірінен ажырап кетеді деп, абыржымаған дұрыс. Сәбізге нықтап орнатылса болғаны. 

"Пингвин" тіскебасарын қалай дайындауға болады?

7. Одан кейін кішкентай зәйтүнге саңылау қалдырамыз. 

"Пингвин" тіскебасарын қалай дайындауға болады?

8. Сол саңылауларға сәбізден кесіп алған үшбұрыш бөліктерді саламыз. Тұмсық дайын.

"Пингвин" тіскебасарын қалай дайындауға болады?

9. Кішкентай зәйтүнді тіс тазартқышқа орнатамыз. Пингвин алдымызда.

"Пингвин" тіскебасарын қалай дайындауға болады?

10. Осындай пингвиндердің біраз данасын жасап алып, дастархан көркін келтіруге болады. Мысалы, ақ ірімшіктіен айсберг жасап, айналасына пингвиндер қойсақ, өте әдемі  болады. 

"Пингвин" тіскебасарын қалай дайындауға болады?

Астарыңыз дәмді болсын!

Түркияда демалуды жоспарласаңыз…

Түркияда демалуды жоспарласаңыз...

Егер сіз Түркия елінде демалуды жоспарлап отырсаңыз, ол ел туралы біраз мағлұмат алғаныңыз дұрыс. Сонда сіз қолайсыз жағдайлардан алыс боласыз.

Түркияға жолдамаңызды алып, ұшақпен жылы жаққа келдіңіз де, қонақ үйге жайғастыңыз делік. Ұшақтан түсіп, қонақ үйге барарда өз заттарыңызға абай болған жөн. Өйткені, Түркия аэропорттарында ұрлық-қарылық белең алып тұр. Қол жүгін тапсырып-қабылдап аларда сөмкелер жиі жоғалып кетіп жатады. Сондықтан құжаттар, алтын, ақша сияқты құнды заттарыңызға мұқият болыңыз.

Тіпті ұрылар қолыңыздағы сөмкені жұлып әкетіп, дөрекілік көрсетуі де әбден мүмкін. Әсіресе Стамбулда аэропортта да, көшеде де өте сақ жүріңіз. Болар іс болып, заттарыңызды алдыртып алсаңыз, дереу гид не полиция қызметкерлеріне хабарлаңыз. Стамбулдың полиция қызметкерлері өте жедел және жақсы қызмет көрсете алады, жоғалтқаныңызды қайта табуыңыз әбден мүмкін. Қонақ үй қызметкерлері ұрлыққа көп бара бермейді, бірақ арасында қолы сұғанақтар жоқ емес.

Түріктер еліндегі көліктер туралы да бірер сөз айтып өтейік. Түркияда микроавтобустар өте қауіпті. Қала сыртындағы жолдарда осы микроавтобустар жиі апатқа ұшырап жатады. Себебі, тасымалмен айналысатын фирмалар туристер көп келетін мерзімде үлгермегендіктен тәжірбиесі аз адамдарды да жұмысқа ала беретін көрінеді. Сондықтан үлкен туристік автобустарға не таксиге отырғаныңыз дұрыс.

Қонақ үй айналасында ең қауіпті орын – бассейн аймағы. Бірінші кезекте, әрине, балаларға қатысты. Көп адамдар тек теңізде ғана батып кетуі мүмкін деп ойлайды да, балаларды қараусыз қалдырады. Соңғы жылдары бассейнде тұншығып, жарақат алған балалар саны көп. Бассейнді айналдыра орнатыған плиткалардан да абай болыңыз.  Су тиген плиткалар өте тайғақ болады, құлап, бір жеріңізді сындырып алу қаупі бар.

Бұл елде тамақтанғанда да мұқияттық аздық етпейді. Түрлі дәмдеуіштер мен соустарға малынған еттерді жемеңіз, еттің бұзылған дәмін ажырату мүмкін болмай қалады. Өзіңізге таныс емес, түсініксіз тамақтардан қашыңыз. Сусындардың қорабындағы жарамдылық мерзімін қарауды ұмытпаңыз.

Жоғарыда айтылғандарға қосымша ретінде айта кетсек, түрік еркектері суға түскенде тым ашық-шашық киінген қыздарды «басқаша» ойлап қалады екен. Егер түріктердің мазаңызды алмағанын қаласаңыз, бір жапырақ шомылуға арналған киімдер кимеңіз.

 

Раушан гүлдің ғұмырын ұзартсақ…

Раушан гүлдің ғұмырын ұзартсақ... Сүйіктісінен әдемі гүл шоған алғанды қай қыздың жаны сүймейді дейсіз?! Алайда, жайқалған гүлдердің көп уақыт өтпей, солып қалатынын өкінішті.

Сіздерге раушан гүлін мүмкіндігінше ұзақ сақтаудың тәсілін ұсынбақпыз.

Бірінші кезекте, раушан гүлінің сабағы ұзын боп кесілуі керек. Сабағы ұзын раушанды дұрыс күтімнің арқасында 10-12 күн жайқалған күйінде сақтауға болады.

Дұрыс таңдалған, таза құмыра – күтімнің алғашқы қадамы. Құмыра ұзын әрі көлемі үлкен болып, гүлдің жартысы суда тұруы керек.

Жарты стақан суға жарты шай қасық сірке суын қосып, ерітіндімен құмыраның ішін шайқаңыз. Осылай құмыра ішін «стерилдеп» аласыз.

Раушан гүл сабағының ұшын қиғаштап, үш бұрыштап қиыңыз. Оны құмыраға салмас бұрын бөлме температурасындағы су құйылған шылапшынға (леген) сала тұрыңыз. 15 минуттай тұрғаны дұрыс.

Құмыраға суды краннан алуға да болады. Суды тұндырып қойыңыз да, ішіне бір дана аспирин (дәрі) салыңыз.

Әр екі күн сайын құмырадағы суды ауыстырып, гүлдің сабағын кесіп отыру керек. Суға аспирин салуды ұмытпаңыз. Гүлге жылы су шашып алғаныңыз дұрыс болады.

Біз берген кеңесті орындауға ерінбеңіз. Сонда гүліңіз Сізге жұпарымен, әдемілігімен қуаныш сыйлайды.

Суреттер: mamablogg.ru; prodazharoz.com

Тамағымның тұзы ащы…

Тамағымның тұзы ащы... Асүйдің қыр-сырын толық меңгерген жан болмаса, тамақтың тұзын татымды ету әр кезде әрқалай болып жатады. Бірде тұзы ащы, бірде тұзы кем болып шығатын жағдай аз емес.

Тамақтың тұзын пісті-ау деген кезде қосқан дұрыс. Өйткені қайнамаған сорпаңыздың не басқа да тамағыңыздың тұзы қайнаған соң өзгеруі мүмкін.

Ал егер тұзды тым көп қосып, тамақты іше алмайтындай етіп қойсаңыз, біраз нәрсені өзгертуге болады.

Еттен жасалған тамағыңызға тұз көп себіліп кетcе, гарниріне тұзсыз ұннан жасалған өнімдер (вермишель, макарон, кеспе) қолданыңыз. Қуырдаққа салынған еттің тұзы көп болып кетсе, картоп салғаннан кейін тұз себудің қажеті жоқ, картоптың өзі-ақ тұзды сіңіріп алады.

Балықтан жасап жатқан тағамыңызға тұзды көп салып қойсаңыз, тұзын қайта азайту қиынға соғады. Ет тағамының тұзын азайтқандай балыққа да ұннан жасалған өнімдерді, тұзсыз картоп пюресін, аскөк араласқан қаймақ қосып беріңіз. Тіпті дайындап жатқан гарниріңізді үстіне булап алуға да болады.

Сорпаға, сұйық тамаққа тұзды көп мөлшерде қосып қойсаңыз, тұзсыз қол кеспесін, картоп, күріш қосып, азайтуыңызға болады. Сорпаға кішкене ұн себуіңізге де болады, тек көп емес. Әйтпесе, сорпаңыз қоюланып кетеді.

Сорпаның тұзын байқау үшін бетіндегі майын сырып, астыңғы жағындағы сорпасынан алыңыз. Өйткені кілкіген майға тұз сіңбейтіндіктен татымы анық білінбейді.

Астарыңыз дәмді болсын!

Сурет: strana-sovetov.com

Шәугімнің ішіне қатқан қақты қалай кетіруге болады?

Шәугімнің ішіне қатқан қақты қалай кетіруге болады?Таңертеңнен шәугімді қосып жіберіп,  су бұрқ етіп қайнаған соң ыстық шәйдан сораптап отырғанға не жетсін?! Шәй ішкенді жақсы көретін бізге ол досымыз сияқты, тым көп қолданамыз.

         Көп қайната бергендіктен шәугімнің ішіне әппақ қақ тұра бастайды. Оны кейбірі қатып, қабырғасына жабысқан судың хлоры десе, кейбірі тұз дейді. Тіпті кейде шәугімді ашып, «осыған қайнаған су таза бола ма, жоқ па» деген ойға келесің. Әрине оны тазалау үшін біраз күш керек, не пышақпен, қырғышпен тырналайсың, не шәугімді еден үстіне соққылайсың. Бұл жағдайда толық тазалануы да екіталай.

         Сіздерге шәугімнің ішінде тұрып қалған қақты тазалаудың бірнеше жолын ұсынамыз:

  1. Шәугімнің көлеміне қарай 2/3 бөлігіне суық су құямыз, үстіне 10-15 гр. (2 литрлік шәугімге) лимон қышқылын (шырыны емес) себеміз. Шәугім қабырғаларындағы қақ ажырағанша 3-4 минут қайнатамыз. Астындағы отты өшіріп, суытып қоямыз. Лас суды төгіп, тағы да таза су құйып, лимон қышқылын сеуіп, тағы бір рет қайталаймыз. Шәугім тап-таза.
  2. Егер шәугімнің ішіне қатқан қақ тым көп әрі нығыз болса, тазалауды 3 кезеңнен жүргіземіз.

Бірінші, шәугімнің 2/3 бөлігіне су құйып, 1 ас қасық ас содасын саламыз. Оны жарты сағат қайнатып, тұнба бар суды төгіп тастаймыз.  

Бұдан кейін 1 пункттегі тәртіппен тазалауды қайталаймыз. Тек лимон қышқылынан 1 ас қасық қосып, суды 5-7 минут қайнату керек.

Соңында таза суға жарты стақан сірке суын (уксус) қосып, жарты сағат қайнатамыз.

Шәугімді тазалап болған соң ішіне таза суды қайнатып, төгіп тастауды ұмытпаңыз. Бөлменің терезелерін ашып, желдетіп алғаныңыз дұрыс. Себебі, тазалау барысында қоспалардың иісі бумен ауаға таралады.

  1. Шәугімді тазалаудың басқа да түрлері бар. Ол құрамында лимон қышқылы бар  «тазалағыш құралдардың» көмегімен жүзеге асады. «Тазалағыш құралдарға» Кока-кола, Спрайт сияқты сусындар жатады. Алдымен сусынның газын шығарып, шәугімнің жартысына дейін құйып, баяу отпен қайнату керек.

Суреттер: kbtm.ru, goddees.ru

Міне, бүгін сен үй болдың…

Міне, бүгін сен үй болдың...Адамның мінезі деген белгілі бір қалыпқа құйып шығара салатын бұйым емес. Ол әркімнің өзінің алған тәлім-тәрбиесіне, көрген-білгеніне, ақыл-ойына, әр нәрсені салғастырып, өзін тежеп ұстай білуіне байланысты.

Өмірлік серігім деп бас қосқан жарыңды сыйлап, күте білу, оның артық-кемді мінездеріне түсініп, кешірімді болу – кішірейгендік емес, әдептілікке, білімділікке жатады. Ондай әйелдің семьяда, жолдас-жораларының арасында беделі жоғары, басы сыйлы болады. Әйел адам еркекті ашумен, бейпіл сөйлеп, беттен алумен жеңе алмайды. Ондай мінез жақсы жардың жанын жаралап, көңілін қалдырады. Халқымыздың «жақсы әйел жаман еркекті адам етеді, жақсы еркек жаман әйелді адам ете алмайды» дейтін мақалы осындай өмір шындығынан алынған болса керек.

Үлкен кісілер жас келінге риза болған жағдайда: «қосағыңмен қоса ағар, шырағым» деп батасын береді. Бұл сөзде де үлкен мағына жатыр. Бұл – тату-тәтті семья болып, сүйген жарыңмен жарасымды өмір сүру деген сөз. Мен де қыздарыма сол сүйген жарыңмен жарасымды өмір сүре біл дер едім.

Міне, бүгін сен сүйген жарыңа қосылып, өз алдыңа шаңырақ көтеріп, отау үй болдың. Отау иесі болу да оңай мәселе емес. Отау үйдің де, үлкен үйдің де өзіне лайықты әрқилы тірлігі, келетін қонағы, ағайынмен қарым-қатынасы болады. Солардың бәрінің де жөнін біліп, жолынан жығылмай отыру халқының салт, дәстүрін білуді талап етеді. Әрине, ондай салт, дәстүр дегенді адам іштен біліп тумайды, «көре-көре көсем боларсың…» дегендей, күнделікті өмірден, өзінің өсіп-өнген ортасынан, өзі қызмет істеген жердегі коллектив мүшелерімен, құрбы-замандастарымен араласу, бір-бірімен сырласып, ақыл-кеңес алу арқылы үйренеді. «Біз өз алдымызға үй болдық, енді ешкімге бағынышты емеспіз» деп, ұшқан ұяңды, аялап өсірген ата-анаңды ұмытып кетпей, демалыс күндерінде болсын, жұмыстан қалт етіп қолың босай қалған кезде болсын, оларға барып сәлем беріп тұрсаң үлкен кісілер соған да мәз болып, бір жасап қалады. Істелмей жатқан қатты-қайырым жұмыстары болса, істеп беріп кетсеңдер, анда-санда үйлеріңе шақырып, ақ дастарқандарыңды жайып, адал ниетпен дәс татырып тұрсаңдар, ауырып-сырқап қалған жағдайда барып көңілін сұрап, немесе дәрігерге апарып көрсетіп тұрсаңдар ананың ақ сүті мен әкенің адал еңбегін ақтағандарың сол болады.

Отау үйге жастар, яғни өз замандастарың көбірек үйір болады. Ол заңды да. Күйеуің даладан жолдастарын ертіп келгенде, оларды жылы жүзбен қарсы алып, сыйлап жөнелтсең, жігіттің жаны жадырап, көңілі көтеріліп қалады. Ал егер сен олар келгенде қабағыңды шытып, ас үйде аяқ-табағыңды салдырлатып жүрсең, келген қонағың еңсесі түсіп, үйіңнен шығып кетудің амалын қарастырады. Мұндай жағдайда қонақ кеткенннен кейін араларыңа кикілжің туып, жарыңның көңілі суыйды. «Үйге келген қонаққа тамағыңды берме, қабағыңды бер» деген нақыл бекерге айтылмаған. Үйге келген кісіні, мейлі ол туысқаның болсын, мейлі замандасың болсын, жарқын жүзбен қарсы алып, құрметтей білген жөн.

Кейде тіпті үй ішіндегі ұсақ-түйектер – киім-кешек, төсек-орынды таза ұстау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру сияқты шаруалардың өзі де жас семьяның шырқын бұзуы мүмкін. Ұсақ-түйек дегенмен осылардың өзі де күнделікті тұрмыста қажетті шаруа болғандықтан отау иесінің бұларды да дұрыс игере білгені жөн. Қысқасы, әйел адамға сын да көп, мін де көп. Өйткені, оның үй шаруасында атқаруға тиісті жұмыстарының өзі басындағы шашынан асып жатады.

Қай заманда болса да семья бақыты әйел-анаға байланысты. Сондықтан әрбір әйел өз отының басын қоқытпай, үй ішін сәндеп жинау, ыдыс-аяғын таза ұстау, дәмді тамақ пісіруді өз міндетім деп түсінуі керек.

Жамал Байжанова «Семья бақыты» кітабынан үзінді.

СІЗ КОКА-КОЛАНЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНЫП ЖҮРСІЗ?

СІЗ КОКА-КОЛАНЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНЫП ЖҮРСІЗ?        Қоңыр түсті сусынмен бала кезімізден таныспыз. Сәтті жарнаманың арқасында әлемге кең таралған бұл сусынды жасымыз да, кәріміз де жапа-тармағай ішіп жүр. Енді үй шаруасында да қолдануға кеңес береміз.

  1. Сіз Кока-коланың ауруды уақытша тоқтату (обезболивающее) қасиеті бар екенін білесіз бе? Осы сусынның химиялық құрамындағы кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз мезгілдерінде қала сыртына шығып демалғанда жәндік, шыбын-шіркей  шағып алған жағдайда Кока-коланың көп көмегі бар. Денеңізді шағып алса, ашып не ауырып тұрған жерге Кока-коланы құйсаңыз, жеңілдеп қаласыз.
  2. Кока-кола тотты керемет кетіреді. Үйде тот басып, қолданыстан шығып қалған зат болса, сол затты түнде кола құйылған ыдысқа батырып қойыңыз да, таңертең жақсылап ысқылап, жуып-шайып алыңыз.
  3. Кока-кола терезені жақсы жуады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді, автокөлігіңізді жуғанда тиімді нәтижесін көрсетеді.  Терезені жуып болған соң, әйнекте шіре қалмас үшін сулы шүберекпен сүртіп алыңыз.
  4. Бұл сусынды тамақ дайындауда да қолдануға болады. Коланы өзіңізге ұнаған соуспен араластырып, дайын болған қосындыны етке жағып қойсаңыз, таңертең маринадталған ет дайын. Тауық етіне мұндай қосынды карамельді дәм мен иіс береді.
  5. Үйіңізде біртүрлі иіс бар ма? Арнайы сұйықтық қосылған шелектегі суыңызға Кока-кола қосып, еденді жуыңыз. Иіс жоғалады. Сонымен қатар, өзіңіздің үстіңізден де қолаңса иіс шығатын болса, коланы үстіңізге құйып, ысқылап, артынан таза сумен шайыныңыз. Иіс жоғалады. Тағы бір айтатыны, Кока-коланың шашқа пайдалы әсері бар.
  6. Кейде үйдегі ыдыс-аяғымыз «товарный видін» жоғалтады. Түбінде болсын, сыртында болсын, сырылған қара сызықтар, қара дақтар пайда болады. Ыдысыңыздың бастапқы көрінісін қайтару үшін ыдысқа бір бөтелке коланы құйып, оны жәй жанып тұрған отқа қойып, қайнатып алыңыз. Бір сағаттан соң ішіндегісін төгіп, ыдысты жуып алыңыз.
  7. Кока-кола дақты жақсы кетіреді.  Егер тиген дақты кетіре алмай, шакфыңыздың бұрышында жатқан киіміңіз болса, кола көмектеседі. Кока-коланы кір жұғыш ұнтағыңызбен араластырып, кір жуғыш машинаңызға салып, күнделікті әдеттегідей кір жуып алыңыз. Тіпті қанның дағы да кетеді. Оған қоса, киіміңізде жағымды иіс болады.
  8. Назар аударыңыз! Кока-кола тойып, асқазаныңызды көтере алмай тұрғанда, жүрегіңіз айнығанда жақсы көмектеседі. Бір стақан кола ішіп алсаңыз, кішкене уақыттан соң жеңілденіп қаласыз. Бұл сусын тамақ ауырғанда, диареяда да керемет көмекші бола алады.

Сондықтан Кока-коланы тек ішіп қана қоймай, үй шаруашылығында да тиімді пайдалана біліңіз.


 

БАЙ БОЛЫҢЫЗ немесе ҚАЙТСЕ АҚША КӨБЕЙЕДІ?

 

 

 

 

 

«Ақша – қолдың кірі», «Дүние – ағын су» деп, дүниеқоңыздықтан  аулақ болуға қанша тырыссақ та, сананы тұрмыс билеп, өмірімізде «көк қағаздың» маңызы артып тұр. Әрине қалағаныңа еркін қол жеткізе алатындай қаражатың мол болғанға не жетсін. Еңбектің көзін тауып, әр қадамын ақшаға айналдырып жатқандарды көріп, қызығатынымыз жасырын емес. Сол ақша қорын молайту барысында бірнеше кеңестер ұсынамыз.

Ақшаны жақсы көру керек. «Ақшаны кім жақсы көрмесін?» деп отырған боларсыз. Бұл «алған үстіне ала берсем» деген пиғылдан аулақ. Ақшаны жетіспегенінен емес, сізде мол мөлшерде бола алатыны үшін жақсы көре білу керек. Сіз ақша арқылы белгілі бір затқа не білгілі бір дәрежеге қол жеткізе алатындықтан, яғни ақшаны дәнекер құрал бола алғаны үшін жақсы көріңіз. Ақшаңыздың мыжылып қалмауына, әр жерде бөлек-бөлек жатпауына, әмияныңызда қанша қалғанына назар аударыңыз. Үнемі ұқыппен қарап, санап, ерекше көңіл бөліңіз. Сізде теңгенің күн артқан сайын арта түсетініне сеніңіз. Қалтаңызда аз мөлшерде ақша қалса да, «Менде ақша жоқ» деген сөзді мүлде айтушы болмаңыз. Бірақ, жатсаңыз да, тұрсаңыз да тек ақшаны ойлап, өміріңіздің мәнін ақшаға аударып алудан аулақ болыңыз. Ол жағдай дүниеқоңыздылыққа ұласады. Оның жай ғана қағаз екенін ұмытпаған жөн.

«Не ойласаң, сол болады». Бұл қағиданы кей адамдар есітпесе де, ішкі түйсігімен сезеді.Кейде «сандырақ келді» деп жатамыз, ол – ойыңызбен жіберген ақпаратыңыздың орындалуы. Ойыңыз арқылы алда болатын оқиғаны өзіңізге тартасыз. Ақша да дәл солай. Әмияныңыздағы ақша өзінен мол ақшаны шақырып тұрады. Соңғы тиындарыңызды жинап, сарқа тауысатын әдетіңіз болса, одан арылуға кеңес береміз. Белгілі бір мөлшердегі соманы жинап жүруді үйреніңіз. Мол ақшалар тиыннан құралған, жиналған ақшаңыз бір әжетке жарап қалады. Дүкенге барғанда да қымбат, бағалы киімдерді сататын бутиктардан ақшамыз жоқ, жетпейді деп айналып өтеміз. Ол – қате. Барыңыз, көріңіз, киіп көріңіз. Ақшаңыз жетпесе, «Менің келесі жолы осындай киім алатындай қаражатым болады. Қымбат дүкендерден киінемін. «АҚШАМ ЖОҚ» деп емес, «әзірге ақшам болмай тұр» деген сөздерді қолданыңыз.

«Алаған қолым береген». Ақшада энергия бар. Ол кез келген адамға әсер ете алады. Ақшасы мол адам әлдеқайда өзін сенімді ұстайды. Ал энергия деген – қозғалыс. Демек, ақша үнемі қозғалыста болуы керек, көбеюі керек. Сараң болмаңыз. Садаға берсеңіз де, қарыз берсеңіз де, тіпті асханаларда артық тиын-тебен қалдырып кетсеңіз де, ақшаңыз қозғалысқа түседі. Ақша жоғалтып алғанда да еш өкінбестен, үлкен олжа алдындағы «құрбандық» деп есептеңіз. «Ақшам шығып кететін болды», «менің ақшам кетті ғой» деген бойыңыздағы сараңдық синдромдарын жойыңыз. Сараң болмаңыз деді екен деп, ысырапқа жол беруге де болмайды.

artleo.com

ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРДЫ ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ?

Сіз әшекей бұйымдар ұзақ тағылып, терімен үйкелісі нәтижесінде орың бетінде май қабаттары мен терінің өлі клеткалары жиналып қалатынын білесіз бе?

Мұндай жағдайда бағалы бұйымдарыңызды таза тіс щеткасы (немесе мақтасы бар таяқшалар) және кәдімгі ыдыс жууға арналған сұйықтықтың көмегімен тазалаған абзал. Тіпті әшекей бұйымдарды сататын дүкендерде арнайы тазалауға арналған сұйықтықтар сатылады. Бұл өте тиімді жол болғанымен, барлық әшекейге сәйкес келе бермейді. Бриллиант, сапфир сиякты қатты тастардың өзін қанша қатты болса да, тазалауда өте абай болған дұрыс. Әшекейлерді тазалаудың ең қауіпсіз жолы – жұмсақ, ылғал шүберек. Құрғақ шүберекпен жалтыратуға болады, бірақ кірін кетіре алмайсыз.

Қатты әшекей тастар. Бриллиант, жақұт (сапфир), лағыл (рубин), гранат тастарын көзіне зақым келтіріп алмас үшін өте ұқыпты тазалау керек. Кірді тазалау үшін жылы су, тазалағыш құрал (ыдыс жууға арналғаны да болады) және таза, қолданылмаған тіс щеткасы. Кішкентай бағалы затыңызды абайсызда раковинаға түсіріп, зақымдап алмас үшін астына ыдыс қойып жуған дұрыс.

Әлсіз әшекей тастар. Жылтыр тас және меруерт (изумруд) – өте кірпияз бұйымдар, сондықтан ұқыпты күтімді талап етеді. Нәзік әрі тез сынғыш келеді, су өткізетін майда жарықшақтары бар. Бұл кемшіліктердің орнын толтыру үшін әдетте майлар жағып қояды. Сондықтан әшекей тастардың осы түрін тазалауда су және еріткіш сұйықтықтар қолдануға тыйым салынады. Одан да зергерге көрсеткеніңіз дұрыс.

 Күміс. Күміс қарайып, бастапқы қалпынан тез өзгеретіні бәрімізге аян. Жылтырын қайтару үшін күмісті қатты матаға (киізге сүйкесеңіз, нәтижеге тез қол жеткізесіз) сүйкеңіз.

Алтын. Өзіміздің сүйікті металымыз тым тез арада өңін беріп, бетіне жұқа май қабаты қонады. Кетіру үшін ең алдымен сабынды суға езіп, сол суға алтын әшекейлеріңізді салып қойыңыз. Біраз уақыттан соң тіс жуатын щеткамен әбден ысқылаңыз. Егер әшекейіңіздің реңін бастапқыдағыдай жылтырата алмасаңыз, алтынды жууға арналған арнайы сұйықтықтарды қолдануыңызға болады. Арнайы сұйықтықты зергерлік дүкендерден табасыз.

Маржан (жемчуг). Маржаннан жасалған әшекей өте сәнді әрі өте бағалы көрінеді және бұл асыл тас жақсы күтімді қажет етеді. Доп-домалақ моншақтары кірлене қоймағанмен, оны тізіп қойған жіп қарайып, маржандар әдемілігінен айрылады. Сондықтан үш жылда бір рет маржандар тізілген жіпті ауыстырып тұру керек. Арнайы зергерлердің көмегінсіз жасап көруге тәуекел етпеңіз.

Платина. Платина – көп шығын мен күшті қажет етпейтін өте мықты, сенімді металл. Тазарту үшін сусабын қосылған  сумен не алтынды жууға арналған арнайы сұйықтықпен жуыңыз.

Әшекейлеріңізді ас содасымен, сірке суымен, кір жууға арналған ұнтақпен ысқалап, тазартудың орнына «бүлдіріп» алмаңыз.

4woman.ua

СУРЕТКЕ ДҰРЫС ТҮСУДІ ҮЙРЕНЕЙІК!

Бірнеше сәтсіз түскен суреттеріңізге қарап, фотоаппараттың жанына жақындамау мүлде дұрыс емес. Суретке көп және жиі түсіп тұру қажет. Ол тек сурет қана, ұнамаса, өшіріп тастайсыз. Көптеп суретке түсу барысында өзіңізге өте қолайлы, сәтті кейіпті (поза) айқандайсыз.

«Дайындал! Түсірем! Жымиыңыз!» деген сияқты сөздерді ести сала, қақиып тұрып қаламыз да, бетімізге жалған жымиыс үйіреміз не қабағымызды түйіп, қатулы кейіпке енеміз. Бұл жағдайдан сәтті сурет күтпегеніңіз жақсы. Киіміңізді, аксессуарыңызды, шашыңызды қолданып, қимыл қосыңыз, түрлі эмоцияларды салыңыз. Қимылы мен сюжеті бар сурет қана ерекше болатынын ұмытпаңыз.

Суретке ашық аспан астында таңда не кешке, күн бата түссеңіз, сәтті шығады. Күн қақ төбеде тұрғанда не бетіңіз тыжырайып қалады, не бейнеңіз тек қаракөлеңке болып қалады.

Фотомакияж

          Жылтыр түс аз болсын. Сапалы суреттің орнына «шатпақ» алмас үшін макияжыңыз жылтырсыз, күңгірт (матовый) түсті болуы қажет. Беттің жылтырын көлегейлейтін (матирующий) опа жағыңыз. Өйткені, бетіңіздің терісі майлы болмаса да, фотода жылтырап қалуы мүмкін. Шашыңызға жылтырағы бар лак сепсеңіз, ол суретте тек ағарып, қайызғаққа «айналады».

Бетімізді «мүсіндейміз». Суретте бетіңіз кескінсіз әрі жалпақ болып қалмауы үшін қоңыр күңгірт түсті еңлік (румяна) немесе қанық түсті опамен жағыңызды, иегіңіздің қырларын, мұрын айналасын аздап бояңыз.

Фотоға түсерде тым қанық және тыс ашық түстерді қолданбаңыз. Ал ақ-қара фотоға түсерде қанық түсті далаптан алшақ болыңыз, ол ерніңізді жіңішке, қап-қара етіп көрсетеді.

Ең сәтті кейіп (поза)

          Бәрімізге келетін ең ұтымды кейіп – бір қырындап тұру.

Топпен суретке түсерде толық қыздарға ортада емес, бір қырымен шетте тұрып түскен сәтті болмақ.

Төменде суретке түсудің бірнеше кейпін ұсынып отырмыз, қолданып көріңіз.

СУРЕТКЕ ДҰРЫС ТҮСУДІ ҮЙРЕНЕЙІК!

СУРЕТКЕ ДҰРЫС ТҮСУДІ ҮЙРЕНЕЙІК!

СУРЕТКЕ ДҰРЫС ТҮСУДІ ҮЙРЕНЕЙІК!

СУРЕТКЕ ДҰРЫС ТҮСУДІ ҮЙРЕНЕЙІК!

Суреттер: 3ladies.ru; takefoto.ru