Күйеу таңдаудағы 10 ереже

Әрбір бойжеткен үшін бала сүйіп, күйеуге шығу – өмірдегі басты мақсаттардың бірі. Ерте кезеңдердегі қызына ата-ана жұбай таңдаңдап, кіммен құда болатынын шешіп қоятын дәстүрлер түбегейлі жоғалған. Әр ару өз тағдырын өзі таңдай алады. Сезімге беріліп, ғашықтықтың көзсіз соқырлығымен таңдау жасауда қателесіп кететін құрбыларымыз да аз емес. Махаббат – ғажайып сезім, алайда, неке – алдағы тіршілігің мен өміріңнің кепілі.

Күйеу таңдаудағы 10 ереже

Таңдаған күйеуіңіз әке ретінде де, жұбай ретінде де көңіліңізден шығып, өміріңізді жайнату үшін біздің бірнеше кеңеске назар аударыңыз.

Сізге жүрегі мен қолын ұсынып жүрген жігіт бар делік. Сіздің оған деген сезіміңіз бен қызығушылығыңыз ерекше. Егер болашақта отбасыңыз берік, шаңырағыңыз нық болсын десеңіз, ол жігітті біраз сынақтан өткізіп, жан-жақты байқаңыз. Бір ғана сезіммен ұзаққа бара алмасыңыз анық, отбасында сезіммен қатар өзара түсіністік, құрмет үстемдік етуі қажет.

Сонымен екінші жартыңызды таңдауда есте ұстаңыз:

 1. Отбасына назар аударыңыз

Бәріміз де жастайымыздан ата-анамыздың тәрбиесімен қоса, олардың жеке қасиеттерін сіңіріп өсеміз. Көңіліңіз ауған жігітті жақынырақ танығыңыз келсе, оның отбасымен танысыңыз. Оның туыстарының өзара қарым-қатынасына қарап, болашақ отбасыңыздағы арақатынас моделін көре аласыз. Үлкенге құрмет, жаны ашу, әйелді сыйлау сияқты тағы да басқа әдеттер бауырларынан, ата-анасынан көрініп тұрса, сіз таңдаған жігіт – болашақ жұбайыңыз ретінде сай келетін жігіт болады.

 2. Әлеуметтік дәрежелеріңізді салыстырыңыз

Ия, қазіргі заманда ақбоз атты да, ханзаданы да, патшалықтың жасауын да алуға болады. Алайда, әлеуметтік дәреже екі жақтан да тең болмаса, арты ажырасумен аяқталу ықтималдығы бар. Әлеуметтік теңсіздік болса, бір тарап екінші тараптан кем түскені іштей ұялады, қысылады. Әңгіме тек материалдық жағдайында ғана емес, рухани байлақ пен діни тұрғысындағы теңсіздік те қатынасты қиындата түседі. Сондықтан әлеуметтік дәрежесі тең жанды іздеңіз.

 3. Балаларға көзқарасы

Барлық әйелге ұрпағын өзімен тең дәрежедегі жауапкершілікпен өсіретін еркек керек. Бірақ, оны бала болмай жатып қалай байқауға болады? Бұл турасында тіпті кей жігіттер ойын ашылып та айта алмайды. Алайда, кенже інісіне немесе ағасының бүлдіршініне қарауы, оны ойнатуы кішкентайларға деген жылылығын, балажандығын білдіріп-ақ тұрады. Бұл сынақты жүргізуде бүлдіршіндер табылмай қалса, құрбыңыздың көмегімен балақайлардың шулы мейрамына бірге барып көріңіздер.

Күйеу таңдаудағы 10 ереже

 4. Генетикалық сәйкестік

Бұл тәсілге астыртын саясатпен кірісу керек :). Жігітіңізбен араңыз тым тығыз болып, бір-біріңізден сыр жасырмайтындай күйге жеткенде сүйіктіңіздің не туыстарының созылмалы ауруы бар ма, өзі жиі ауыра ма (иммунитетін білесіз), спортпен шұғылдана ма сұрап алыңыз. Денінің сап-сау екенін айтып, мақтана қоймаса да, өз денсаулығын күту – жауапкершілігінің молдығын білдіреді.

 5. Үй шаруасында икемділігі мен қызығушылығының сәйкестігі

Егер жігітіңізге демалыс кездері жылы үйде, телевизор алдында жатқан ұнайтын болса, сізге арқаңызға сөмке асып, тауға шыққан ұнауы мүмкін. Бұл жағдайда екеуіңіз екі бөлек уақыт өткізуге тура келеді. Жар таңдағанда қызығушылық танытқан істеріңіздің толықтай бірдей болуы шарт емес, бірнеше іске бір пікірде болсаңыздар, жетіп жатыр. Осылай сіздер уақытты бірге көңілді өткізе аласыздар, сонымен қатар басқа достарыңызды да жоғалтпайсыздар. Үй шаруасында қандай екенін сырттай бақылау маңызды. Бір-екі істі тындырып беруді өтініп көріңіз.

Күйеу таңдаудағы 10 ереже

 6. Сексуалды темперамент

Жыныстық тәжірбиесі мол еркек болса, алған жарына төсек қатынасында керемет күй сыйлай алады. Жеке өмірлерінде бір-бірінсіз күн кеше алмайтын болса, қалған қиындықтардан оңай өтуге болады. Сондықтан, жігітіңіздің жыныстық қатынас тақырыбында көп оқып, көп білгенін, алдын ала дайындық болғанын қалайтыныңызды астыртын жеткізіп көріңіз.

 7. Ақша ұстауы

Ер жігіттің ақшаға деген қатынасы оның мінезі туралы көп нәрсе айта алады. Әрине, сүйіктісін қымбат ресторандарға апарып, сыйлағаны жақсы. Алайда, отағасы ретінде ақшаға жауапты және үнемшіл болуы керек. Ақырын ғана байқап көріңіз:

  • Сауда жасаған соң чектерін сақтай ма (өз-өзіне есеп беруі мүмкін)?
  • Тауар таңдарда бағасын салыстыра ма?
  • Кіріс-шығысқа кететін қаражатын жоспарлап жүре ме?
  • Артық ақша жинай ма?
  • Жақындарына қаражат бөле ме?

 8. Өмірге көзқарасы

Толыққанды шешім қабылдамастан бұрын болашақ күйеуіңіздің өмірде не қалайтынын біліп алыңыз. Болашаққа жоспарын сұраңыз, неге қол жеткізсі келеді, тұлға ретінде қай салада қалыптасқысы келеді. Ол үшін отбасын құру қаншалықты маңызды? Оның пікірі мен сіздің пікіріңіз сейкес келіп жатса, бас тоғыстыруға әбден болады. Ал егер керісінше болса, ол жігітті өзі қалаған өмірді сүруіне мүмкіндік беріп, отбасын құруды жоспарламағаныңыз жөн.

 9. Достары

«Маған досыңды көрсетші, сенің кім екеніңді айтайын». Ол сізді достарымен таныстырды ма? Жігітіңіздің отбасына байыппен қарағандай, достарына да анықтап назар аударыңыз. Олар кімдер? Өңшең бойдақтар ма әлде үйленгендер ме? Бастары қосылып, немен айналысады? Бір-біріне көмектеседі ме? Достары сізге құрметпен қарайды ма? Әр әрекетінен ой түйіңіз!

Күйеу таңдаудағы 10 ереже

 10.  Өзіңіз

Оның қасында тұрғаныңызда қандай сезімде болатыныңызды біліп алмай, сәтті таңдау жасаймын деп ойламаңыз. Оның жанында өзіңізді қауіпсіз, қуанышты әрі жайлы сезінсеңіз, жігіттің өмірлік жарыңыз болуға мүмкіндігі бар. Осы соңғы тармақта айтылғандар дұрыс болмаса, қалған тоғызын жоққа шығарады.

Жақсы, тәрбиелі, өмірде өз орнын қалыптастырып үлгерген күйеулер жерде шашылып жатпасы анық. Дегенмен, ойша керемет жігіттің портретін жасап алып, сондай жан кездескенше сарғая күтудің қажеті жоқ. Өйткені, кемшілік бәрінде бар, идеалды адам болған емес.

Күйеу таңдаудағы 10 ереже

Жоғарыда айтылғандарды есте сақтаңыз, өз-өзіңізге қараңыз, сонда бәрі жақсы болады. әр қыздың өзіне сай күйеуі болады 🙂 

 Суреттер: Интернеттен алынды

Еркектер көзімен: Әйелдің төсек қатынасында жіберетін қателіктері қандай? +18

Төсек қатынасы кезінде еріңізге не ұнамайтынын білесіз бе? Махаббат майданында қандай істер мен әдеттерден қашу керек?

Әйелдердің басым бөлігі төсек қатынасы – тек ерлердің міндеті деп ойлайды да, процесс кезінде тек төбеге қарап жатуға құмар. Одан кейін өзіне қажетті ләззатын ала алмағандықтан ері дұрыс «жұмыс істемеді», тіптен ол – эгоист деген пікір қалыптасады.

Бірақ, төсек қатынасына екі адамның қатысатынын, екі жақтан да бірдей талаптар болатынын ескеру керек.

Жігіттер әйелдер қауымымның «тәтті майданда» қандай қателіктер жіберетінін жақсы біле тұра, ашып айта алмайды. Сүйіктісінің көңіліне тиіп алудан қорқады.

Қыздар жігіттердің қалауын түсінуге тырысып, өз қалауын да жасырып қалмау керек. Сондықтан төсек қатынасында әйелдер жіберетін қателіктердің біразын қарап көрейік. 

1.     Жаңа нәрсені көруге қорқу.

Көп жұптарда төсек қатынасы күнделікті бір қалыпта қайталана береді де, жалығуға әкеледі. Бір-бірін түсінбей, ажырасып жататындар аз емес. Көпшілігінде әйелдер (кейбір еркектер де) өз қалауын еріне айтып жеткізе алмайды. Ашып айтса, ері дұрыс түсінбей қалады, «бұзылған» деп ойлайды дейді де, үнсіз қалады.  Өзіне «ләззат сыйлай алатын» жанды іздей бастайды.

Бұл қателікті түзеуге тырысу керек, әйтпесе бұл – қарым-қатынасты тығырыққа тірейтін жол.

2.     Өзін төсекте де ана не үй шаруасындағы әйел сезінуі.

Барлық жағдайда өзін үлгілі ана, жақсы келін ретінде сезініп, ұяңдық танытып, «мынауым ұят болады» деген пікірден арылу керек. Екеудің арасында болған нәрсені ешкім көріп, естімейді. Тиісінше ер мен әйелдің бір-бірін түсініп, ашық сырласа алуына ықпал жасайды.

3.     Белсенді болмай, «бөрене» сияқты жатуы.

Жігіттерге ең ұнамайтын қателік те осы болар. Өзіне жағымды әрекеттен алған ләззатын еріне білдіріп, дыбыс шығарып, қимылдап жату керек. Еріне тиісінше ләззат сыйлау үшін тек қана миссионерлік қалыпта қосыла бермей, осы салада біраз жаңалықтар енгізу керек. Кітап оқып, интернет ақтарып, арнайы фильмдер қараған көмектеседі.

4.    Төсек қатынасы кезінде өз жағдайын ойлау.

Процесс кезінде макияжының өшіп қалмағанын, шашының бұзылмағанын ойлап, ері терісіне, целлюлитке, қарынның майына, аяғын қалай көтергеніне, қалай жатқанына қарайды деп іштей қысылу – еріңіздің еңбегін жоққа шығарумен тең. Кейбір жағдайларды қоспағанда, ерлер мұндай нәрселерге назар аудармайды. Ерлер әйелдің әр жерін жеке-жеке емес, бүтін бір образ ретінде қабылдайды. Егер еркекке ұнамасаңыз, ол сізбен жолыққан сәттен-ақ ары қарай қатынас құруға бармайды. Сондықтан мұндай ойдан арылу керек.

5.     Тазалықтың жоқтығы.

Денеге жағатын иісмайлардың, түрлі косметикалық құралдардың алуан түрі бар кезде, кейбір әйелдердің үстінен жағымсыз иіс шығып тұрады. Оны қанша қымбат иіссумен «жапқыңыз» келсе де, жігіттер тым иіс сезгіш болады. Егер әйел гигиеналық тазалықты сақтамаса, ол – үлкен қателік. Мәселе иісте де емес, жұбыңызға жұқтырып беретін түрлі бактерияларда емес, өз денеңізге немқұрайлы қарағандықтан, еріңіз де сізді керемет сыйлай қоймасы анық.

жыныс мушены улкейту

6.      Өз денесін басқара алмау.

Жігіттердің басым бөлігі әйелдердің сыртқы сұлулығын емес, өз-өзіне деген сенімділігін бағалайды, төсек қатынасында да. Сондықтан еріңіздің алдында ұялып, жарықта қатынасқа түсуге қорықпау керек.

7.      Еркектің төсін елемеу.

Төс, омырау – тек әйелдердің ғана эрогенді жері емес. Көп еркектерде төсі сезімтал болады да, әйелдің аймалағаны жағуы мүмкін.

8.      Көп сөйлеу.

Төсек қатынасы кезінде әңгіме айтып, күндіз не көргенін талқылауға болмайды. Өйткені, көп еркектер төсек қатынасында сөйлеп жатқан әйелге «түк те әсер бере алмай жатырмын» деп ойлауы мүмкін. Ұзақ сонар әңгімеден гөрі, еріңіздің құлағына жағатын тәтті сөздер мен мақтаулар айтыңыз. Егер әңгіме айтқыңыз кеп бара жатса, жастықты тістеп, шыдай тұрыңыз.Еркектер көзімен: Әйелдің төсек қатынасында жіберетін қателіктері қандай?

Енді әйелдердің төсек қатынасында жіберетін қателіктері туралы жігіттердің пікірін білсек:

1-жігіт (үйленген): Әйелдер жіберетін қателіктердің бірнешеуін айтуға болады:

1. Өз қалауын ашып айта алмауы;

2. Төсек қатынасын дем алу, ләззат алу процесі емес, міндет деп қарауы;

3. Қалауын ашып айта алатын болса, тым қатты кетіп қалуы (аздап ұяңдық жарасады);

4. Стандартты емес секс түрлерінен қашуы (оралды, аналды, БДСМ және т.б.);

5. Күтінбеулері (күнделікті крем, косметика, анау-мынау емес, түрлі лубриканттардан, сексуалды киімнен қашқақтауы, образдарға енбеуі).

2-жігіт (бойдақ):  Меніңше, әйелдердің қателіктің бірі – тәжірибенің аздығы. Әсіресе, қазақ қыздары ұяңдау болып келеді, орыстарға қарағанда. Кей кезде резинамен қосылып жатқандай боласың. Өтірік болса да, дауыс шығарып қою керек қой. Сосын,  қыздар тек бір ғана позаны таңдайды. Басқасына қарсы болады, «бұзылғандардан» басқасы.

3-жігіт (үйленген): Ең басты қателігі – инициативаның (бастама) болмауы. «Мен ондай емеспін», «Олай ұят емес пе?», деп төсек ойынын іш пыстырар міндетке айналдыра салады. Мұны өздерінше тәрибенің барлығына жатқызады, мен кемшілік (комплекс) деп санаймын. Себебі, неғұрлым фантазия кеңінен ашылса, ләззат та молынан болмақ. Екіншіден, жеке гигиенаға көп көңіл бөлмеу. Көптеген әйелдер қауымы интим салондарға барып, күтінуді ұят санайды. Сондықтан неше түрлі импровизация кетеді. Осы екеуін түзесе, қазақтың саны арта түсер еді))).

4-жігіт (бойдақ): 1) көбіне белсенділік пен істі еркектің қолға алғанын қалап, «ағаш» болып жата береді;

2) бүкіл әрекетімен мен етегімді түргенімнің өзі неге тұрады деп тұрған сияқты, міндетсінеді.

5-жігіт (үйленген): 1) Ләззатқа енді беріле бастағанда, сөйлеп қоятындар жиі кездеседі;

2) Көп қыздар тым пассив болып келеді, яғни екі аяқты ашып қойып жата береді;

3) Бітірген бойда, тездетіп шығарып тастауға асығады.

Суреттер: lady-pro.ru

Киім стилі адам жасына байланысты ма?

Жас ұлғайған сайын әйелдер қауымының киімге ғана емес, өмірге де кзқарасы өзгере береді. Өмірдегі бағалы дүниелер мен қадірлейтін қасиеттерді түсіне бастайды. Сәннің артынан қууы да басылады. Тіпті 30-дан асқан кейбір әйелдер талғамсыз киіне бастайды екен.

Адамдардың жасына қарай киінуі де өзгереді.

14-20 жас аралығы

Өмірде өз ойын, өз стилін іздейтін уақыт. Бұл жаста өзіне ұнағанын киіп, кез келген стилмен екінші бір стилдегі киімді «құрастырып» кие береді. Сәнді трендтердің көрінісін бір киінгенде көрсеткісі келеді. «Сәнге айналған» алқаны мойнына асып алып, аяғына ашық түсті не тізеге дейін шұлық киюі де мүмкін.

Киім стилі адам жасына байланысты ма?

20-25 жас аралығы

Бұл жаста өзіндік бағытты тауып не әлі де жетілу кезеңінде болады. Көптеген қыздар классикалық костюмдер киіп, өз жасынан әлдеқайда үлкен кқрінуі мүмкін. Жерге дейін төгіліп тұратын ұзындықтан тым қысқа белдемшелердің барлық түрін кие береді. Дәл осы жас аралығындағы қыздар сапалы косметика, киім мен ароматтарды тани бастайды. Сәнде болып жатқан әлемдік жаңалықтардан да хабардар болып жүреді. Әркімнің киіну стилі әр түрлі болады.

Киім стилі адам жасына байланысты ма?

25-30 жас аралығы

Ақыл тоқтата бастаған жас. Бұл жастағылар шашын күнде бұйралап, қызғылт түсті барынша аз қолдануға тырысады. Қыздар жас келіншек болады. Әйелге тән нәзіктік орнап, арзан әшекейлердің орнын бағалы алтын, гаухарлар басады. Алдында айшықталған мақсаттары – отбасылық өмір, карьера мақсат болады. Бұл жастағы киіну стилі классикалық үлгіде болады.

Киім стилі адам жасына байланысты ма?

30-40 жас аралығы

Ақыл тоқтатқан әйел, ана. Өз мүсінінің кемшіліктерін жақсы біледі, соған қарай киім таңдай алады. Киімдері түгелдей классикалық үлгіде болады және романтизмнен де біраз белгілер қосылады. Сапаға қатты мән беріп, тек сапалы киім, сапалы аяқ киім, сапалы әшекейді таңдайды.

Киім стилі адам жасына байланысты ма?

40-50 жас аралығы

Бұл жаста әйел уақыттың тез өтіп жатқанын байқып, жас күнін жиі аңсайды. Шашын бұрынғысынша жайып жүрмей, иықтан түсірмей, қысқа етіп кеседі. Биік аяқ киім кигеннен гөрі жайлысын таңдағанды жөн көреді. Әшекейден қымбат көрінетін, үлкен тастармен көмкерілгенін тағады. Боянуы бұрынғыдай көзге ұрып тұратындай емес, білінер-білінбес боп өзгереді. Киімдерінің түсі күңгірт түске ауыса бастайды. Өз жасының киімі қалай болу керек екенін, үлгі көрсету керек екенін анық біледі.

Киім стилі адам жасына байланысты ма?

Өмірге деген сүйіспеншілігіңіз өзгермесін!

 Суреттер: beauty.violet-lady.ru

Мен сендікпін…

Мен сендікпін...

Аңсарым, аспаннан түс бері,
Мен жүрген шаһарға жақында.
..Қуаты басымдар күштеді,
Тағдырым алып жүр тақымға..

Сенделтіп.. сең соғып жүргенін,
Көкірек көзі бар көрмеді.
Сезімім сүйретіп сүлдерін,
Күндерім өте ме өлмелі?!

Көргеннің болар ма барі ұмыт,
..Мақұлық миықтан қарады..
Тірлікте тынысым тарылып,
Кеудемде күн сөніп барады.

Жалғанды барамын жақтырмай,
Әзірге серік қой жаныма ар.
Қабаған иттерге қаптырмай,
Кешікпей тезірек тауып ал..

Арысым – армансын ұғынғам,
Айналам көк мұздақ аппақ қар..
Мендегі жүрекке тығылған,
Кішкене жылуды сақтап қал.

Әдемі әлемді бар қылып,
Есердің есінде қалып кет.
Жанымды жанына жар қылып,
Ақ көйлек кигізіп алып кет
Мен сендікпін…

Өлеңді жазған: Салтанат Смағұлова

Сурет: www.diary.ru

 

Ұл таппайтын әйел жоқ, тапқыза білу керек!

Ұл таппайтын әйел жоқ, тапқыза білу керек!Әйелдер мен еркектердің табиғатындағы айырмашылықтар туралы айтпаған ауыз, жазбаған қол қалмады. Ал сол айырмашылық дүние есігін ашқаннан да емес, одан ерте, әкенің белінде жатқан шақтан тамыр алады екен. 

Адамзат адамзат болғалы баланың жынысына кім жауапты: әке ме, ана ма деген сұрақ күн тәртібінен кетпеген шығар. Қазіргі медицина дәлелдеді: болашақ баланың жынысына тек ӘКЕ ЖАУАПТЫ!

Мектептегі биология курсынан білетініміздей, әр жасуша екі бөліктен тұрады: цитоплазма және ядро. Ядроның ішінде хромосомалар – гендік ақпаратты тасымалдайтын айрықша «жіпшелер» орналасады.Әрбір дені сау адамда хромосомалар саны тұрақты, өзгермейді: 46 немесе 23 жұп. Әйелдер мен еркектерде 22 жұп хромосома бірдей де, жиырма үшінші жұпта айырмашылық бар. Әйелдердің жиырма үшінші жұп хромосомасы қашанда ХХ, ал еркектерде ХҮ. Ұрықтану кезінде аналық ұрық пен сперматозоид тек бір хромосомадан тұрады: әйелде тек Х, ал еркекте не Х, не Ү. Яғни, еркектің Х хромосомасы әйелдікімен кезіксе, қыз бала болады, ал Ү хромосомасы кезіксе – ұл болады. 

Құрамында Х хромосомалары бар сперматозоидтар баяу қозғалады, бірақ төзімді, қышқылдық ортаның агрессиясына төтеп бере алады. Ал Ү хромосомалары бар сперматозоидтар, яғни, мархаббатты еркектер, шапшаң қозғалады, алайда, тек сілтілік ортада ғана тіршілік ете алады. Ал әйел қынабының қалыпты күйдегі ортасы — қышқылдық, ер балалар ол ортаға түсер-түспестен жантәсілім етіп жатады. Ал баяу қимылдайтын қыздар асықпай, саспай, жігіттердің өлі денелерін аттап-пұттап барып, өздеріне керекті межеге жетіп жатады.

Бірақ, қышқылдық ортаны сілтілік ортаға айналдырыудың жолы бар. Ол — әйелді тояттату, яғни оргазмға бөлеу.  Егер де, еркектің шәукаты бөлінбей тұрып әйел тояттаса, оның ағзасында айрықша сұйықтық бөлініп, ол қынаптың қышқылдық ортасын сілтілік ортаға айналдырады. Бұл ұл балаларға жылдам қозғалып, діттеген жеріне жетіп үлгеруге мүмкіндік береді.

Әрине, болашақ баланың жынысы тәуелді болатын жалғыз фактор бұл емес. Алайда…

Қараева Назгүл

Суреттер: devahi.net

Ақылдым


Ақылдым

 

Сен де жылап отырсың-ау,
Ақылдым!?
Мен де өзімді терең ойға батырдым…
Жалғыз үміт қонып жүрген бөлмеде-
Жалғыздықты құшақтап ап жатырмын…

Жатқа күлкі қылмайын деп басымды,
Жан сырымды жалған күлкім жасырды.
Ешкім жоқта егілсем де мұң тербеп-
Елесің кеп сүртіп кетед жасымды…

Бағым басым болмаған соң сорымнан,
Көңілімді тербемейді көгімде ән…
Алақаныма үміт іздеп қараймын-
Саусағыңның табы кетпей қолымнан…

Дүбірі көп дүрбелеңнен шошымай,
Көңілімнің көркейіп ед көші қай?
Сен әдемі ән сыйлаған әлемім,
Астаң-кестең болып кетті осылай…

Айтар сөзде азайғандай сірә мән,
Ақиқатты іздейікші мынадан:
Сені мендей сүйген жоқ қой әлі ешкім,
Мені сендей сүйе алмайды бір адам…

Көкіректен көшірейік құсаны-
Құлазыған баққа оралсын құс әні..
Жарығым-ай жаныма кеп жантайшы,
Жалғыздықтың қандай суық құшағы…

Ұғар дейсің жүректің бұл сәтін кім?
Жанарымнан жыр саулатып жатыр мұң…
…Жалғыз өзің жан адамға сездірмей,
Сен де жылап отырсың-ау,
Ақылдым…

 Өлеңді жазған: Рахат Әбдірахманов

 

Жігіттер не себепті отбасын құрады?

Жігіттер не себепті отбасын құрады?  Кейбір бойдақ жігіттерге  «Неге үйленбей жүрсің» деген сауал жолдасаң, үйленетін қыздың жоқтығын айтады. Ал қыздардан сұрасаң, не күледі, не ашуланған кейіппен жауап береді. «Қыз таппай жүрген» жігіттер бәрібір үйленеді. Өйткені, отбасын құру керек. «Үйлену керек» деген мақсатты көздеген жігіттер асығыс шешім қабылдағанына өкінгенін білдірмесе де, «жаман қатынның қайдан шыққанын» білмей дал болады.

Ал енді еркектер қауымы не себептен үйленетіндігін сұрау арқылы жүргізілген сауалнаманың  қорытындысына сүйеніп, жігіттің әйел алуына түрткі болар себептерді топтастырайық.

Қанша жерден жасыруға тырысса да, еркектер тән қажеттілігін алға тартып  үйленеді екен, яғни жұбайлық өмірдегі жыныстық қатынасты қажет етеді. «Тегін төсек болғаны үшін» деген әзіл ауыздарына бірінші түсіп, артынан қалжың екенін айтып, келесі себептерін сөз қылып жатады. Күнделікті төсек қатынасын керек ету ықпалымен үйленетін жігіттердің жасы 25-ке дейін ғана. Махаббат, сезімдердің соңы да гормондардың іске қосылып, жыныстық қатынасқа ұласуына әкеледі.

Артынан ұрпақ қалдыру мақсатымен үйлену екінші кезекте тұр. Олардың қатарын сүр бойдақтар толықтыратын көрінеді. Бірақ, бала сүюге асығу – әйелдердің бойында жиі болатын қасиет. Ол әйелдер үшін – күйеуін жанында ұстап қалу үшін немесе өзін толыққанды бақытты сезіну үшін мақсат болса, еркектер үшін – ізін жалғау, ұрпақ сабақтастығы. Былайша айтқанда, бүгінгі күннің емес, болашақтың қажеттілігі.

Тұрмыстық жағдайының жинақы әрі дайын болғанын қалағандықтан үйленуге асығатын  жігіттер бар. Олар анасындай, пысық, үй қызметтеріне жатық қыздарды іздеп табуға тырысады. Алайда, бұл үйленуге ықпал болатын себептердің соңғы жағынан орын алуда. Қаражатты көп табатын еркектер үй қызметкерлерін ұстау арқылы да жайлылыққа жете алады. Негізінде, жігіттерге қарағанда, қыздардар тұрмыстық мәселелер жайлы көп ойлайды. Болашағында өзін, бала-шағасын асырай алатын, тамағын таба алатын, үйінің, мүлкінің бар болғанын қалайды.

«Қаласаң да, қаламасаң да, үйленесің» қағидасымен отау құратын жігіттердің отбасы керемет жарасым тауып кетуі мен екіге айрылу қаупі елу де елу. Үйленуден басқа жол болмай, шаңырақ көтеруге себептер арасында кең етек жайғаны – қыздың екіқабат болып қалуы.

Өз борышын өтеу үшін шаңырақ көтеру жігіттерді үйленуге алып келетін соңғы себептердің қатарын толықтырады. Олар әрине «анам шаршамасын, ата-анам немере сүйсін, әжем шөбересін көріп кетсін» деген сияқты адал ниетті іске асырумен жалғасып кете барады.

Ал жанына серік іздеп, жалғыз қалмаудың жолы – неке, үйлену деген себеппен отбасын құратындар асарын асап, жасарын жасап болған, қырықтың қырқасынан біраз асқан еркектерде болатын себеп. Сондықтан жас жігіттер арасында бұл ықпал соңғы орында.

Сауалнама барысында алынған жауаптардан мысалдар келтіре кетсек:

ЖІГІТТЕР НЕ СЕБЕПТІ ОТБАСЫН ҚҰРАДЫ?

Абай Асанкелді : Ең бірінші – адам жалғыз жүре алмақ емес. Мен үшін болашақ жарым менің досым, әрі сырласым болғанын қалаймын. Сондықтан мен үшін ең бірінші себеп жаныма жақын адам табу. Екінші – ол әрине жыныстық қажеттілік. Үшінші – ата-анамның үмітін ақтап, бір келін апарып берсем деймін.

Абзал Сариев: Не үшін???? Амалсыз ұрпақты жалғастыру не байлығым жатқа қалмасын деген ойда емес, Жалпы өзімнің саналы ғұмырым басталғалы – өз балама (қызыма) мен үшін ең бастысы дұрыс адами ТӘРБИЕ беріп, оны АДАМ етіп шығару деген ниетте үйленермін!

Садық Шерімбек: Күніммен түнімді, қуанышым мен мұңымды бірге бөлісетін бір жанның болғанын, балаларымның болғанын қалаймын. Әрине, әзірге өз қажеттілігім үшін үйленем дегені емес, тамақты мен де жасай аламын. Табиғи қажеттілікті есепке алмағанда, жұптасып ғұмыр кешу, тіршілікті жалғастыру – өмір заңдылығы, Алланың бұйрығы. Болашақ әйелім махаббатым емес, бұрыннан жақсы түсінісетін, жанашыр дос қызым болса, керемет болатын еді.

Алдан Жылгелдi: Өмірде қандай да болса тұрақтылыққа талпынудан туындаған үрдіс болса керек…

Жалгас Ертай: Табиғи қажеттіліктерінің тікелей қатысты себебін айтпай, кейбір еркектер репродуктивтілік және басқа да қажетсіз нәрселер туралы ой тарқата бастауы мүмкін, оны ешкім теріске шығармайды. бірақ, факт одан өзгермейді 🙂

Абай Омаров: Тамақ пісірмеу үшін, үй жинамау үшін, киімдерімді үтіктемеу үшін, жұмыстан немесе басқа жерден ашуланып келгенде, жыныңды әйеліңнен алу үшін.

Жанасыл Болатбек: «Табиғи қажеттілігін қанағаттандыру үшін» десем, бола ма?

Сурет: ameno.ru

МЕРЕКЕГЕ НЕ КИЕСІЗ?

Көктем… Мереке… Жігіттер тарапынан болатын мерекелік ілтипат… Құттықтаулар… Көтеріңкі көңіл-күй… Дос-жарандармен бас қосу… Айналаны гүлдендіретін көктеммен бірге әйелдер де құлпыра түседі. Әрбір шаңырақта қуаныш қонақтап, анасын, асыл жарын, аяулы қызын, сүйкімді қарындасын құттықтап жатқан ерлердің езуінде күлкі болады. Сол мейрамда ерекеше жарқырап жүргенге не жетсін?! Міне-міне келіп қалған біздің мейрамға не киесіз?

Қаталдық. Кеңсе стилін ұнатушыларға сүйікті киімдерін басқа стилдегі көйлекпен ауыстырмауға да болады. Жіңішке белдемшеңіз бен костюміңіздің ішінен кез келген түстегі жейде киіңіз. Ол тым көзге ұрып тұрады деген болсаңыз, ақ түсті жейдені ғана киіп, костюміңіздің сыртқы сәніне назар аударуыңызға да болады. Арнайы өрнектер салынған не фонарь-иық сияқты элементтермен тігілген костюміңіз сізді өте сәндіетіп көрсетпек. Тіптен сүйікті жейдеңіз бен сүйікті костюміңізді ауыстырғыңыз келмесе, жіңішке белдемшеңіздің орнына кең етекті, тізеге дейінгі ұзындықтағы белдемшені кисеңіз де болады. Арнайы аксессуарлар тағуды ұмытпаңыз. Үлкен сырға, таспен көмкерілген белдік, сәнді клатч әрбір сұлудың ажарына көрік қосары сөзсіз.

Батылдық. Бұл мерекеде аруларымыздың арасында кеңсе стиліндегі киімді шешіп, жарқырап киінгісі келетіні де бар. Жарқырау сөзі ауыспалы мағынасында да, тура мағынасынан да қолданылып тұр. Кешке достарыңызбен дастархан басында жиналатын жоспарыңыз болса, батылдықпен алтын түстес не күміс түстес көйлек киюді ұсынамыз. бір айта кететіні, жарқыраған, көз тартатын аксессуар тақпағаныңыз жөн, көйлегіңіздің жарқылымен қосылып, тым артық болып кетеді. Аяғыңызға теріңізбен түстес шұлық және қарапайым ғана туфли киіңіз.

Талғам. Мерекелік әрі танымал түс – ақ. Бұл түс сізді көптің ортасында ерекшелеп қана қоймай, ажарыңызды аша түседі. Кең балақты шалбар, әдемі бешпент (жакет), жібек нымша, кең белдемше, талғамыңыз бен таңдауыңызға қарай ақ түсті киіміңізбен көптің назарын өзіңізге аударарыңыз сөзсіз.

Романтика. Көктем – махаббаттың, құлпырудың, нәзіктіктің мезгілі. Сондықтан бұл мерекеде романтикалық стилде киінгеніңіз да керемет болады. Ол үшін үлбіреген тор көйлектер киюдің де қажеті жоқ, тек ашық түсті, өзіңізге жарасымды түсті көйлек, белдемше, жейде кисеңіз, жетіп жатыр. Мүсініңізді сұлу етіп көрсететін әдемі көйлек киіп, биік өкшелі аяқ киіміңіз бен қолсөмкеңізді ұстап, шашыңызды қарапайым ғана үлгіде түйіп алсаңыз не буып алсаңыз, кештің сұлуы сіз болмақ. Аксессуарды қолданбағаныңыз жақсырақ болады.

МЕРЕКЕГЕ НЕ КИЕСІЗ?

Сурет: video-art-studio.ru

АЙҚАРАКӨЗ ЖАУАП БЕРЕДІ немесе СҮЙІСУ КЕРЕК!

Сәлем, Айқаракөз!

Менің жасым 20-дан 21-ге өтіп барады. Бірақ, осы күнге дейін жігітпен жақын жүріп, онымен сүйісіп көрмеппін… Қасымдағы құрбыларым маған күледі. Ұяламын кейде. Соңғы кезде осының денсаулыққа кері әсері болмай ма деп уайымдап жүрмін. Түрлі орыс порталдарынан кеңестерді оқып жүрмін… Табиғатым солай ма, кім көрінгенге қолымды ұстата бергім келмейді. Көмектесіңізші!

Амина Айтжан, Алматы қаласынан

 

АЙҚАРАКӨЗ ЖАУАП БЕРЕДІ немесе СҮЙІСУ КЕРЕК! Амина, біз сізге кеңес бергеннен басқа еш көмек көрсете алмаймыз…

Сіздің 20 жасқа дейін жігітіңіздің болмауында екі себеп бар сияқты: сіз не шектен шыққан тәкаппарсыз, не бала махаббатыңызды әлі күнге сарыла күтудесіз. Қызға тән тәкаппарлықтың болғаны жақсы, «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей». Бірақ, «тұмсығыңызды көкке шүйіріп», кей жігіттің ойын ұнатпай, кей жігіттің бойын ұнатпай жүргеніңізде, кәрі қыз атанып қалуыңыз әбден мүмкін. Әрі «ақбоз атты ханзада» тек ертегіде ғана өмір сүреді. Ал екінші жағдайға келсек, сіз күтіп жүрген жанмен түбінде бақытты болуға сеніміңіз болмаса, қателесіп жүрсіз. Ол жан өмірін өз арнасымен сүріп жүрген болар. Тіпті сізді ойлайды ма? Жауапсыз махаббат, көзсіз ғашықтық үшін өміріңізді құрбан етуге болмайды. Сағынып жүріп, күтіп жүріп, тағы да кәрі қыз атанып қалу қаупі бар. Жаныңызда демеу беріп жүретін, сіздің ішкі әлеміңізді сөзсіз ұғатын, сыйлайтын жігіттің кездесетініне сеніміміз мол. Құрбыларыңызбен қыдырыңыз, көңілді кештерге барыңыз, жастар көп шоғырланатын орындарды жиі аралаңыз. Қазір танысуға мүмкіндік өте көп. Сіздің жасыңыз  – нағыз алып-ұшқан көңіл-күйдің жасы. Сондықтан жігітпен қатынас құрудан қорықпаңыз.

Сүйісу қыз бен жігіттің арасында романтиканы толықтыра түсетінін есептемегенде, адам ағзасына тигізетін пайдасы да көп.

Сүйісу – стресске төтеп беруші құрал. Дәрігерлер сүйісу процесі соңы түрлі  ауруларға алып келетін ашу-ыза негізінің асқынып кетуін баяулататынын, миға көп көлемде эндорфиндер бөлетінін дәлелдеп отыр.

Сүйісу кезінде тісіңізді кариестен қорғайтын және эмалін қатайтатын калций мен фосфорға бай сілекей бөлінеді.

Сүйіскенде бөлінетін сілекей құрамында жараның жазылуын жылдамдататын антибиотик бар екені дәлелденді. Аңдар денесіне түскен жараны жалау арқылы емдегені сияқты, сүйіскендегі сілекей құрамындағы зат та тез әсер етеді.

Сүйіскенде беттің 38 бұлшықетіне күш түседі, бет терісінің қан айналымы жақсарып, әжім баяу түседі.

Сүйісу кезінде адам орта есеппен 9 калория тастайды. Бұл орта есеп қана.

Ықылық атып, тоқтамай жатса, сүйісу арқылы тоқтатуға болады.

Сүйісу кезінде қан тамырлары кеңейіп, қысым кішкене көтеріліп, жүрек тез соғады (минутына әйелдерде – 108 соғысқа дейін, ерлерде – 110 соғысқа дейін), адам минуты 60 рет тыныс алады. Бұлардың бәрі организмдегі қан айналымды жақсартып, қосымша оттегі алуға көмектеседі.

Ерін мен ерін түйіскенде жыныстық гормондар іске қосылады.

Амина, көктем келеді, құлпырыңыз, бір сарынды күндеріңізге жаңа леп беріңіз!

 Сурет: cosmo.com.ua

Берет – романтикалық бас киім

Көбіміз мектепте оқып жүргенде бас киім киюді ұнатпай, үйден шыға сала сөмкеге тығып тастайтынбыз. Ал есейе келе бас киімдердің түр-түрі шығарылып, таңдауға үлкен мүмкіндік барын білдік. Соның бірі ең танымал беретка болып саналады. Беретка таңдағанда және кигенде қандай қателіктер жібермеу керек, осы жайлы бірер кеңес.

1. Берет – бұл шындығында романтикалық бас киімдер қатарына жатады. Сондықтан оны өкшесіз етікпен, былғары күртешемен және джинсымен киюге болмайды. Пальто, өкшелі етік және юбкамен кисеңіз қатып кетеді.

2. Аңыз болған Бонни мен Клайд гангстерлік жұптағы Боннидің береткасындай жүн матадан жасалған классикалық модельдерді таңдауға тырысыңыз. Бұл фасондағы береттер кез келген түр-әлпетті әдемілетіп жібереді.

3. Көлемді тоқылған береттерді маңдайға түсірмей, желкеге қарай майыстырып киген дұрыс.

4. Шашыңды береттің астына жинап тастамаңыз, тым құрымағанда кекіл қалдыруға тырысыңыз. Көптеген дизайнерлер беретті жайылған шашқа киюді ұсынады.

5. Акссесуарларды беретке сәйкестендіріп тағу міндетті емес. Алайда аксессуар үстіне киген киімге, не аяқ киімге сәйкес болуы міндетті.

6. Жиын кештерге романтикалы көйлегіңізге қосымша сәнді берет (жұқа иірілген жіптерден тоқылған, пайтектермен сәнделген немесе кестелі) киіп алсаңыз да болады. Осы тұста ең қайталанбас стильді ханым атағын өзіңізге бұйырып тұрғанына күмәндаңбаңыз.