Әйелдер көзімен: еркектердің жыныстық қатынаста жіберетін қателіктері

Еркектердің көбі өз сүйіктісімен жыныстық қатынас кезінде қателік жіберетінін білмейді, сенбейді, тіпті білгісі де келмейді. Бірақ, сүйіктісінің қателіктерін жіпке тізгендей біліп жүреді, тіпті сырластарына шағымданып та алады.  Біз арнайы жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде ерлердің төсек қатынасында жіберетін қателіктерін жинақтап көрдік. Мұның алдында әйелдердің төсектегі қателіктерін жазған болатынбыз.

1. Аймаламай, бірден іске көшеді. 

Әрине, үйде қонақтар болып, қалт еткенде бір-біріңізді көзбен аймалап, шыдамсызданып отырып, қонақтар кеткен соң еш аймалаусыз, бірден «іске кірісетін» кездер болады. Алайда, әйелдер үшін жыныстық қатынасты бастамас бұрын аймалаудың да өте маңызды екенін еркектер естен шығарып алады. Әйелдердің түсінігінше, бұл – ерінің әйелін сүйетінінің, сыйлайтынының белгісі. Егер жыныстық қатынастың уақытын созғысы келетін жігіт болса, осы аймалау сәтін ұзарту керек: 15-20 минут аймаласу, 15-20 минут жынымтық қатынастың өзі, 30-40 минуттық «майдан» дайын.

2. Жуынбайды. 

«Аптасына бір рет жуыну жетеді» деген ереже тұрақты жұбы жоқ, жалғызбасты еркектерге жақсы. Алайда, кездесуге жуынбай шықса, жігіттің үстінен шыққан тердің иісі кездесудің шырқын бұзады. Бойдақ күнінен сирек жуынуды әдет қылған еркек үйленгеннен кейін жуынуды мүлде сиретуі мүмкін. «Қойш, ештеңе етпейді, ерініп тұрмын, бола салайықшы» деген сылтаулар пайда болады. Әйелдер еркектің иісінен жиіркеніп қалса, қатынасқа түсуге ынтасы қалмайды.

жыныс мушены улкейту

3. Секс аяқтала салысымен кетіп қалады. 

Жыныстық қатынас аяқтала сала, еркектің жуынуға не темекі шегуге, басқа жаққа кетіп қалғаны әйелдерге мүлде ұнамайды. Мұндайда әйел өзін шаруасын бітірген жігітке қажетсіз, пайдаланылған сияқты сезінеді. Сондықтан, бәрі аяқталған соң жігіт 15-20 минуттай әйелін сүйіп, құшақтап жата тұрса, әйел өзін әлемдегі ең бақытты жан санайды. Секстан кейін ұйықтап қалуға да болмайды.

6c950d3d17

4. Өзін ғана қанағаттандырады. 

Еркектер ләззат алса, әйелге де ұнады деп ойлайды. Жыныстық қатынаста эгоизм деген мүлде болмау керек. Әйелінің оргазм алғанын күту керек ері. Енді басталып келе жатқан ләззатты өз шаруасын бітіргесін тоқтата салуға болмайды.

5. Емшегін ұстай береді. 

Омырауын қайта-қайта ұстап, қатты қысып, тістеп, сүйе берген қыздарға ұнамайды. Еркектер әйелдердің ең эрогенді аймағы – төсі деп ойлайды. Олай емес, төсіне қол жүгірткен сайын әйелдің «жыны қоза бастайды».

6. Поза ауыстырмайды. 

Өзіне ыңғайлы, ұнайтын позасында жыныстық қатынасты бастап, сомен аяқтайды. Өкінішке қарай, әйелдер арасында «догги стайлды» ұнататындар өте аз. Миссионерлік позицияны да ұнататындар көп емес. Бір қатынастың өзінде бірнеше қалыпқа көшу керек. Ері фантазиясын іске қоссын, болмаса, әйелін тыңдасын!

7. Оралды секс сұрайды. 

Минет жасап беруін өтінетін, жалынатын еркектер әйелдерге ұнаған емес. Бәрі өзінен өзі орын алу керек. Жыныстық мүшесін аймалағанын қалап тұр ма, алдымен өзі әйеліне жасап берсін. Айтпаған күннің өзінде, басын төмен түсіріп, ымдағанның өзі әйелге кері әсерін береді.

8. «Бітірдің ба» деп сұрайды. 

Әйел міне, міне оргазм алғалы жатқан сәтте тоқтап қалып, «Бітірдің ба» деп сұрайды. Бұл сәтте әйелдің көңілі бөлініп, «келе жатқан нәрседен» айрылып қалады. Еркек әйелдің оргазм алған-алмағанын сұрап білмей, сезіну керек.

9. Құлаққа сілекейін жағып, үрлейді. 

Аймалау, әрине жақсы. Құлақты ақырын сүйіп, тістеген де қоздырады әйелдерді, өйткені, ол – эрогенді аймақ. Алайда, ол әрекетті қайта-қайта қайталап, құлақтың бәрін сілекейлеп тастау әйелдерге ұнамайды. Нәзік істеу керек.

image_2315

10. Секспен айналысып жатып, сұрақ қояды, сөйлей береді. 

Әйелдерге жыныстық қатынас кезінде әңгіме айту емес, ләззат алған ұнайды. Оларға «Ұнады ма?» деген сұраққа өте жиі және мәжбүрмен жауап бергенді жек көреді. Ері арасында қандай озаның, ненің ұнайтынын құлағына сыбырлап қана сұрап отырса, болғаны.

11. Жыныстық қатынастан кейін жуынбайды. 

Спермасын іш киімімен не шүберекпен сүрте салады да, төсекке секіреді. Қайтадан құшақтап, иіскеп жатқысы келген әйелдің көңілі түсіп кетеді. Еріне жуынып келуді ыммен жеткізуге тырысқанымен, тікелей айта алмайды.

Енді еркектердің төсек қатынасында жіберетін қателіктерін анықтауға бағытталған сауалнамаға қатысқан әйелдердің пікірлерін білсек.

1 әйел: 1. Ер адамдардың көпшілігі төсек қатынасында өздерін ғана қуанышқа бөлесін дейді, тек өздерін ғана ойлайды; 2. Көбіне олар тезірек және бірінші болады да, шаршап қала береді(((;  3. Таңертең өздері қалап тұрса болғаны, ұйықтап жатқан жерден оятып бастай береді;  4. Көп еркек төсек қатынасынан кейін жуынбайды; 5. Әйел адамдардан қалай ұнататынын сұрамайды, ескермейді, біліп тұрса да, көбіне өз қалауымен ғана істейді; 6. Бірден тек минет істе дейді.

2 әйел: Эгоистер, өздері үш минуттан кейін бітіреді да, душқа кетеді немесе темекісін шегіп жатады; Куни жасағысы келмейді, бірақ, минет жасашы деп сұрайды; Өздерінікі тұрса болды, аймалау, қызу ойындар болмайды, онікі тұрса, қыз дайын деп ойлайды да, үстіңе міне бастайды; Раком тұрғызады да, істей береді  немесе өзіне ұнайтын позаны таңдап алады да, басқаша дым істемейді, қыздың үстінде болғанын қалайды, «жоқ» десең, көздері алақандай; Барлық әрекет тек кіру-шығуда емес, аузы мен қолы бар ғой, құдайға шүкір, соларымен параллельно бірдеңе істесін.

3 әйел: 1. Бәрі болғаннан кейін «неше рет бітірдің?» деп сұрайтыны. Мүлдем деп айтуға зауқың бармайды. Өтірікті соға салуға мәжбүр боласың. Жыныс қатынасы кезінде «бітірудің» амалдарын жасау миларына да кіріп шықпайды. 2. Қазақ еркектері әйеліне комплимент айтуға қорқады, болмаса ұялады. 3. Әйелі «бастама» көтеруге жүрексінеді, себебі, «бұны қайдан біліп жүр» , «мынау бұзылайын деп жүр» деп ойлап қалатынына мен 100 пайыз сенімдімін. 4. Қазақ еркектерінің санасын жаулап алған ойлар: қыздық, бұзылған ба, таза ма, ертең артымнан қалмай қойса ше, туыстарыма ұнамайды т.б. Осының кесірінен қыздығын алып үйленеді де, мысы құрып, көбінесе қиялдаумен өмірін өткізетіндер толып жатыр.

жыныс қатынас

4 әйел: Тым артық аймалап, қоздыруды созып жібергенде, ішім пысады; Бас салып, бір жерден келгенде жабыса кеткен де ұнамайд. Себебі, бір рет душқа кіріп шықпасам, өзімді сенімсіз сезінемін; Көбіне әйелден үстем болған ұнайды оларға, үстінен жасай берсең де, шаршап кетесің; Құдайым-ау, емшекке жабысқанды жақсы көреді, бір-екі рет ұстады, болды ғой, қашанғы умаждай береді?

5 әйел: Меніңше, еркек адам әйелді сүйіп, қоздырып кіргізу керек. Қозып тұрған кезде әйел тез ләззат алады.

6 әйел: Ең үлкен, ең жиі қателігі – дұрыстап қоздырмайды.  Жеткілікті аймалап, қажетті кондинцияға жеткізбейді. Әйел үшін өзінің оны құшақтап, бір сүйгені жеткілікті, ал зәуде құрғақ боп жатса, сілекейлеп кіргізе саламыз деп ойлайды.

7 әйел: Эрогенді жердің жөні осы екен деп емшек пен клиторды жөнсіз ысқылап, умаждау; Бірден тыр жалаңаш шешініп не шешіндіріп тастау; Аймалауға аз уақыт бөліп, бірден шаруаны тындырып тастағысы келу;  Минет жасап берші деп сұрамсақтану.

8 әйел:  1. Әйел де, еркек те болар алдында, болғаннан кейін жақсылап жуынғаны дұрыс деп ойлаймын. Таза болған жалпы жақсы ғой, жақсы; 2.  Қарны шартиған еркекпен ешқандай қыз болғысы келмейтін шығар? 3. Ондай кезде дыбыс атаулы жүйкемді қоздырады. Сөйлесе, қатты жыным ұстайды; 4. Болған кезде сүйіскен ұнамайды. Денең онысыз да сезімтал болып тұрады; 5. Әйел адам, әсіресе, қазақ әйелдері ашып айта салмайды, ым түсініп үйрену керек.

Суреттер интернеттен алынды.

Сексуалды көрінбеудің себебі неде?

Сексуалды көрінбеудің себебі неде?
Алды ашық көйлек, нәзіктік беретін иіссу, бетке ұқыппен жағылған макияж. Сексуалдылықтың барлық атрибуттары бір мезетте ғана өз маңызын жоюы мүмкін. Ол үшін тіпті қатты тер төгудің де қажеті жоқ. Бар болғаны, маникюріңізді жаңартпай, аяқ киіміңізді таза ұстамай не шашыңызды ұзақ уақыт тазаламасаңыз болғаны. Әйелдің күтім көрмеген сырт келбеті оның сексуалды образының құнын көкке ұшырары сөзсіз.

Әйелдер үнемі сексуалды көрінуге тырысып, оның жолдарын іздеп жүреді. Сол үшін мінезін қатайтып, соған сай киім таңдап, жігіттердің жүрегін жаулап алғысы келеді. Негізі ерлер қауымы әйелдің бойында дәл қай қасиеті, қай жері ұнайтынын өздері де біле бермейді, олар образды толығымен ұнатады. Алайда, оларға әйелдің бойындағы көзге оғаш көрінетін қасиеттер тайға таңба басқандай көрініп тұрады.
Сіз қанша тырысқанмен сексуалды, тартымды көрінбейтініңіздің себебін білесіз бе?
Күтімнің болмауы
Тартымды көрінгіңіз келгенмен еш күтім болмаса, нәтиже де шықпайды. Күтімнің жоқтығы дегеніміз – жартысы сынған тырнағыңыздағы жартысы кетіп қалған бояу; шаң басқан аяқ киім; майланған, қалай болса, солай таралған шаш, т.б. Сонымен қатар қыз баласының денесіндегі жалбырай өскен түк атаулының бәрі де тартымдылыққа кері әсерін тигізеді. Жағымсыз иіс те айналаңызда адам қалдырмауы мүмкін. Тек тердің иісі ғана емес, ауыздан шыққан иіс, шектен тыс көп себілген, тұншықтырып жіберетін парфюм және киімге сіңіп қалған темекі иісі.

Жаман әдеттер
Темекі туралы… Тіпті темекі шегетін еркектердің өзі шылымға құмар қыздарды жақтырмайды. Сол сияқты алкоголді ішімдікке тым құмар қыздарға да оң көзбен қарамайды. Сондықтан темекі шекпес бұрын ойланып алыңыз.

Сексуалды көрінбеудің себебі неде?

Қыз баласының тартымдылығын құртатын жаман әдеттер қатарына бүкірею әдетін де жатқызамыз. Арқасын тік ұстап, кербездене, керіле түсетін қыздарға назар аударып көріңізші. Уақыт өте мұғалім мен ата-анамызды кезінде тыңдау керек екендігін түсінеміз. Бүкірею байқалмайтын әдетке айналып кетсе де, қазіргі таңда оны түзетуге арналған түрлі құралдар бар. Йогамен айналысыңыз, биге қатысыңыз, дәріханалардан арнайы түзеткіш құралдар сатып алыңыз. Жігіттер қалай болса, солай, талтаңдап жүретін қыздарды да тартымдылар қатарына жатқызбайды.

Қиқар қылық
Әйел айқайлап сөйлеп, қатты күлсе, тәрбиемізге жат, қасыңыздағы жігіттер де ыңғайсыз жағдайға қалады. Алайда, жарқын сөйлеп, күлкісі де жарқын шығатын, әр ортаға белсенді сіңісіп кететін қыздарға кез келген жігіт үйірсек болады. Бірақ, ол – айналасына адам үйірілген қыздың сексуалды екенінің белгісі емес, жәй ғана жыртыңы көп жеңіл қыздың белгісі. Жігіттер салмақты, ұяң, назды дауысты қыздарды сексуалдылар қатарына қосады.

Дұрыс таңдалмаған киім
Мүсінге сай дұрыс таңдалмаған киім де сіздің кемшілігіңізді арттыруы мүмкін. Кейбір еркектер арық қыздарды ұнатса, кейбірі толықша келген қыздарға сүйсіне қарайды. Талғамына қарай сексуалды қыздарды әркім әрқалай көреді. Ал, тырысқан киімнен ап-анық көрініп тұрған май қабаттары ешкімге де ұнамайды. Киімді дұрыс таңдап кию арықтатып жібермесе де, мүсініңізді әдемірек етіп көрсетеді.

Шектен шығу
Аяғыңыз әдемі деп, тым қысқа белдемше (юбка) киіп, жігіттің қасында жөнсіз жыртыңдай берсеңіз, жаман жақтан танылатыныңыз анық. Шекараны білген жөн. Спорт арқылы жеткен мүсініңіз сексуалды көрінеді, бірақ, пластиканың көмегімен үлкейген омырау мен ерін емес. Жігіттер қыздың табиғилығын бағалайды.

Сексуалды көрінбеудің себебі неде?

Ең маңыздысы, өзіңізді қалай бағалайсыз, жігіт те сізді солай бағалайды. Тіпті өзіңізге беретін бағаны айтпасаңыз да, әңгіме арасында болсын, қылығыңыздан болсын бірден байқап қалады. Сол үшін өзіңізге деген бағаңыз жоғары болып, менмендік пен көкірекке ұласып кетпеуін қадағалаңыз.

Суреттер: fashiony.ru

Қызғаныштан қалай арылуға болады?

Қызғаныштан қалай арылуға болады?
Күйеуіңіз жұмыстан кешірек келіп, жаңа көмекші қыздың пайда болғанын айтып, онымен әңгімесі тез жарасып кеткенін сөз қыла ма?

Немесе, жігітіңіз сіздің құрбыңызбен жақсы достасып кетті ме?

Мұндай жағдайда белгісіздік пен шарасыздық бір уақытта алқымыңыздан алып, тыныштығыңызды кетіріп жатыр. Сүйіктіңізді біреу алып кетердей күйдесіз. Бұл – қызғаныш.

         Қызғаныш көре алмаушылыққа кішкене ұқсайды. Бұл – біреуде бар нәрсе өзіңізде жоқ болғанда қинайтын ыза мен өне бойдағы олқылықтың қосындысы. Әдетте көре алмаушылық пен қызғаныш өз-өзін төмен бағалауға, өз-өзін жек көруге алып келеді. Бұл құбылыстардан ешкім сақтана алмайды. Күндердің күнінде сізден де әдемі, сізден де ақылды біреу табылады, сонда осы сезімді бастан кешуіңіз бек мүмкін. Ол үшін ұялудың да қажеті жоқ, бәріміз тірі жанбыз. Тек қана дер кезінде тоқтата білу керек.

Қызғаныштан қалай құтылуға болады?

         Біз неге қызғанамыз осы? Жеке өмірді қызғаныштың ықпалынан ғана күл-талқан етіп жататындар қаншама. Сондықтан, өзіңізді «қызғаншақпын» деп ойласаңыз, біз ұсынатын бірнеше кеңеске құлақ асыңыз.

         Көре алмаушылық пен қызғаныштың ең басты зияны – адам өз өмірін бақылауда ұстай алмауы. Көпшілігі өзгенің әрекетін ойлап жүріп, өзіне назар аударуды ұмытады. Әрине қызғану арқылы сырт келбетіңізге көңіл бөліп, жаңа іспен айналысуды бастап, өз бағасын арттырып жататын жандар бар, бірақ, тым аз.

Сізге жағымсыз қасиеттен құтылудың бірнеше жолын ұсынып отырмыз.

  1. 1.     Бірінші кезекте, өз сезімдерін анықтап алу

Қызғанасыз, қызғанып тұрып, оны мойындамайсыз. Осылай көңіліңіздің тыныштығын бұзып, түсініксіз күйге түсесіз. Өз-өзіңізге іштей қызғанатыныңызды мойындаңыз. Бұл – қызғаныштан арылудың алғашқы қадамы.

  1. 2.     Қызғанышыңыздың себебін табыңыз

Әріптесіңіз өз жұмысынан ләззат алып, қызметі жоғарылап жатқанын көрсеңіз, іштей қызғанып қаларыңыз сөзсіз. Ондайда неліктен қызғанатыныңды түсінуге тырысыңыз. Мүмкін ол өз ісінің шебері болар?! Дәл солай күйеуіңізді не сүйіктіңізді неге қызғанатыныңыздың себебін түсінуге тырысыңыз. Күйеуіңізбен қызғанышыңыз жайлы ашық сөйлесіп көріңіз. Арты жанжалға ұласпауын қатты қадағалаңыз. Бұлай сырласу бір-біріңізді жақындастыра түседі.

  1. 3.     Болжамдарыңызға күмән келтіріңіз

Қызғанышыңыз қиялыңызды шарықтатып, күйеуіңізді бір қызбен «қолтықтастырып» қоятын болар? Немесе «мені тастап, басқаға кетеді» деген азғын ойлар маза бермей ме? Өз болжамдарыңызға бөгет қойыңыз. Ойға алған нәрсеңіздің жүзеге асатынын білетін боларсыз?! Сондықтан, ойыңызбен жамандық шақырмай, тек жақсы тұстарды ойлаңыз. Күйеуіңіз жұмысынан кешіксе, «басқа әйелге кетті» деп емес, «бір досын кездестіріп, сонымен жүрген болар» деп неге ойламасқа?!

  1. 4.     Шешім қабылдауға асықпаңыз

Құрбыңыз сүйіктіңізді басқа қызбен көргенін айтты ма? Ашуға булығып тұрған күйде арадағы қатынасты талқандауға асықпаңыз. Мүмкін құрбыңыз әдейі айтқан болар? Ол дос кейпіндегі дұшпаныңыз болар? Ол сіздердің махаббаттарыңыздың талқандалуын көздеген болар?

Оқиға орын алған уақытта бұрылыңыз да, кетіп қалыңыз не жалғыз қалыңыз. Оқиға суынған соң бәрі анықталады. Тіпті құрығанда, ертесіне өкініп отыратын іс істеуден аман қаласыз.

  1. 5.     Қызғанбаңыз, сүйсініңіз

Қызғаныш әдетте бір адамның бойынан өзіңде жоқ қасиетті не қылықты көрген кезде пайда болады. Өз қызғанышыңызды өзіңізді қамшылап отыратын құрал ретінде қолданыңыз. Қызғаныш тудырған адамның бойындағы қасиеттерді өзіңізде дамытуды қолға алыңыз. Көршіңіз сияқты арық, әдемі болуды қаласаңыз, спортпен шұғылданып, салмағыңызды ретке келтіріңіз. Сүйіктіңіз көз салды деген жанды да бақылап көріңіз. Мүмкін ол тазалыққа құмар адам болар, мүмкін ол өзін күтіп ұстайтын жан шығар. Адамның істегенін адам істейді, сіздің қолыңыздан да келетін дүние.

Кез келген адам бойының жақсы жақтарын өзіңізде ұлғайтыңыз. Қысылмай, қалай үйренгенін сұраңыз, кеңес алыңыз. Ойша қарсыласыңыз болған адамды кеңесшіңізге не «ұстазыңызға» айналдырыңыз.

Қызғаныш сезімдері бойыңызды билеп алса, оған себеп бар ма, жоқ па, соны анықтау керек. Ұнамсыз сезім – қызғаныштың пайдаңызға қызмет етуін бақылаңыз. Күдіктенген кейбір мәселелер рас боп шықса, еш қамықпаңыз. Бастысы – өзіңізге деген құрметтің жоғалып кетпегені.

Сурет: mirsovetov.ru

Еркектер көзімен: Әйелдің төсек қатынасында жіберетін қателіктері қандай? +18

Төсек қатынасы кезінде еріңізге не ұнамайтынын білесіз бе? Махаббат майданында қандай істер мен әдеттерден қашу керек?

Әйелдердің басым бөлігі төсек қатынасы – тек ерлердің міндеті деп ойлайды да, процесс кезінде тек төбеге қарап жатуға құмар. Одан кейін өзіне қажетті ләззатын ала алмағандықтан ері дұрыс «жұмыс істемеді», тіптен ол – эгоист деген пікір қалыптасады.

Бірақ, төсек қатынасына екі адамның қатысатынын, екі жақтан да бірдей талаптар болатынын ескеру керек.

Жігіттер әйелдер қауымымның «тәтті майданда» қандай қателіктер жіберетінін жақсы біле тұра, ашып айта алмайды. Сүйіктісінің көңіліне тиіп алудан қорқады.

Қыздар жігіттердің қалауын түсінуге тырысып, өз қалауын да жасырып қалмау керек. Сондықтан төсек қатынасында әйелдер жіберетін қателіктердің біразын қарап көрейік. 

1.     Жаңа нәрсені көруге қорқу.

Көп жұптарда төсек қатынасы күнделікті бір қалыпта қайталана береді де, жалығуға әкеледі. Бір-бірін түсінбей, ажырасып жататындар аз емес. Көпшілігінде әйелдер (кейбір еркектер де) өз қалауын еріне айтып жеткізе алмайды. Ашып айтса, ері дұрыс түсінбей қалады, «бұзылған» деп ойлайды дейді де, үнсіз қалады.  Өзіне «ләззат сыйлай алатын» жанды іздей бастайды.

Бұл қателікті түзеуге тырысу керек, әйтпесе бұл – қарым-қатынасты тығырыққа тірейтін жол.

2.     Өзін төсекте де ана не үй шаруасындағы әйел сезінуі.

Барлық жағдайда өзін үлгілі ана, жақсы келін ретінде сезініп, ұяңдық танытып, «мынауым ұят болады» деген пікірден арылу керек. Екеудің арасында болған нәрсені ешкім көріп, естімейді. Тиісінше ер мен әйелдің бір-бірін түсініп, ашық сырласа алуына ықпал жасайды.

3.     Белсенді болмай, «бөрене» сияқты жатуы.

Жігіттерге ең ұнамайтын қателік те осы болар. Өзіне жағымды әрекеттен алған ләззатын еріне білдіріп, дыбыс шығарып, қимылдап жату керек. Еріне тиісінше ләззат сыйлау үшін тек қана миссионерлік қалыпта қосыла бермей, осы салада біраз жаңалықтар енгізу керек. Кітап оқып, интернет ақтарып, арнайы фильмдер қараған көмектеседі.

4.    Төсек қатынасы кезінде өз жағдайын ойлау.

Процесс кезінде макияжының өшіп қалмағанын, шашының бұзылмағанын ойлап, ері терісіне, целлюлитке, қарынның майына, аяғын қалай көтергеніне, қалай жатқанына қарайды деп іштей қысылу – еріңіздің еңбегін жоққа шығарумен тең. Кейбір жағдайларды қоспағанда, ерлер мұндай нәрселерге назар аудармайды. Ерлер әйелдің әр жерін жеке-жеке емес, бүтін бір образ ретінде қабылдайды. Егер еркекке ұнамасаңыз, ол сізбен жолыққан сәттен-ақ ары қарай қатынас құруға бармайды. Сондықтан мұндай ойдан арылу керек.

5.     Тазалықтың жоқтығы.

Денеге жағатын иісмайлардың, түрлі косметикалық құралдардың алуан түрі бар кезде, кейбір әйелдердің үстінен жағымсыз иіс шығып тұрады. Оны қанша қымбат иіссумен «жапқыңыз» келсе де, жігіттер тым иіс сезгіш болады. Егер әйел гигиеналық тазалықты сақтамаса, ол – үлкен қателік. Мәселе иісте де емес, жұбыңызға жұқтырып беретін түрлі бактерияларда емес, өз денеңізге немқұрайлы қарағандықтан, еріңіз де сізді керемет сыйлай қоймасы анық.

жыныс мушены улкейту

6.      Өз денесін басқара алмау.

Жігіттердің басым бөлігі әйелдердің сыртқы сұлулығын емес, өз-өзіне деген сенімділігін бағалайды, төсек қатынасында да. Сондықтан еріңіздің алдында ұялып, жарықта қатынасқа түсуге қорықпау керек.

7.      Еркектің төсін елемеу.

Төс, омырау – тек әйелдердің ғана эрогенді жері емес. Көп еркектерде төсі сезімтал болады да, әйелдің аймалағаны жағуы мүмкін.

8.      Көп сөйлеу.

Төсек қатынасы кезінде әңгіме айтып, күндіз не көргенін талқылауға болмайды. Өйткені, көп еркектер төсек қатынасында сөйлеп жатқан әйелге «түк те әсер бере алмай жатырмын» деп ойлауы мүмкін. Ұзақ сонар әңгімеден гөрі, еріңіздің құлағына жағатын тәтті сөздер мен мақтаулар айтыңыз. Егер әңгіме айтқыңыз кеп бара жатса, жастықты тістеп, шыдай тұрыңыз.Еркектер көзімен: Әйелдің төсек қатынасында жіберетін қателіктері қандай?

Енді әйелдердің төсек қатынасында жіберетін қателіктері туралы жігіттердің пікірін білсек:

1-жігіт (үйленген): Әйелдер жіберетін қателіктердің бірнешеуін айтуға болады:

1. Өз қалауын ашып айта алмауы;

2. Төсек қатынасын дем алу, ләззат алу процесі емес, міндет деп қарауы;

3. Қалауын ашып айта алатын болса, тым қатты кетіп қалуы (аздап ұяңдық жарасады);

4. Стандартты емес секс түрлерінен қашуы (оралды, аналды, БДСМ және т.б.);

5. Күтінбеулері (күнделікті крем, косметика, анау-мынау емес, түрлі лубриканттардан, сексуалды киімнен қашқақтауы, образдарға енбеуі).

2-жігіт (бойдақ):  Меніңше, әйелдердің қателіктің бірі – тәжірибенің аздығы. Әсіресе, қазақ қыздары ұяңдау болып келеді, орыстарға қарағанда. Кей кезде резинамен қосылып жатқандай боласың. Өтірік болса да, дауыс шығарып қою керек қой. Сосын,  қыздар тек бір ғана позаны таңдайды. Басқасына қарсы болады, «бұзылғандардан» басқасы.

3-жігіт (үйленген): Ең басты қателігі – инициативаның (бастама) болмауы. «Мен ондай емеспін», «Олай ұят емес пе?», деп төсек ойынын іш пыстырар міндетке айналдыра салады. Мұны өздерінше тәрибенің барлығына жатқызады, мен кемшілік (комплекс) деп санаймын. Себебі, неғұрлым фантазия кеңінен ашылса, ләззат та молынан болмақ. Екіншіден, жеке гигиенаға көп көңіл бөлмеу. Көптеген әйелдер қауымы интим салондарға барып, күтінуді ұят санайды. Сондықтан неше түрлі импровизация кетеді. Осы екеуін түзесе, қазақтың саны арта түсер еді))).

4-жігіт (бойдақ): 1) көбіне белсенділік пен істі еркектің қолға алғанын қалап, «ағаш» болып жата береді;

2) бүкіл әрекетімен мен етегімді түргенімнің өзі неге тұрады деп тұрған сияқты, міндетсінеді.

5-жігіт (үйленген): 1) Ләззатқа енді беріле бастағанда, сөйлеп қоятындар жиі кездеседі;

2) Көп қыздар тым пассив болып келеді, яғни екі аяқты ашып қойып жата береді;

3) Бітірген бойда, тездетіп шығарып тастауға асығады.

Суреттер: lady-pro.ru

Ұл таппайтын әйел жоқ, тапқыза білу керек!

Ұл таппайтын әйел жоқ, тапқыза білу керек!Әйелдер мен еркектердің табиғатындағы айырмашылықтар туралы айтпаған ауыз, жазбаған қол қалмады. Ал сол айырмашылық дүние есігін ашқаннан да емес, одан ерте, әкенің белінде жатқан шақтан тамыр алады екен. 

Адамзат адамзат болғалы баланың жынысына кім жауапты: әке ме, ана ма деген сұрақ күн тәртібінен кетпеген шығар. Қазіргі медицина дәлелдеді: болашақ баланың жынысына тек ӘКЕ ЖАУАПТЫ!

Мектептегі биология курсынан білетініміздей, әр жасуша екі бөліктен тұрады: цитоплазма және ядро. Ядроның ішінде хромосомалар – гендік ақпаратты тасымалдайтын айрықша «жіпшелер» орналасады.Әрбір дені сау адамда хромосомалар саны тұрақты, өзгермейді: 46 немесе 23 жұп. Әйелдер мен еркектерде 22 жұп хромосома бірдей де, жиырма үшінші жұпта айырмашылық бар. Әйелдердің жиырма үшінші жұп хромосомасы қашанда ХХ, ал еркектерде ХҮ. Ұрықтану кезінде аналық ұрық пен сперматозоид тек бір хромосомадан тұрады: әйелде тек Х, ал еркекте не Х, не Ү. Яғни, еркектің Х хромосомасы әйелдікімен кезіксе, қыз бала болады, ал Ү хромосомасы кезіксе – ұл болады. 

Құрамында Х хромосомалары бар сперматозоидтар баяу қозғалады, бірақ төзімді, қышқылдық ортаның агрессиясына төтеп бере алады. Ал Ү хромосомалары бар сперматозоидтар, яғни, мархаббатты еркектер, шапшаң қозғалады, алайда, тек сілтілік ортада ғана тіршілік ете алады. Ал әйел қынабының қалыпты күйдегі ортасы — қышқылдық, ер балалар ол ортаға түсер-түспестен жантәсілім етіп жатады. Ал баяу қимылдайтын қыздар асықпай, саспай, жігіттердің өлі денелерін аттап-пұттап барып, өздеріне керекті межеге жетіп жатады.

Бірақ, қышқылдық ортаны сілтілік ортаға айналдырыудың жолы бар. Ол — әйелді тояттату, яғни оргазмға бөлеу.  Егер де, еркектің шәукаты бөлінбей тұрып әйел тояттаса, оның ағзасында айрықша сұйықтық бөлініп, ол қынаптың қышқылдық ортасын сілтілік ортаға айналдырады. Бұл ұл балаларға жылдам қозғалып, діттеген жеріне жетіп үлгеруге мүмкіндік береді.

Әрине, болашақ баланың жынысы тәуелді болатын жалғыз фактор бұл емес. Алайда…

Қараева Назгүл

Суреттер: devahi.net

Жігіттер не себепті отбасын құрады?

Жігіттер не себепті отбасын құрады?  Кейбір бойдақ жігіттерге  «Неге үйленбей жүрсің» деген сауал жолдасаң, үйленетін қыздың жоқтығын айтады. Ал қыздардан сұрасаң, не күледі, не ашуланған кейіппен жауап береді. «Қыз таппай жүрген» жігіттер бәрібір үйленеді. Өйткені, отбасын құру керек. «Үйлену керек» деген мақсатты көздеген жігіттер асығыс шешім қабылдағанына өкінгенін білдірмесе де, «жаман қатынның қайдан шыққанын» білмей дал болады.

Ал енді еркектер қауымы не себептен үйленетіндігін сұрау арқылы жүргізілген сауалнаманың  қорытындысына сүйеніп, жігіттің әйел алуына түрткі болар себептерді топтастырайық.

Қанша жерден жасыруға тырысса да, еркектер тән қажеттілігін алға тартып  үйленеді екен, яғни жұбайлық өмірдегі жыныстық қатынасты қажет етеді. «Тегін төсек болғаны үшін» деген әзіл ауыздарына бірінші түсіп, артынан қалжың екенін айтып, келесі себептерін сөз қылып жатады. Күнделікті төсек қатынасын керек ету ықпалымен үйленетін жігіттердің жасы 25-ке дейін ғана. Махаббат, сезімдердің соңы да гормондардың іске қосылып, жыныстық қатынасқа ұласуына әкеледі.

Артынан ұрпақ қалдыру мақсатымен үйлену екінші кезекте тұр. Олардың қатарын сүр бойдақтар толықтыратын көрінеді. Бірақ, бала сүюге асығу – әйелдердің бойында жиі болатын қасиет. Ол әйелдер үшін – күйеуін жанында ұстап қалу үшін немесе өзін толыққанды бақытты сезіну үшін мақсат болса, еркектер үшін – ізін жалғау, ұрпақ сабақтастығы. Былайша айтқанда, бүгінгі күннің емес, болашақтың қажеттілігі.

Тұрмыстық жағдайының жинақы әрі дайын болғанын қалағандықтан үйленуге асығатын  жігіттер бар. Олар анасындай, пысық, үй қызметтеріне жатық қыздарды іздеп табуға тырысады. Алайда, бұл үйленуге ықпал болатын себептердің соңғы жағынан орын алуда. Қаражатты көп табатын еркектер үй қызметкерлерін ұстау арқылы да жайлылыққа жете алады. Негізінде, жігіттерге қарағанда, қыздардар тұрмыстық мәселелер жайлы көп ойлайды. Болашағында өзін, бала-шағасын асырай алатын, тамағын таба алатын, үйінің, мүлкінің бар болғанын қалайды.

«Қаласаң да, қаламасаң да, үйленесің» қағидасымен отау құратын жігіттердің отбасы керемет жарасым тауып кетуі мен екіге айрылу қаупі елу де елу. Үйленуден басқа жол болмай, шаңырақ көтеруге себептер арасында кең етек жайғаны – қыздың екіқабат болып қалуы.

Өз борышын өтеу үшін шаңырақ көтеру жігіттерді үйленуге алып келетін соңғы себептердің қатарын толықтырады. Олар әрине «анам шаршамасын, ата-анам немере сүйсін, әжем шөбересін көріп кетсін» деген сияқты адал ниетті іске асырумен жалғасып кете барады.

Ал жанына серік іздеп, жалғыз қалмаудың жолы – неке, үйлену деген себеппен отбасын құратындар асарын асап, жасарын жасап болған, қырықтың қырқасынан біраз асқан еркектерде болатын себеп. Сондықтан жас жігіттер арасында бұл ықпал соңғы орында.

Сауалнама барысында алынған жауаптардан мысалдар келтіре кетсек:

ЖІГІТТЕР НЕ СЕБЕПТІ ОТБАСЫН ҚҰРАДЫ?

Абай Асанкелді : Ең бірінші – адам жалғыз жүре алмақ емес. Мен үшін болашақ жарым менің досым, әрі сырласым болғанын қалаймын. Сондықтан мен үшін ең бірінші себеп жаныма жақын адам табу. Екінші – ол әрине жыныстық қажеттілік. Үшінші – ата-анамның үмітін ақтап, бір келін апарып берсем деймін.

Абзал Сариев: Не үшін???? Амалсыз ұрпақты жалғастыру не байлығым жатқа қалмасын деген ойда емес, Жалпы өзімнің саналы ғұмырым басталғалы – өз балама (қызыма) мен үшін ең бастысы дұрыс адами ТӘРБИЕ беріп, оны АДАМ етіп шығару деген ниетте үйленермін!

Садық Шерімбек: Күніммен түнімді, қуанышым мен мұңымды бірге бөлісетін бір жанның болғанын, балаларымның болғанын қалаймын. Әрине, әзірге өз қажеттілігім үшін үйленем дегені емес, тамақты мен де жасай аламын. Табиғи қажеттілікті есепке алмағанда, жұптасып ғұмыр кешу, тіршілікті жалғастыру – өмір заңдылығы, Алланың бұйрығы. Болашақ әйелім махаббатым емес, бұрыннан жақсы түсінісетін, жанашыр дос қызым болса, керемет болатын еді.

Алдан Жылгелдi: Өмірде қандай да болса тұрақтылыққа талпынудан туындаған үрдіс болса керек…

Жалгас Ертай: Табиғи қажеттіліктерінің тікелей қатысты себебін айтпай, кейбір еркектер репродуктивтілік және басқа да қажетсіз нәрселер туралы ой тарқата бастауы мүмкін, оны ешкім теріске шығармайды. бірақ, факт одан өзгермейді 🙂

Абай Омаров: Тамақ пісірмеу үшін, үй жинамау үшін, киімдерімді үтіктемеу үшін, жұмыстан немесе басқа жерден ашуланып келгенде, жыныңды әйеліңнен алу үшін.

Жанасыл Болатбек: «Табиғи қажеттілігін қанағаттандыру үшін» десем, бола ма?

Сурет: ameno.ru

Гормоналды дәрілерді пайдаланудың 13 қағидасы

Гормоналды дәрілерді пайдаланудың 13 қағидасыӘлемде миллиондаған әйел гормоналды дәрілерді қолданады. Алайда, оның зиянын бойжеткендер біле бермейді. Сол себептен бұның пайдасы мен зияны туралы ақпарат берейік.
1.Гормоналды дәрілер ең бастысы денсаулыққа зиян. 
Алайда, оның әсерін дұрыс немесе бұрыс деп кесіп айту қиын. Әйелдерге ақ халатты абзал жандар тарапынан гормоналды препараттарды жүктіліктен сақтанудың бір әдісі ретінде кеңес беріледі. Кей жағдайда тіпті, гормоны жетіспеген әйелдерге жанама ем ретінде пайдалануға рұқсат етіледі.
Сол себептен ол әркімге әрқалай әсер етеді. Бірінің денсаулығы нашарлап кетсе, пайдаланған екінші адамның кесірінше дені сауығып кететін жағдайлар жетеді. Дегенмен, бұл өз функциясын 100 пайызға орындап, жүктіліктен сақтайды. 
2.Егер дәрі менің құрбыма сәйкес келсе, ол маған да жаға ма? 
Гормоналды препарат арнайы рецеппен ғана пайдаланатын нәрсе екенін ескеріңіз. Өйткені, оның түрі көп. Дәл сізге оның қандай түрі жағатынын медицалық тексерілімнен кейін ғана анық болады. Яғни, дәрігерлер тарапынан әрбір әйелдің денсаулығына байланысты оның қандай түрін қолдану керектігі туралы жеке шипалық кеңес беріледі.
Дәрі қабылдаған уақытта қант, қан құрамын жіті тексертіп, гинекологтың бақылауында болыңыз. Демек, құрбыңыз тап болмаған мәселеге, сіздің де тап болмауыңызға кім ешкім кепіл бере алады. Сол себептен құрбыңыздан көріп оны өз бетіңізше пайдаланбаңыз.
3. Гормонолды дәрілерді 20 жасқа толмағандарға пайдалануға болмайды деген пікір бар. 
Алайда, бұл негізсіз. Гормоналды дәрілерді бойжеткен жастар да қолдана алады-дейді дәгігерлер. 
4. Гормонды препараттарды пайдаланғаннан кейін ұзақ уақыт құрсақ көтере алмауым мүмкін бе?
Бұнда көбіне керісінше жағдай орын алады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, дәріні пайдалануды тоқтатқан алғашқы айларда әйелдердің құрсақ көтеру белсенділігі 1,5-2 есеге жоғарылап, егіз немесе үшен дүниеге әкеліп жатады.
Егер дәрігерлерден гормоналды дәрілерді 3-4 ай қолдан деген кеңес алып, сол уақытқа дейін емді үзіп жіберсеңіз бедеулікке ұрынуыңыз ықтимал.
Осы уақытқа дейін ішкен дәрілер аяғыңның ауыр болған уақытқа дейін ешқандай кері әсер бермейді.
5. 1 немесе 2 жылда үздіксіз ішкен дәріні 1 айға тоқтатып, одан демалу қажет пе? 
Бұл жансақ айтылған пікір. Дене ағзасын демалдыру үшін оны тоқтату немесе дәріні одан әрі жалғастыра беруден еш қандай өзгеріс болмайды.
Дәрігер кеңес берген дәрі ағзаға жағып жатса, климакс келген жасқа дейін қолдану беру керек.
6. Гормоналды дәрілерді бала емізіп жүрген аналар пайдаланбау керек пе? 
Негізінде гормоналды дәрілер бала емізіп жүргендерге зиян. Әлбетте олар үшін оларға арналған гормон мөлшерлері аз (мини-пили) деген дәрілер бар. Тек, оны емізер алдында ғана ішу керек. 
Дәрі пайдаланудың ерекше қағидасы да бар. Әр қабылдаудың арасы тура 24 сағаттан болуы тиіс. Қабылдау тізімі сәл ғана ауысып кетсе ол өз қызметін жояды.
7.Гормоналды дәріден салмақ қосыла ма? 
Ол адам ағазасына тікелей байланысты. Кейбірінің тамаққа тәбеті күшейсе, кейбірінікі керісінше әлсірейді. 
Ем қабылдамай тұрған адамға нақты жауап беру мүмкін емес нәрсе. 
Дененің толысуы препарат құрамындағы заттарға байланысты.
Тек бұдан шығар бір ғана амал бар. Нақтырақ айтсақ, салмақ қосқаныңызды байқасаңыз дәрігерге қаралып, гормон мөлшері аз дәрі пайдаланған абзал.
Арнайы зерттеу нәтижесіне қарасақ, дәрі қабылдаған әйелдердің 5-7 пайызы алғашқы жылы ғана 2 кг-нан салмақ қосқан. Ары қарай, сол қалыпта сақталған екен. 
8.Ағзаны улағанша «Постинор» сынды жедел контрацептив ішкен дұрыс болар? 
Бұл жыныстық қатынас туралы тәжірибесі аз бойжеткендер арасында орын алатын қателік. «Постинор» сынды дәрілердің құрамында 1 айда 30 күн қатарынан ішіп жүрген гормондар бар. Демек, 30 күн ішетін дәріні 1 күнде ішіп алып, денсаулығыңызды құртып аласыз.
Оның зардаптары мынадай: етеккір цикліне бұзылады, жыныстық қатынасқа деген белсенділік төмендейді, бауыр-бүйректің ісінуіне әкеп соқтырады, бала көтере алмайтын жағдайға жеткізеді.
9. Жүктілікті алдын-алатын дәрілерден бетті безеу басып кетпей ме?
Көп жағдайда керісінше, безеуден көз аша алмайтын адамдар үшін безеуден құтылатын емдік жол ретінде пайдасы мол.
10.Гормональды дәрілерден денеге жүн қатпат кетеді мыс.
Бұндай олқылыққа бұрын біздің аналарымыз тап болып, күрескен. Қазіргі заманғы медициналық гормоналды препараттар бұндай кемшіліктерді жойған.
11. Гормоналды дәрілерді ішкен сайын, етеккір циклі өзгеріп, кей кездері тіпті келмей қалады.
Бұл олай емес. Дәрігерлер соның көмегімен цикл бір арнаға тұрақталып, мазалап жүрген сырқаттарды бәсеңдетеді дейді.
Екінші жақтан, бұл сұрақтың мәні зор. Дәріні қабылдап жүргендердің 2 пайызында етеккір мүлдем кешігіп келу жағдайлары кезігеді. Бұл-оның ағзанына сәйкес келмеді деген сөз.
12.Гормоналды дәрілерді көп қабылдау сүт бездері мен жыныстық жолдардағы ісік індеті қауіпін күшейтеді.
Канадалық ғалымдар жүргізген зерттеу қорытындысына құлақ ассақ, аталмыш дәріні үнемі пайдалану ісік індетінің қоздырғыштарын 45-60 пайызға төмендетеді екен. 
13. Гормоналды дәрілер жыныстық жолдар арқылы жұғатын аурулардан сақтай ма?
Ол жұқпалы індеттен қорғайды дегенді алға тартатын ешқандай дәлел жоқ. Ол тек жатырдың асқынған суық тию індетінен ғана сақтап қалуға қауқарлы. Ал, жыныстық жолмен жұғатын кеселдермен күресе алмайды. 

kerekinfo.kz

Сурет: mk.ru

АЙҚАРАКӨЗ ЖАУАП БЕРЕДІ немесе КЛИМАКС

Сәлем, Айқаракөз!

Менің жасым 39-да. Төсек қатынасында болған жоқпын, әлі қызбын. Соңғы екі айда менің етеккірім келмей жүр. Менде климакс басталғаны ма? Мен енді бала туа алмаймын ба? (Айжан)

 

Жоғары дәрежелі гинеколог-дәрігер Айгүл Мейрамқызы жауап береді.

 

АЙҚАРАКӨЗ ЖАУАП БЕРЕДІ немесе КЛИМАКСКлимакс – ерлерде де, әйелдерде болатын құбылыс. Әйелдерде болатын климакс (менопауза)  – әйел ағзасындағы зат алмасулар мен кейбір мүше қызметтерінің өзгеруіне алып келетін жыныстық гормондар синтезінің тез арада құлдырауы. Әйелдерде қалыпты климакс 50 жастан асқан соң басталады. Бұл кезде етеккір келуін тоқтатады, бала көтеру мүмкіндігі шектеледі. Климакстың негізгі белгілері: тершеңдік, әлсіздік, бас ауруы, дененің лезде ысып, лезде сууы, қалтырау, ашушаңдық, ұйқышылдық, шыдамсыздық, ұмытшақтық, депрессия, қан қысымының артуы (гипертония),жүректің тарсылдауы.

Климакс басталған әйел еш кедергісіз жыныстық қатынасқа түсе береді және бұрынғыдай тояттау (оргазм) сезімін де алады. Тіптен климакс басталғанда әйелдің төсек қатынасындағы белсенділігі артуы мүмкін: «екіқабат болып қаламын» деген қорқыныш миынан біржола жоғалады.

Климакстың ерте келуі әйелдерде 37 жастан басталады. Бұл – бүгінгі таңда жиі кездесіп жүрген жағдай. Климакстың ерте басталуының бірнеше себептері бар :

–         гормонды дәрі-дәрмектерді көп қолдану;

–         ішкі секреция бездерінің бұзылуы;

–         гинекологиялық аурулар;

–         онкологиялық аурулар;

–         иммунитеттің тым төмендеп кетуі.

Айжан, сіздің етеккіріңіздің кешігуіне басқа да себептер әсер етуі мүмкін. Етеккірдің кешігу себептерін «Етеккірім неге кешікті?» атты жазбадан оқи аласыз. Әрине қорқынышыңыз орынды. Сондықтан гинекологқа қаралып, гормоныңызды тексертіңіз. Бәрінің анық қанығына жетіп, көз жеткізбейінше, асығыс шешім қабылдауды әдетке айналдырмаңыз. Жас ұлғайған сайын бала көтеру мүмкіндігі азаятынын ескеріңіз.

Сурет: anionzdorove.ru

Жыныстық қатынас тіс шірімесінен қорғайды

Интимдік жақындасу адамның бұлшықеттері мен жүйке жүйесіне ғана емес, тістеріне де пайдалы екен. Неміс және чех сексологтерінің жуырдағы зерттеуі осыны дәлелдеп берді.

Германиялық дәрігерлердің пайымдауынша, жыныстық қа­рым-қатынас тіс шірімесі белгі­лерінің алдын алуға септігін ти­гізеді. Жақындасу кезіндегі ағ­­за­ның қан қысымының артуы ауыз қуысының қан айналымын реттейді, ауруға бейім тұрған тістердің сауығып кетуі үшін қолайлы жағдай туғызады. Сон­дай-ақ жүйке үшін тістің ау­руын жеңілдетеді. Неміс сексо­лог­тері­нің зерттеуін бір топ чех ғалымы да қуаттап отыр. Олар төсек ләззатының күйзеліс пен артық салмақтан арылуға да ықпалы зор екенін айтады.