Mango күз-қыс 2012-2013
Фото коллекция
Суреттер: signorina.ru
Бөксеңіз тым жалпақ, төсіңіз кішкентай не аса үлкен, бел жоқ, өте толықсыз… Ия, өзінің мүсініне көңілі толатын адам сирек кездесетін шығар.
Демалысыңызды жағажайда өткізер болсаңыз, мұңаймаңыз. Бар болғаны, шомылуға арналған киіміңізді мүсініңізге сай таңдай білсеңіз болғаны. Төмендегі суреттердің біріншісі – сәтсіз таңдалған, екіншісі – сәтті таңдалған шомылуға арналған киім. Яғни, сіздің мүсініңіздің кемшіліктерін жасырып тұрады.
Бөксесі жалпақтарға
Шомылуға арналған киімнің жоғарғы бөлігін сәтті таңдай білу керек, назар бірден соған түсетіндей. Шолақ шалбар сияқты болып келген шомылуға арналған киімнен қашыңыз, ол бөксені одан сайын жалпайтып көрінеді.
Белі жіңішке, алмұрт тәріздес мүсіндерге
Төсі кішкентайларға
Желбезегі бар киімдерді таңдаған дұрыс. Бандо стиліндегі шомылуға арналған киім төсіңізді одан сайын кішірейтіп көрсетеді.
Белі жуандарға
Қарынды жасыру керек болғандықтан жабық киім таңдағаныңыз дұрыс. Асты мен үсті бөлек-бөлек шомылуға арналған киім толық мүсінділерге жараспайды.
Төсі үлкендерге
Төсті қатты тартып, көтеріп тұратын киімді таңдаған жөн. Шомылуға арналған киімнің тартқышы жалпақ, үшбұрышты болсын. Жоғарғы бөлігі кішкентай ғанасынан аулақ болыңыз.
Суреттер: stroiniashka.ru
Жас ұлғайған сайын әйелдер қауымының киімге ғана емес, өмірге де кзқарасы өзгере береді. Өмірдегі бағалы дүниелер мен қадірлейтін қасиеттерді түсіне бастайды. Сәннің артынан қууы да басылады. Тіпті 30-дан асқан кейбір әйелдер талғамсыз киіне бастайды екен.
Адамдардың жасына қарай киінуі де өзгереді.
14-20 жас аралығы
Өмірде өз ойын, өз стилін іздейтін уақыт. Бұл жаста өзіне ұнағанын киіп, кез келген стилмен екінші бір стилдегі киімді «құрастырып» кие береді. Сәнді трендтердің көрінісін бір киінгенде көрсеткісі келеді. «Сәнге айналған» алқаны мойнына асып алып, аяғына ашық түсті не тізеге дейін шұлық киюі де мүмкін.
20-25 жас аралығы
Бұл жаста өзіндік бағытты тауып не әлі де жетілу кезеңінде болады. Көптеген қыздар классикалық костюмдер киіп, өз жасынан әлдеқайда үлкен кқрінуі мүмкін. Жерге дейін төгіліп тұратын ұзындықтан тым қысқа белдемшелердің барлық түрін кие береді. Дәл осы жас аралығындағы қыздар сапалы косметика, киім мен ароматтарды тани бастайды. Сәнде болып жатқан әлемдік жаңалықтардан да хабардар болып жүреді. Әркімнің киіну стилі әр түрлі болады.
25-30 жас аралығы
Ақыл тоқтата бастаған жас. Бұл жастағылар шашын күнде бұйралап, қызғылт түсті барынша аз қолдануға тырысады. Қыздар жас келіншек болады. Әйелге тән нәзіктік орнап, арзан әшекейлердің орнын бағалы алтын, гаухарлар басады. Алдында айшықталған мақсаттары – отбасылық өмір, карьера мақсат болады. Бұл жастағы киіну стилі классикалық үлгіде болады.
30-40 жас аралығы
Ақыл тоқтатқан әйел, ана. Өз мүсінінің кемшіліктерін жақсы біледі, соған қарай киім таңдай алады. Киімдері түгелдей классикалық үлгіде болады және романтизмнен де біраз белгілер қосылады. Сапаға қатты мән беріп, тек сапалы киім, сапалы аяқ киім, сапалы әшекейді таңдайды.
40-50 жас аралығы
Бұл жаста әйел уақыттың тез өтіп жатқанын байқып, жас күнін жиі аңсайды. Шашын бұрынғысынша жайып жүрмей, иықтан түсірмей, қысқа етіп кеседі. Биік аяқ киім кигеннен гөрі жайлысын таңдағанды жөн көреді. Әшекейден қымбат көрінетін, үлкен тастармен көмкерілгенін тағады. Боянуы бұрынғыдай көзге ұрып тұратындай емес, білінер-білінбес боп өзгереді. Киімдерінің түсі күңгірт түске ауыса бастайды. Өз жасының киімі қалай болу керек екенін, үлгі көрсету керек екенін анық біледі.
Өмірге деген сүйіспеншілігіңіз өзгермесін!
Суреттер: beauty.violet-lady.ru
Өзге ұлттың қыз балаларын қайдам, біздің қазақтың қыздарының құлағын тесіп, сырға салу міндетті сияқты көрінеді. Құлағында сыңғырлаған сырғасы бар қазақ қыздары ерекше сұлу, ерекше әдемі. Сырға таққан қыздарға ақындар өлең арнап, сазгерлер сұлу ән шығарған. Сырғалы сұлуларын әнге қосып жүрген әншілер қаншама! Ал біз осы қарапайым өмірде қыздың құлағын не үшін тесетініне үңіліп көрдік пе? Жалпы, қазақ қыздарының құлағын қай жаста тескен? Құлақ тесіп, сырға салып қоюдың не мәні бар?
Құлақ тесуде де тәрбие жатыр
Қазақта қыз баланың өміріндегі айтулы күн – құлағын тесу. Тоғыз жасты балиғатқа толған кез деп айтады екен, ал жеті – қазақ үшін қасиетті санның бірі. Қыздың құлағын көп жағдайда тек жеті жасынан бастап тескен. Тұлымшағы желбіреген кішкентай қыз жеті жасқа дейін қуыршақ ойнаған болса, құлағы тесілгеннен кейін оның мінез-құлқы бірден өзгереді. Осыдан бастап «сен енді сырғалы қыз болдың», «сырға таққан соң қыз санатына қосылдың, енді саған қуыршақ ойнау жараспайды» деп оның құлағына жайлап сіңіре береді. Бұдан былай ол қуыршақтың орнынан қолына кесте алады. Ою оюды үйренеді. Ол ендігі жерде жеңгелерінің қазан-ошақ жақта істеп жүрген істерін көретін болады. Құрт қайнатып, ірімшік жасап жатқан апаларына көмектесіп, мән-жайын білмекке ұмтылады. Қыз баланың құлағын тек сәндік үшін, әдемілікке бола теспейді. Бұл да – тәрбиенің бір түрі. Мұны қыз баланың ертеңгі күні келін болуға дайындаудың алғашқы баспалдағы деп айтуға болады. Бұл – қыз баланы ісмерлікке, шеберлікке үйретудің басы. Ол біртіндеп үйдің шаруасына араласа бастайды. Ұл баланы сүндетке отырғызған сияқты, қыздың құлағын тесу де – бірдей, ата-анаға парыз болып саналады. Жеті жастан бастап құлақ тескеннің белгілі бір заңдылығы бар. Ол осы күнді іштей асыға күтеді. Өйткені құлағын тескен соң қыз баланың мінез-құлқынан бастап, киетін киіміне дейін өзгереді. Қызға камзол мен әдемі етекті көйлекті құлағын тескен соң кигізетін болған. Осыдан соң-ақ ол өзін үлкен сезінеді, өзінің өміріне қажетті тірліктердің барлығын үйренуге тырысады. Саналы түрде соған бейімделеді, білмекке ұмтылады. Болашақ өмірге дайындықты осылай біртіндеп бастайды. Сол себепті де қыздардың құлағын тесерде абай болған жөн. «Салақтан олақ жаман» деген, қыз баланың салақ болуы, олақ болуы өзіне ғана емес, ата-анасы, қала берді ауыл-аймағына сын. Ондайды «өнеге көрмеген» дейді. Мұндайда, ең алдымен, ата-ананы кінәлайды. «Қызға қырық үйден тыйым» қыз баланың құлағын тесіп, сырға салғанынан басталады. Ол – «отырса – опақ, тұрса сопақ» етіп, тірсектен қағу деген емес, қыз – қырық үйден, қала берді қара күңнен де бір өнеге, бір үлгілі нәрсе үйрену деген сөз. Осыған дейін тұлымшағы желбіреп жүргенде оны баласынып ешкім елемеуі мүмкін. Ал құлағын тескен соң, үстіне көйлек-камзол кигізіп, шашын өріп қойғаннан кейін оны қыз болды деп есептеп, үлкендер жағы әрқайсысы өзінің бір өнегесін үйретуге тырысады.
Зейнеп АХМЕТОВА
Сурет: favim.ru
Масканы шырғанақ (облепиха) және майсана (касторовое) майы, жұмыртқаның сарысы және А дәруменінің 5 тамшысын араластырып жасай аласыз. Дайын болған қоспаларды шаштың түбіне уқалап отырып жағасыз да, полиэтиллен қалпақша киіп аласыз. 1 сағаттан соң шашыңызды жуып, сусабынмен шайқайсыз. Аптасына 1-2 рет қайталап жүріңіз.
Химиялық жолмен әрлеген шашыңызды аптасына 2-3 рет жуып жүрген дұрыс. Шашты химиялық ықпалдан кейін бояғыңыз келсе, 2-3 апта күте тұрыңыз, бояу түсін қабылдамай қалу қаупі бар. Шашыңыз тым майлы болса, химиялық бұйралауды, бояуды осы кемістіктің орнын толтыру үшін қолдануыңызға болады. Және шашты күйдірген соң тез ұштанып кететін болады. Сондықтан ай сайын шашыңыздың ұштарын қидырып тұрғаныңыз абзал.
Химиялық жолмен бұйраланған, күйдірілген шашты табиғи жолмен кептірен жақсы, фен қолданбауға тырысыңыз. Ол онсыз да құрғаз әрі әлсіз шашты зақымдайды. Сондай-ақ термобигуди, шаш үтігінен де қашыңыз.
Шашыңызды абайлап, ақырын тараңыз: бірінші ұш жағын, сосын барып түбін. Тарағыңыз да сапалы әрі табиғи болсын.
Сурет: beauty.violet-lady.ru
Сәнді трендтердің болжамы бойынша, 2012-нің жаз-көктем коллекциясында қыз-келіншекті барынша нәзік те көркем етіп көрсететін бүрмелі белдемшелер сәнде. Дизайнерлер бүрмеленіп тігілген белдемше мен көйлектердің көмегімен әйел мүсініне ерекше сымбат пен кербездік беруге тырысуда.
Бүрмеленген қысқа белдемшелерді Christian Dior мен Gucci ұсынса, тізеге дейінгі ұзындықтағы бүрмеленген белдемшелерді Prada брендінен табуға болады. Chloe мен Celine тіккен бүрмеленген белдемшелердің белі төмен. Дизайнерлердің сөзіне сүйенсек, қазіргі маусым хиты – жерге дейінгі ұзындықтағы бүрмеленген белдемше.
Ұзын бүрмеленген белдемшеге кең жейде не кеңтоп әдемі жараса кетеді.
Суреттер: erawomen.ru
Футболка 4 990 теңге
Жакет 8990 теңге
Жеңіл аяқ киім 21990 теңге
Танкетка 24 990 теңге
Капри 14 990 теңге
Шолақ шалбар 9 990 теңге
Көйлек 17 990 теңге
Шалбар 8 990 теңге
Аяқ киім 19 990 теңге
Балетка 12 990 теңге
Жейде 9 990 теңге
Көйлек 9 990 теңге
Танкетка 17 990 теңге
Танкетка 9 990 теңге
Жеңіл аяқ киім 12 990 теңге
Пиджак 21 990 теңге
Белдемше 17 990 теңге
Жейде 14 990 теңге
Қол көмкесі 21 990 теңге
Қол сөмкесі 9 990 теңге
Қол сөмкесі 14 990 теңге
Топ 9 990 теңге
Балетка 9 990 теңге
Күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік 4 990 теңге
Көйлек 14 990 теңге
zara.com
Биік өкше қауіпті ме? Аяқ киімнің өкшесінің биіктігі қанша болуы керек? Биік өкшені қалай киген дұрыс?
Дәрігерлердің айтуы бойынша, адамның табаны мен омыртқасы 23 жасқа дейін өсіп, жетіліледі. Осы жасқа дейін биік өкше мен біз өшелі аяқ киімді қолдануда өте абай болуды ұсынады. Өкшесі биік және тар аяқ киімді көп кигенде аяқтың алдыңғы бөлігіне күш түсіп, башпайлардың (аяқ саусақтары) қисаюына алып келеді. Биік өкшені жақсы көретіндерде плантарлық фасциит жиі кездеседі, ол – табан сүйегінің үлкеюі. Және үнемі киілетін биік өкшенің әсерінен уақыт өте келе аяқтың ахилл сіңірі өз қалыбынан өзгеріп, жайтабан аяқ киіммен жүру мүмкін емес болып қалады. Бұл жағдай тек ота жасау арқылы ғана емделеді. Сонымен қатар, өкше биіктеген сайын омыртқаға түсетін күш те арта береді. Биік (8см-ден жоғары) өкшелі аяқ киімді ұзақ уақыт киюдің әсерінен омыртқааралық жарық (омыртқа арасында ет өсу, грыжа), бел аурулары, буындардың жылжуы, сіңір созылу сияқты аурулар жиі ұшырайды. Сколиоз (омыртқаның бір бүйірге қисаюы) бар адамдарға биік өкше киюге болмайды, қауіпті. Сондықтан биік өкше кигенде аяғыңыз талып, ауыра бастаса, денсаулығыңызды ойлағаныңыз дұрыс.
Егер сіз күні бойы биік өкшелі аяқ киіммен жүріп, кешке не ұйықтар алдында аяғыңыздың сіңірі тартылып (сирек әрі жәй ғана болса да), ісіп, ауырсынулар болса, варикоздың (аяқ қан тамырларының кеңеюі) алғашқы белгілері болуы мүмкін. Күні бойы аяғыңыздан тік тұратын не көп шапқылайтын жұмыста істесеңіз, сізде варикоз ауруларын асқындырып алу қаупі бар. Ал биік және тар аяқ киім қан тамырларына қысым түсіреді.
Табанның қалыпты жағдайын сақтайтын биіктік – 3-4 см. Аяғыңыз ісіп, аяқ саусақтарыңыз талып, сіңір тартылып, аяқ жиі ұйып, табан мен аяқ терісі қажалса, сізге биік өкшеден уақытша алыстай тұру керек. Болмаса, биіктігі орташа аяқ киімге ауысқаныңыз жөн.
Дәрігерлер биік өкшені күніне 3-4 сағаттан артық кимеуге кеңес береді. Сондықтан жұмыс орныңызға ауыстыратын артық аяқ киім апарып қойыңыз. Аяғыңызды жиі демалдырып тұрыңыз. Аяқ киіміңізді шешіп, аяғыңызга кішігірім жаттығулар жасап жүріңіз : аяғыңыздың басын алға, артқа қимылдатып, сағат тілімен айналдырыңыз. Бірнеше рет қайталасаңыз, аяғыңыздың шаршағаны басылып, қан айналымы жақсарып қалады. Тым биік өкшелі туфлиіңізге ортопедиялық ұлтарақ салып киіңіз. Аяқ киімге арналған арнайы силикон жабыстырмалар мен жастықшаларды да қолдануға болады. Олар аяқты қажалудан сақтап қана қоймай, табанға күш түспеуіне ықпал етеді.
Биік өкше мүсінді тіктеп, сұңғақ бойлы қылып көрсетсе де, көп кимеуге тырысыңыз. Өзіңізді күтіңіз!
Сурет: domashniy.ru
8-наурыз – барша нәзікжандылардың төл мерекесі ғана емес, көктем мерекесі болып саналады. Мерекеде жадырап, жарқырап жүру үшін бетіңізге бояу жағып, сұлулығыңызға рең бересіз. Макияж жағудағы біз ұсынар бірнеше кеңестерге назар аударыңыз.
Меркелік макияжда көзге ашық түсті бояуларды қолданыңыз. Өйткені, ашық түс жарықпен одан сайын жарқырап, әдемі көрінеді. Қоңыр және сарғыш (бежевый) түстерді пайдаланбағаныңыз дұрыс. Көзіңіздің айналасына опа жаққанда ашық түстісін жағыңыз.
Кешке дейін бетіңізге түрлі маскалардың бірін жағып, әбден дайындап алыңыз. Макияжыңыздың астынан сіңімді крем жағыңыз. Үгілмелі опа қолданыңыз, ол бетте ұзақ сақталады. Қабағыңызға бояу жағардың алдында мақтамане сүртіп алыңыз: құрғақ қабақта бояу ұзақ тұрады. Ерніңізге опа жаққан соң, тек астыңғы ерніңізге ғана жылтыр опа (блеск) жағыңыз, үстіңгі ерніңізге жағу аса қажет емес.
Егер шашыңызды жаятын болсаңыз, бетіңізге еңлікті (румяна) көбірек жағыңыз және қанық түсті далап қолданыңыз.
Ал шашыңызды артқа қарай жинайтын болсаңыз, бетке жаққан опаңыздан қанықтау түсті опамен иегіңізді, шығыңқы жақ сүйектерін, мұрныңыздың қырын айқындап бояңыз.
Бетіңізге не денеңізге жылтыр опа, жылтырақтар жағып жүрмеңіз. Ол біріншіден, тек өте жас қыздарға ғана жарасады, екіншіден, әжімді айқын көрсетіп, бетіңіздің ой-шұңқыры көзге ұрып тұрады. Макияждың алдында тым майлы крем жақпаңыз, ол опаны өзіне сіңіріп алады және сіз билейтіндей жағдай болып жатса, тез терлеп, беттегі бояудың бүлінуіне алып келеді. Қызғылт сары (оранжевый) түсті еңлік (румяна) түрлі жарықтар түскенде көзге ұнамсыз реңк беретінін ұмытпаңыз.
Сурет: bestforum.icebb.ru
Көктем… Мереке… Жігіттер тарапынан болатын мерекелік ілтипат… Құттықтаулар… Көтеріңкі көңіл-күй… Дос-жарандармен бас қосу… Айналаны гүлдендіретін көктеммен бірге әйелдер де құлпыра түседі. Әрбір шаңырақта қуаныш қонақтап, анасын, асыл жарын, аяулы қызын, сүйкімді қарындасын құттықтап жатқан ерлердің езуінде күлкі болады. Сол мейрамда ерекеше жарқырап жүргенге не жетсін?! Міне-міне келіп қалған біздің мейрамға не киесіз?
Қаталдық. Кеңсе стилін ұнатушыларға сүйікті киімдерін басқа стилдегі көйлекпен ауыстырмауға да болады. Жіңішке белдемшеңіз бен костюміңіздің ішінен кез келген түстегі жейде киіңіз. Ол тым көзге ұрып тұрады деген болсаңыз, ақ түсті жейдені ғана киіп, костюміңіздің сыртқы сәніне назар аударуыңызға да болады. Арнайы өрнектер салынған не фонарь-иық сияқты элементтермен тігілген костюміңіз сізді өте сәндіетіп көрсетпек. Тіптен сүйікті жейдеңіз бен сүйікті костюміңізді ауыстырғыңыз келмесе, жіңішке белдемшеңіздің орнына кең етекті, тізеге дейінгі ұзындықтағы белдемшені кисеңіз де болады. Арнайы аксессуарлар тағуды ұмытпаңыз. Үлкен сырға, таспен көмкерілген белдік, сәнді клатч әрбір сұлудың ажарына көрік қосары сөзсіз.
Батылдық. Бұл мерекеде аруларымыздың арасында кеңсе стиліндегі киімді шешіп, жарқырап киінгісі келетіні де бар. Жарқырау сөзі ауыспалы мағынасында да, тура мағынасынан да қолданылып тұр. Кешке достарыңызбен дастархан басында жиналатын жоспарыңыз болса, батылдықпен алтын түстес не күміс түстес көйлек киюді ұсынамыз. бір айта кететіні, жарқыраған, көз тартатын аксессуар тақпағаныңыз жөн, көйлегіңіздің жарқылымен қосылып, тым артық болып кетеді. Аяғыңызға теріңізбен түстес шұлық және қарапайым ғана туфли киіңіз.
Талғам. Мерекелік әрі танымал түс – ақ. Бұл түс сізді көптің ортасында ерекшелеп қана қоймай, ажарыңызды аша түседі. Кең балақты шалбар, әдемі бешпент (жакет), жібек нымша, кең белдемше, талғамыңыз бен таңдауыңызға қарай ақ түсті киіміңізбен көптің назарын өзіңізге аударарыңыз сөзсіз.
Романтика. Көктем – махаббаттың, құлпырудың, нәзіктіктің мезгілі. Сондықтан бұл мерекеде романтикалық стилде киінгеніңіз да керемет болады. Ол үшін үлбіреген тор көйлектер киюдің де қажеті жоқ, тек ашық түсті, өзіңізге жарасымды түсті көйлек, белдемше, жейде кисеңіз, жетіп жатыр. Мүсініңізді сұлу етіп көрсететін әдемі көйлек киіп, биік өкшелі аяқ киіміңіз бен қолсөмкеңізді ұстап, шашыңызды қарапайым ғана үлгіде түйіп алсаңыз не буып алсаңыз, кештің сұлуы сіз болмақ. Аксессуарды қолданбағаныңыз жақсырақ болады.
Сурет: video-art-studio.ru
Егер қара көйлегіңіз коктейльді, қысқа, кешкі сәнге арналған болса, оның ешқашан сәннен қалмайтынын ұмытпағайсыз!
«Қысқа қара көйлек» осы күнге дейін сәнді, сексуалды, нәзік әрі әдемі болумен қатар, ол барлық уақытта ыңғайлы, стильді, бастысы сәнді болып келген.
Көйлек ұзындығы тізеге дейін келетін, иығы ашық, әйел бітіміне шақ болуы тиіс. Мұндай көйлек кез келген ханымның мүсінін мінсіз көрсетеді. Әрі көйлекті биік өкшелі аяқ киіммен де, бойшаң әйел жайлы табанмен де кие алады.
Егер қысқа қара көйлекті таңдау мүмкіндігі туып жатса, ең алдымен дене бітіміңізге сай келетінін таңдаңыз. Соңғы трендте болуы маңызды емес. Себебі трендтің дәурені өтіп кетсе, көйлек киілмей қалады. Көйлек неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым әдемірек көрінеді. Егер оны кеңсеге киетін болсаңыз, қарапайым пиджакпен, аласа өкшелі аяқ киіммен кигеніңіз жарасымды. Ал театрға немесе кешкі асқа баратын болсаңыз, әдемі ақ түсті шәлі немесе орамалмен үйлестірген дұрыс. Кешкі салтанатты жиынға бару бақыты бұйырса, қара көйлекті әдемі аксессуар, мысалы маржан тасы бар түйреуіш немесе алқа таққаныңыз ұтымдырақ көрінеді. Аксессуарды тым көп, қатарластыра тағу ажарды қашырады… Сондықтан, бір ғана көзге көрінетін аксессуар тағынсаңыз жеткілікті. Салтанатты жиынға міндетті түрде биік өкшелі аяқ киім кию керек.
Тек әйелдің бойына біткен қыпша белді ерекшелеу үшін белдік қадауыңызға болады. Белдік тым жуан емес, белді барынша қысып тұрғаны дұрыс.
Қара түс денені кішірейтіп көрсетеді. Әрі көйлекті киетін бикеш бет-әлпетіне барынша назар аударуы керек. Себебі қара түсті көйлек әппақ, тегіс терілі денеде әдемі көрінеді. Шашты жайып немесе жоғарыға түю де образға жарасымдылық бере алады.
Бастысы, бұл көйлекті киген соң, иықты тік ұстап, жүрісіңізді мәнерлі етсеңіз, нәзік жанды арудың әдемі бейнесін ашқан боласыз.
Ал сіздің гардеробыңызда қысқа қара көйлек бар ма?! Ендеше, сатып алуға тырысыңыз!
Сурет: fammeo.ru
Шкафтың есігін ашып, ары қарап, бері қарап, «киетін дым жоқ» деген ойға қалу – барлық әйелдерге тән әдет. Кеше ғана осы сөрелерге жаңа киімдерді сүйсініп отырып жинаған сияқты едіңіз, бірақ, қазір киетін киім жоқ. Себебі не? Киім таңдауда бой алдыратын бірнеше қателіктерге назар аударыңыз.
Сатылымдар
«Қандай әдемі жейде?! Өзі тым арзан екен. 50 % жеңілдікпен сатылып жатыр. Аламын! Мынаны да аламын! Мұндай мүмкіндік күнде бола бермейді. Ой, мынау тіптен керемет екен, мұны да алайын». Дәл осы жерде тоқтай қалыңыз! Ия, жейделер өте әдемі. Бірақ, оның бәрін немен киесіз? Соларға сай келетін шалбарыңыз не белдемшеңіз бар ма? Мүмкін сізге жейде емес, жаңа аяқ киім не көйлек керек шығар?! Ақшаңыздың сарқылғанын күтпей, өзіңізге қажетті киімді таңдауға асығыңыз.
Сән қуу
Сәннің соңынан қуып жеткен ешкім жоқ, ілесе де алмайсыз. Және сәнге айналған дүниелер сапасына қарамастан қымбат болады. Анығына келгенде, сән – ақшалылардың ойыны. Бүгін – мынау, ертең – анау, үшінші күні – мүлде басқа. Әйелдерге ең тиімдісі – өзіне ұнамды стилінде гардеробын молайту, жаңарту. Бұл жағдайда үнемі киімдеріңізді ауыстырып киіп отырасыз және «жаңа стилдегі киімдерім жараспай қалмай ма» деген ой болмайды.
Киім таңдаудағы асығыстық
Киім таңдауда үнемі асығыс шешім қабылдап жатамыз. Сатушы өйтіп-бүйтіп көндірді. Шаршап тұрған құрбыңыздың «әдемі жарасады» деген сөзіне сендіңіз. Анаңыздың талғамына сай келді де, таңдауын қабылдай салдыңыз. «Осынша уақытымды текке кетіріп, үйге құр қол қайтамын ба» деген ойдың жетегімен бір көйлекті алдыңыз. Соңында үйге келесіз де, айна алдында тұрғанда, жаңа киіміңіз көңіліңізден шықпайды.
Түрлі стилдегі киімдер
Жұқа ақ жейде + джинсы белдемше + ұзын жемпір + спорттық кеудеше + жеңіл аяқ киім = қымбат және ешқайсысын сәйкестіріп кию мүмкін емес. Дүкенге бет алған бойда қандай стилдегі киім алу қажет екенін жоспарлап алған дұрыс. Және сол стилдегі киімдерді ғана киіп көруге тырысыңыз.
Еліктеушілік
Сәнді журналдарды, керемет жарнамаларды көріп алып, сол қыздың үстіндегі киімді алғанша, тыншымайсыз. Ол киімді не соған ұқсас киімдерді іздеп тауып, сатып аласыз. Ол сізге жараса ма, жоқ па, тағы да үйге келгенде білесіз. Киім сіздің ішкі жан-дүниеңізбен де астасып жатуы тиіс. Адам көркі – шүберек демекші, біреудің үстінде әдемі көрінген киімді емес, өзіңізге сай «көрікті» таңдаңыз.
«Версачи», «Гуччи», «Армани» және «Шанель» – сиқырлы сөздер
Жоғарыдағы брендтер кез келген әйелдің құлағын елең еткізіп, көңілін өзіне бұрып тұрады. Қаншама әйелдің аузының суын ағызған атақты маркалар. «Осыларды мен де мақтана киіп жүрейінші» деген сияқты ойлардан аулақ болыңыз. Сапасы бағасына сай келе ме? Мүмкін бұдан да арзан, бұдан да сапалы, көп киюге жарамды киімдерді табарсыз?! Ойыңызды әбден пысықтап алған жақсы.
Таңдаған киіміңіз қонымды да жарасымды болсын!
wewomen.ru